Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


 иСлАМ нЕгІЗдЕРІн оРындАуғА



Pdf көрінісі
бет46/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

12. иСлАМ нЕгІЗдЕРІн оРындАуғА 
шАҚыРу
Пайғамбарымыздың Жәрирді иман 
келтіруге және парыздарды орындауға 
шақыруы
Жәрир ибн Абдуллаһ (р.а.) былай дейді: «Нәби 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
маған хабар жіберіп, өзіне шақырды. 
Мен оған жолыққанымда, «Жәрир, Мәдинаға не үшін 
келдің?» –деп сұрады. «Уа, Расулаллаһ, сенің алдыңда 
мұсылман болуға келдім», – дедім мен. Ол сол сәт 
иығыма шапан жауып, сахабаларына: «Сендерге бір 
қауымның бетке ұстар адамы келгенде, оған құрмет 
көрсетіңдер. Жәрир, сені Аллаһтан басқа тәңір жоқ 
екеніне, менің Аллаһтың расулы екеніме куәлік кел-
тіруге, Аллаһқа, ақырет күніне, тағдырға, парыз намаз-
дарды оқуға, парыз болған зекетті беруге шақырамын», 
– деді. 
Мен бұларды орындауға уәде бердім. Осыдан бас-
тап Аллаһ расулы (с.а.с.) мені көрген сәтте күлімсіреп 
қарсы алатын болды»
120
.
Пайғамбарымыздың Муаз ибн Жәбәлға 
берген нұсқауы
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Муаз ибн Жәбәлді (р.а.) Йеменге ат-
тандырып тұрып былай дейді: «Ей, Муаз! Сен халқы 
әһл-кітап (кітап иелері: христиандар мен яһудилер) 
болған елге бара жатырсың. Оларды Аллаһтан басқа 
құлшылыққа лайық ешқандай тәңірдің жоқ екеніне
Мұхаммедтің Аллаһ елшісі екеніне куәлік келтіру-
120
Ибн Кәсир, әл-Бидая 5/78


101
Аллаһ пен расулына шақыру
ге шақыр. Егер куәлік келтіріп, айтқанымды тыңдаса, 
оларға Аллаһ тағаланың бес уақыт намазды парыз ет-
кенін айт. Мұны да қабылдаса, оларға Хақ тағаланың 
зекетті парыз еткенін хабарла. Бұған да келісімін бер-
се, олардың бағалы мал-мүліктерін алушы болма. 
Қиянатқа ұшырап, жәбірленушінің дұғасынан сақтан! 
Өйткені жәбірленуші мен Аллаһтың арасында перде 
болмайды»
121
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет