Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет98/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

7. ПАйғАМбАРыМыЗ МӘдинАғА 
КЕлгЕндЕ, АнСАР ӘйЕлдЕРІнІң 
бЕРгЕн СЕРТІ
Үммі Атыйя (р.а.) айтады: «Пайғамбар 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм)
Мәдинаға келгенде, ансар әйелдерінің бір 
үйде жиналғанын құп көреді. Сосын оларға Омар ибн 
Хаттабты (р.а.) жіберді. Омар (р.а.) келген соң, есіктің 
сыртынан сәлем берді. Әйелдер оның сәлемін алды. 
Омар (р.а.): «Мен Аллаһ расулының сендерге жібер-
ген елшісімін», – деді. Біз: «Аллаһ расулына және 
Аллаһ расулының елшісіне сәлем», – дедік. Омар (р.а.): 
«Аллаһқа еш нәрсені тең санамауға, ұрлыққа бармауға, 
зинақорлық жасамауға, балаларыңды өлтірмеуге, біре-
уге жала жаппауға, жолдан тапқан баланы күйеулеріңе 
телімеуге, игі істерге қарсы шықпауға серт бересіңдер 
ме?» – деп сұрады. «Иә, серт береміз», – дедік біз. 
Сосын Омар (р.а.) есіктің сыртынан қолын созды. 
Әйелдер іштен (қол алысқан секілді) қолдарын созды. 
Омар (р.а.): «Аллаһ тағалам! Сен куә бол!» – деді.
«Ендігі жерде бой жетіп келе жатқан қыздарымыз 
бен етеккірі келген әйелдерге екі мейрамда көшеге 
шығуға рұқсат берілді. Жаназаларға қатыспайтын 
болдық. Бізге жұма намазы да парыз етілген жоқ». Омар-
дан жақсылыққа қарсы келмеу дегенде нені меңзегенін 
сұрадым. «Дінге қарсылық білдіру, өлгеннің артынан 
жоқтау айтып жылау», – деді ол
204

203
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/163
204
Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 6/42 (9864)


233
Сахабалардың пайғамбарымыз бен халифаларға серт беруі
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) нағашы әпкесі, 
екі құбылаға да қарап намаз оқыған Адый ибн 
Нәжжарұлдарынан Сәлма бинти Қайс (р.а.) былай 
деген: «Расулаллаһқа бардым. Ансар әйелдерімен 
бірге бір жамағаттың ішінде оған серт бердім. Бізге 
Аллаһқа еш нәрсені тең көрмеуді, ұрлық жасамауды, 
зинақорлықтан сақтануды, балаларымызды өлтірмеуді, 
жала жаппауды, кез келген игі істе оған қарсы келмеуді 
шарт етіп қойып, «Күйеулеріңді алдамаңдар», – деді. 
Біз серт беріп, уәде еттік. Үйді-үйімізге тараған кезде, 
әйелдердің біріне: «Бар, күйеуімізді алдамау дегенді 
қалай түсіну керек екенін Аллаһ расулынан сұра», – де-
дім. Бұл сауалымызға Аллаһ расулы: «Күйеуінің мал-
мүлкін оның сыртынан, оның келісімінсіз біреуге басы 
бүтін беру», – деп жауап береді
205

Убәйда ибн Харистің қызы Ғуфәйла былай дей-
ді: «Анам Карира мен мұһажыр әйелдерінен бірнеше 
кісімен бірге Пайғамбарымызға барып серт бердік. 
Аллаһ расулы Абтахта өзіне арнап тігілген шатырда 
отыр екен. «Мүмтахина» сүресінің мына аятын оқып, 
біздің сертімізді қабылдады: 
«Ей, пайғамбар! Мүмін 
әйелдер Аллаһқа барлық мәселеде серік қоспауға, 
ұрлыққа бармауға, зинақорлық жасамауға, балалар
-
ды өлтірмеуге, өтірік айтпауға, жоқ жерден жала 
жаппауға, тауып алған баласын күйеуіне телімеуге не
-
месе жолдан тапқан баласын күйеуіне телімеуге, сенің 
оларға берген әміріне қарсы келмеуге саған серт беру 
үшін келген кезде, сен олардың серттерін қабылда 
және олар үшін Аллаһтан кешірім тіле. Өйткені Аллаһ 
өте кешірімді, аса рақымды» 
(Мүмтахина, 60/12).
205
Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 6/42 (9863)


234
Сахабалар салған сара жол
Біз серт беруге қолымызды созғанда: «Мен бөтен 
әйелдермен қол алыспаймын», – деді. Біз үшін Аллаһтан 
кешірім сұрады. Осылайша серт бердік
206
.
Рұқайқаның қызы Үмәйя былай дейді: «Серт беру 
үшін бір топ әйелмен бірге Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм)
барып жолықтық. Біз оған: «Уа, Расулаллаһ, 
Аллаһқа еш нәрсені тең тұтпайтындығымызға, ұрлыққа 
бармайтынымызға, зинақорлық жасамайтынымызға, 
жала жаппайтынымызға, игі істерде саған қарсы кел-
мейтіндігімізге серт береміз», – дедік. Аллаһ расу-
лы: «Хал-қадірің жеткенінше», – деді. Біз де «Шы-
нында, Аллаһ пен расулы бізге өте мейірімді. Уа, 
Расулаллаһ, қолыңды бер, саған серт берейік», – дедік. 
Пайғамбарымыз: «Мен әйелдермен қол алыспаймын, 
менің жүз әйелге айтқан сөзім мен бір әйелге айтқан 
сөзімнің еш айырмасы жоқ», – деді»
207



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет