Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет100/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Ү
шінші
 
Бөлім
пАЙҒАМБАрыМыЗДыҢ 
ХАлықТы АллАһ ЖОлынА 
шАқыруДА шеККен 
қИынДықТАры
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бен сахабала-
ры Исламды уағыздау жолында қандай қиындықтарға 
ұшырады? Небір қастандықтарға, ауыр азаптарға, 
аштық пен шөлге қалай төзді? Аллаһтың жолында шын 
ықыласпен қызмет етіп, өз жанын қалай пида етті?
1. РАСулАллАһТың шЕККЕн 
ҚиындыҚТАРы
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Шекпеген аза-
бым мен қиындығым қалмады», – деген.
Әнәс (р.а.) айтады: «Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм)
«Ант етемін, Аллаһ жолында ешкім көрмеген 
қиыншылықтарды көрдім. Аллаһ үшін ешкім тап 
болмаған қиындықтар мен қорқыныштарды бастан 
кешірдім. Отыз күн, отыз түнді аш өткіздім, Біләлдің 
қолтығына қысқан азығынан басқа менде де, Біләлде де 
талғажау етерлік нәр болған жоқ», – деген
213

213
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/47


238
Сахабалар салған сара жол
Пайғамбарымыздың көкесіне айтқаны
Бәйхақи былай риуаят етеді: «Әбу Тәліп Пайғам-
барымызға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Жиенім! Маған сенің 
қауымыңның адамдары келді. Біраз нәрселер айтты. 
Мені де, өзіңді де қинамасаңшы, көтере алмайтын 
шоқпарды белге байлап қайтеміз?! Жұрт қаламайтын 
сөздерді оларға айтпай-ақ қойсаң болмай ма?» – дей-
ді. Аллаһ расулы көкесінің көзқарасының өзгергенін
қолдау көрсетуге қиналатынын, ендігі жерде өзіне 
сүйеніш болудан бас тартатынын ойлап: «Көке! Оң 
қолыма күнді, сол қолыма айды ұстатса да, мен бұл 
ісімнен бас тартпаймын. Не Аллаһ дінін жеңіске жет-
кізеді, не болмаса мен осы жолда шыбын жанымды 
қиямын», – деді көзі жасаурап. Осыны айтып, бұрылып 
кетіп бара жатқанда, Әбу Тәліп: «Жиенім! Бері кел!» 
– дейді. Аллаһ расулы қайтып келеді. Әбу Тәліп оған: 
«Бопты, ісіңді жалғастыр. Сені ешкімге де бермейтін-
дігіме ант етемін», – дейді
214
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет