Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Алидің Әбу бәкірдің батылдығын



Pdf көрінісі
бет103/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Алидің Әбу бәкірдің батылдығын 
бағалауы 
Мұхаммед ибн Ақил айтады: «Али (р.а.) бір сөзінде 
«Ей жамағат, адамдардың ең батылы кім, білесіңдер 
ме?» – деп сұрайды. «Сенсің, мүміндердің әмірі», – 
дейді олар. 
«Иә, кіммен жекпе-жекке түссем, оны міндетті 
түрде жеңетінмін, сөйтсе де ең ержүрек адам мен емес-
пін. Ол – Әбу Бәкір (р.а.). Өйткені біз Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
арнап, шарбақ тұрғызып, 
мүшріктердің шабуылдамауы үшін «Аллаһ расулының 
қасында кім тұрады?» дегенімізде, Әбу Бәкірден басқа 
ешкімнің батылы жетпеді. Ол қылышын қынынан суы-
рып, Аллаһ расулының қасынан кетпей, оған қастандық 
жасамақ болғандарға қарсы тұрды. Міне, сондықтан да 
меніңше, ол – адамдардың ең жүрегі түктісі. Тағы бірде 
Пайғамбарымызды 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Құрайыштардың 
ұстап алғанын көрдім. «Көп тәңірді бір тәңір еткен 
сенсің бе?» – деп оны жұлқылап, ары-бері итеріп, әбден 
есін шығарды. Арамыздан жалғыз Әбу Бәкірден өзгесі 
оны арашалауға батылы бара қоймады. Ол жүгіріп ба-
рып, бірімен жұдырықтасып, бірін итеріп, бірін қағып: 
«Раббым – Аллаһ» дегені үшін адам өлтіресіңдер ме, 
өңшең азапқа ұшырағырлар?!» – деп айқайлады». 
Риуаятшы айтады: «Сосын Али (р.а.) үстіндегі ша-
панын шешті де, иығы селкілдеп, қатты жылады. Көзінің 
жасы сақалын жуып кетті. Содан былай деді: «Аллаһ 
үшін айтыңдаршы. Перғауынның тегінен шыққан мүмін 
артық па, жоқ Әбу Бәкір ме?» – деп сұрады. Ешкім тіл 
қатпағаннан кейін: «Аллаһқа ант етемін, Әбу Бәкірдің 
бір сағаттық өмірінің өзі Перғауын тегінен тараған 
мүмін секілділердің әлем толы жақсылықтарынан 


245
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
артық. Өйткені олар иманын жасыратын. Ал Әбу Бәкір 
иманын ашық жария ететін», – деді
222
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет