97
Аллаһ пен расулына шақыру
10. СоғыС МАйдАндАРындА иСлАМғА
шАҚыРу
Пайғамбарымыз исламға шақырмайынша
ешкіммен соғыспаған
Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Расулаллаһ
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
Исламға
шақырмай тұрып, ешқандай
қауыммен соғыспаған»
116
.
Пайғамбарымыздың әскери жасақтарға
берген нұсқауы
Абдуррахман ибн Аиз (р.а.) былай дейді:
«Расулаллаһ (с.а.с.) жорыққа
қол аттандыратын кез-
де: «Халықпен жылы қатынас жасаңдар, оларға
мұсылмандықты насихаттамайынша, бірден бас салып
немесе тұтқиылдан шабуыл жасамаңдар.
Қалаларда,
таулы аймақтарда тұратын былайғы жұрттың иманға
келуі әйелдер мен балаларды тұтқынға алып,
еркек
кіндіктілерін жер жастандырғандарыңнан әлдеқайда
артық», – дейтін
117
.
Достарыңызбен бөлісу: