90
Сахабалар салған сара жол
лаларын асыртпайды. Аллаһ пайғамбарларына берген
уәдесінен таяды деп әсте ойлама. Аллаһ, әрине, аса
үстем, күнәһарлардың сазайын беруге құдіреті же
-
теді. Сондай бір күн туады: жер басқа жерге, көктер
басқа көктерге айналады. Барлық адамдар қабірлерінен
шығып, аса үстем Аллаһтың құзырына шығады. Сол
күні күнәһар кәпірлердің бір-бірімен қосақталғанын
көресің. Көйлектері қара май болып, жүздерін от ша
-
лады. Аллаһ әрбір адамды істеген еңбегінің жемісін
беру үшін тірілтеді. Аллаһ есепті тез жүргізеді. Міне,
бұл – осылар арқылы адамдар ескертілсін, Аллаһтың
жалғыз тәңір екенін білсін, ақыл-ойы толық, ар-ожда
-
ны таза адамдар ойланып, сабақ алсын деп түсірілген
Құранның айқын уағызы»
(Ибраһим, 14/ 35-52).
Олар Аллаһ расулының (с.а.с.) сөздерін ұйып
тыңдайды, саналарына сәуле түсіп, иман келтіреді.
Расулаллаһ олармен тілдесіп тұрғанда, көкесі Аббас сол
жерден өтіп бара жатқан болатын. Пайғамбарымызды
даусынан танып, одан: «Қасыңдағылар кімдер?» – деп
сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз:
«Көке, мен дінді уағыздап тұрған бұлар – Мәдина
тұрғындары: Әустіктер мен Хазраждықтар. Келісіп,
тіпті мені өздерімен бірге елдеріне әкететін болды», –
дейді.
Аббас атынан түсіп: «Әй, Әус пен Хазраж
қауымы! Бұл – менің немере інім. Ең жақсы көретін
адамым. Сендер оған сеніп, өздеріңмен бірге алып ке-
туге нақты шешім қабылдаған болсаңдар, Мұхаммедті
ренжітпейтіндіктеріңе
және алдамайтындықтарыңа
уәде берулеріңді сұраймын. Көршілеріміз –
дұшпандығы бәрімізге белгілі яһудилер, пайғамбарға
қастандық жасамайтындығына көзім жетпейді», – дей-
91
Аллаһ пен расулына шақыру
ді. Аббастың (р.а.) Сағыд пен жолдастарына сенім-
сіздік танытқанына ренжіген Әсәд ибн Зүрара (р.а.):
«Уа, Расулаллаһ, рұқсат етсең, сені ренжітпейтінімізді,
екі сөзге келместен айтқаныңды тыңдайтынымызды,
пайғамбарлығыңа сенгендігімізді көкеңе білдірейік», –
дейді. Расулаллаһ: «Мейлі, ешкімнің көңіліне келмей-
тіндей жауап беріңдер» дейді. Сонда Әсәд ибн Зүрара
Пайғамбарымызға қарап: «Уа, Аллаһтың елшісі! Әр
істің жеңіл жағы да, ауыр жағы да болады. Қазір сен бізді
аса ауыр іске шақырып отырсың. Өз дінімізді тастауға,
жаңа дінді мойындауға шақырдың. Бұл өте салмағы
зілбатпан ұсыныс, алайда
біз ештеңеге қарамастан
келістік. Бізді дінсіздермен арамыздағы байланысы-
мызды үзуге шақырдың. Бұл қиын шарт, әйтсе де осы
ұсынысыңды да қабылдадық. Біз ешкім көз сұғып
қарауға дәті бармайтын құтты мекенде қуатты әрі іргелі
ел болып тұрған кезде, өз қауымы тастап кеткен, біз-
ден шықпаған адамның бізді басқарғанын қаладың. Бұл
өте ауыр да қиын ұсыныс болғанына қарамастан, көзді
шарт жұмып қабылдадық. Бұлардың барлығы бірдей
халыққа ұнай бермейді. Бұл тек Аллаһтың разылығы
мен рақымына бөленгісі келген,
болашағының
жарқын болғанын күткен адамдарға ғана ұнайды. Осы
мәселелердің барлығында саған шын көңілмен иман кел-
тіріп, айтқандарыңды жүрекпен қабыл еттік. Саған серт
береміз. Раббымызға бағынатынымызды білдіреміз.
Раббымыз бізді қолдасын. Жанымыз да, тәніміз де сені-
мен бірге. Өз өмірімізді, бала-шағаларымызды қауіп-
қатерден қалай қорғасақ, сені де солай қорғаймыз. Бұл
уәдемізді орындайтын болсақ, Аллаһ үшін орындаймыз.
Уәдемізде тұрмасақ, опасыз болғанымыз. Лайықты
жазамызды алып, қасірет шегерміз. Уа, Расулаллаһ!
92
Сахабалар салған сара жол
Міне, біздің саған көрсететін, қолымыздан келетін бар
қолдауымыз – осы. Сыйынуға лайық құдірет бір Аллаһ
қана», – дейді.
Әсәд ибн Зүрара (р.а.) осылай деген соң, Аббас ибн
Абдулмұтталибке қарап: «Ей,
пайғамбардың алдында
бізбен сөз таластырған адам! Саған келетін болсақ,
(шын ниетіңді, әрине, Аллаһ біледі) Аллаһ расулының
сенің немере інің екенін, оны бәрінен артық көретініңді
айттың. Біз алыс-жақын туыстарымызбен байланысы-
мызды үзуге бел байладық. Мұхаммедтің Аллаһтың
пайғамбары екеніне куәлік етеміз. Хақ тағала оны өзі
жіберген. Ол өтірікші емес. Айтқан сөздері пенденің
сөздерінен мүлдем ерекше. Бізден серт алмайынша,
көңіліңнің тыншымайтынын айттың. Аллаһ расулына
осындай серт бергенімізді кім-кімге де қаймықпай айта
аламыз», – дейді.
Сосын Аллаһ елшісіне: «Уа, Расулаллаһ!
Қалағаныңды ал, Раббың үшін қалаған шартыңды айт,
бұйрықтарыңды екі етпейміз», – дейді»
108
.
Достарыңызбен бөлісу: