415
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
ды Халид ибн Уәлид деп ойлап: «Халид,
Омар сені
сараңдығы ұстап қызметіңнен алды-ау деймін.
Көкемнің баласы екеуміз Омардан бір нәрсе сұрауға
келген едік, сені қызметіңнен алғаны үшін одан ештеңе
сұрамаймыз», – деді. Омар: «Айта бер,
тағы қандай
хабарларың бар?» – деп сұрайды. Алқама: «Бұған қоса,
әрине, басшылардың да бізге жүктейтін міндеттері бар.
Байқа, ағаттық жасап, оған қарсы шықпа, жарай ма? Біз
міндетімізді орындайық, сыйымызды Аллаһ береді»,
– дейді. Таң атқан соң Омар Халид ибн Уәлидтен:
«Алқама түнде саған не айтты?» – деп сұрайды. Халид:
«Уаллаһи, ештеңе айтқан жоқ», – дейді. Омар: «Бұған
ант етіп тұрсың ғой», – дейді. Сосын Омар дұрыс әрекеті
үшін Алқамаға қажет еткен заттарын беріп сый-сияпат
жасайды»
421
.
Ел басшысына бағыну туралы алапес
әйелдің айтқандары
Ибн Әбу Мүләйка айтады: «Омар (р.а.) бір алапес
әйелдің Қағбаны
тауап еткенін көріп, оған «Ей, әйел,
мына түріңмен халықтың кейпін қашырмай, үйіңде
отырсаң болмай ма?» – дейді.
Осы ескертуден кейін
дімкәс әйел үйінен қия басып шықпайтын болды. Біраз
уақыт өткеннен кейін біреу сол әйелге барып: «Сыртқа
шығуыңа тыйым салған адам өлді,
енді сыртқа шыға
беруіңе болады», – дейді. Сонда әлгі әйел «Көзі тірісін-
де бағынған адамыма өлгеннен кейін (аруағын аттап)
қарсы шыға алмаймын», – деп жауап береді»
422
.
421
Ибн Хажар, әл-Исабә 4/557
422
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 10/172 (28504)