235
Сахабалардың пайғамбарымыз бен халифаларға серт беруі
8. бАлиғАТҚА ТолМАғАн
бАлАлАРдың СЕРТІ
Хүсейіннің немересі Мұхаммед ибн Алидің ай-
туынша: «Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мұрты әлі
тебіндемеген Хасан, Хұсейін, Абдуллаһ ибн Аббас және
Абдуллаһ ибн Жағфармен серттескен екен. Әһл-бәйттен
басқа балалардан
серт алғандығы байқалмаған
209
.
Ал, Табаранидің айтуынша: «Абдуллаһ ибн Зубәйр
мен Абдуллаһ ибн Жағфар (р.а.) Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
серт берген кезде жеті жаста бола-
тын. Аллаһ расулы оларды көргенде, күлімсіреп, қолын
созып,
серттерін қабылдады
210
.
9. САхАбАлАРдың хАлиФАлАРғА
бЕРгЕн СЕРТІ
Сахабалардың Әбу бәкірге (р.а.) серт беруі
Ибраһим ибн Мүнтәширдің жеткізуінше: «Аллаһ
тағала: «Саған серт бергендер Аллаһқа серт берген бо-
лып саналады» (Фәтх, 48/10) деген аятты түсірген кезде,
Расулаллаһтың адамдармен серттесуі Аллаһқа уәде беру
мен Хаққа мойынсұнудан тұратын. Әбу Бәкір (р.а.) серт
алғанда: «Аллаһқа мойынсұнып жүрген кезімде, маған
бағынуға серт беріңдер», – деген. Омар (р.а.) мен одан
кейінгі халифалардың серттері Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сертіндей болған»
211
.
Ибн Афифтың (р.а.) баяндауынша: «Аллаһ расу-
лы қайтыс болғаннан кейін, Әбу Бәкірді (р.а.) көрдім.
Халықтың
сертін қабылдап, айналасына жиналған
209
Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 6/46 (9875)
210
Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 9/466 (3402)
211
Ибн Хажар, әл-Исабә 3/458
236
Сахабалар салған сара жол
көршіліктен: «Аллаһқа және кітабы Құранға мойынсұну,
содан соң биліктегі халифаны тыңдап, бағынуға маған
серт бересіңдер ме?» – деп сұрайтын. Олар бірауыздан
келісетін. Сосын олармен серттесетін.
Мен оның қасында біраз уақыт болдым, ол кезде
менің балиғатқа енді толған кезім болатын. Серт берудің
өзіндік шарттарын біліп алғаннан кейін, Әбу Бәкірдің
(р.а.) қасына барып: «Алдымен Аллаһқа және кітабына
мойынсұну, сосын басшыларды тыңдап, бағынуға саған
серт беремін», – дедім. Бас-аяғымды шолып шықты да,
көзін төмен салды. Сертіме қуанғанын аңғардым»
212
.
212
Бәйхақи, Сүнән 8/146 (16339)