Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет4/34
Дата15.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#53609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ


7. Мәкрүһ

Мәкрүһ – сөздікте жағымсыз, ұнамсыз, жек көрілген 

нәрсе деген мағынаны білдіреді. Діни терминге салсақ, 

дін тұрғысынан ұнамсыз, жаман іс-әрекет. Дәрет пен 

ғұсыл алғанда суды ысырап ету секілді іс-әрекеттер осы 

мәкрүһке жатады.

Мәкрүһ екіге бөлінеді:

Харамға жақын мәкрүһ (Тахримән мәкрүһ). Дәрет 

алғанда суды ысырап ету, т.б.

Халалға жақын мәкрүһ (Тәнзиһән мәкрүһ). Мұрынды 

оң қолмен шаю, т.б. Мәкрүһтің үкіміне келсек, мәкрүһті 

істемеген жағдайда – сауап. Мәкрүһтің ішінде харамға 

жақын мәкрүһті жасаған адам ақыретте азапқа ұшырауы 

ықтимал. Бұл – Имам Ағзам мен Әбу Юсуптың көзқарасы. 

Имам Мұхаммед: «Харамға жақын мәкрүһ дәл харам 

секілді қабыл етіліп, ақыретте азапқа лайық», – дейді.

Халалға  жақын  мәкрүһке  келсек,  жасалуында 

ақыретте азап жоқ. Бірақ жасамаса – сауап. Мәкрүһті 

халал санау – қателік. Бірақ адам діннен шықпайды.

8. Мүпсит

Мүпсит  –  басталған  ғибадатты  бұзатын  нәрсе. 

Мүпситтің әдейі жасалуы күнә тудырады. Қателесіп 

жасаса, күнә мен азап жоқ. Намазда өз-өзін ұстай алмай 

күлу секілді іс-әрекеттер осыған жатады.


53

І БӨЛІМ

ТАЗАЛЫҚ

«Сөзсіз, Аллаһ тәубе еткендер мен 

тазаланғандарды жақсы көреді»

«Бақара» сүресі

«Тазалық – иманның жартысы»

Хадис шәриф

54

55

Тазалық және көлемі

Ислам діні тазалыққа үлкен мән берген. Аллаһ Тағала 

алдына шығу үшін дене, киім және намаз оқитын жердің, 

жүректің  тазалығын  әмір  еткен.  Құранда  тазалыққа 

үлкен мән бергендер мақталған және бұл Аллаһтың 

сүйіспеншілігіне  лайық  іс  екені  айтылған:  «Сөзсіз, 



Аллаһ тәубе еткендер мен тазаланғандарды сүйеді»

19

Негізінде, сыртқы тазалыққа қарағанда, жүрек тазалығы 



аса маңызды. Өйткені, сырты сұлу болғанмен, ішкі әлем 

кірленсе,  ешкім  иманның  ақиқатына  жете  алмайды. 

Аллаһ мәңгілік бақытқа қол жеткізушілердің алғашқы 

сипатының тазалық екенін баяндайды: «Әлдекім тазар-



са, ол құтылды. Ол Раббының атын еске алып, намаз 

оқыды»

20

. Құранда киім мен ғибадат жерінің тазалығына 

назар аударған.

Пайғамбарымыз тазалықтың маңыздылығы жайлы 

былай дейді: «Тазалық – иманның жартысы»

21

, «Аллаһ 

тазалықты жақсы көреді»

22

.

Ислам  ғалымдары  Құран  мен  хадистерге  қарап, 



тазалықты төртке бөледі:

1.  Дене, киім мен намаз оқитын жердің ластықтан 

тазаруы.

19

  Бақара, 2/222.



20

  Ағла, 87/14-15.

21

  Муслим, Таһарат, 1;



22

  Тирмизи. Сунән. Египет. 1937. Әдеб, 41.



56

Ислам ғылымхалы

2.  Өзін  ғайбат,  харам  жеу,  қиянат  жасау,  т.б. 

күнәлардан тазалау. Бұл тақуа жандардың иманын арт-

тыру арқылы тазалану түрі.

3.  Жүректің қызғаныш, өркөкіректік, рияшылдық, 

дұшпандық  секілді  жаман  аурулардан  тазалануы. 

Олардың  орнын  кішіпейілділік,  тәубе,  сабыр,  үміт, 

сүйіспеншілік секілді көркем сипаттармен толтыру. Бұл 

– тақуа жандардың иман мәртебесі.

4.  Жүректің Аллаһтан басқа өзге барлық нәрседен 

тазалануы. «Ләә иләһә иллалаһ» (Аллаһтан басқа құдай 

жоқ) тәухид сөзінің жүректен толық орын алуы

23



Тазалау жолдары



1.  Су  арқылы  тазалау.  Су  –  негізгі  тазартушы. 

Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Және сендерді 



тазарту, өздеріңді шайтанның ластығынан арылту, 

жүректеріңді орнықтырып, табандарыңды бекіту 

үшін төбелеріңе көктен жаңбыр жаудыруда еді»

24



«Біз көктен таза жаңбыр жаудырдық»



25

. Тазалық үшін 

қолданылатын су: қар, бұршақ, жауын, құдық, теңіз, өзен, 

бұлақ, көл, сел сулары. Судың үш сипаты бар: реңі, исі, 

дәмі. Реңі өзгермеген, исі шықпаған, дәмі бұзылмаған 

су – таза.

2.  Сұйық заттар: гүл суы, лимон, анар секілді жеміс 

суларымен киім және денедегі ластықтарды тазартуға 

болады. Бірақ дәрет, ғұсыл алынбайды. Ерітілген май, 

бал, сүт, ет суы, т.б. сұйық заттармен дәрет те, тазалық та 

23

  Хамди  Дөндерен.  Делиллериле  Ислам  Илмихали.  Станбул. 



1991. 130-136.

24

  Әнфал, 8/11.



25

  Фұрқан, 25/48.



57

Тазалық

жасалмайды. Суда топырақ, кір жуу ұнтағы, сабын секілді 

заттардың құрамы аз болса, тазалаушы рөлін атқара 

алады. Сол секілді дәрет пен ғұсылда қолданылған су 

«қолданылған су» деп аталады. Мұндай сумен ластықты 

тазалауға жараса да, дәрет, ғұсыл алынбайды

26

.

3.  Сүрту арқылы тазалау: Пышақ, леген, шыны, т.б. 



сол секілділер кірленгенде топырақ немесе ылғал мата-

мен ластық кеткенге дейін сүртсе, таза деп есептеледі. 

Мысалы,  қой  сойған  пышақты  жақсылап  топыраққа 

ысқылап сүртсе, таза. Мұндай пышақты беліне байлап, 

намаз  оқыса,  намазы  дұрыс.  Дәлеліміз:  Сахабалар 

соғыста дұшпанмен айқасып, кейіннен қылыштарын 

сүртіп, намаз оқыған.

4.  Отқа қою арқылы тазалау: Темірде қан секілді лас 

нәрселер болса, оны темірді отқа қою арқылы тазалауға 

болады.


5.  Доңыздан басқа кез-келген өлген хайуанның 

терісі иленсе, таза. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 



«Кез- келген тері иленсе, таза»

27

.

Таза саналған нәрселер

Исламда жер, су, өсімдіктер, ағаштар, жемістер, 

доңыздан  басқа  барлық  жан-жануарлардың  сыртқы 

денелері, тірі иттің жүні мен терісі таза. Сондықтан 

бұларға тиген су да таза саналады. Көгершін секілді 

жеуге болатын құстардың саңғырығы таза. Көкте ұшқан 

бір көгершін Ибн Омарға саңғып кеткенде, саңғырықты 

сүртіп тастап, намаз оқығаны осыған дәлел. Көшедегі 

26

  Кәсани, Алауиддин Әбу Бәкр ибн Мәсууд. Бәдәуи´с-Санай’и 



фи Тәртбиш-Шәрәй’и. Бәйрут.1974. 83-87.

27

  Муслим, Хайыз, 105; Әбу Дәәуд, Либас, 38.



58

Ислам ғылымхалы

адамдарға шашыраған су таза. Өйткені, бұдан сақ болу 

қиын. Мұндай киіммен намаз оқуға болады. Бірақ, лас 

су екені анық білінсе, ол басқа мәселе

28

.

Нәжістер (таза саналмаған нәрселер)



Намазға кедергі жасайтын нәжістер: ауыр нәжіс және 

жеңіл нәжіс болып екіге бөлінеді. Ауыр саналғандар: 

егер қатты болса, төрт грамм салмағында, сұйық болса, 

алақан аясынан астам жерді қамтыған мөлшер киімде 

немесе намаз оқылатын жерде болса, намазға кедергі жа-

сайды. Жеңілге келсек, бұл дененің яки киімнің төрттен 

бірінен аз мөлшері намазға кедергі жасамайды.

Ауыр ластық (нәжіс)

1.  Адамның кіші, үлкен дәреті, уәди, мәзи, мәни, 

және ауыз толы құсық, денеден шыққан қандар, хайыз, 

нифас, истихада қандары.

2.  Тауық, қаз, үйректің саңғырықтары.

3.  Еті жеуге болмайтын хайуандардың тезектері мен 

лас сулары, сілекейлері және барлық жан-жануарлардың 

қандары.


4.  Ішімдік. Киімге, денеге жұқса, тазалау қажет.

5.  Арам өлген мал.



Жеңіл ластық (нәжіс)

1.  Етін жеуге болатын қой, ешкі, жылқы секілді 

жануарлар мен жабайы аңдардың тезектері, лас сулары – 

Әбу Юсуп мен Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, 

жеңіл ластық.

28

  Кәсани, а.а.е.



59

Тазалық

2.  Етін жеуге болмайтын бүркіт, сауысқан секілді 

әуеде ұшқан құстардың саңғырықтары.

3.  Әрбір малдың өті – сол малдың ластығы

29

.

Әжетхана әдебі



Әжетханаға  кірерде  Пайғамбарымыздың  мына 

дұғасы оқылады:

} ِثِئاَب َخْلاَو  ِثْب ُخْلا َنِم  َكِب ُذوُعأ يِّنإ َّمُهلَّلأ{

 «Аллаһумма инни 

ә’узу бика минал-хубси уал-хабаис» – «Аллаһым, 

ластықтан және лас нәрселерден саған сиынамын»

Бұдан кейін ішке кірерде – сол аяқпен, шығарда – оң 

аяқпен шығу. Дәрет сындырған адам сол қолын пай-

далану керек. Пайғамбарымыз оң қолмен алуға тыйым 

салған

30

. Сыртқа шыққан кезде: 



يِّنَع  َبَهْذأ يِذَّلا ِ َّ ِل ُدْم َحْلأ{ 

}يناَفاَع َو يَذَلاا



 «Әлхамду лилләһил-ләзи әзһәбә ‘аннил-

әзә  уә  ‘аафани»,  «Қиындықтан  арылтып,  жеңілдік 

берген Аллаһқа шүкір» дұғасы оқылады.

Ел  жүретін  жерге  дәрет  сындыру  дұрыс  емес. 

Пайғамбарымыз: «Кімде-кім мұсылмандардың жүрген 

жолына дәрет сындырса, Аллаһ пен періштелер және 

барлық  адамдар  оған  лағынет  етсін»

31

  –  деп  қатты 

ескерткен. Басқа хадисте былай айтылады: «Үш нәрседен 

сақтаныңдар: Су қайнары, жол ортасы және көлеңке. 

Мұндай жерлерге дәрет сындырмаңдар»

32

. Аллаһ Елшісі 

осылайша тазалыққа қатты маңыз берген.

29

  Ибн  Рушд,  Әбу  Уәлид  Мухаммәд  ибн  Ахмәд  әл-Хафид. 



Бидайәту’л-Муштәһид  уә  Ниһәиәту’л-Муктәсид.  Станбул. 

1933.


30

  Бухари, Уду´, 1,11.

31

  Мәжмәу´з-Зәуәид, І.204.



32

  Муслим, Таһарат, 68.



60

Ислам ғылымхалы

Әжетханада  Құран  оқымау,  сөйлемеу  керек. 

Құбылаға қарап немесе арқасын беріп отыруға болмай-

ды

33





Истинжа

Истинжа  –  қан,  мәни,  үлкен  дәрет,  кіші  дәрет 

сияқты ластықтардан тазалану. Су арқылы, сақарада 

кішкене таспен де тазалауға болады. Пайғамбарымыздан 

сұрағанда: «Су мен тас арқылы» деп жауап берген

34



Бірақ көмір, сүйекпен тазалау – мәкрүһ. Арнайы жасалған 

әжетхана қағазы және басқа да қағаздар жарамды.



Истибра

Истибра  –  кіші  дәрет  қалдықтарынан  түгелдей 

арылу. Кіші дәретке истибра жасау – сүннет

35

. Истибра 



дәрет алмастан бұрын аздап күту, жүру, жөтелу арқылы 

жасалады. Бұл – ер кісілерге байланысты іс. Истибраға 

мына хадис дәлел: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) екі қабірдің 

жанынан өтті де, былай деді: «Олар азап шегуде. Азабы 

үлкен бір іс үшін емес. Кіші дәрет сындырғаннан кейін 

истибра жасамайтын»

36

.

Ғұсыл

«Ғұсыл» (араб тілінде) – жуыну, шомылу деген 

мағынаны  берсе,  шариғат  терминінде  бүкіл  дененің 

арнайы түрде толық жуылуын білдіреді.

33

  Әбу Дәәуд, Таһарат, 6.



34

  Зуһайли.әл-Фиқһул-Ислами  уә  Әдиллатуһ.  Димашқ.1985. 

І,196.

35

  Ибн  Мажә,Әбу  Абдиллаһ  Мухаммәд  ибн  Иазид  әл-Казуини. 



Сунән. Египет, 1952. Таһарат; 19.

36

  Бухари,Уду´, 55-56.



61

Тазалық__Ғұсыл_алынатын_жағдайлар'>Тазалық

Ғұсыл алынатын жағдайлар

1.  Жүнүп  болу:  Жыныстық  қатынас,  ихтилам* 

немесе соған ұқсас жағдайлар арқылы мәнидің сыртқа 

шығуы. Есінен танған, мастығынан айыққан, ұйқысынан 

тұрған адам бойынан бөлінген ылғал бір нәрсе көрсе, 

ғұсыл алғаны абзал.

Ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қатынаста 

мәни шықпаса да ғұсыл қажет. Пайғамбарымыз осылай 

ескерткен

37

. Аллаһ Елшісі былай дейді: «Мәзиде – дәрет, 



мәниде – ғұсыл бар». Яғни, құмарлық сезімсіз ақса да 

ғұсыл  қажет.  Әбу  Ханифа  мен  Имам  Мұхаммедтің 

көзқарасы осындай.

2.  Хайыз және нифас: Әйел затының хайыз бен 

нифас кезеңі аяқталғанда ғұсыл алуы – парыз. Құранда 

былай дейді: «(Мұхаммед) олар сенен етеккір жай-



ында  сұрайды.  Оларға:  Ол  жиіркенішті  нәрсе, 

етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға 

тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан толық та-

зарса, Аллаһтың өздеріңе бұйырған жерінен оларға 

жақындасыңдар де»

38

. Пайғамбарымыз Әбу Хубайш 

қызы Фатимаға былай дейді: «Хайыз қаны аққанда намаз 

оқуды доғар. Тоқтағанда ғұсыл алып оқы».

3.  Мәйітке (өлікке ғұсыл): Яғни, шейіттен басқа 

барлық  мәйітке  ғұсыл  құю  –  мұсылмандарға  кифая 

парыз.


4.  Жаңа  мұсылман  болған  адамға  ғұсыл  алу  – 

парыз.  Қайс  ибн  Асым  мұсылман  болуға  келгенде, 

Пайғамбарымыз оған ғұсыл алуды әмір етеді

39

.



37

  Әбу Дәәуд, Таһарат; 83.

38

  Бақара, 2/222



39

  Әбу Дәәуд, Таһарат; 129; Сунән, Жұма; 72.



62

Ислам ғылымхалы

Сүннет және мәндүп ғұсыл

1.  Айт  намазы  мен  жұма  намазынан  бұрын. 

Пайғамбарымыз хадисте: «Жұма намазға келетін адам 

ғұсыл алсын»

40

, – дейді. Пайғамбарымыздың жұма күні 

ғұсыл еттірудегі мақсаты – адамның тер мен кірден 

арылып,  таза  болуын  қалауы.  Басқа  хадистерінде 

Пайғамбарымыз жұма күні ғұсыл етіп, жақсы, таза киім 

киюді және әтір (спиртсіз) сеуіп, тістерін тазалап келуін 

насихаттайды

41

.



2.  Қажылық немесе умра үшін ихрамға кіргенде

3.  Арафат күні Арафатқа тұрарда

4.  Күн  мен  ай  тұтылғанда  оқылатын  намаз  бен 

жауын тілеу намазы үшін ғұсыл ету – мәндүп.

5.  Мүбәрак түндерде, ақыл-есі орнына келгенде, 

өлікті жуған және қан алдырған адамның жуынуы – 

мәндүп.

6.  Үзір қанынан айыққан әйелдің жуынуы



7.  Сапардан оралған, жаңа киім киген адамның 

жуынуы


8.  Күнәға тәубе ету үшін жуыну

Ғұсыл парыздары

Құранда ғұсылдың парыз болуы айтылады: «Егер 



жүніп  болсаңдар,  толық  тазаланыңдар»

42

.  Бұл 


аяттағы  «тазаланыңдар»  сөзі,  дененің  жуылуының 

парыз  екендігін  көрсетеді.  Басқа  бір  аятта  былай-

40

  Бухари, Жұма; 2,5.



41

  Муслим. 7.26-27.

42

  Маида, 5/6.



63

Тазалық

ша берілген: «Тазаланбастан, жүніп күйінде намаз 



оқымаңдар»

43

.

Пайғамбарымыздың қалай ғұсыл алатынын Хазіреті 



Айша жеткізеді: «Аллаһ Елшісі жүніп болған кезде, ал-

дымен қолдарын жуумен бастайтын. Сосын оң қолымен 

сол қолына су төгіп, ұятты жерлерін жуып, арты-

нан дәрет алатын. Одан кейін су алып, саусақтарымен 

шаштарының түбіне дейін сулайтын. Сосын басына үш 

рет су құйып, одан кейін денесіне су құятын. Ең соңынан 

аяқтарын жуатын»

44

.

Ханафи мәзһабынша ғұсылдың парызы – 



үшеу

1.  Ауызды сумен шаю (мадмада). Ауызды сумен 

шайғанда, тамаққа дейін апарған абзал.

2.  Мұрынға  (кеңсірікке  дейін)  су  тарту 

(Истиншақ).

3.  Тұтастай тұла бойын сумен жуу. Яғни, шаш пен 

сақалдың түбіне, құлақ пен кіндіктің ойығына түгелдей су 

тиюі тиіс. Пайғамбарымыз былай дейді: «Әрбір шаштың 



түбінде  жүніптік  бар.  Сондықтан  шаштарыңды 

жуыңдар. Денені де жақсылап тазалаңдар»

45

.

Ислам  дінінде  тазалыққа  қандай  маңыз  берілсе, 



жеңілдікке де соншалық маңыз берілген. Сол себепті 

ханафи мәзһабында, қиындық келтіретін жағдайда ғұсыл 

құйынатын әйелдердің өрген шаштарын ашып жуғаны 

қажет емес. Тек қана өрілген ұзын шаштардың түбіне 

су барса, жетіп жатыр. Бұған Умми Сәламаның мына 

43

  Ниса, 4/43.



44

  Муслим, Хайыз, 58; Әбу Дәәуд, Таһарат, 120.

45

  Тирмизи, Таһарат/, 77.



64

Ислам ғылымхалы

хадисі дәлел: «Пайғамбарым! Менің шаштарым өрулі. 



Жүніптік немесе хайыз үшін ғұсыл алғанда шашымды 

тарқатайын ба»?

«Жоқ, басыңа үш рет су құйсаң жеткілікті. Сосын 

үстіңе су құйып, жуынарсың»

46

.

Хазіреті Айша былай дейді: «Біз өрілген шаштары-



мызды жаймай-ақ жуынатынбыз»

47

.

Кейде адам асығыстықтан денесінің кейбір мүшесін 



жууды ұмытып кетіп, кейіннен есіне түссе, қайта ғұсыл 

алудың қажеті жоқ. Тек қана сол жерді жуса, жетіп 

жатыр. Бірақ парыз намазын оқып қойған болса, қайта 

оқуы керек.

Ғұсыл  алған  адамның  егер  тісі  алтын,  күміс 

секілді нәрселермен қапталған, ойықтары толтырылған 

болса, ғұсылға кедергі етпейді. Өйткені, бұл жараға 

таңған орауыш секілді. Орағыштың бетіне мәсіх тарту 

қандай болса, бұл да сондай. Ханафилардың атақты 

ғұламаларынан Кәсанидің «қапталған тіс – тістің рөлін 

атқарады» деген фәтуасы бар.

Жүніп адам ғұсыл алу ниетімен аузы мен мұрнын 

сумен шайқап, одан кейін көлге, өзенге, хауызға сүңгісе 

немесе – жауын астында тұрып, барлық денесіне су тисе, 

ғұсыл алған болып саналады

48

.



Жүніп мұсылман тәндік тұрғысынан лас саналмай-

ды. Мұндай жағдайда дәрет алып, тым болмаса қолы мен 

аузын сумен шайып тамақ жей алады. Басқа істерін де 

жасай алады

49

. Жүніп – рухани ластық. Ондай адаммен 



46

  Муслим, Хайыз; 58.

47

  Әбу Дәәуд, Таһарат; 99



48

  Рәддул-Мухтар, 1.140.

49

  Әбу Дәәуд, Таһарат: 87.



65

Тазалық

амандасуға да, әңгімелесуге де болады. Хазіреті Хузәйфә 

сахаба былай дейді: «Аллаһ Елшісі сахабаларымен кез-

дескенде қол алып амандасатын. Жақсы тілек, бата 

беретін. Бір күні таңғы уақытта Аллаһ Елшісін көрдім. 

Бірақ көрмей қалған адамдай бұрылдым да, басқа жаққа 

қарай кетіп қалдым. Кейіннен сәске кезінде қайтадан 

алдына бардым. Сонда Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маған қарап: 

«Мен сені көрген едім, бірақ сен дереу бұрылып кетіп 

қалдың. Неліктен бұлай жасадың?», – деп сұрады.

«Пайғамбарым, мен ол кезде жүніп едім. Менімен 

қол  алысып  амандасуыңнан  қорқып,  бұрылып  кетіп 

қалдым»,  –  дедім.  Аллаһ  Елшісі  сонда:  «Мұсылман 

ешқашан лас болмайды» деп жауап қатты»

50

.

Ғұсыл құйынған адамның дәреті де болады. Яғни, 

жекелей дәрет алудың қажеті жоқ. Өйткені, ғұсыл алған 

адам барлық мүшесін жуады. Дәреттің парыздары да 

соның ішіне кірмейтін бе еді?! Бұған байланысты Хазіреті 

Айша айтады: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ғұсыл құйынып, 



таң намазының сүннеті мен парызын оқитын. Оның 

ғұсылдан кейін дәрет алғаны есімде жоқ»

51

.

Ғұсыл сүннеттері

1.  Алдымен «Бисмиллаһ» деп бастау

2.  Ниет ету (Шафиғилерде ниет ету парыз)

3.  Әурет (ұятты) жерлерді жуу. Денеде лас жерлері 

болса тазалау

4.  Дәрет алу

50

  Нәсаии, Әбу Абдрахман ибн Шу’аиб. Сунән. Египет. Таһарат, 



171.

51

  Әбу Дәәуд, Таһарат, 98.



66

Ислам ғылымхалы

5.  Үш рет басын, үш рет оң иыққа және үш рет сол 

иыққа су төгу. Әрбір құйылған суды дененің барлық 

жеріне жеткізу.

6.  Ғұсыл алғанда сөйлемеу

7.  Ғұсыл құйынып жатқанда құбыла жаққа тура да, 

теріс те қарап тұрмау. Яғни, жанымен тұру. Әурет жері 

жабық тұрса қарауға болады.

8.  Жалғыз өзі болса да, әурет жерін жабу. Монша, 

көл, т.б. адамдар арасында әурет жері ашық күйде жуыну 

– харам.

Бір адамның көпшілік арасында тұрып, жуынғанын 

байқаған Аллаһ Елшісі қатты қамығып былай дейді: 

«Күмәнсіз, Аллаһ Тағала ұят иесі және күнәлар мен 

кемшіліктерді жауып, жасырушы. Сол себепті, ұятты 

болуды және әурет жерлерін жабуларын жақсы көреді. 

Ендеше,  бір  адам  ғұсыл  құйғанда  әурет  жерлерін 

жапсын»

52

.

Ислам діні адам денсаулығына қатты мән берген. 



Сол себепті, бір адам су ысытуға мүмкіндігі болма-

са, суық сумен жуыну ауруға себеп туғызса, мұндай 

жағдайда мүмкіндік туғанға дейін тәйәммүм соғып намаз 

оқиды. Өйткені, «Дінде зорлық жоқ». Бірде Амр ибн 

Ас бір сапарында жүніп болып қалып, ауа-райы қатты 

суық болған соң, жуынбай тек қана тәйәммүм алып намаз 

оқиды. Осы мәселе Пайғамбарымызға айтылғанда, ләм-

мим демеді

53

.

Жалғыз қалған адамның әурет жерлері ашық болуы 



харам болмаса да, жабық болуы Ислам әдебіне жатады. 

Өйткені, Пайғамбарымыздан бір сахаба «Біріміз жалғыз 

52

  Әбу Дәәуд, Хамам; 1; Нәсәий, Ғусул: 7



53

  Әбу Дәәуд, Таһарат: 124.



67

Тазалық

қалғанда қалай болады?», – деп сұрағанда: «Аллаһтан 

ұялу – адамдардан ұялғаннан әлдеқайда жоғары», – деп 

жауап қатады

54

.

9.  Ғұсыл құйғанда суды ысырап етпеу.



10. Ғұсылдан  кейін  сүлгімен  сүртіну.  Пайғам-

барымыздың  зайыбы  Мәймунәнің  бір  риуаятында 

Пайғамбарымыздың бірде сүлгімен сүртінгені жайлы 

айтылады


55

.

Жүніп адамға харам нәрселер

1.  Жүніп  болған  ер  мен  әйелдің,  хайыз  бен 

нифастағы әйелдің намаз оқуы харам.

2.  Қағбаны тауап ете алмайды.

3.  Зәру жағдай болмаса, мешітке кіруге болмай-

ды

56

.



4.  Хайыз бен нифас кезінде әйел адамның ораза 

ұстауына болмайды.

5.  Құранның бір аятын да оқи алмайды. Хазіреті 

Айша Пайғамбарымыздың жүніп кезінде Құран оқы-

мағанын  айтады

57

.  Бірақ  дұға  ниетімен  Құрандағы  



дұғаларды оқи алады. «Шәһадат» сөзін айтуға, тәкбір, са-

лауат, зікір етуге болады. Әсіресе, нифас не хайыз мерзімі 

аяқталғанға дейін әйелдер намаз оқи алмағандықтан жиі-

жиі дұға, салауат, зікір оқығаны абзал. Өйткені, жүніп, 

нифас, хайыз – адам бойындағы рухани ластық. Мұндай 

кездері адамды жындар иектегіш келеді. Әсіресе, жаңа 

босанған әйелдерге қауіпті. Жаңа туылған сәбилерге де 

54

  Бухари, Ғусул; 20.



55

  Әбу Дәәуд, Таһарат: 97.

56

  Ибн Мажә, Таһарат: 127.



57

  Әбу Дәәуд, Таһарат:97.



68

Ислам ғылымхалы

абай болған жөн. Лас жындардың жабысатын уақыттары 

осындай кезеңдер. Сол себепті, жүніп болған адамдар 

тезірек ғұсыл алуға асығуы керек.

6.  Құранды ұстай алмайды. Бірақ Құранды қабымен 

яки орамамен ұстауына болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет