Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


пайғамбарымызбен бірге екі рәкат сүннет намазын



Pdf көрінісі
бет3/34
Дата15.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#53609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ


пайғамбарымызбен бірге екі рәкат сүннет намазын 

оқығанын риуаят етеді. Ал бұл хадис Бухариде  әрі 

Муслимде бар. Осы хадисті оқып алып, жұма намазы-

нан кейін төрт рәкат сүннет оқуға болмайды деп оны 

оқитындарға үзілді-кесілді қарсы шығуға болмайды. 

Өйткені, Пайғамбарымыздың Әбу Хурайрадан риуаят 

етілген мынандай сахих хадисі тағы бар: «Кімде-кім 



жұма намазын оқыса, артынан төрт рәкат (сүннет) 

намаз оқысын». Керек десеңіз,  бұл хадис Муслимде 

риуаят етілген.

Негізінде, Ислам мәселелері «Муттафақун ‘алайһ»

«Мухтәлафун фиһ» – деп екіге бөлінеді. Біріншісі – нақты, 

бұлтартпас дәлелдермен дәлелденген, барлық Ислам 

ғұламаларының бір көзқарастағы мәселелері. Мысалы, 

12

  Мәурәуи, әл-қаулус-садид. (Әбдул Желил Жандан, Мүслүман 



Ве Мезһеб, 45-бет.)

35

Ислам ғылымхалы

Аллаһтың даралығында, соңғы пайғамбардың Мұхаммед 

екендігінде,  намаздың  бес  уақыттығында,  парыз 

намаздарының рәкат сандары секілді мәселелерде жал-

пылама алғанда мұсылмандар арасында еш талас-тартыс 

жоқ. Барша мұсылмандардың бір көзқараста болған осын-

дай мәселелеріне қарсы шыққан адамға «сенікі дұрыс 

емес» – деп айта аламыз. Бірақ «Мухтәлафун фиһ»

яғни, мұсылмандардың әу бастан әр түрлі көзқараста 

болған тармақ мәселелерінде белгілі бір көзқарасты 

таңдаған адам екінші бір ханафи мәзһабын таңдаған 

адамға «сендердікі дұрыс емес, тек қана біздікі дұрыс, 

біздің жолымыз ақиқат, сендер адасып жүрсіңдер» – деп 

айта алмайды. «Меніңше, менің таңдағаным, анағұрлым 

дұрысырақ»  деп  қана  айта  алады.  Өйткені,  барлық 

мәзһабтың өзіндік шариғи дәлелдері болғандықтан, «тек 

менікі ғана дұрыс» деу – мұсылмандар арасында бүлік 

шығарып, өзара қырқысуларына әкеліп соғады. 

Христиандар  мен  еврейлер  –  екеуі  екі  бөлек 

халық, діндері де екі бөлек. Ғасырлар бойы бір-бірімен 

шайқасып, қырқысып келген. Бірақ осындай діндері 

де,  ұлттары да екі бөлек, бір-бірімен ғасырлар бойы 

соғыса келген екі халық мұсылмандарға қарсы күресте 

тарихтарындағы соғыстарын, бір-біріне деген бүкіл ыза-

кектерін ұмытып, бірігіп ынтымақтаса білді. Ал енді 

мұсылмандардың болар-болмас тармақ мәселелерінде 

қызыл  кеңірдек  болып,  бір-бірін  ренжітіп,  бүлік 

шығаруларына не демекпіз?! Шындап келгенде, барлық 

мұсылмандардың  –  Жаратушылары  бір,  Құрандары 

– бір, Пайғамбарлары – бір, намаздары – бір, ораза-

зекеттері – бір, Қағба-құбылалары – бір, дұшпандары 

– бір, осынша қыруар ортақ мәселелері бола тұра «на-



36

Ислам ғылымхалы

мазда қолыңды ханафи мәзһабы бойынша емес, біздікі 

сияқты байла, құныт дұғасын олай емес, былай оқы» деу 

сияқты маңызды емес түймедей мәселелерді түйедей 

қылып, ала көзбен атып, «менің таңдаған көзқарасыммен 

жүре қоймадың» деп, жүрегін ыза мен кекке бұқтыруы 

қандай ағаттық десеңізші?! Құлшылықта негізгі мәселе 

сыртқы формадан гөрі ішкі ықылас пен тереңдік екенін 

ұмытпағынымыз  абзал.  Уақытымызды  маңызсыз 

нәрселерге кетірмей, тақуалыққа, көркем мінезді болуға, 

Аллаһты көріп тұрғандай ғибадат етуге, халқымыздың 

иманына себеп болуға, жалпы Ислам әлемінің негізгі 

мұқтаж нәрселеріне жұмсасақ қандай жақсы. 

* * * 


Жауапты һәм жауапкершілік

Ислам дінінде жауапты жан – Аллаһтың әмірлерін 

орындап,  тыйым  салған  нәрселерінен  бойын  аулақ 

ұстаған адам. Ислами жауапкершіліктің белгілі шартта-

ры бар. Әуелі мұсылман болуы. Әлемді жоқтан жаратқан 

Ұлы  Жаратушыға  иман  ету  керек.  Сонымен  қатар, 

Оның періштелеріне, түсірген кітаптарына, жіберген 

пайғамбарларына және қиямет күніне, тағдырға сеніп, 

қайта тірілудің ақиқат екенін жүрекпен мойындап, тілмен 

айту нұр үстіне нұр.

Жауапкершіліктің екінші шарты – адамның ақыл-есі 

толық, саналы болуы керек.

Өзінің не істейтінін білетін, жақсы мен жамандықты 

ажырата білетін адам. Сондықтан, ақыл-есі ауысқан адам-

дар ғибадат етуге міндетті емес. Бұл дүниеде жасаған 


37

Ислам ғылымхалы

жамандықтары ақыретте сұралмайды. Ұлы Жаратушы 

дінін тау мен тас, жан-жануарлар үшін түсірген жоқ. 

Ол дінін ардақты етіп жаратқан адамдарына түсірді. 

Бірақ ақыл-есі ауысқан немесе есінен танған адамдарға 

жауапкершілік жүктемеді. Тіпті, балиғат жасына дейінгі 

балаға  да  бұйрық  міндеттелмейді.  Пайғамбарына 

кітап беріп, ақыл иесі адамдарға жіберді. Сондықтан, 

балиғатқа толмай ерте көз жұмған балалар мен ақыл-есі 

ауысқан жандар ешқандай сұраққа алынбай, Аллаһтың 

рақымына бөленіп, мәңгілік бақыт бағы аталған жаннатқа 

барады. Бірақ кейбір ғалымдардың бұл ғұмырда ақыл-есі 

ауысқан жандарды ақыретте Аллаһ сұраққа алады деген 

көзқарастары да бар. Ең дұрысын бір Аллаһ біледі.

Жауапкершіліктің ең соңғы шарты – адам балиғат 

жасына толуы тиіс. Ғұламалардың басым көпшілігінің 

көзқарасы бойынша, балиғат шағы қыз баланың – 9-15, ер 

баланың – 12-15 жасында білінеді. Бірақ кейбір қыз бала 

мен ер балада 15-ке келсе де, балиғат шағының белгілері 

байқалмауы мүмкін. Мұндай жағдайда, 15-ке толған соң 

балиғат жасына жетті деп есептеліп, жауапкерлік міндеті 

жүктеледі.



Құлшылық Аллаһ Тағалаға емес, 

өзімізге қажет

Ешқандай қайтарымын күтпестен шынайы жақсылық 

істеу  –  адамдыққа  лайық  ең  асыл  қасиет.  Алайда, 

бұны түсіне бермейтіндер халдерінше жорамал жасап, 

ақиқаттан алыс тұжырымдар шығарып жатады. Тіпті 

кейбіреулердің: «Аллаһ Тағала өзін таныту мен сүйдіру 



38

Ислам ғылымхалы

үшін  әлемді  жаратып,  бізге  намаз  оқуды  бұйыруға 

сонша мұқтаж болатыны несі?» – дегендей қисынсыз 

сұрақтар қоятыны бар. Солар айналасына ойлана көз 

тастап, саналы түрде ден қойса, сансыз сұрақтарына 

жауап табары шүбәсіз. Әттең, таяз бойлап, қисық ойлап 

қор болады ғой...

Мәселен,  күнді  алайық:  күні  бойы  жарқырап, 

адамдарға нұрын шашып тұрғаны үшін ақы сұрай ма? 

Немесе қара жер – адамдарды көтеріп тұрғаны үшін 

бір  нәрсе  талап  ете  ме?  Қарапайым  лимон  ағашы  С 

витаминіне бай лимондарды бізге тарту ете отырып, 

ақысына не сұрайды? Келтіре берсек, мұндай мысалдар 

жеткілікті...

Мінеки, осы жаратылыстар адамның еш нәрсесіне 

мұқтаж емес қой. Олай болса, он сегіз мың ғаламның 

Жаратушысы–Аллаһты біздің ғибадатымызға мұқтаж 

деуді ақылсыздық демеске амал кем.

Бір мейірімді дәрігер кедей халықты тегін емдесе: 

«Бұл дәрігердің бұлай істеуі неге керек болды екен? 

Оған сонша не қажет?» – деп ешкімнің сұрамасы анық. 

Өйткені дәрігер үшін оның еш қажеттілігі жоқ, тек өзінің 

мейірімділігінен, жанашырлығынан істеп отырғаны тайға 

таңба басқандай белгілі. Сол секілді бір дәрігер ауру 

адамға берген дәрілерін қоймай ішкізсе, әлгі аурудың 

«Осы дәрілерді маған ішкізбесе, бірдеңесі кете ме екен? 

Оған  не  үшін  қажет?»  –  деуі  де  кішкентай  баланың 

әңгімесі.

Сол  сияқты  Аллаһтың  осынау  әлемді  біз  үшін 

жаратуының,  адамдарға  ғибадат  етуді  бұйыруының 

түбінде  де  Оның  орасан  зор  Рақымдылығы  мен 

Мейірімділігі жатыр. Яғни, жоғарыдағы мысалдағыдай 



39

Ислам ғылымхалы

дәріні ішу ауруға қандай пайдалы болса, ғибадат ету 

адам үшін сондай пайдалы. Бұл ақиқатты және бір мы-

салмен аша түсейік:

Бір сәтке ана құрсағындағы сәбидің ақыл, санасы 

бар деп елестетіп көрейік. Тар құрсақтың ішінде жатқан 

ол: «Осы мына көз, мұрын, қол дегендер не үшін керек?» 

– деп ойлауы мүмкін. Оған біреу: «Бұлар саған басқа бір 

әлемде керек болады. Көздеріңмен таңғажайып әлемді 

тамашалайсың, мұрныңмен неше түрлі жұпар иістерді 

сезесің» – десе, сәби бұған сенбеуі мүмкін. Құлағын да, 

аяғын да, азығын кіндігі арқылы алғандықтан аузын да 

жарамсыз деп табуы мүмкін. Ал, рақымы мол Аллаһ, сәби 

қанша керексіз десе де, оған қажетті барлық мүшелерімен 

дүниеге көзін аштырады.

Бұл өмірде бізді сынаққа салып, өлгеннен кейін ба-

ратын ақырет әлемінде жүзіміз жарқын болуы үшін не 

істеп, не қою керек екенін Ұлы Жаратушы пайғамбары 

мен Құраны арқылы білдірген.

Бұл  сынақ  кезінде,  құрсақтағы  сәби  сияқты 

ақылсыздыққа салынбай, намаз, ораза, зекет, қажылық 

сияқты ғибадаттар мен парыздарды орындасақ, ақыретте 

солардың жемісін жей аламыз. Олай етпесек, ақыреттегі 

біздің жағдайымыз бұл өмірге аяқ-қолсыз, мұрынсыз, ау-

ызсыз келген сәбидің жағдайындай болатынын түсінуіміз 

керек.


Әр бұйрықтан бас тарту – күнә екенін ескерсек, бұл 

дүниеден ғибадат-құлшылықсыз өткен адам, ақыретке 

күнәларын арқалап бармақ. Мұндай сапардың барып 

тірелер жері – тек тозақ болмақ.

Олай болса, ақыл-есі орнында, саналы адамның 

істері – санай берсе бітпес ырысын аямаған мейірімі мол 



40

Ислам ғылымхалы

Жаратушысының ақыретте де сондай ілтипатына бөлену 

үшін оның әмірлеріне мойынсұнып, тыйымдарынан бас 

тарту екені түсінікті ғой дей келе бір ғалымның ғибратты 

да мағыналы сөзіне назар аударайық:

«Аллаһ Тағала сенің ғибадатың түгілі, тіпті еш 

нәрсеге де мұқтаж емес.

Керісінше, сен ғибадатқа мұқтажсың, өйткені,

рухани науқассың.

Ал ғибадат болса– рухани дерттің дауасы»...

***


Жауапкердің міндеттері

Жауапкердің тиісті уазипалары фиқһ кітаптарында 

сегізге бөлінеді:

1.  Парыз

2.  Уәжіп

3.  Сүннет

4.  Мұстахап

5.  Мүбаһ

6.  Харам

7.  Мәкрүһ

8.  Мүпсид

Осы сегіздің алғашқы бесеуін орындауы, соңғы 

үшеуінен бойын аулақ ұстауы, яғни жасамауы – оның 

уазипасы.



1. Парыз

Парыз – анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген 

діни іс-әрекеттер мен міндеттер. Мәселен, дәрет алу, 

намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру.



41

Ислам ғылымхалы

Парыз өз ішінде «айн» және «кифая» болып екіге 

бөлінеді:

«Айн парыз». Әрбір мұсылманға тікелей жүктеліп, 

өтеуге борышты парыздар. Мұсылман бұл парыздарды 

жеке өзі орындауға тиіс. Біреудің парызын басқа біреу 

өтей алмайды. Намаз бен ораза секілді.

«Кифая  парыз»:  жалпы  мұсылманға  парыз  бола 

тұрса да, кейбір мұсылмандардың іске асыруы арқылы 

барша  мұсылманның  мойнынан  түсетін  парыздар. 

Алайда,  ешкім  орындамаса,  барлық  қоғам  жауапты. 

Мысалы, жаназа намазын оқығандай. Бір қалада кейбір 

мұсылмандар қайтыс болған мұсылманның жаназа нама-

зын оқыса жетіп жатыр. Сол кезде қалған мұсылмандар 

осы жауапкершіліктен құтылады. Бірақ, кифая парыздың 

сауабы өтеген адамдарға ғана жазылады. Өтелмеген 

жағдайда күнәсі барлық мұсылмандарға жазылады.

Парыздың өтелуінде зор сауап пен жақсылық бар. 

Мойнындағы борышын өтемегендер ақырет азабын тар-

тады. Айта кететін бір жайт, кімде-кім парызды теріске 

шығарып, парыздығын қабылдамаса, діннен шығады. 

Алайда, парыз екенін мойындап, бірақ өтемесе, тек қана 

мойнының борышы болып қалады. Яғни, мұсылман – 

күнәкар деп есептелінеді.



2.Уәжіп

Уәжіп – орындалуы дәл парыз секілді талап етілмеген, 

бірақ қуатты дәлелдермен анықталған іс-әрекет пен уази-

палар. Мысалы, құрбан шалу, үтір және айт намазын 

оқу, т.б. Уәжіптің үкімі парызға ұқсас. Яғни, орындалса, 

сауап алады. Іске асырмаса, ақыретте азап бар. Бірақ 

сенім (и’тиқади) тұрғыдан алғанда уәжіп, парыз емес. 


42

Ислам ғылымхалы

Уәжіпті теріске шығарған адам діннен шықпайды. Бірақ 

діндегі бір әмірді теріске шығарғаны үшін үлкен күнәға 

батады.


3. Сүннет

Сүннет – парыз бен уәжіптен бөлек, Аллаһ Елшісі 

(с.а.у.) жасаған және «жасаңдар» деген әрі жасалуы-

на  ризалығын  білдірген  іс-әрекеттер.  Сүннет  үшке 

бөлінеді:

1.  Мүәккәд сүннет (бекітілген сүннет)

2.  Ғайру мүәккәд сүннет (бекітілмеген сүннет)

3.  Зәуәид сүннет (артық сүннет)

Әуелгісі  –  мүәккәд  сүннет,  Пайғамбарымыздың 

әрдайым жасап, ілуде жасамаған сүннеттері. Таң, бесін, 

ақшам намаздарының сүннеттері тәрізді. Осы сүннеттерді 

іске асырған сауап алады. Орындамаған адамға жаза 

берілмесе де, айыпталады.

Екіншісі, ғайру мүәккәд сүннет. Пайғамбарымыздың 

кейде жасап, кейде жасамаған сүннеттері. Намаздыгердің  

алғашқы  сүннеттеріндей.  Бұл  сүннетті  «мәндүп» 

яки «мұстахап» деп атағандар да бар. Осыған кірген 

сүннеттерді іске асырған сауап. Орындамағанға күнә 

жоқ.

Ақырғысы  –  зәуәид  сүннет,  Аллаһ  Елшісінің 



күнделікті іс-әрекеті мен әдептіліктері. Мысалы, әрбір 

істі оң жақтан бастауы, отыруы, тұруы, киім киюі. Бұл 

сүннетті Пайғамбарымызға сүйіспеншілік үшін орында-

са – сауап. Жасамағанға күнә жоқ.

Сүннеттің  парыз  секілді  «айн»  мен  «кифая» 

бөлімдері де бар. Мысалы, рамазан айының соңғы он 

күнінде «иғтиқаф» жасау, тарауих намазында хатым 


43

Ислам ғылымхалы

түсіру – кифая сүннетке жатады. Парыз намаздарын 

жамағатпен оқу – айн сүннет болып табылады.

Сүннеттің қажеттілігі мен пайдалары

Аллаһ Құранда мұсылмандарды Елшісінің сүннетіне 

ынталандырып  былай  дейді:  «Расында  сендерге, 

Аллаһтан және ақырет күнінен үміт еткендер мен 

Аллаһты көп зікір еткендерге Аллаһтың Елшісінде 

көркем өнегелер бар»

13

. Басқа бір аятта: «(Елшім!) 

Оларға былай айт! Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда 

маған  ілесіңдер.  Сонда  Аллаһ  та  сендерді  сүйіп, 

күнәларыңды кешіреді. Аллаһ аса кешірімшіл және 

рақымды»

14

, – деп айтылады. Демек, Аллаһ Тағаланы 

сүюдің  белгісі  мен  өзін  Ұлы  Жаратушыға  жақсы 

көргізудің жолы – Оның Елшісінің ізімен жүру арқылы 

іске асады. Өйткені, Аллаһты шын жақсы көрген адам, 

әлбетте, Оның жақсы көрген және разы болған адамына 

ұқсауға тырысып, барлық іс-әрекетін үлгі тұтады.

Сүннетпен жүруде мол ақыреттік сауап пен нұр 

бар. Сүннеттің ең кішкене әдеп-ғұрыптарының өзі бейне 

бір жал-жал толқындары таумен таласқан аласапыран 

мына өмір-теңізде кеменің компасындай мұсылманға 

бейбіт жол көрсетіп, діттеген жағалауына сау-саламат 

шығуына арқау. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай 

дейді: «Үмбетім бұзылған заманда кімде-кім сүннетімді 

ұстанса, оған жүз шейіттің сауабы бар». Яғни, бидғат 

пен қараңғылық вирустай шартарапқа жайылып, ақырет 

ұмытылып, адамдар дүниеге ұмтылғанда, кіші үлкенді, 

бала  ата-анасын  тыңдаудан  қалып,  әлемде  атеистік 

13

  Ахзап, 33/21.



14

  Әли Имран, 3/31.



44

Ислам ғылымхалы

қара дауыл ұйтқып, аждаһадай алдына келгеннің бәрін 

жалмап-жұтқан заманда, құндылықтар құнсызданып, 

құнсыздар  асылданып,  адамдық  қасиет  аяққа  тапта-

лып, күллі дүние шыр көбелек айналып, астаң-кестеңі 

шығады. Құран бейне бір мұражайларға қойылғандай 

үйдің қабырғалары мен керегелеріне ілініп, мұражайларға 

қойылған заттың сыртына «қол тигізуге болмайды» – деп 

жазылғандай, ешкімге, әсіресе, бүлдіршіндерге қолы 

тисе тоқ ұратындай ұстауға қатаң тыйым салынып, өлінің 

басында ғана тілі күрмелген қарияның үнінде түсініксіз 

шала шығады. Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы атанған 

Пайғамбардың (с.а.у.) есімі көптеген жүректерден өшіп, 

сүннеттері жарыққа шықпай, екінің бірі оқи алмайтын 

көне  қолжазба  кітаптарда  қалады.  Ораза  мен  намаз 

секілді Ұлы Жаратушыға деген шүкір етудің нышаны 

болған ғибадаттар алыстағы ауылдың кейбір сексен-

ге келген қаһарман қариялары ғана оқып, бейне бір 

Ұлы Құдайға шүкір ету, қарттарға ғана тән іс-әрекет 

көрінеді. Ілуде жас жігіт намаз оқи қалса, қаңыраған қара 

шаңырақта «атынан айрылып, қанатынан қайрылып», 

тұяқсыз атанып, жақында кемпірі де өліп, жалғыз қалып 

жабығып, бір аяғы жерде, бір аяғы көрде қалған қара 

шалдың қылығын жасап жатқандай оқыс көріп, үрке 

қарап, заманауи талапқа теріс келді деп, бір түнде жын 

жабысып, есі ауысқан адамдай төмен, кертартпа деп елге 

жат санап, шеттелген бір заманда

15

 бір мұсылманның:



15

  Басқа бір хадисте те дәл осы мәселені толықтырады: «(Селдей 

асып  тасыған)  бүліктер  болады.  Сол  күні  адам  намазы  үшін 

айыпталады. Бүгінгінің әйелі зина жасағаны үшін айыпталғаны 

тәрізді».


45

Ислам ғылымхалы

«Атыңнан айналайын, Пайғамбарым,

Мен сенсіз қалай ғана жай табармын?

Тыным таппай салауат айтсам-дағы,

Есіміңді келеді қайталағым.

Сүннетің ажыратып ақ-қараны,

Саған ерген ғұмырдан бақ табады.

Күллі әлем теріс қарап кетсе-дағы,

Мәңгі  есімің  жүректе  сақталады»  –  деп 

жырлағанындай, сол заманда Аллаһ Елшісінің сүннетін 

жандандыруға ат салысқан кісі жүз шейіттің сауабын 

алады.


Иә, сол бір сұрапыл заман зулап өтіп артта қалды 

ма, әлде болашақта бола ма? Бізге белгісіз. Бірақ Хазіреті 

Мұхаммедтің  (с.а.у.)  үмбеті  тоқырау  кезеңін  бастан 

өзкізетіні айдан анық. 

Пайғамбарымыз бір күні сахабаларына сол сұрапыл 

дәуір жайлы былай дейді: 



«Әйелдерің сөз тыңдаудан қалып, тәні ашылып, 

көшеде жүрген, жамандықтары жер-жаһанға жайы-

лып, ақиқат айтылудан қалған заман туғанда халдерің 

не болады?».

Сол  сәтте  сахабалар  не  дерін  біле  алмай  қатты 

дағдарды. Өйткені, олар мұсылманның басына мұндай 

жамандық келеді деп ешқашан ойламаған. Қатты уай-

ымдап, таңырқап:

–  Осы  айтылғандар  бола  ма,  Пайғамбарым?  – 

деді.

Сонда Аллаһ Елшісі:



–  «Нәпсімді құдіретті қолына ұстаған Аллаһқа 

ант етейін, бұдан да жаманы болады», – деп жауап 

46

Ислам ғылымхалы

қатқанда,  айналасында  отырғандар  одан  бетер 

дағдарып, сең соққандай теңселіп кетті. Тұла бойларын 

қорқыныш билеген олар аздан кейін: «Бұдан жаманы 



не, Пайғамбарым?», – деуге ғана шамалары келді.

Сол кезде адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы атанған 

Аллаһ Елшісі:

–  «Жамандық атаулы - ізгілікке, күллі жақсылық 



- жамандыққа саналған күні халдерің қандай болмақ?»

– деді.


Сонда сахабалар:

–  Жақсылықтар жоғалып, жамандықтар жасала 

ма? – деп сұрады.

–  Бұдан да жаманы болады!

–  Бұдан жаманы қандай болмақ, Пайғамбарым?

–  Теріс қылықтарды көре тұра үнсіз қалып, беттен 



алып,  жамандықтың  селіне  көміліп  кете  барғанда, 

тіпті оларға жамандықтың түр-түрін өздерің үйретіп 

ынталандырған кезде, бұдан жаманы Аллаһ пен Оның 

Елшісі жүректерден өшіп, бастарыңа қара күн туған 

замандағы халдерің неткен аянышты?!

Адамзаттың  дара  тұлғасы  Пайғамбарымыз 

жоғарыдағы сөздерді айтқанда сахабалардың тыныста-

ры әбден тарылып, дауыстары дірілдеп:

– Бұл да бола ма, Пайғамбарым? – деді.

–  Иә,  бұдан  сорақысы  болады»,  –  деп  жауап 

қатты.

Осы кезде Аллаһ Елшісі Аллаһ Тағалаға ант ете 



отырып, Оның мына бір сөздерін жеткізді: «Ұлылығыма 

ант етейін. Мұндай күйге түскен қоғамға сарқырамадай 

бүлікті салып жіберемін»

16

 ...


16

  Хәйсәми. Мәжмәу´з-Зәуәид. Египет. т. 7/280-281.



47

Ислам ғылымхалы

Осындай  қара  түнек  заманда  бір  мұсылманның 

Пайғамбардың сүннетін жандандыруы – шексіз шөлейтке 

сепкен  дақылдай,  жасаған  ісі  шейіттің  ерлігіндей 

бағаланбақ...

4. Мұстахап

Мұстахап – таңдаулы, ең көркем амал. Діни термин-

де Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) кейде жасап, кейде жасамаған 

іс-әрекеттері. Сәске намазы секілді кейбір нәпіл намаз 

бен оразалар осыған жатады. Сонымен қатар таң нама-

зын айналаға жарық түскенде оқу, жаздың шілдесінде 

бесін намазын салқын түскенге дейін кешіктіріп оқу, 

ақшам намазын кірісімен оқу – мұстахап. Мұның үкімін 

жасағанға – сауап, жасамағанға күнә жоқ. Ибн Абидин 

мәндүп,  мұстахап,  нәпіл  терминдерінің  бір  мағына 

беретінін айтады

17



5. Мүбаһ

Мүбаһ – жасалуы мен жасалмауында діни жағынан 

ешқандай  тосқауыл  болмаған,  яғни  жауапкердің 

еркіндегі іс-әрекеттер. Мәселен, тамақ ішу, ұйықтау, 

т.б. Мұндай іс-әрекеттердің орындалуына сауап та, іске 

аспауында күнә да жоқ. Бірақ бұл іс-әрекеттерді жасаған 

кезде сүннет ниетімен жасайтын болса, сауап алады. 

Мысалы, бір мұсылман киім киерде, Пайғамбарымыз 

оң жағынан киінгендіктен, осылай киемін деген ниетпен 

яки Пайғамбарым оң жағымен құбылаға қарап ұйықтаған 

деген ниетпен жасаса, сауап алады.

Заттың негізгі сипаты – мүбаһ пен халал. Мүбаһ 

заттың адалдық сипатын жоққа шығару үшін, оның мүбаһ 

17

  Ибн Абидин. Рәдду´л-Мухтар. Египет. т. 1, 115.



48

Ислам ғылымхалы

еместігін негіздейтін шариғаттан арнайы дәлел керек. 

Мүбаһтығын жоққа шығаратын дәлел табылғанша, зат 

өзіне тиіс мүбаһтың сипатын сақтап қалады.



6. Харам

Харам  –  жасалуы  мен  пайдалануы  Исламдық 

тұрғыдан қатаң тыйым салынған нәрселер. Ішімдік ішу, 

құмар ойындар ойнау, зина жасау, адам өлтіру, ғайбаттау, 

жала  жабу,  т.б.  іс-әрекеттер  осыған  жатады.  Харам 

етілген зат немесе іс-әрекет өзінің затына тән, жамандық 

пен ластық себебімен харам етілсе, бұл «тікелей харам» 

(харам ли-а’йниһи) деп аталады. Мысалы, доңыз еті мен 

арақ осыған жатады. Өз негізі мен сипаты үшін емес, 

сырттағы себептер арқылы харам болғанға «жанама 

харам» (харам ли-ғайриһи) делінеді. Мысалы, кез-келген 

адал мал ұрланған жағдайда харам болады.

Харамның үкіміне келсек, жасамағаны үшін үлкен 

сауап алады. Адамды тақуалық мәртебеге шығарады. 

Жасалған жағдайда, күнәға батып, жүректер қарайып, 

иман  әлсірейді.  Адамның  қашан  да  көңілі  қашып, 

ғибадаттардан  ешқандай  нәр  мен  ләззат  алмайды, 

күні ертең махшар әлемінде үлкен азап шегеді. Бірақ 

адам құрани және сүннеттік дәлелдермен харамдығы 

айқындалған  затты  «халал»,  «адал»  деп  қабыл  етсе, 

иманы көзден бұл-бұл ұшады. Мысалы, бір адам ішімдік 

ішсе, үлкен күнәға кіреді. Егер ішімдікті «адал» десе, 

өмірінде ішімдік ішпесе де, діннен шығады. Бұл жерде 

Ұлы Жаратушының қойған үкімін өзгерту мәселесі бар. 

Құдай сақтасын, бейне бір «Ол білмейді, мен білемін» де-

гендей. Сондықтан мұндай іс-әрекет «шірк, күпір» болып 

табылады. Ал ішімдік ішсе де, оның харам екенін мой-


49

Ислам ғылымхалы

ындап қабыл еткен адам күнәкар саналғанмен, мұсылман 

күйінде қала бермек. Өйткені, Құдайға қарсы шығу оның 

ешқандай ниетінде жоқ. Айыбы нәпсіге жеңіліп, үлкен 

күнә жасауы. Ақыретте істеген күнәсіне қарай ауыр азап 

тартады. Ішімдік ішіп, күнә жасау мен Аллаһ Тағаламен 

сөз таластыру арасында жер мен көктей айырмашылық 

бар. Бірі – күнә, бірі – күпірлік. Нуайман деген сахаба 

шарап харам етілгеннен кейін, бір күні ішімдік ішіп келіп, 

Аллаһ Елшісі оған шариғаттағы тиісті жазасын береді. 

Сонда сахабалардың бірі әлгі адамды кінәлап, қарсы сөз 

айтқанда, Аллаһ Елшісі қабағын түйіп: «Бауырларыңды 



зекіп,  шайтанға  көмекші  болмаңдар.  Аллаһқа  ант 

етейін, ол Аллаһ пен Елшісін жақсы көреді»

18

, – деді. 

Аллаһ пен Оның Елшісін жақсы көру – олармен бірге 

болу нәтижесін бергендіктен, мұндай адам қаншалықты 

күнә жасаса да жаман сөзді естуге лайық емес, өйткені 

ол Аллаһ пен Елшісін жақсы көреді. Яғни, күнә жасаған 

адамға «Аллаһ Тағаланың қаһарына ұшырағыр, қараң 

қал»  деген    секілді  жаман  сөздер  айтуға  болмайды. 

Өйткені ол – мұсылман адам. Екіншіден, мас адамға яки 

күнә жасаған адамға зекіп, істеген ісінің харам екендігін 

айту – оның намысына тиіп, ашумен харамды ерегесіп 

істеуіне әкелуі мүмкін. Осылайша адам шындық пен 

ақиқатты айтамын деп жүріп, адамды иманнан мүлдем 

алшақтатып жіберуі мүмкін. Адам әрқашан ақиқатты 

айтуы тиіс. Бірақ орнымен айтқаны дұрыс. Орынсыз айту 

қашан да кереғарлыққа жол ашпақ. Ислам – кеңпейілділік 

діні. Намаздың парыздығына қарсы шығып оқымаған 

18

  Бухари,  Әбу  Абдиллаһ  Мухаммед  ибн  Исмайл,  әл-Жами’ус-



Сахих, Станбул. 1907. Худуд, 4-5; Әбу Дәәуд, Суләйман ибн 

әс-Сижистани. Сунән. Египет.т. 35; Муснәд, 2/298-299.



50

Ислам ғылымхалы

адам мен қарсы шықпай оқымаған адамның да аражігі 

осылай...

 Харамнан сақтанғанды Аллаһ та сақтайды

Тимур әулетінің басшыларынан Шахырух (779-850) 

тұсында харам нәрселерден бойын аулақ салып, алыс 

жүруімен танылған Нығметуллаһ деген өте діндар бір 

кісі болыпты. Төмендегі жайт сол кісінің осы мәселе 

төңірегіндегі зеректігін көрсетпек. Шахырух  бір  күні 

құзырына  сәлем  бере  келген  Нығметуллаһқа  тиісе: 

«Естуімше, жіберілген сый-сияпаттан тартынбай жей 

беретін  көрінесің.  Сый-сияпаттың  арасында  харам 

жолмен келу ықтималының бар екендігін осы уақытқа 

дейін білмегенің бе? Білсең соны ескермей қалай жей 

бересің?» – деп сұрақ қойыпты.

Нығметуллаһ бұған:

«Бізге харам жағы емес, адал жағы ғана бұйырады. 

Құл харам жемесем екен деп барынша тырысса, Аллаһ 

та оған харам нәрсе жегізбейді. Мендегі сыр – осы», – 

деп жауап беріпті.

Бұны естіген патша сөзін дәлелдемек болып, қала 

шетінде жалғыз қозысын бағып жүрген әйелдің қолындағы 

қозысын тартып алдыртады. Қозы бірден сойылып, еті 

қазанға салынып, харам жемейтін Нығметуллаһты әдейі 

қонаққа шақыртады.

Ол кісі де «шақырғаннан қалма» демекші, бірден-ақ 

келісімін береді. Хан сарайындағылар енді қайтер екен 

дегендей нәтижені тыпырши күтеді.



51

Ислам ғылымхалы

Әне-міне  дегенше,  табақ-табақ  ет  те  тартылып, 

Нығметуллаһ та, уәзірлер де аса бір тәбетпен алдарындағы 

асты жеп бітіреді. Нығметуллаһ болса, арасында Аллаһ 

Тағаланың бұндай бергеніне жиі-жиі шүкір етіп отыра-

ды.


Әбден болды-ау деген кезде Шахырух жымиып:

–  Оу,  сіз  «Харамнан  қашатын  құлдарын  Аллаһ 

қорғайды, тіпті харамнан жегізбейді» деген едіңіз. Жаңа 

ғана сіз жеген ет бір әйелден күштеп тартып алынған 

харам малдың еті болатын. Аллаһ сені сақтамағаны ма, 

бұған не дейсің? – депті мысқылдай.

Нығметуллаһ әуелгі қалпын бұзбастан:

– Менің жегенім адал екеніне күмәніңіз болмасын. 

Ал, сіздердің жегендеріңіз анық харам. Сенбесеңіздер, 

малынан айрылған әлгі әйелді шақырып сұраңдар, – 

депті.

Шахырух адамдарын дереу жібертіп, әлгі әйелді 



алдыртып,  жайып  жүрген  қозысының  мән-жайын 

сұрағанда, ол ештеңе түсінбестен:

– Осы жақта Нығметуллаһ деген құдайға қараған, 

тақуа, діндар адам жайлы көп естіп, қозымды сол кісіге 

апарып, игі батасын алмақшы едім. Соған апара жатқам. 

Сіздер болса, менен оны тартып алып, сол кісіге тиесілі 

үлесті жеп қойдыңыздар, харам жедіңіздер, – депті.

Харамнан қолынан келгенше сақтанғанды Аллаһ 

та  сақтайтынын  осылайша  дәлелдеген  Нығметуллаһ 

кейіннен Кирманда дүниеден өтті. (Аллаһ одан разы 

болсын).

* * *


52

Ислам ғылымхалы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет