Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет19/34
Дата15.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#53609
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Байланысты:
ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ


«Аятул-Күрсі»

َوُه َّلاِإ َهـَلِإ َلا ُ ّلا

اَمَو  ِتاَواَم َّسلا يِف اَم ُهَّل ٌمْوَن َلاَو ٌةَن ِس ُهُذ ُخْأَت َلا ُموُّيَقْلا  ُّي َحْلا

َنْيَب اَم ُمَلْعَي ِهِنْذِإِب َّلاِإ ُهَدْنِع  ُعَف ْشَي يِذَّلا اَذ نَم  ِضْرَلأا يِف

اَمِب َّلاِإ ِهِمْلِع  ْنِّم ٍء ْيَشِب َنوُطي ِحُي َلاَو ْمُهَفْل َخ اَمَو ْمِهيِدْيَأ

اَمُهُظْف ِح ُهُدوُؤَي َلاَو  َضْرَلأاَو  ِتاَواَم َّسلا ُهُّي ِسْرُك َعِسَو ءاَش

ُمي ِظَعْلا  ُّيِلَعْلا َوُهَو

«Аллаһу ләә иләәһә илләә һуәл-Хайюл-Қайюм. Ләә 

тәхузһу синәтун уә ләә нәум. Ләһу мәә фис-сәмәәуәәти 


283

Намаз

уә мәә фил-ард. Мән зәлләзии яшфа′у ′индаһу илләә 

бизниһ. Иа′ламу мәә бәйнә әйдиһим уә мәә халфаһум. 

Уә ләә юхитуунә бишәйм-мин ′илмиһи илләә бимәә 

шәә′. Уаси′а курсиюһус-сәмәәуәәти уәл-ард. Уә ләә 

иәуудуһу хифзуһумәә уә һуәл-′Алюул-′Азиим».

Мағынасы:

«Аллаһ,  Одан  басқа  ешбір  құдай  жоқ.  Ол  Хай 

(Әрқашан бар һәм тірі, бастауы мен ақыры болмаған 

өмір иесі. Һәм Қайюм (Өзіне тән затымен бар, жоғалудан 

пәк, ада және барлық болмысты болмыс әлемінде ұстап, 

оларды басқарушы). О қалғымайды да ұйықтамайды. 

Көктер мен жердегі нәрселердің бәрі Соныкі. Оның 

құзырында өз рұқсатынсыз кім шапағат ете алмақ? Ол 

жаратқан  болмыстарының  алды  мен  артының  бәрін 

түгелдей біледі. Олар Оның қалауынан басқа ілімінен еш 

нәрсе ұға алмақ емес. Оның күрсісі (білімі) көктер мен 

жерді қамтиды. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. 

Ол – аса ұлы һәм аса зор».

Пайғамбарымыз: «Кұранда ең үлкен аят – Аятул-

Күрсі. Бұны кім оқыса Аллаһ сол сәтте бір періште жіберіп, 

ертеңге дейін жақсылықтарын жазып, жамандықтарын 

өшіртеді. Шайтан бұл аят оқылған үйге отыз күн бойы 

жақындай алмайды. Һәм ол үйге қырық күн сиқыр әсер 

етпей, сиқыршы кіре алмайды. Ей, Әли! Осыны бала-

шағаңа, отбасыңа, көршілеріңе үйрет» деп аталмыш 

аяттың қасиетін айтып кеткен.



284

Ислам ғылымхалы

«Ықылас» сүресі

ِمي ِحَّرلا  ِنم ْحَّرلا ِلا ِم ْسِب

ْدِلَي ْمَل }2{ ُدَم َّصلا ُلأ }1{ ٌد َحَأ ُلا َوُه  ْلُق

}4{ ٌد َحَأ ًاوُفُك ُهَّل ن ُكَي ْمَلَو }3{ ْدَلوُي ْمَلَو

Оқылуы:

Бисмиллаһир-рахманир-рахим

«Қул һуАллаһу әхад, Аллаһус-самад, ләм иәлид 

уә ләм юуләд, уә ләм иәкул-ләһу куфуан әхад».

Мағынасы:

Аллаһ – жалғыз.

Аллаһ – Самад. (Күллі жаратылыс әлем Оған мұқтаж. 

Ол еш нәрсеге мұқтаж емес. Барлық нәрсе тек сол Ұлы 

Жаратушыдан жәрдем тілейді. Одан өзге ешкім көмек 

бере алмақ емес).

Ол тумады да туылмаған.

Оған тең келер еш нәрсе жоқ», – де. (Ол теңдесі 

жоқ,  теңдессіз.  Жаратылғанға  мүлде  ұқсамайды. 

Жаратылмаған, жаратылу, туу мен туылудан мүлдем 

пәк, әуелі мен ақыры болмаған аса құдіретті Жалғыз 

Ұлы Жаратушы).

«Фәлақ» сүресі

ِمي ِحَّرلا  ِنم ْحَّرلا ِلا ِم ْسِب

ْنِمَو }2{  َقَل َخ اَم ِّر َش نِم }1{  ِقَلَفْلا  ِّبَرِب ُذوُعَأ  ْلُق

يِف  ِتاَثاَّفَّنلا ِّرَش نِمَو }3{  َبَقَو اَذِإ  ٍقِساَغ ِّرَش

}5{ َد َس َح اَذِإ ٍدِسا َح ِّرَش نِمَو }4{ ِدَقُعْلا


285

Намаз

Оқылуы:


Бисмиллаһир-рахманир-рахим

«Құл ә’узу бироббил-фәлақ, мин шарри мәә халақ, 

уа мин шарри ғоосиқин изә уақаб, уа мин шаррин-

нәффәәсәти фил-’уқад, уа мин шарри хәәсидин изәә 

хәсад».

Мағынасы:

Таңның Раббысына сыйынамын.

Жаратқан нәрселердің кесірінен.

Қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен.

Түйіншектерге  дем  салған  дуалаушылардың 

кесірінен.

Һәм  қызғаныштан  тұла  бойын  өрт  шалған  көре 

алмаушылардың күндеген сәтте кесірінен, – де.

(«Жаратқан  нәрселердің  кесірінен,  қараңғылық 

басқан сәтте түннің кесірінен, түйіншектерге дем салып, 

дуалаушылардың кесірінен және де қызғаныштан тұла 

бойы өрт болып жанған көре алмаушылардың күндеген 

кесірінен таңның Раббысына сыйынамын», – де)



«Нас» сүресі

ِمي ِحَّرلا  ِنم ْحَّرلا ِلا ِم ْسِب

ِهَلِإ }2{  ِساَّنلا  ِكِلَم }1{  ِساَّنلا  ِّبَرِب ُذوُعَأ  ْلُق

يِذَّلا }4{  ِساَّن َخْلا  ِساَو ْسَوْلا ِّرَش نِم }3{  ِساَّنلا

}5{  ِساَّنلا ِروُد ُص يِف  ُسِو ْسَوُي

}6{  ِساَّنلا َو ِةَّن ِجْلا  َنِم



286

Ислам ғылымхалы

Оқылуы:


Бисмиллаһир-рахманир-рахим

«Қул  ә’узу  бирраббин-нәәси,  мәликн-нәәси, 

иләәһин-нәәс,  мин  шаррил-уәсуәәсил-ханнаас, 

әлләзии юуасуису фи судуурин-нәәси, минәл-жиннәти 

уәннәәс».

Мағынасы:

Адамдардың Раббысына,

Адамдардың жалғыз Иесіне,

Адамдардың Құдайына сыйынамын.

Сол бір азғырған шайтанның кесірінен.

Ол  –  адамдардың  жүрегіне  жаман  ой  салып 

азғырады.

Ол шайтан жындардан да адамдардан да шығады, 

– де.


(«Адамдардың  жүрегіне  жаман  ойлар  салып, 

азғыратын  жын  мен  адам  шайтанының  кесірінен 

адамдардың Раббысына, адамдардың жалғыз Иесіне, 

адамдардың Құдайына сыйынамын», – де.)



287

Намаз

ДҰҒАЛАР

Ифтитах (бастау) тәкбірінен кейін құпия 

оқылатын «сәна» (мадақ) дұғасы

 َلا َو  َكُّد َج  َىلاَعَت َو  َكُم ْسا َكَراَبَت َو َكِدْم َحِب َو َّمُهَّللا  َكَنا َحْب ُس {

 } َكُرْيَغ َهَلِإ

«Субханака  Аллаһумма  уә  би-хамдика  уә 

тәбәракас-мука  уа  та’ала  жәддука  уә  ләә-иләһә 

ғайрук».

«Я, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс 

пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, 

мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және 

де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір құдай 

жоқ».


Рүкүғтан тұрар кезде айтылатын дұға

}ُهَدِم َح  ْنَمِل ُلا َعِم َس{ 



 «Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ» 

(Аллаһ өзін мадақтаған жанның мадағын естиді)

Рүкүғтан тұрғаннан кейін құпия 

айтылатын дұға

} ُد ْم َحْلا  َكَل َو اَنَّبَر َّمُهلَّلأ{



  «Аллаһумма  Раббәнәә  уә 

ләкәл-хамд» (Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд пен мадақ 

саған ғана лайық)

Рүкүғта оқылатын тәсбих

}مي ِظَعلا َيِّبَر َنا َحْب ُس{ 



 «Субхаана раббиял-’азим» «(Аса 

үлкен Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк).

Сәждеде оқылатын тәсбих

}ىَل ْعَلاا َيِّبَر َنا َحْب ُس{



 «Субхана раббиял-а’лаа» (Аса 

ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк).

288

Ислам ғылымхалы

Алғашқы және ақырғы отырыста 

оқылатын «әт-тахият» дұғасы

 َو  ُّيِبَّنلا اَهُّيَأ  َكْيَلَع ُمَلاَّسلأ  ُتاَبِّيَّطلا و  ُتاَوَل َّصلا و ِ َّ ِل  ُتاَّي ِحَّتَأ{

  ُدَه ْشأ  َني ِحِلا َصلا ِلا ِداَبِع ىَلَع َو انْيَلَع ُمَلاَّسلأ ُهُتاَكَرَب َو ِلا ُةَم ْحَر

}ُهُلو ُسَر َو ُهُدْبَع اًدَّم َحُم َّنَأ ُدَه ْشَأ َو ُلا َّلاِإ َهَلِإ َلا ْنَا



«Әт-тахияту лиллаһи уас-салауаату уа-таййбаат, 

әс-сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллооһи 

уә бәрәкаатуһ, әс-сәламу ‘аләйна уә ‘ала ‘ибәдиллаһис-

саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ уә әшһәду 

әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расуулуһ».

Мағынасы:  «Барлық  дұғалар,  мадақтар,  тәндік, 

дүниелік ғибадаттар Аллаһқа лайық. Ей, Пайғамбар! 

Саған сәлем. Әрі саған Аллаһтың рақымы мен берекеті 

жаусын! (Ей, Раббымыз!) Сәлем бізге және Аллаһтың 

салиқалы  құлдарына  болсын.  Мен  Аллаһтан  өзге 

ешқандай құдай жоқ екеніне және Хазіреті Мұхаммедтің 

Аллаһтың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін»



«Әт-тахият» дұғасынан кейін оқылатын 

салауат дұғасы

 ىَلع  َتْيَّل َص امَك ٍدمحُم ِلآ ىَلع َو ٍدَّم َحُم  َىلع ِّل َص َّمُهللأ{

 ٍدَّم َحُم  َىلع  ْكِراَبَ و  ٌديجَم ٌديمَح  َكَّنِا َميِهاَرْبِا ِلآ ىلع َو َميِهاَرْبِا

  َكَّنِا َميِهاَرْبِا ِلآ ىلع َو َميِهاَرْبِا ىَلع  َتْكَراَب امَك ٍدمحُم ِلآ ىَلع َو

}ٌدي ِجَم ٌديم َح

«Аллаһумма салли ‘ала Мухаммәдин уә ‘ала әли 

Мухаммәд. Кәмәә саллайта ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли 


289

Намаз

Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик ‘ала 

Мухаммадин уә ‘ала әли Мухаммад. Кәмәә бәәрәктә 

‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. Иннәкә хамидун 

мәжиид».

«Я, Аллаһым! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке 

және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, 

олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһим және 

оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың 

мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазіреті Мұхаммед 

пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс-

берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһим оның 

отбасын, ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Күмәнсіз Сен 

– Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, 

асқақтық саған ғана тән».

Салауат дұғасынан кейін оқылатын дұға

}ِراَّنلا  َباذَع اَنِق َو ًةَن َس َح ِةَر ِخلآا ِيف َو ًةنَس َح اَيْنُّدلا ىف اَنِتآ انَّبَر {



«Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил-

әәхирати хасанатән. Уә қинәә ‘азаабән-наар». Яғни, «Я, 

Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де, ақыретте де жақсылық 

бер. Және бізді жәһаннам азабынан сақта».

Үтір намазында оқылатын құныт дұғасы

  ُبوُتَن َو  َكِب  ُنِمْؤُن َو  َكيدْهَت ْسَن َو َكُرِفْغَت ْسَن َو  َكُنيِعَت ْسَن اَّنِا َّمُهللأ{

  َكُرُف ْكَن َلا َو  َكُرُك ْشَن ُهَّلُك َرْي َخْلا  َكْيَلَع ىِنْثُن َو  َكْيَلَع  ُلَّكَوَتَن َو  َكْيَلِا

  ُد ُج ْسَن َو ىِّل َصُن  َكَل َو ُدُبْعَن َكاَّيا َّمُهللأ .َكُر ُجْفَي  ْنَم  ُكُرْتَن َو ُعَل ْخَن َو



290

Ислам ғылымхалы

  َكَباذَع َّنِا  َكَباذَع ى َش ْخَن َو  َكَتَم ْحَر و ُجْرَن ُدِف ْحَن َو ىَع ْسَن  َكْيلا َو

} ٌق ِحْلُم ِراَّف ُكْلاِب

 «Аллаһумма инәә наста’иинукә уә настағфирукә 

уә нәстаһдик.  Уә ну-мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә 

нәтәуәккәлу ‘аләйкә уә нусни ‘аләйкәл-хайрә күлләһу 

нәшкурукә уә ләә нәкфурук. Уә нахла’у уә нәтруку 

мән иәфжурук.

Аллаһумма  ииәәкә  на’буду  уә  ләкә  нусал-

ли уә нәсжуду уә иләйкә нас’а.  Уә нахфиду наржу 

рахмәтәкә уә нахшәә ‘азабәкә иннә ‘азабәкә бил куф-

фари мулхиқ».

Мағынасы: «Аллаһым, біз күмәнсіз сенен жәрдем, 

кешірім тілеп, сенен тура жол, һидаят сұраймыз. Саған 

иман етіп, күнәларымыз үшін саған тәубе етіп, саған арқа 

сүйейміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір 

етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені 

теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске 

шығарып, олардан мүлдем байланысымызды үземіз. 

Аллаһым! Біз тек саған ғана құлшылық етіп, сен үшін 

намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, 

сенің ризалығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып 

алға ұмтыламыз. Сенің рақымдылығыңнан үміттеніп, 

азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, сенің азабың кәпірлерді 

қамтиды».



Сәлем бергеннен кейін оқылатын дұға

}ِماَرْكلاا َو ِللا َجْلاَذ اي  َتْكَرابَت ُملاَّسلا  َكْنِم َو ُملاَّسلا  َتْنَا َّمُهللأ{



  «Аллаһумма  әнтәс-сәләәм  уә  минкәс-сәләәм 

тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм» Мағынасы: 

291

Намаз

«Аллаһым!  Сен–сәлемсің.  Сәлем  сенен.  Сен  күллі 

нұқсандық  атаулыдан  пәксің.  Дүние  мен  ақырет 

сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. 

Нағыз қасиетті – Сенсің. Ей, құдірет пен жомарт иесі 

Раббым»


Азан дұғасы

 ًادَّم َحُم  ِتآ ِةَمِئآَقْلا ِةلا َّصلا َو ِةَّمآَّتلا ِةَوْعَّدلا ِهِذَه  َّبَر َّمُهللأ{

 يذَّلا ًادوم ْحَم ًاماَقَم ُهْثَعْبا َو َةَعيفَّرلا َة َجَرَّدلا َو َةَلي ِضَفْلا َو َةَليِسَوْلا

} َداعيِمْلا  ُفُل ْخُت َلا  َكَّنِا ُهَتْدَعَو



 «Аллаһумма рәббә һәзиһид-да’уатит-тәәммә уәс-

салаатил-қааймә, әәти Мухаммәдәнил-уәсиләтә уәл-

фадиләтә, уәд-дәрәжәтәр-рафии’а. Уәб’асһу мақамәм 

махмуудәниллази уа’аттәһ. Иннәкә ләә тухлифул-

ми’ад». Мағынасы: «Ей, мына толық азан мен оқылатын 

намаздың Раббы! Хазіреті Мұхаммедке арқау болуды, 

ерен ерекшелікті және жоғары дәрежені бер! Және де 

оны өзің уәде еткен «Махмуд шыңына» жеткіз. Сенің өз 

берген уәдеңді орындайтыныңа ешқандай күмән жоқ».


292

Ислам ғылымхалы

Намаз кестесі

Бамдат (таң) намазы

2 рәкат сүннет

2 рәкат парыз

Бесін намазы

4 рәкат сүннет

4 рәкат парыз

2 рәкат сүннет



Асыр (намаздыгер) намазы

4 рәкат сүннет (бекітілмеген сүннет)

4 рәкат парыз

Ақшам намазы

3 рәкат парыз

2 рәкат сүннет

Құптан намазы

4 рәкат сүннет (бекітілмеген сүннет)

4 рәкат парыз

2 рәкат сүннет

3 рәкат Үтір уәжіп намазы


293

ІІІ БӨЛІМ

ОРАЗА

«Ей, иман еткендер! Сендерге 

бұрынғыларға парыз  тілгендей 

ораза парыз етілді»

«Бақара» сүресі

«Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен 

үшін доғарды. Ораза – Мені мен 

құлымның арасындағы ғибадат. 

Оған берілетін сыйды Мен ғана 

өлшеп, Мен ғана беремін. 

Аузы берік құлымның аштық пен 

сусындауынан шыққан ауыз исі Мен 

үшін миск әтірінен де тамаша»

Қудси хадис

294

295

Ораза ғибадаты

Оразаның сөздік мағынасы – бір нәрседен алыстау. 

Шариғат терминінде ораза – ұстауға күші жеткен адамның 

ниет етіп, екінші шапақтан бастап, күн батқанға дейін 

оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір 

уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның 

парызы – ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.

Оразаның уақыты: Таңның атуынан күннің батуы-

на дейінгі уақыт. Күн мен түн болмаған жерлерде сол 

аймаққа ең жақын жердегі күн мен түні бар аймақты 

негізге ала отырып ораза ұстайды. Аллаһ Құранда былай 

дейді: «Таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) 

ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны 

кешке дейін ұстаңдар»276

309

. Мұнымен күн мен түннің 



арасындағы шекараны айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.у.) 

«Біләл түн уақытында азан оқиды, ибн Умми Мәктумның 

азанына дейін ішіп-жеңдер»

310


. Яғни, Біләл сәресі үшін 

ибн Мәктум болса таң намазы үшін азан оқитын.



Оразаның парыз болуы

Рамазан  оразасы  –  Исламдағы  бес  парыздың 

біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Аллаһ 

Тағала  былай  дейді:  «Ей,  иман  еткендер!  Сендерге 

бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді»

311


Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен 

309

 Бақара, 2/187.



310

 Бухари, Азан, 11.

311

 Бақара, 2/185.



296

Ислам ғылымхалы

тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің 

Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз 

оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы кел-

гендерге қажылыққа бару

312


.

Оразаның пайдалары

1. Рамазан мен айт мейрамы

«Рамазан  келерде  сансыз  сезімдер  мен  толып 

тасыған ойлар салтанат құрады. Күн мен түн де тұтастай 

илаһи  (құдайлық)  рақымдылық  пен  кешірімділікке 

толып тасады. Мезгілі біткен сәтте жүректерге өзіне 

деген қимас сезім мен сағыныш-сазы тұнады. Бірақ сол 

бір жүректері рамазанға айналған жандарды жасытпай, 

оларды іші құт-береке мен қуаныш-шаттық толған айт 

күніне аманаттайды. Рамазаннан кейін айттың келуі біз 

үшін тосын оқиға болмаса да, бейне бір жаңа атқан таңдай 

жан-сарайымызды нұрға бөлеп, санамызды сәулесімен 

қытықтап,  көкжиектен  көрінеді.  Кейде  ол  бейне  бір 

толған айдай көгімізге көтеріліп жанарымыз бен көңіл-

көлімізге сәулесін түсіріп адам жанын тәтті армандарға 

жетелеп, бойдағы асқақ сезімдерді оятады. Рамазанмен 

ыстық ықылас құрған адам баласы айтты илаһи ша-

рапаттан төгілген сиқырлы уақыт сезініп, оның терең 

тылсым-сырын аңғарады. Оның илаһи тартымдылығы 

мен сиқырына малтып, уақытша болса да, рамазаннан 

айрылысқан қасірет сезімінен жеңілдегенін сезініп, алып 

рақым айының қоштасуы мен терең шарапат күнінің 

мейрамын бірге тартады.

312

 Бухари, Иман, 34.



297

Ораза

Біз айтты әрқашан тез туып, бір сәтте төбемізге 

көтеріліп, бейне бір көзді ашып-жұмған жылдамдықпен 

өмірін аяқтап батуға таянған толған айдай сезінеміз. 

Әп-сәтте келіп, әп-сәтте кетіп, сағынышымызды ой-

санамызда қалған суреттермен оңаша қалдырады. Қысқа 

уақыт аясына сыйып кеткен айттың аса бай әрі астам 

жомарттығы сонша – онда апта мен айлардың жасырын 

екендігін айту әсіре айтқандық емес. Ол қашан да көктен 

ой-санамызға  бейне  бір  шырақтай  жағылып,  көңіл-

көгімізге шаттық-өзені болып құйылады. Көкірек-көзі 

ашық жандардың да жанарының рухани жарығы жарқ 

етіп, өзіне тартып, рамазанмен қимай қоштасқандарға 

көктердің  бейбіт-нұрын  ұсынады.  Осылайша  жалпы 

бәріне  жүрегінің  тереңдігіне  қарай,  рухани  әлемнің 

әсемдіктерін жеткізеді.

Айт – дүние мен ақыретке тән әсемдіктердің бір-

бірімен етене араласып, адамдардың рамазан бойы әр 

түрлі ғибадаттар арқылы бейне бір періштеге айналып, 

періштелер де осы ұқсастыққа бет бұрып, сол бір рухы 

саф жандар арасында сайрандап, айнала илаһи әсемдік 

пен сұлулыққа оранып, осынау ғажайып тылсым дүниені 

көргендер, өздерін оянғысы келмейтін түс әлемінде деп 

ойлайтынын айтуға тіл жетпес күн.

Осы мүбәрак күнде рамазан жеткен барлық жер-

жүзі періштелер мен рухани жандардың көктегі тылсым 

әлеміндей көрініп, шаттыққа бөленген рухани ғаламатқа 

тең бір сиқырлылыққа оранады. Сол сәттен қасиетті айт 

мұсылмандарды өзіне баурап алып, оларды жүрек пен 

рухани өмірінің тұңғиығына қарай тартады. Оларға ай 

мен күн тіпті құс жолын қамти алатын кеңістік дайын-

дап, «құпия қазынаға» жап-жарық айна болу жолдарын 



298

Ислам ғылымхалы

көрсетеді... Көңілдері алабұртып, алып ұшқан әркім өз 

дәрежесіне қарай айттың көрсеткен жолдарымен ұшуға 

даяр құстай бола қалады. Тылсым сырдың есігі ашыла 

кеткендей қанаттарын тағатсыз қағады. Ақырында ұша 

жөнеліп, жеткен яки жететін шыңдардың асқақтығын 

көріп, тамашалап, тұла бойы нұрға малынады да, осы 

дүние күнін бейне бір жәннат заманына айналдырады. 

Иә, олар ғажайып күйге еніп, әрбір заттан Хаққа тиіс 

әсемдік пен сұлулықты көріп, тамашалап, ақпай тоқтап 

қалған заманның тілімен ең әдеби хұтпа-жырлар оқиды. 

Оған барлық мекендерден, айттың нұрымен боялған саф, 

ғажайып сиқырлы әуен қосылады. Егер айттың жазған 

осы бір әуені мен айт әлеміндегі адамдардың жүрек-

сарайынан төгілген жырларын қағазға төгу мүмкін болса, 

ең ғажап әуен мен аса мағыналы өлең де мұның жанында 

күзде төгілген сап-сары жапырақтай болып қалар еді 

деп ойлаймын.

Кейде айттың келуімен, көкірек көзі ояу жандар-

ды Ұлы Жаратушы жақтан ескен «илаһи самал» баурап 

алады. Сол сәтте олар жай адамдардың тамаша еткен 

әлемінің арғы жағын көргендей ғажайып күйге еніп, 

бейне бір екі әлемнің ортасында тұрғандай сезінеді. 

Тақуалықтан жүректері діріл қағып, өздерін «үміт пен 

үрей» аясынан табады. Кейде адам айтта барлық нәрсені 

болмысынан басқаша сезініп, өзгеше бағалайды. Тіпті 

ол өзін баураған кейбір сезім иірімдері арқылы көктер 

мен жерді бір-бірімен бірігіп кеткендей көріп, жерден 

ұзап, көкке ұшып, періштелердің арасына кіріп, олардың 

әлемінде жүргендей сезініп, ашылып, кеңейіп «мекенсіз» 

күй кешеді. Сонда ол өзін бейне бір түпсіз тереңдікке 

бойлап, шексіздікке жеткендей сезінеді.



299

Ораза

Айтта  сезімдер  өте  жұмсап,  адам  жаны  қатты 

жеңілдейді де, ақыл мен жүрек бір-бірімен қосылып 

кетеді.  Адам  кейде  осы  бір  деңгейдегі  өзгерістерге 

қарап, қатты таңданады. Бәлкім, сол сәтте ол адамдық 

құндылықтарды еске түсіргені үшін айттың қайта-қайта 

келуін қалайтын да шығар...

Иә, айтты барлық иманды жандар іштей сезінеді. 

Біздің өлкемізге аса нәзік, аса сүйкімді, аса тәтті болып 

келеді. Мыңдаған жылдан бері қадірлі қонақтай келіп, 

құт-берекесін шашып, мейірім-шапағатымен құшақтаған 

айтты  қашан  да  үйімізде,  мешіт,  мінәжатхана  мен 

көшелерде көріп келген сәтте-ақ құшағымызды ашып 

тұра жүгіреміз. Иә, айт әр келгенінде сана-сезімімізге 

қатты әсер етіп, өзімізді құшағында тұрғандай сезінеміз. 

Сонда біз оны бейне бір аңқыған жұпар иіс, тіл мен 

тамағымыздағы ләззат, жүректе сезілген тәттілік, ой-

өрісімізге жаңа атқан таңдай сезіне кетеміз. Ол да күннің 

әр сағатында бізге тілмен жеткізе алмайтын ғажайып 

әуенін шарықтатып ала жөнеліп, айналасын баурап алып, 

бәрімізді өзінің ақыреттік бағына қарай тартады. Ой-сана 

мен қиял-әлемімізді ғаламат суреттермен безендіреді. Бір 

күні алыстап кетсе де, ой-санамызда әсем түстердей сол 

бір суреттер сақталып қала береді...».



2. Ораза жамандықтан сақтайды

Ораза адам жанын тазартып, жаман қылықтардан 

сақтайды.  Құранда  Аллаһ  Тағала  былай  дейді.  «Ей, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет