Алматы 2016 Тақырыбы: Табиғатты тиімді пайдалану әдістерін құрайтын экологиялық заңдылықтар Кіріспе



бет1/3
Дата13.09.2024
өлшемі332,09 Kb.
#204233
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Т.Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық Университеті « Табиғатты пайдалану экономикасы » кафедрасы

Орындаған: Қолдаңбалы ғылым мектебі, экология мамандығы бойынша 342 топ


Бектұрар Марал
Алматы 2016
Тақырыбы: Табиғатты тиімді пайдалану әдістерін құрайтын экологиялық заңдылықтар
Кіріспе
Табиғат - өзінің даму заңдылығын жақсы «біледі» - адам баласы табиғатты жақсартамын деп оның даму заңдылықтарын бұзатынын жақсы біле бермейді.
Табиғат – адамзаттың барлық іс-әрекетіне сай жауап қайтарады. Адам баласы табиғат қорларын қайтарымсыз және сауатсыз пайдаланып, ауа, су, топырақты ластап отырады. Адам іс-әрекетінің шегі болуы тиіс. Адамның барлық іс-әрекеті табиғаттың пайдасы үшін тепе-теңдік жағдайда шешілуі тиіс. Биосфераның болашағы онда өмір сүретін адамдардың ақыл-ойына және парасатына тікелей тәуелді.
Табиғатты пайдалану - түрлі табиғи ресурстар мен табиғи жағдайларды қолдану жолымен қоғамның материалдық және мәдени қажетін қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық-өндірістік іс-әрекеттер.
Табиғатты пайдалану мынадай белгілерден тұрады:
Қорғау, қайта бастау және табиғи қорлардың орнын толтыруы, олардың шығаруы және өндеу;
Адам өміріндегі табиғи заңдылықтарды қолдану;
Қалпына келтіру және табиғи жүйелердің экологиялық тепе – теңдігін сақтау.
Н.Ф.Реймерс (1992) бойынша табиғатты пайдалану:
а)табиғи ресурстарды қайта өндіру, жаңғырту және қорғау, оларды бөліп алу және қайта өңдеуден;
б)адамның тіршілік ортасындағы табиғи шарттарды пайдалану және қорғаудан;
в) табиғи жүйелердің тепе-теңдігін тиімді өзгерту,қайта қалпына келтіру және сақтаудан;
г) адам саны мен адамның өнімділігін реттеуден тұрады.
Табиғатты 
пайдалану
Тиімді
Табиғи – ресурсты потенциалдың сақталуын қамтамасыз етпейді, табиғи ортаның сапасының нашарлауына және тозуына әкеліп соқтырады, табиғи жүйелердің азуы мен ластануы және экологиялық тепе-теңдік пен экожүйелердің бұзылуымен қатар жүреді.
Тиімсіз
Табиғи байлықтарын кешенді ғылыми негізбен пайдалануды білдіреді.Бұл жағдайда табиғи – ресурсты потенциалдың сақталуының мүмкіндігі жоғары және экожүйелердің өзін-өзі реттеуі және өзін-өзі қалпына келтіруі қабілетінің бұзылуы аз.
Ю.Одум (1975) бойынша тиімді табиғатты пайдалану екі жақты мақсатты қарастырады:
  • Эстетика және демалыс сұраныстарының материалдық қабілеттіліктерін қанағаттандыра алатын қоршаған ортаның жай-күйімен қамтамасыз ету;
  • Тұтыну мен жаңартудың балансты циклін анықтау жолымен пайдалы өсімдіктің, жануар және түрлі материалдар өндірісінің үздіксіз өнімін алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет