Алматы 2016 Тақырыбы: Табиғатты тиімді пайдалану әдістерін құрайтын экологиялық заңдылықтар Кіріспе


Табиғатты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты келесі мақсаттар алға қойылған



бет2/3
Дата13.09.2024
өлшемі332,09 Kb.
#204233
1   2   3
Табиғатты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты келесі мақсаттар алға қойылған:
  • табиғатты қорғауды басқару қызметін кешенді түрде іске асыру;
  • Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланылуы;
  • жерді қорғау, жер асты және үстіңгі суларды, атмосфералық ауаны, өсімдік және жануарлар әлемін, сонымен қатар барлық табиғи қорларды тиімді пайдалану және оларды мемлекеттік бақылау;
  • ұсыныстардың өңделуі және табиғатты пайдалану механизмдерін, экономикалық нормативтер мен ережелердің бекітілуін, табиғи ресурстарды пайдалану стандарттарын жетілдіру;
  • мемлекеттік экологиялық сараптаманың басты жүйелерін жетілдіру, өндіргіш күштерді және халық шаруашылығы саласын орналастыру, жаңа техника мен технологияны сақтауда экологиялық нормаларды бақылау;
  • халықтың көп бөлігіне табиғи орта туралы білімді оқыту және азаматтарды табиғатты қорғауға үйрету;
  • жоспарлау және шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдармен табиғатты қорғау мәселесі бойынша бірігіп жұмыс жасау.

Табиғатты пайдалануда экология және экологиялық заңдылықтар ескерілуі тиіс. Рационалды табиғи пайдалануда табиғи ресурстарды зерттеу, оларды ұқыпты пайдалануы, қорғау және халық шаруашылығын дамыту, адамдардың денсаулығын сақтау ғана емес, сонымен қатар олардың келешек мүлделерін есепке алу мен орнын толтыру.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты олардың ақылы болып келетіндігі. Себебі, табиғат ресурстарын пайдалану тегін болса, оларды үнемдеп, ұтымды пайдалануға, табиғатты қорғауға, қорын молайтуға жұмылдыратын экономикалық механизм тудырмайды. Ол табиғат ресурстарының ысырабына әкеп соғады.
Сондықтан төлемдерді табиғат ресурстарын ұтымды үнемдеп пайдалануға, табиғатты қорғауға, оның байлықтарын сақтауға, молайтуға жұмылдыратын ең басты экономикалық басқару тетігі деп қарастырылады.
Табиғат ресурстары – адамдар пайдаланатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштер. Оларды адамдардың өндірісітік-шаруашылық әрекеттерімен тікелей байланысты.
Табиғат пайдалану экономикасында осы екі негізгі ұғымдар бір-бірінен физикалық және химиялық қасиеттерімен емес, пайдалану мүмкіншілігімен ерекшеленеді.
Табиғат ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мақсатында оларды бірнеше белгілері бойынша жіктеулер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет