Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі» факультеті
Тақырыбы:Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың э э экономикалық негіздері.
Орындаған: Демес.Ә Қабылдаған: Кулиев.И.О
Алматы-2020ж Жоспар: Кіріспе. Негізгі бөлім: а)Қоғамдық өндіріс негіздері. в) Экономикалық ілімдер тарихының әдістері. c) Экономикалық теорияның зерттеу әдiстерi. Қорытынды.
Кіріспе. Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Экономикалық ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу кезеңі XVII ғасыр болып табылады, бірақ экономикалық көзқарастар көне заманда да кездеседі. Оның өмір сүру кезеңдерінде бірнеше мектептермен, ағымдармен ауыстырылды. Қазіргі кездегі экономикалық көзқарастардың жіктелуі, экономикалық ғылымның пәнін түсінуге мүмкіндік береді. Олардың арасында классиктерді (олар экономикалық ғылым пәнін қоғамдық байлықты өндіру заңдары деп есептейді);неоклассиктерді (олардың ойынша, экономика ғылымы шектеулі өндірістік ресурстар жағдайында ұғымды шешімдерді іздестірумен айналысуы тиіс); марксистерді )оларды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде туындаған экономикалық қатынастарды зерттейді); кейнсшілдерді(олар кономикалық өсу факторларын және факторлық талдау негізінде макроэкономикалық реттеу ұсыныстарын жасаған); маржиналистерді (олар «экономикалық адамның» ұтымды іс – әрекетін зерттеген); монетаристерді (олар экономиканы тұрақтандыру және жұмысбасталықты қамтамасыз ету факторы ретінде монетарлық , яғни ақша несие саясатын алған); институционалистерді (олар экономикалық қатынстарды әлеуметтік, саяси және рухани қатынастармен байланыстырып қарастырған) және т.с.с. бөліп қарауға болады. «Экономикалық ілімдер тарихы» кітабының авторы Титова И.Е. осы ғылымға төмендегідей анықтама береді: экономикалық ілімдер тарихы түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдардың экономикалық көзқарастарының негізгі жүйелерінің пайда болып, дамуының тарихи процесін зерттейді. Белгілі оқулықтың авторы Худокормов Г.А. курстың пәні тек қана қазіргі кезде жалпыға бірдей мойындалған тұжырымдар емес, сонымен қатар батыс экономистерін ортақ пікірге әкеліп қана қоймай , солармен ұштасып, ғылымды әрі қарай дамытып отыратын пікірталастар, дисскусиялар деп атап көрсетті. «Экономикалық ілімдер тарихы» оқулығының авторы Я.С.Ядгаров пәнге мынадай аныктама берді: «Бұл пәннің объектісі жекелеген экономистердің теорияларында, теориялық мектептерде, ағымдар мен бағыттарда орын алған экономикалық идеялар мен танымдардың, экономикадағы, ғылымдағы, техникадағы және әлеусететік саладағы өзгерістерге сәйкес құрылу , даму және ауысуының тарихи процесі болып табылады». «Экономикалық ілімдер тарихы» кітабының авторлар ұжымы ресейлік экономист ұлтшылдардың идеяларына талдау жасай отырып , курс пәніне мынадай анықтама береді: экономикалық ілімдер тарихы әлемдік экономикалық теориның даму заңдылықтарын, әр дәуірдегі және әр елдегі экономикалық көзқарастардың пайда болып, дамуының, күресуінің және ауысып отыруының тарихи процесін экономика тарихымен , философиялық ойдың негізгі бағыттарымен жәе нақты экономикалық пәндермен тығыз байланыстыра отырып зерттейді». Г.А.Шмарловскаяның анықтамасы бойынша «Экономикалық ілімдер тарихының зерттеу пәні экономикалық идеялардың пайда болып, дамуының, күресуінің және ауысып отыруының тарихи процесі және олардың адам өркениетінің дамуындағы рөлі».