6.Нарықты экономиканыұйымдастыру, оның мазмұны мен құрылымы. Нарық, айырбас, айналыс – бұл категориялар өзара тығыз байланысты және тұрмыстық деңгейде жиi теңестiрiледi. Сонымен қатар олар қатаң себеп-салдарлы жүйеленген және тауарлы қатынастардың дамуындағы әртүрлi тарихи сатыны бiлдiредi.
Нарықтың қалыптасуы еңбектi қоғамдық бөлудiң пайда болуымен тiкелей байланысты. Еңбектi бөлудiң кұшейуi, оның дифференциалдануы(бөлiнуi) мен мамандануы тек қана қоғамдық өндiрiстiң өнiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiнiң артуына алып келген жоқ, сонымен қатар осы еңбектiң өнiмдерiн мiндеттi түрде айырбастауға да әкеледi. Мұндай айырбас бiрте-бiрте кұшейе түсiп, қазiргi таңдағы нарыққа дейiн жетiлдiрiлдi. Тауар өндiрiсiнiң дамуымен қатар нарықта дамыды және күрделене түстi.
Нарық көпжақты, оны әртүрлi жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның анықтамалары да көп.
Сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндiрушi мен тұтынушының өзара әрекетiнiң сферасы ретiнде қарастырылады.
Экономикалық ұйымдастыру көзқарасы бойынша нарықты экономиканың iс-әрекет етуiнiң қоғамдық формасы деп атайды.
Нарыққа қатысушы тұлғалардың позициялары бойынша нарық шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық байланыстың формасы болып табылады.
Қорыта айтқанда, нарық - бұл ұдайы өндiрiстiң барлық буынында, өндiру, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастардың жүйесi. Қысқаша айтқанда, нарық дегенiмiз сұраныс пен ұсыныс негiзiнде сату-сатып алу процесi жүретiн ресми орталық.
Кез келген нарық, оның нақтылы түрiне қарамастан, үш негiзгi элементке негiзделiп құрылады: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Нарықтық тепе-теңдiктi дәл осы элементтер айқындайды.
Нарықтың белгiлi бiр құрылымы болады.
Нарықтың құрылымы – бұл нарықтың жекелеген элементтерiнiң iшкi құрылысы. Ол өзiне тән әртүрлi белгiлерi бойынша жiктеледi. Олардың маңыздылары келесiдей:
1. Экономикалық белгiленуi бойынша тауар мен қызмет көрсету нарығы, өндiрiс құралдары нарығы, еңбек нарығы, инвестиция нарығы, бағалы қағаздар нарығы, қаржы нарықтары болып бөлiнедi.
2. Географиялық орны бойынша жергiлiктi, ұлттық, аймақтық, әлемдiк нарықтар болып бөлiнедi.
3. Бәсекенi шектеу дәрежесi бойынша: монополиялық, олигополиялық, еркiн, аралас деп аталады.
4. Сату сипаты бойынша бөлшек және көтерме деп бөлiнедi.
Қазiргi кезде нарық дамыған инфрақұрылымсыз, яғни қосалқы көмекшi салалар мен ұйымдарсыз мұмкiн емес.
Нарық инфрақұрылымы дегенiмiз нарықтық қатынастардың қызмет етуiн табысты қамтамасыз ететiн мекемелер, мемлекеттiк және коммерциялық фирмалардың жиынтығы.
Барлық нарықтардың олардың формаларының, көлемдерiнiң көптұрлiлiгiне қарамастан экономикалы қызметтi ұйымдастырудың басқа да типтерiнен ажырататын 5 белгiсi бар. Олар мыналар:
1. Нағыз нарық оған еркiн кiрудi және одан еркiн шығуды көздейдi. Сондықтан да, нарыққа қатысушылардың саны еш уақытта да шектелмейдi.
2. Нарыққа қатысушы тауар өндiрушiлердiң елеулi санының әрқайсысының белгiлеген бағаларының жалпы нарықтық бағаға әсерiнiң төмендiгiнен, кез келген тауар өндiрушi нарықта тұтынушыға өзiнiң бағасын ерiксiз жүктеуүшiн нарыққа сонша тауар шығара алмайды.
3. Нарықта материалдық, қаржылық және еңбек ресурстары емiн-еркiн қозғалады.
4. Нарық, оған қатысушылардың барлығына бiрдей мүмкiндiктер беруi қажет.
5. Еркiн нарықта белгiлi бiр сатушылар тобы үшiн артықшылықтар көзделмейдi.
Қорытынды.
Аталмыш тақырыпта материалдық игілікті жасаушы және тұтынушы ретіндегі адамның мінез-құлқы (тәртібі) қарастырылған, ол өндіріс құралдарын қолданысқа келтіруші ғана болып саналмайды, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін айқындайды. Осыдан «адам факторы», «адам капиталы» деген экономикалық категориялар мен олардың маңыздылығы пайда болады.
Экономикалық категория материалдық, әлеуметтік, интеллектуалдық ресурстардың шектеулілігі жағдайында кімге және қалай шығару керектігін таңдау, осылардың барлығы адам қажеттіліктерінің шектеусіз екендігін барған сайын күшейте түседі. Адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру сияқты экономиканың басты міндеттерін шешу кезіндегі өндіріс ресуртары мен факторлары арасындағы бір-бірін өзара толықтырушылықтар көрсетілген.
Қоғамдық өндіріс құрылымдары (материалдық және материалдық емес өндіріс), қарапайым және ұлғайтылған ұдайы өндіріс проблемалары, оларды дамытудың экстенсивті және интенсивті жолдары көрсетілген. Өндірістің негізгі және айналым қорларының айналымы туралы үздіксіз айналымдары, сондай-ақ олардың қозғалыс сатылары мен уақыты, қорлардың изикалық және моральдық тозуына талдау жасалған.
Пайдалынған әдебиеттер:
1. . Ескалиев М.Д., Өткен кезеңнің ойшыл экономисттері және қазіргі көз қарас. Алматы,2004
2. https://.kazaksha.info,Қоғамдық өндіріс көздері
3. Экономикалық ілімдер тарихы. оқулық Ядгаров Я.С.; Шеденов Ө.Қ., Досқалиев С.Ә. Алматы, 2003ж. бағдарламада №1 оқулық.
4. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Е.Б.Жатқанбаевтың жетекшілігімен. Алматы, 2006.