5. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ Электронды презентация - бұл сөйлеуші тақырып бойынша ақпаратты жіберген кезде және компьютер арқылы проекциялайтын кезде көрнекі құрал. Бұл слайдтарда сіз мәтіндер, сызбалар және конференцияның, сабақтың немесе презентацияның маңызды сәттерін жасай аласыз.Олар компьютерде жасалады және көпшіліктің назарын аударудың тартымды тәсілі болып табылады. Олар:
Power Point
Power Point - бұл компьютерлік өнімді парақ немесе слайд түрінде жасау үшін жиі қолданылатын құралдардың бірі. Slideshare сияқты беттер оларды ұсынатын тұжырымдамаларды ұсыну үшін өзінің ақпараттық стратегиясының бөлігі ретінде пайдаланады.
PowToon
PowToon – бұл анимациялық презентациялар мен видеолар жасауға мүмкіндік беретін сервис. Оны 2012 жылы Илья Спитальник және Даниэль Затуранский жасап шықты және сол жылдың желтоқсан айында олар өздеріне 600 мың доллар көлемінде инвестиция тартты. Аталған сервис те «фримиум» әдісі бойынша жұмыс істейді. Сайтта тіркелгеннен соң, қолданушы фонға, дыбыс әсерлеріне (эффект), кейіпкерлерге арналған шаблондар коллекциясына рұқсат алады. PowToon қандай да бір өнім жайлы айтылатын ролик жасауға, стартап-презентацияға немесе сайттың басты бетін жасап шығуға әбден жарайды. Сервистің басты артықшылығы ретінде графиканың айтарлықтай стильді болып, кейіпкерлер санын және оларды өзара байланыстыра алу мүмкіндігін айтуға болады. Сонымен қатар, дайын болған видеоны YouTube-ке салуға немесе MP4 форматында сақтауға болады. Сервис мультипликаторларға қарапайым болғанымен, шағын бизнес иелеріне керектінің дәл өзі.
SlideRocket
SlideRocket – бұл PowerPoint секілді слайд жүйесіне негізделген презентация жасауға арналған онлайн-платформа. Ерекшелігі, SlideRocket-те жасалған слайдтар ыңғайлы, жарқын және алуан-түрлі келеді. Бұл осы топтамадағы ең қымбат сервис болып есептеледі: сервистің барлық мүмкіндігін қолдану үшін жылына 360 доллар төлеу қажет. Тегін аккаунтар мүмкіндігі барынша шектелген. Ақылы жазылым арқылы көптеген қызықты функцияларды қолдануға мүмкіндік береді, мысалы, презентацияны ортақтаса отырып жасау, флэш-анимация, сондай-ақ, YouTube-тан көшіре алу.
Keynote
Құны 9,99 $ болатын Keynote қосымшасы арқылы қалаған презентацияны Mac, iPad не болмаса iPhone құрылғыларында жасауға болады. Егер сізде Apple гаджеттерінің бірнешеуі болған жағдайда, бір құрылғыда жасалған өзгерістердің бәрі автоматты түрде барлығында өзгеріске ұшырайды. PowerPoint-тан Keynote-қа ауысу қиынға соқпайды, себебі, бұл жерде де слайд жүйесі қолданылады. Сонымен бірге слайдтарға кесте, диаграма, мультимедиялық объектілерді, iTunes-тен музыканы қосуға болады. Тағы бір ерекшелік ретінде үш өлшемді, анимациялық диаграмма жасауға болатынын айта кеткен жөн. Және де презентация үстіне өз дауысыңызды жазып қою мүмкіндігі де қарастырылған.
Piktochart
Piktochart – бұл малайзиялық стартаперлердің жасаған веб-қосымшасы. Презентациялар инфографика күйінде жасалынады. Түрлі графикалар, карталар, иллюстрациялар, кестелер – сайтта берілген барлық шаблондар PowerPoint-тың қызықсыз да көріксіз слайдтарынан едәуір ерекшеленеді. Қосымша интерфейсі ыңғайлы және интуитивті түрде түсінікті: қолданушы берілген шаблондардың ішіне мәтінді қою керек, ал жүйе қалғанын өз мойнына алады. Piktochart-та базалық аккаунт тегін, ал кәсіби құны 99 доллар.
Canva
Canva-2013 жылы құрылған графикалық дизайнға арналған кросс-платформалық қызмет.Қызметте кескіндер жасау дайын элементтерді сүйреп апару және өзгертілетін шаблондарды өзгерту принципіне негізделген. Графикалық редактор шаблондардың, фотосуреттердің, иллюстрациялардың және қаріптердің кіріктірілген кітапханасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қызмет қарапайым пайдаланушыларға да, дизайн және цифрлық маркетинг мамандарына да бағытталған. Платформада интернетте жариялау үшін суреттер де, баспа өнімдеріне арналған макеттер де жасауға болады.