2. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҮРДІСІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 3. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҚАЛАЙ ТИІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?
Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не?
Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
Қашықтыөтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар
Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.
Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.
Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.
Қазақстанда тәжвирусына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Еліміздегі жоғары және арнайы орта білім беру мекемелері мен жалпы орта білім беретін мемлекеттік және шағын жинақты мектептер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Бұл жүйеге толықтай көшер алдында елімізде байқау сабақтары жүргізіліп, білім ордаларының дайындығы алдын ала тексерілді. Тексеру нәтижесіне байланысты ғаламтор жүйелері, мессенджер арқылы ұстаздар оқушыларды оқыта бастады. Сонымен қатар теледидарда белгіленген кесте бойынша дәрістер көрсетіледі. Және «bilimland», «aіmektep», «daryn» секілді республикалық порталдар да онлайн, оффлайн өз қызметтерін ұсынып, ұстаздарға көмекке келді.