Алматы қаласы Алатау ауданы



бет8/16
Дата23.08.2020
өлшемі1,08 Mb.
#76626
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Ғылыми жоба киіз үй

Қара үй. Қараша үй. Кедейлеу адамдар ақ қой жүнін таппаса, үйін қоңыр жүннен басылған киізбен жабады да, ондай үйлер «қара үй», «қараша үй» аталады. 

Бай ауылдың шаруашылық үшін пайдаланатын үйлері де көбіне қоңыр жүннен басылған киізбен жабылып, әлгі аттарға ие болады. 



Жабасалма. Жолым үй. Жорық үй. Киіз үйлер тігілу әдісіне байланысты әр түрлі аттарға ие. Көшіп, не керуен салып келе жатып, бір қонып аттанатын жағдайда екі керегені жайып бастарын түйістіріп, бекітіп, үстіне киіз жауып жасаған баспананы жабасалма деп атайды. 

Көш кезінде шаршаған малдың, көш көліктің жағдайына қарап аз уақытқа еру жасаған шақта бума уықтарды бастарымен түйістіріп, үстіне киіз жауып жасаған баспананы жолым үй атаған. Бұл сөз жолшыбай жасалған үй мағынасын береді. Жабасалма мен жолым үйлерге от жағылмайды. 



Жорық үй, кейініректе Абылай ханның кезінде көп қолданылғандықтан Абылайша аталып кеткен баспана – киіз үйдің салмағын жеңілдетіп, тігу мерзімін қысқартады. Абылайшаның уақытша тігілетін үйлерден өзгешелігі оған міндетті түрде шаңырақ көтеріледі. Қазақ халқының шаңырақты сыйлау үрдісі өз ханын шаңырақсыз жабасалма үйге кіргізуге рұқсат бермейтін болса керек. Бұндай үйдің сүйегі уықтар мен шаңырақтан тұрады. Сырты үзікпен ұсталып, төбесі түндікпен жабылады. Абылайшаға,жорық үйге от жағылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет