Сықырлауық (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттен құралады. Қос босаға мен маңдайша ауқымды келетін ұласымды өрнектермен оймышталып есік беті нәзік өрнекті, бедерлі сүйекпен немесе металмен қапталады.
Киіз үй есігінің құрылысы:
1 – маңдайша;
2 – босаға;
3 – сықырлауық;
4 – жақтау;
5 – табалдырық.
Киіз үйдің сыртқы әбзелдері күн сәулесін және қамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметтерін атқарады. Туырлық керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты, түндік шаңырақты, киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Шиыршықтар түріп қоюға ыңғайлы.
ІІ тарау. Киіз үй – ғажайып өнер туындысы
Достарыңызбен бөлісу: |