Алматы қаласы білім басқармасы


Оқытушы: Дауенова Г.О. Түсті металдар мен құймалар



бет61/156
Дата16.05.2022
өлшемі1,3 Mb.
#143472
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   156
Байланысты:
металдар-технологиясы-Дауенова-Г.О-УМКД

Оқытушы: Дауенова Г.О.


Түсті металдар мен құймалар
Түсті металдар – темірден басқа барлық металдардың өнеркәсіптік атауы. Физикалық және химиялық қасиеттері мен жер қыртысында орналасу сипатына қарай түсті металдар темір емес металдар деп те аталады.

хром
Түсті металдарды:

  • жеңіл (алюминий, магний, титан, берилий, литий, т.б.),

  • ауыр (мыс, никель, кобальт, қорғасын, қалайы, мырыш, т.б.),

  • баяу балқитын (вольфрам, молибден, ниобий, тантал, хром, цирконий, т.б.),

  • асыл немесе қымбат бағалы (алтын, күміс, платина және платиндық металдар),

  • шашыранды (галий, индий, талий),

  • сирек жер (скандий, иттрий лантан және барлық лантаноидтар),

  • радиоактивтік (технеций, франций, радий, полоний, актиний, торий, протактиний, уран және басқа трансуран элементтері) деген топтарға бөлуге болады.

Шектеулі мөлшерде өндіріліп, өндіріс саласында салыстырмалы түрде жуырда ғана қолданыла бастаған металдар сирек металдар деп аталады. Оларға барлық сирек, сирек жер және радиоактивтік, баяу балқитын металдардың көпшілігі мен кейбір жеңіл металдарды жатқызады. Түсті металдар мен олардың қорытпаларын өндіруде кентастық шикізатты өңдеуден бастап дайын өнім алуға дейінгі сатысын қамтитын саласын түсті металлургия деп атайды. Оның негізгі тармақтарына алюминийлік, никель-кобальттық, мыс, қорғасын-мырыштық, қалайылық, сирек металдық, вольфрам-молибдендік, титан-магнийлік, сүрмелік, балқыма шпаттық, электродтық, қатты қорытпалық, түсті металдарды өңдеу, арнайы шалаөткізгіштік, екіншілік металлургия жатады.
Қазақстанда химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі барлық түсті металдар өндіріледі.
Түсті металдар-дың ішіндегі ең көп таралғаны – мыс. Қазақстандағы алғашқы түсті металлургия кәсіпорны 1928 жылы Қарағанды облысында іске қосылды (мыс зауыты). Мыстың Қазақстандағы негізгі кен орындары: Қосқұдық, Милықұдық, Айнакөл, Злато (Жезқазған), Ақтоғай, Бозшакөл (Павлодар), Ақбастау, Құсмұрын (Шығыс Қазақстан), Көлсай (Алматы облысы), т.б. Қазақстан сондай-ақ, мырыш, қорғасын, вольфрам, ванадий өндіруде дүние жүзінде бірінші орынды иеленеді. Еліміздегі түсті металдарды өңдейтін ірі кәсіпорындар: Өскемен титан-магний комбинаты, “Қазмырыш”, “Южполиметалл”, “Қазалтын”, “Майқайыңалтын”, “Кастинг” т.б.;[2]

Құймалар — қажетті қасиеттері бар, екі немесе одан да көп компоненттен түзілген, оның біреуі міндетті түрде металл болатын қосылыстар. Құйманың компонеті қасиеттері металға ұқсас бейметалл болуы да мүмкін (мысалы бор, көміртек, мышьяк,кремний).
Техникада құйманың әр түрлі қасиеттері қолданылады. Мысалы дәнекерлеу үшін балқу температурасы төмен металл қажет болса, ғарыштық зымырандардың сыртын қапауға қиын балқитын металдар керек. Ерекше құймалар электротехникада қолданылады. Кейде құймалардың электр тогын жақсы өткізуі қажет. Ал құйма қыздыру аспаптарында қолданылатын болса, онда оның кедергісі жоғары болуы қажет. Кез-келген металл өзара құйма түзе бермейді. Мысалы, тығыздықтарының әртүрлілігіне байланысты темір мен қорғасын немесе висмут балқытқанда бір-бірімен араласпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет