Егер құйма түзетін металл өзара әрекеттесетін болса, онда салқындатқан кезде химиялық қосылыс – интерметалидтер түзіледі. Оған мысал ретінде магний-қорғасын құймасы жатады. Көптеген металдар бір-бірімен бірнеше қосылыс түзеді.
Қатты ерітінді
Сұйық металдар кез-келген мөлшерде араласады және салқандатқанда қатты орынбасу ерітіндісі түзіледі. Мұндай құйманы атомдарының радиусы шамалас және біртипті кристалдық торда орналасатын металл атомдары түзеді. Қатты орынбасу ерітінділері алтынды күміспен, мысты никельмен балқытқанда алынады.
Сонымен қатар, темірдің көміртекпен құймасы – болатты алуға болады. Балқыған металдар иондарының мөлшері және кристалдық торларының пішіндері сәйкес келгенде түзілетін құйма - қатты ерітінді деп аталады.