Алматы қаласы білім басқармасы



бет137/156
Дата16.05.2022
өлшемі1,3 Mb.
#143472
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   156
Байланысты:
металдар-технологиясы-Дауенова-Г.О-УМКД

Дең
гейде

Максаты

Қызметі

і

Дайындамаларды станокта өңдеуді қамтамасыз ету

Станок жүмысы циклын баскару Станоктың жүмыстық органдарының орын ауыстыруын қадағалау

н

Станок жүмысы туралы ақпарат алу

Инженер-технолог жөне (немесе) оператор- дың станоктың дүрыс жүмыс істеуі туралы шешім қабылдауы жөне станоктың жүмысы туралы ақпарат негізінде ақауларды анықтау

ш

Цехта (зауытга) өндірісті үйымдас- тыруға қажетті бас- тапқы деректерді алу

Инженер-технолог жөне (немесе) оператор- дың станоктың жүмысы туралы ақпарат негізінде өндірісті басқару бойынша білікті шешімдер қабылдауы

1 – Кесте – сбб-дың көпмақсатты құрылғыларының мақсаттары мен қызметтері
Циклдық және сандық бағдарламамен басқару жүйелері. Бағ- дарламамеи басқарылатын станоктар басқару түріне қарай циклдық бағдарламамен басқарылатын (ЦББ) жүйесі бар станоктар және сандық бағдарламамен басқарылатын (СББ) жүйесі бар станоктар деп бөлінеді. ЦББ жүйелері қарапайым болып келеді, өйткені онда тек станок жұмысының циклы ғана бағдарламаланады. Ал жұмыстық орын ауыстырулардың шамалары, яғни геометриялық ақпарат жеңіл түрде, мысалы, тіремелер көмегімен беріледі. СББ станоктарда басқару бағдарлама тасығышпен іске асырылады, мүнда геометриялық және технологиялық ақпараттар санды түрде енгізілген.
Жұмыстық пен көмекші түйіндерінің қозғалыстары алдын ала бекітілген барлық станок-автоматтарды бағдарламамен жүмыс жасайды деп айтуға болады. Мұндай станоктарда бағдарлама тасығыш ретінде станок жүмысының циклын - бірқатар станок түйіндері мен дайындаманы автоматты алмастыру құрылғыларының қозғалысын (шамасы және бағыты бойынша), сондай-ақ жұмыстық берістің жылдамдығы мен күшін анықтайтын кинематикалық бөлшектер: жұдырықшалар, мальталық айқыштар, көшіргілер, тіректер, т.б. кинематикалық элементтер пайдаланылады.
Өңдеу циклы деп жүмыстық органдардың әрбір дайындаманы өңдеу кезінде қайталанатын қозғалыстарының жиынтығын айтады. Циклды автоматтандырудың (10.1-сурет) қарапайым мысалы ретінде жұдырықша (3) мен соңғы ажыратқышты (4) келтіруге болады, олар электрқозғалтқыш (1) тізбегін ажыратып, суппорттың (2) қозғалуын тоқтатады. Станок-автоматтардың кемшілігі - бөлшектерді жасау және осы бөлшектерді станокты жаңа бұйымды өңдеуге қайта реттеу кезінде алмастыру еңбексыйымдылығының жоғарылығы, олардың айтарлықтай тозуы.

1 – Сурет – Автоматтандырылган цикл сулбасы:
1 - электрцозгалтқыиі; 2 — суппорт; 3 - жудырықша; 4 — соңгы ажыратңыш
СББ станоктар механикалық элементтері алмастырылмай немесе орны ауыстырылмай-ақ тез реттеледі. Станокқа енгізілген ақпаратты өзгертсе болғаны, ол басқа бағдарламамен жұмыс істейді, яғни басқа дайындаманы (бөлшекті) өңдей бастайды. Бұл СББ станоктардың жоғары әмбебаптығын анықтайды. СББ станоктарды басқа бөлшекті жасау үшін тез реттелу қажет болғанда пайдаланған ыңғайлы, өйткені кәдімгі станоктарда аталған бөлшекті жасауға арнайы қүрылғыларды қолдануға тура келеді.
Басқарушы бағдарлама (ББ) - аспап, станоктың жұмыстық органдары және дайындама қозғалысының траекториясы көрсетілген нақты бөлшектің маршруттық-операциялық технологиясының электрондық – есептеуіш машинасынан (ЭЕМ) берілген немесе кодталған сандық түрде бағдарлама тасығышқа жазылған бағдарламасы. Станокты қолмен басқарғанда, жұмысшы бөлшек сызбасын зерделеу негізінде өңдеудің бағдарламасын береді. Ол түрліше беттерді өңдеу кезіндегі әрекеттер ретін, жұмыстық жүріс санын, қажет аспапты, кесу режимін, т.б. белгілейді.
СББ станоктарда бөлшектерді механикалық өңдеу операцияларын белгілеу қолмен басқарылатын станоктар ережелерімен жүргізіледі, бірақ СББ станоктарының ерекшеліктері есепке алынады.
Сандық бағдарламамен басқарылатын жүйелер (СББЖ). Сандық бағдарламамен басқарылатын жүйе (СББЖ) - станоктарды сандық бағдарламамен басқаруды жүргізетін арнайы қүрылғылардың, әдістер және құралдардың жиынтығы. СББ құрылғысы (СББҚ) - СББЖ-імен біртұтас етіп жасалған бір бөлігі.
Халықаралық практикада келесі белгілеулер қабылданған: NC - СББ; HNC - оператор бағдарламаны клавиша, ауыстырып-қосқыш көмегімен пульт арқылы беретін СББ қүрылғысының бір түрі; SNC - бүкіл басқарушы бағдарламаны сақтайтын жадысы бар СББ құрылғысы; CNC - құрамында мини-ЭЕМ немесе процессор бар СББ дербес станокты басқару; DNC - станоктар тобын жалпы ЭЕМ-нан басқару.
СББЖ-інің ерекшелігі ретінде аспап қозғалысының траекториясы, кесу жылдамдығы, беріс және басқа да технологиялық командалар туралы ақпарат белгіленген тізбекпен кодталған сандар түрінде берілуін атап өтуге болады. Аталған ақпарат станоктың атқарушы органдарының қозғалысын бағдарлама түрінде беруге қажет.
СББЖ-сінің атқаратын қызметін негізгі және қосымша деп бөледі. СББЖ-інің негізгі қызметі станок берісінің жетегін берілген багдарлама бойынша басқару болып табылады, ал қосымша қызметі шпиндель айналысының жиілігін, аспап түрін, т.б. өзгертуді қарастырады.
СББ станоктарының шпинделін өте дәл, қатаң, мойындарының тозуға бекемділігін аса жоғары етіп жасайды. Шпиндельге аспапты автоматты қысу және ажырату қүрылғылары, бейімдік басқару, автоматты диагностикалау сезгілері қосымша бекітілетіндіктен, оның конструкциясы күрделене түседі.
Позициялау жетегі (станоктың жұмыстық органын бағдарламаға сәйкес қажетті позицияға жылжыту) төмен жылдамдықтарда орын ауыстырудың жатықтығын, жүмыстық органдардың қосалқы орын ауыстыруларының жоғары жылдамдықгарын (10 м/мин және одан да жоғары) қамтамасыз етуі жөне оның қатаңдығы аса жоғары болуға тиіс.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет