31.Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мәдениеті



бет1/11
Дата07.02.2022
өлшемі34,67 Kb.
#96221
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҚҚТ 2РК


31.Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мәдениеті.
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үкіметі тұңғыш рет идеологиялық өктемдіктен бас тартатынын, мәдени-шығармашылық бостандықты жариялап, оны қорғау, өнерге қол жеткізуге көмектесетін жағдайлар туғызу, жариялылықты қамтамасыз ету және шығармашылық қызметкерлерінің жұмысын халыққа жария ету жөнінде міндеттемелер алды. Міне, осының нәтижесінде экономикалық қиындықтарға қарамастан, республикада мәдениеттің басты ошағы болып саналатын мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Ақтөбеде драма театры, Ақмолада музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет институты және қазақ драма театры, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мәселелері бойынша Ғылыми орталық ашылды. Өнердегі менеджменттің тиімді үлгісінің өмірге көлген жайттары орын алды. Мәселен, Айман Мұсаходжаева "Солистер академиясы" оркестрін ұйымдастырып, бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде ұтымды жүмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нүрпейісов "пен-клубын" ашты. Осының бәрі өнер саласындагы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу үшін сауатты нысандар тауып жатқанын көрсетеді. Соңгы жылдары Президент Н. Ә. Назарбаевтың шығармашылық жастармен кездесуі дәстүрге айналды. Мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған Елбасының стипендиясы тағайындалды. Ол жыл сайын беріліп тұрады.
Еліміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40-тан астам ұлттық мәдени орталықтар мен Қазақстан халықтарының біріккен Ассамблеясы бірсыпыра жұмыстар жүргізуде. Нарықтық экономика талаптарына бейімделе отырып, 1996 жылы 22 жекеменшік киностудия мен 12 жекеменшік галерея мемлекеттің жәрдемінсіз жұмыс істеді. Соңғы кезде көптеген мәдени шаралар мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз жүргізілуде. Республика мәдениет саясатын нақты жүзеге асыруда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын ролі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажетті кадрларды дайындау ісі республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар шығармашылық жас таланттарды тәрбиелеп өсіруде жазушылар, композиторлар, суретшілер, театр және кино өнері тағы басқа шығармашылық одақтардың алатын орны ерекше. Олар тек мемлекет идеологиясын жүзеге асыру қызметімен шектелмей, шығармашылыл жастардың өсіп-жетілуіне зор ықпал ететін шараларды іске асырып отыр. Қазақстан мәдениетінің дамып-жетілуіне соңғы кездерде өткізіліп жүрген республикалық және халықаралық конкурс-фестивальдің маңызы өте зор. Атап айтқанда, "Азия дауысы", "Жас қанат", "Дәстүрлер жүлдесі", "Шығыс маусымы", "Үкілі домбыра", "Жігіттің сұлтаны", "Ермек Серкебаев шақырады" классикалық музыка фестивалі, мемлекеттік "Қазақкино" компаниясының бастауымен шетелдік кино күндерін өткізу дәстүрге айналды. Соңғы жылдары еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент H. Ә. Назарбаевтың 2000 жылды - Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталғатқарылды. 727 мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Оның қатарында 468 кітапхана, 239 клуб, 5 жаңа театр мен 5 мұражай бар. Театрлар Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде және Түркістан қаласында ашылды. Корей музыкалық комедия театры, республикалық неміс драма театры, Н. Сац атындағы орыс академиялық балалар және жасөспірімдер театры жеке ғимараттарға көшті. Мәдениетті қолдау жылы аясында барлығы 2368 мәдени объекті: 1449 кітапхана, 681 клуб үйі, 49 мұражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония ғимараттары жөндеуден өтті. Мәдениетті қолдау жылының шын мәніндегі шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бұл үлкен тойды өткізу барысында Қазақстан мемлекеті Күлтөбе, Отырар сияқты қалалардың, Қожа Ахмет Иассауидің кесенесін, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдеиет қорығын және тағы да басқа нысандарды қайтадан жаңғыртты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет