31.Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мәдениеті


Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі



бет4/11
Дата07.02.2022
өлшемі34,67 Kb.
#96221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҚҚТ 2РК

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:
1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;
2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;
3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;
4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.
Партияларды таптық негізде жіктеу: жүмысшылар, шаруалар, буржуазиялық. Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі.
Партиялық жүйе - азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі.
Партиялық жүйе партиялардың ресми санымен емес, олардың қаншалықты дәрежеде саяси биліктің қызмет етуі және құрылуы тетігіндегі шынайы атқаратын рөліне байланысты анықталады. Партиялық жүйенің қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді: қоғамдағы экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік- таптық күштердің арақатынасы, қоғамдық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі, халықтың этникалық қүрамы, тарихи және діни дәстүрлер. Демократиялық саяси тәртіпке саяси партиялардың қызметі ресми шектелмеген көппартиялық жүйе тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет