Алматы қаласы білім басқармасы


Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)



бет22/156
Дата16.05.2022
өлшемі1,3 Mb.
#143472
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   156
Байланысты:
металдар-технологиясы-Дауенова-Г.О-УМКД

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 10 мин(10%)
Бекітілген тақырып бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап беру
13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)
Оқушылардың білімін бағалау.
14. Үйге тапсырма беру. 2 мин(2%)
О. Сыздықов,Б.Оразбаев Конструкциялық материалдар технологиясы


Оқытушы: Дауенова Г.О.


Металлдың қаттылығын Бриннел және Роквелл әдістері бойынша анықтау
1 Жұмыстың мақсаты: Қаттылықты өлшейтін құрал-жабдықтың құрылымымен, жұмыс істеу тәртібімен танысу, әртүрлі ентаңбалары бар болттардан жасалған үлгілердің қаттылығын өлшеу.
2 Құрал жабдықтар мен материалдар: Бринель және Роквелл әдістерімен қаттылығын өлшеу құралдары, құрамда әртүрлі көміртегі болатын үлгілер.
3 Теориялық бөлім: Қаттылықты анықтау үшін үлгінің беткі қабаттарына сыртқы күштердің әсерін түсіру қажет, оларды сынақ кезінде үлгінің беткі қабатына жеткізу үшін, конус немесе пирамида тәрізді тетікбөлшектің ұшы немесе аз түрөзгеретін шарик пайдаланылады.
Қаттылықты анықтайтын көптеген әдістер бар: олар ұштық әсер сипаттамасымен ажыратылады. Қаттылықтың өлшенуі ұштықтың батырылумен, беттің тырнауымен немесе шарик ұштықтың соғылуымен және секіруімен орындалады.
Батыру әдісімен қаттылықты өлшеу кең таралған. Бұл мыналарға байланысты: біріншіден, осы әдіспен анықталған қаттылық өлшемін пайдаланып металдардың беріктік шегін анықтауға болады (жез, дюралюминиий, жасытылған болат). Екіншіден, орындау техникасы бойынша шағын қаттылықты, беріктікті, майысуды, тұтқырлықты анықтағанға қарағанда қаттылықты өлшеу техникасы салыстырмалы оңай. Үшіншіден, қаттылықты өлшегенде тексерілген тетік қирамайды және төртіншіден, қаттылықты аздаған өлшемді және қалың емес тетіктерде, сонымен қатар металдың өте жұқа қабатында өлшеуге болады.
Қаттылықтың мәні металдың құрылымына және оның химиялық құрамына тәуелді. Осыған байланысты қаттылықты өлшеу – болаттардың қасиеттерін және жылумен өңдеу сапасын бағалау үшін өндірісте кең қолданылады.
Қаттылықты анықтауда басудың екі әдісі бар: қаттылықты өлшеу және шағын қаттылықты өлшеу.
3.1 Болаттан жасалған шарикті басу әдіс арқылы қаттылықты анықтау (Бринель әдісі бойынша)
немесе 
P – түсірілген күш, H, D – шардың диаметрі, мм, d – таңба диаметрі, мм, h – идентордың ену тереңдігі
Берілген өлшеулер бойынша НВ анықтау неғұрлым оңай және сенімді. Таңбаның диаметрі арнайы өлшегіш микроскоптармен өлшенеді (24 есе үлкейтілген). НВ-ның көлемі алдын ала есептелген таңбаның диаметрі d мен жүктеменің Р әртүрлі көрсеткіштері үшін арнайы кестелер бар.
Қаттылықты осы әдіспен анықтау үшін, диаметрі 10:5:2,5 болаттан жасалған шаралар қолданылады.
Бринель әдісінде шарлардың түрөзгертуінің арқасында болатын қателерден сақтану үшін, әдетте қаттылығы 450/мм-ден көп болмайтын металдар қолданылады.

2.1-сурет. Шарды басқан кездегі қаттылықты анықтау.
Сынақтың нәтижесін салыстыру үшін стандарттың тізімде жүктеме шарттары 2.1 – кестеде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет