III.Зерттеу бөлімі
3.1 «Алтын пропорция» ілімі
«Алтын пропорция (қима)» терминің ежелгі грекиялық философ және математик Пифагор енгізді.
Тарихи деректер бойынша, Пифагор «Алтын қима» ұғымын ежелгі мысырлықтаң және вавилоняниндардаң алған еді. Расымен де, Хеопс пирамидасының пропорциялары, тұрмыстың және сәннің пәнінің заттары Тутанхамон күмбезінен аңықталды, не мыср шеберлері «Алтын қима» ара қатынасымен қолданылған.
‘‘Алтын қима’’ ілімі
Қазакстан Республикасының сәулетіндегі «Алтын пропорция»
Триумфал қақпасы
Бұл ғажайып ғимарат 2011 жылы Қазақстан Республикасының тәулсіздігіне құрылды.Сәулеттік конструкцияның биіктігі 20 м тең, бұл Республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жылдығын білдіреді . Осы биіктік доминант айқындамада болу және барлық даңғылдарды көруге мүмкіндік береді. Төменгі бөлігінде 4,4 метр биіктікпен көлемді мүсіндер орналасқан.
Қазақстан Республикасының астанасының ғажайыптарының бірі, Бейбітшілік пен Ынтымақ Сарайы «Алтын пропорция» әдісі арқылы құрылған.
Хейрулла қожаның мешіті
Қазақ халқының ұлттық аспабы- домбыра
Домбыра- ата-бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнай білу –кез-келген адмамның арманы, әрбір баланың арманы. Қазақтың домбырасының үнін тыңдау - әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену дегенді танытады.Осы аспап жайлы ңгіме қозғала қалса, көңілде қазақи тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады. Домбыраның жасалуы “Алтын пропорцияға” сәйкес келеді.
Оқушылар іс жүзінде кездесетін есептерді шеше білулері тиіс, ал мұғалім ол үшін осы заманғы ғылыми білімді математикаландыру жетістіктерін сабақта пайдаланып отыру керек. Себебі математикада оқытылатын теңдеулер, теңсіздіктер, олардың жүйелері, функциялар әртүрлі процестердің математикалық моделі болып табылатыны анық. Сонымен қатар модель жасауда әртүрлі математикалық объектілер: сандық таблицалар, әріпті формулалар, қатарлар, геометриялық фигуралар, әртүрлі схемалар, Венн диаграммалары, графтар және т.б. қолданылады. Математиканы өмірмен байланысты оқыту- оқушылардың терминдерді, сандардың қасиеттерін еске түсіру арқылы суреттеу, шапшаң есептеу, график пен кестеден мәліметті алу, математикалық объектілерді тану қабілеттері дамиды. Есептерді шешудің тәсілін таңдап, математикалық ақпаратты анықтап, модельдеу,тізбек тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу қабілеттері қалыптасады. Қазіргі тез құбылмалы әлемде математикалық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.Математика есептерін адамның жеке өміріне, кәсібіне , қоғамдық әлеуметтік саласына және ғылымға бағытталған есептер деп бірнеше бөлімдермен байланысты жіктеп оқытуға болады. Мектептен бастап математиканың өмірдегі маңызын түсінген адам өзінің ой өрісі мен зеректігін дамытып, мақсатына жету үшін табанды болуға ерік-жігерін тәрбиелей алады. Сондықтан да кәсіпкерге де, мұғалімге де, дәрігерге де, артиске де, құрылысшығажәне суретшіге де және т.б. мамандықтар иелеріне математика қажет. Математиканы өмірмен байланыстыра оқыту оқушылардың алған білімдерін талдап ,түсініп қолдануына мүмкіндік береді.Мектепте мазмұнды есептің шарты бойынша құрылған теңдеу әдетте оның алгебралық моделі болып табылады. Геометриялық есептегі фигураның берілген және белгісіз мәндеріне сүйеніп салынған суреті, геометриялық моделі болып табылады. Оқушылардың ой-өрісін дамытуда тапсырмаларды бергенде өмірмен байланыс заңдылықтарын да қарастырып беруді көздеймін. «Сандар әлеміне саяхат», «Белгісіздер елінде» ,«Амалдар елінде» «Математикалық сиқыр» , «Логика әлемінде» жаңа ұғым «Кесте құру арқылы шығармашылық есептер», «Математикалық сызба» т .с.с Бүгінгі ұрпаққа сапалы,тиянақты білім,саналы тәрбие беріп қана қоймай дұрыс мамандыққатаңдау жасай алуы осы базалық білім берудің сапасына байланысты болмақ деп ой түйіндеймін.Математика барлық ғылымдар патшасы деп тегін айтылмаған.Сондықтан ақыл ой гимнастикасы математиканың қыр –сырын ұғындырып ,баулу біздің басты міндетіміз деп білемін. Елбасымыз айтқандай «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет » демекші, жастарды баулып дамыту міндеті ең бірінші бағытым деп түсінемін. Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы рухани жаңғыру – әлеуметтік, педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мамандарды даярлау. Білім мазмұнын жаңарту, ұлттық модельде жұмыс жасаудағы математикалық бағыттағы жұмысымды одан әрі жетілдіруге сенімім мол.
Достарыңызбен бөлісу: |