Зерттеу жұмысының нәтижесі: пропорцияның өмірде қолданысын көрсететін есептер құрастырдым.
I.КІРІСПЕ
Еліміздің ертеңі білімді азамттың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
“Жемісті, жақсы иісті бәйшешек,
Аралайық пайдасын көрем десек.
Ұғымдағы милы жастың ойын қозғап,
Үйретер талай тәлім, талай есеп “ – деп Шәкәрім атамыз айтқандай математика нақты ғылым болғандықтан ол барлық ғылымдармен байланысты. Сондықтан «математика біздің өмірімізге қалай әсер етеді?» деген сұрақ туындап, сол арқылы зерттеу жұмысын бастадым. Яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтыны туралы, оны қалай оқып білу керектігі, оқушылардың қызығушылығын қалай арттыруға болатындылығыжайлы мәліметтер жинадым. Математика ғылымы өмірмен байланысты қиын және өте қызық пән екендігімен ерекше. Әр түрлі әдіс-тәсілдермен әрі өмірмен байланыстыра өтілген әр сабақ оқушы санасына қонымды, әрі кейінгі өміріне азық болары сөзсіз.Мақсатқа жетудің әрқашан бірнеше жолы болады, бірақ тек бір жолды - ең жақсысын, ең сәттісін, ең оңтайлысын таңдай білген жөн. Бұл жағдайдағы қиындық - «ең жақсы», «жақсы», «сәтті» түсініктер бір мағыналы емес және олар мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттерге байланысты. Мысалға, бір жағдайда «ең жақсы» өлшем процесті жүргізу жылдамдығы болуы мүмкін, екіншісінде -оның бағасы, үшіншісінде - алынатын сенім сапасы, ал жалпы алғанда осы параметрлер тегіс бір уақытта критерий қызметін атқарады.Қайда болмасын сандармен кездесеміз. Мысалы: сабақ кестесінде, асханада, дүкенде, аялдамада….т.б. Дүкенге барғанда мен ойша қанша жұмсағанымды және дүкеншінің маған қайтаратынын есептеп тұрамын. Математика біздің өмірімізді тәртіпке келтіреді. «Математика барлық ғылымдар патшасы» деп Гаусс айтқандай математиканы да адамды сүйгендей сүйіп, адамды түсінгендей түсінген абзал. Бұл ғылым өте терең біліктер мен үлкен ізденушілікті талап етеді. Бірақ бұл ғылым өзінің қызығушылығымен қызықтыра түсетін жұмбақ тәрізді. Математика- барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика – оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Математика пәнін оқи отырып, оқушылар өздерінің теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады.
Адам өмірінде пропорция ұғымы күнде кездеседі. Менің жобамның мақсаты пропорцияның қалай пайда болғанын және адам өміріндегі манызың анықтау.