І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу;
ә) «Кездейсоқ топ» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлу; Топ ережесімен таныстыру.
І-топ: «Жапандағы жалғыз нар», ІІ-топ: «Қараша үй», ІІІ-топ: «Күй құдіреті» а) «Ашық микрофон» әдісі бойынша психологиялық жағымды ахуал туғызу және сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;
«Құрастыр және талда» әдісі арқылы өткен тақырып пен үйге берілген тапсырманы жаңа сабақ тақырыбымен байланыстыру мақсатында оқушыларға 1-тапсырма беріледі.толық емес суретті ұсыну, сол берілген суретті құрастырған топ сурет артында жасырылған сұрақты ұжымдық талқылауға салады..
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
«Түсін және талда» әдісі арқылы оқушыларға жаңа тақырып Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі бойынша кейіпкерлер бейнесі туралы ақпарат беру.
Оқушылардың үйге берілген жазылым тапсырмасы сабақ барысында жұмыс дәптерлерінен тексеріледі.
1-топқа берілетін сурет:
1-топ сұрағы: «Күй аңызы» әңгімесінің авторы туралы толық ақпарат беріңіздер.
2-топқа берілетін сурет:
2-топ сұрағы: Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі қай жылы оқырманға жол тартты ?
3-топқа берілетін сурет
3-топ сұрағы: «Күй аңызы» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы туралы баяндаңыздар.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша берілетін білім бойынша ақпарат алады.