«алматы-dance» би мектебінің бизнес жоспары Мазмұны



бет3/4
Дата24.08.2020
өлшемі210,87 Kb.
#76702
1   2   3   4
Байланысты:
Бизнес жоспар 3
Бизнес жоспар 3
Маркетинг жоспары

         Бәсекелес ортаны қарастырмастан бұрын тұтыну нарығының жағдайына тоқталу керек.

Алдағы жылдары демалыс қызметтеріне соның ішінде би мектептерінің қызметтеріне деген сұраныс ұлғаймақ.

Казіргі таңда арнайы яғни эксклюзивті билерді үйрететін би мектептері танымал болуда. Бірақ Алматы қаласы бойынша би мектептеріндегі бағалар жоғары, қарапайым тұтынушылар үшін қолжетімді емес болып тұр.



2015 ж Алматы қаласы бойынша спорт және демалыс ұйымдарының көрсеткен  қызметтері  16 млрд. теңгені құрап отыр. (1-ші сурет қара)

Алматы қаласы бойынша 2015 жылы спорт және демалыс қызметін ұйымдастырудың құрылымында би және балет  мектептері қызметінің   үлес салмағы  0,8% пайызын құрады.  Бұл Алматы қаласындағы спорт және демалыс қызметін ұыймдастыруда би мектептерінің әліде болса да жеткілікті деңгейде дамымағанын және игерілмендігін көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен азаматтар арасында би мектептері мен олардың қызыметі туралы дұрыс ой-пікір қалыптастыру шараларды жүргізуді талап етіп отыр.  Ол үшін нақты іс- шараларды жүргізуді қажет етеді. Атап айтқанда:

—  мектеп, балабақша, университет және өзгеде оқу орындарында би үйрету мектебінің қызметін  жарнамалау;

—  буклет, брошюра қағаздарын басу арқылы жарнамалау;

 арнайы журналдар мен газеттер, сайттарда  жарнамалау.

Негізі қандайда бір қызмет пен  кәсіпті  жарнамалау арқылы істі алға қарай  жылжытудың негізгі жолы болып  табылады. Қосымша жарнамалау ретінде би кештері мен би жарыстарын  өткізуге болады. Осындай іс шаралар қатысушыларды ынталандырады.

Бүгінгі күні Алматы қаласында 200 астам би мектептері мен студиялар бар. Алматы қаласының тұрғындарының саны 1,5 миллионнан астам, және бұл көрсеткіш күнен күнге өсуде екенін ескерсек би үйрету мектептері қызметіне сұраныс ұлғайатыны сөзсіз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет