Жобаны іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері
Жобаны іске асырылуы несие алған соң басталады. Аяқталу мерзімі 12 ай. Жобаның іске асыруылуы 1-ші кестеде сипатталған.
Жоба кезеңдері
1 кесте.
Жоба кезеңі
|
Орындалу шарттары
|
Орындалу мерзімдері
|
Жобаның бастаулуы
|
|
Бірінші ай
|
Кәсіпорынның тіркелуі
(Жеке кәсіпкерлік)
|
Қажетті құжаттардың болуы
|
Бірінші ай
|
Несие алу
|
Қажетті құжаттардың болуы
|
Бірінші ай
|
Кәсіпорынға қажетті орынды (ғимарат) іздестіру
|
Ғимарат ішіндегі орында жалға алу туралы келісім-шарт жасасу
|
Бірінші ай
|
Қажетті құрал жабдықтарды сатып алу
|
|
Бірінші ай
|
Қызметкерлерді жалдау
|
Жұмысқа алу туралы келісім-шарт жасасу
|
Бірінші ай
|
Маркетингктік іс-шараларды өткізу
|
360 күн
|
Жыл ішінде
|
Обьектінің сипаттамасы
Би мектептері биге қызығушылық танытып би үйренем деушілерге би үйрету. Сондықтанда бұл қызметті тұтынушылар:
Өзінің дене-тәнін жақсы формада ұстап, би үйренгісі келетін адамдар;
Казіргі заман талабына сай әдемі билеу мен әсерлі қимылдарды үйренгісі келетін адамдар;
Достары мен жастар арасында өзін еркін әрі жақсы сезінгісі келетін адамдар.
Казіргі таңда би билеу барлық жастар арасында танымал. Мысалы, балалар би арқылы дене икемділігін дамытады және денсаулығын жақсартады, ал үлкендер болса биді спорттың балама түрі ретінде пайдаланады, зейнеткерлер мен қарт адамдарға таныстық ортасын кеңейтіп, бос уақытын қызықты өткізуге мүмкіндігін береді.
Әлем тарихында 100 ден аса бидің түрлері бар. Қазіргі таңда келесі билердің түрлері үйретілуде. Соның ішіндегі танымалы:
Классикалық би түрін үйрену: Классикалық вальс, вендік вальс, кадрил, квикстеп, мазурка, менует, чарльстон, ча-ча-ча.
Латынамерикандың билер: Аргентиндік танго би, болеро, румба, сальса, самба;
Шығыс би: «танец живота» (belly dance);
Заманауи би: брейк, hip-hop, r’n’b, new style, club-dance, house, girls style, L. A. Style, break-dance.
Би мектебін ұйымдастыру жоспары 353 592 теңге сомма көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр.
Би мектебін ұйымдастыру үшін 80-100 шаршы метр көлемінде орынды жалдауды қажет етеді.
Биді сапалы үйрету мақсатында топтар 5-6 би үйренушілерден тұрады.
Бір би үйрену сабағынығ ұзақтығы 90 минут.
Айлық абонемент айына 12 би сабағынан тұрады (аптасына 3 рет).
Би сабағы күні бойы өткізіледі. Жас өспірім балалар тобы түске дейін, үлкендерге түстен кейін өтеді. Сондай ақ би үйретуді жекеше өткізудіде жоспарлануда.
Бизнес ретінде би мектептері қысқа мерзімде өзін-өзі ақтау мүмкіндігі бар.
Би мектебін жайлы (спальный ) аудандарда ашуды жоспарланып отыр. Бұның себебі, би мектебінің адамдардың үйлерінен алыс емес жерде орналасуы клиенттердің көптеп келуін қамтамасыз етеді. Яғни адамдар жолға кететін шығындары мен уақытын үнемдей алады. Көптеген адамдар үшін би мектебінің үйден екі қадам жерде жақын орналасуы, оларды сабақтан соң немесе жұмыс уақытынан кейін және үйде отырған қарапайым үй шаруасындағы адамдарға тартымды фактор болып табылады. Аэробикалық және би жаттығулары фитнес пен өзгеде спорт түрлерін алмастыра алады. Әрбір қыз баланың немесе әйел адамның кез келген шағындағы негізгі мәселесі әдемі әрі тартымды болу. Ал би денедегі артық салмақтан айырылуға жақсы көмектеседі.
Би мектебін ашу үшін орынды (би залын) іздестіру барысында, жалға алатын бөлменің жағдайына, оның таза ауамен желдетілу (вентиляция) мүмкіндіктерінің болуына аса көңіл бөлінуі керек.
Би үйретушілердің кадрлық құрамы — Алматы қаласының хореографикалық колледждер мене академия студенттері арасынан іріктеліп алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |