Алматы экономика және статистика академиясы


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет7/11
Дата21.04.2017
өлшемі2,21 Mb.
#14358
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Шоғырландырылған қаржылық есеп беру дегеніміз не?



2. Негізгі серіктестіктің және оның сабақтас серіктестестерінің қаржылық есеп беруі қандай?

3. Есеп берудің түрлері қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Митюгина Г.Д «Оплата труда: удержания, вычеты, начисления;/ Библиотека бухгалтера и предпринимателя, №7(132) июль 2001 г;

  3. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп, А., Экономика. 2001ж-400б. ;

  4. Баканов М.И., Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа», М., «Финансы и статистика», 1998 г.

  5. Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.

  6. Палий В.Ф., Соколов Я.В., “Бухгалтерлік есеп теориясы”, М Финансы и статистика 1998ж.



Тақырып 4. Шаруашылық серіктестіктеріне тәуелді ивестициялардың есебі.


  1. Шаруашылық серіктестіктеріне тәуелді ивестициялардың есебінің мақсаты.

  2. Шоғырландырылған қаржылық есеп.

  3. Жекелеген қаржылық есеп.

  4. Үлестік қатысу әдісі.

  5. Құндық әдісі..

1. Шаруашылық серіктестіктеріне тәуелді ивестициялардың есебінің мақсаты.

Тәуелді шаруашылық серіктестіктері - бұл, инвестордың айтарлықтай ықпалында болатын және оның шаруашылық серіктестігімен де, бірге бақылау жасайтын занды тұлғасымен де еншілес болып табылмайды. Маңызды ықпалы - инвестицияланатын субьектінің қаржы және басқа саясаты бойынша, оның бақылауынсыз мүмкін емес, шешім қабылдауға қатысу құқы.

Бақылау - инвестицияланатын субьектінің оның қызметінен пайда түсіру мақсатымен қаржы және басқа саясатын айқындау құқы.

Шаруашылық серіктестіктермен еншілес - бұл, басқа (негізгі) серіктестіктердің бақылауында болатын серіктестік.

Үлестік қатысу әдісі - инвестициялар сатып алу кезіңце олардың құнын инвестордың тәуелді шаруашылық серіктестіктерінщ таза активтеріндегі өзгерістерді мойындау үлестік мүмкіндігі бойынша олардың бағасын сатып алу бағасы бойынша одан ары арттырып (кемітіп) көрсететін есептеу әдісі. Инвестордың таза пайдадағы үлесін тәуелді шаруашылық серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметтерінің нәтижелері туралы есебінде табыс (шығыс) ретінде мойындалады.

Бағалау әдісі - инвестицияны сатып алу кезінде сатып алу бағасы бойынша көрсетілетін есептеу әдісі. Инвестициядан түсетін түсім инвестордың қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есебінде, сатып алу күнінен кейін пайда болған тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табыстан жинақталған жалпы қаржысының тиісті дивидентгері мөлшерінде мойындалады.

2. Шоғырландырылған қаржылық есеп.



Инвестициялар тәуелді шаруашылық серіктестіктерінде үлестік қатысу әдісі бойынша шоғырландырылған қаржылық есептемеде ескеріледі, мына жағдайлардан басқа, егер:

  1. инвестициялар таяу арада оны сату мақсатымен алынса;

  1. тәуелді шаруашылық серіктестіктері оның қаржыяарын инвесторга беру қабілетін айтарлықтай төмендететін, ұзақмерзімді қатаң шектеу жаедайында әрекет етсе.

Тәуелді шаруашылық серіктестіктері одан ары тәуелді шаруашылық серіктестігі анықтамасына сәйкес келмейтін куннен бастап, инвестициялар есептеме саясатының бухгалтерлік есептеме стандарттың 8 «Қаржы инвестициялары» есептемесіне сәйкес ұзақ мерзімді инвестициялық есептеме бойынша есепке алынады.
3.Жекелеген қаржылық есеп.

Жеке қаржылық есептеме жасаған инвестор өздерінің тәуелді шаруашылық серіктестіктері туралы шоғырланған қаржылық есептеме жасау кезіндегі мәліметті де көрсетуі керек.

Инвестордың жеке қаржылық есебіне енгізілген, шоғырланған қаржылық есепті құрамайтын тоуелді шаруашылық инвестицияларда мыналар ескеріледі:

1) үлестік қатысу әдісі, не болмаса құндық әдіс (құндық әдіспен, тәуелді шаруашылық серіктестіктері ұзақ мерзімді қотаң шектеу жағдайында әрекет ететін тәуелді шаруашылық серіктестіктері немесе таяу арада сату мақсатымен алынған инвестиңиялар).

2)сатып алу қуны бойынша немесе қунын қайта багалау есебі бойынша немесе ұзақ мерзімді инвестицияларды (Қараңыз: БЕС 8 «Қаржы салымдарының есептемесін») есептеу бойынша қабылданеан есептеу саясатына сәйкес сатып алу және агымдағы багалардың ең аз көрсеткіші бойынша қайта багаланады.
4.Үлестік қатысу әдісі.

Үлестік қатысу әдісін қолдану кезінде инвестицияның тепе-теңдік құны тәуелді шаруашылық серіктестігі инвесторының таза табыс (шығын) күйіндегі үлесін мойындау бөлігінде артады және табыс (шығын) ретінде танылады.

Тоуелді шаруашылық серіктестіктерінің жинақталған таза табысының жалпы сомасының тиісті дивиденттері инвестициялардың тепе-теңдік құнын кемітеді.

Тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің ақгивтерін қайта бағалауға байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестицияның тепе-тендік құнын арттырады (кемітеді) жөне жеке капитал бөлігінде көрініс табады.

Егер инвестордың үлесі тәуелді шаруашылық серіктестігінің шығынында инвестицияның тепе-теңдік құны тең болып немесе асып түссе, мұндай шығындарды одан ары есептеу жүргізілмейді. Инвестициялар нөлдік құн бойынша көрсетіледі

Инвестор тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза
пайдасында өзінің үлестік қатысуымен көрініс табуын, 16 тармаққа сәйкес есепке алынбаған таза пайда үлесі таза шығын үлесіне тең болғанда қайта жүзеге асыра алады.

5. Құндық әдісі.

Құңдық әдісті қолдану кезінде инвестор инвестицияларды сатып алу құны бойынша көрсетеді. Инвестициялардан түсетін түсімдер инвестордың қаржы-шаруашылық қызметтерінің нәтижелері туралы есебінде тәуелді шаруашылық серіктестігінің сатып алынған күннен кейін пайда болып, жинақталған таза табыстың жалпы сомасынның тиісті дивидентгері көрсетіледі.

Инвестицияның тепе-теңдік құнының үнемі төмендеуі бухгалтерлік есеп стандартының 8 «Қаржылық инвестицияларды есептеуге» сәйкес әр инвестиция бойынша жеке көрсетіледі.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Тәуелді шаруашылық серіктестіктері дегеніміз не?

  2. Шаруашылық серіктестіктермен еншілес дегеніміз не?

  3. Бағалау әдісі қандай?

  4. Үлестік қатысу әдісі қолдану әдісі?

  5. Құңдық әдісті қолдану қандай болып келеді?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Митюгина Г.Д «Оплата труда: удержания, вычеты, начисления;/ Библиотека бухгалтера и предпринимателя, №7(132) июль 2001 г;

  3. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп, А., Экономика. 2001ж-400б. ;

  4. Баканов М.И., Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа», М., «Финансы и статистика», 1998 г.

  5. Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.

  6. Палий В.Ф., Соколов Я.В., “Бухгалтерлік есеп теориясы”, М Финансы и статистика 1998ж.



Тақырып 5. Тәуелді шаруашылық серіктестігіне енгізілетін қаржының (инвестиция) есебі.
1.Тәуелді шаруашылық серіктестігіне енгізілетін қаржының (инвестиция) есебінің. пайда болуы.

2.Топтастырылып нығайтылған (Консолидация) қаржылық есеп.

3. Жекелей қаржылық есеп.

4.Үлестік қатысу тәсілі.

5.Баға тәсілі.

1. Тәуелді шаруашылық серіктестігіне енгізілетін қаржының (инвестиция) есебінің. пайда болуы.

Тәуелді шаруашылық серіктігі дегеніміз - қаржы иелерінің (инвестордың) тікелей шаруашылық қарамағына жатпайтын және занды тұлғамен қоса бақыланбайтын, бірақ оның (инвестордың) ықпалына едәуір дәрежеде тәуелді серіктік.

Қазақстан Республикасының заң ақтілеріне сәйкес ша-руашылық серіктіктігі егер басқа бір заңды тұлға (басым үстемдігі немесе катысы бар) оның дауыс хүқығындағы акцияларының жиырма проценттен астамына ие болған жағдайда, ол тәуелді серіктік деп аталады.

Едәуір дәрежеде ықпал жасау дегеніміз - қаржы енгізілген субьектке бақылау жүргізе алмағанымен оның қаржылық, немесе басқалай саясаты турасында шешім қабылдауға қатысу хүқына ие болу.

Егер қаржы иегері (инвестор) өзіне қарасты шаруашылық серіктіктері арқылы тікелей немесе жанама түрде субьекттің дауыс құқығындағы акцияларының жиырма проценттен астамына ие болған жағдайда ол едәуір дәре-жеде ықпал жасаушы болып табылады.

Егер қаржы иегері (инвестор) өзіне қарасты шаруашы-лық серіктіктері арқылы тікелей немесе жанама түрде субьекттің дауыс хүқығындағы акцияларының жиырма проценттен азына ие болған жағдайда ол едәуір дәрежеде ықпал жасаушы бола алмайды.



Едәуір дәрежеде ықпал жасай алмайтын инвестициялар бухгалтерлік есепте «Енгізілген қаржының (инвестициялардың) есеп-қисабы» аталатын БЕС-8 формасына жатқызылады.

Тәуелді шаруашылық серіктігіне енгізілген қаржының есеп-қисабы инвестор тарапынан :



  1. үлес арқылы қатысу тәсілі, немесе

  2. бага тәсілі арқылы жургізіледі.

2. Топтастырылып нығайтылған (Консолидация) қаржылық есеп.

Тәуелді шаруашылық серіктігіне енгізілген қаржы (инвестициялар) үшін топтастырылған қаржылық есеп төмендегі жайттардан басқа жағдайларда үлестік түрде қатысу тәсілімен жүргізіледі:


  1. Инвестициялар таяудағы болашақта іске асырылу мақсатында енгізілген болса ;

  2. Тәуелді шаруашылық серіктігі ұзақ мерзімдік шектеулер жағдайында жумыс істесе.

Егер инвестор тәуелді шаруашылық серіктігінің және өз қара-магындағы серіктіктердің ащияларына ие болып, үлестік турде қатысу тәсілін қолданса ол өз қарамаеындағы серіктіктерді БЕС 13 формадағы «Топтастырылып - ныгайтылған қаржылық есеп пен салалас серіктіктердегі инвестициялар есебіне»' біріктіреді де, тәуелді шаруашыяық серіктіктері ушін қатысу үлесін топтастырады.

Мысал: «А» акционерлік қоғамы «Б» акционерлік қоғамының акциясының 100 000 теңге көлеміндегі 25 процентіне және «С» акционерлік қоғамының акциясының 350 000 мың теңге көлеміндегі 100 процентіне ие.



Мұндай жағдайда АҚ «Б» тәуелді шаруашылық серіктігі, ал АҚ «С» болса, ол «А» акционерлік қоғамының өз қарамағындағы серіктік болады.

Енді «А» акционерлік қоғамының мысалында топтастырылған бухгалтерлік баланс жасап көрейік.



"А" акционерлік қоғамының есепті мерзіміне жеке бухгалтерлік баланс жасаудьщ жұмыс кестесі


Баланс баптары

АҚ «А»

АҚ «С»

АҚ «В»

Элиминнация

Консолид. Бухгалтерлік баланс

Д-т

К-т

Негізгі қорлар

200

320

340







520

Инвестициялар

450










350

100

Оның ішінде АҚ «С»

100
















Оның ішінде АҚ «В»

350
















Дебиторлық қарыз

240

50

120







290

Ақшалай қарыз

180

60

40







240

Активтер жиынтығы

1070

430

500







1150

Жарғылық қор

600

350

400







600

Бөлінбеген табыс

280

50

40







330

Міндеттемелер

190

30

60







220

Капитал міндеттемелер жиынтығы

1070

430

500







1150

Тәуелді шаруашылық серіктігіне едәуір дәрежеде ықпал жүргізбеген жағдайда Инвестор үлес арқылы қатысу тәсілін пайдалануды тоқтатады да, қалған инвестиция-лық қорды «Енгізілген қаржының есеп-қисабы» атала-тын БЕС 8 формаға жатқызады.

Мысал : Есеп беру мерзімінің 1 қаңтарына қаржы енгізуші (инвес-тор) «Сұлтан» акционерлік қоғамьшың әркайсысы 90 мың тенгелік 1000 дауысқа ие айналымдағы акциясының 300-іне, басқаша айт-қанда 30%-іне ие болды дейік. Наурыз айында инвестор осы ақциялардың 200-ін сатгы. Сол себепті инвестордың иелік үлесі 10% болады. Бүдан әрі қарай инвестор қалған инвестициялық қорды «Енгізілген қаржының (инвестициялардың) есеп-қисабы» аталатын БЕС 8 формаға жатқызады.


3 . Жекелей қаржылық есеп.

Қосалқы серіктіктерге қаржы енгізбеген инвестор жеке-лей қаржылық есеп жүргізеді және тәуелді шаруашылық серіктіктердегі инвестициялар турасындағы осындай ақпа-раггы топтастырылып - нығайтылған қаржылық есепті жасаған кезде көрсетуге міндетті.

Мысал : «ЖАНАР» акционерлік қоғамы (инвестор) 2006 жылдың 1 қаңтарына төмендегі акционерлік қоғамдардың жиыны 400 мың теңгелік акцияларына ие, оның ішінде :

АҚ «Әскер» , 25%, сомасы - 100 мың теңге; АҚ « Дәулет», 30%, сомасы - 300 мың теңге.

2006 жылдың 1 қаңтарына АҚ «Әскердін» таза табъгсы 80 мың теңге болып, 20 мың теңгеге дивиденд жарияланды. АҚ «Дәулетте» бұл көрсеткіш тиісінше 60 мың және 10 мың теңге болды. Осы акционерлік қоғамдардың АҚ «Жанардағы» қатысу үлесі төмендегідей болады:

АҚ «Әскер» бойынша - 20мың тенге (80мың тенге х 25% : 100%)

АҚ «Дәулет» бойынша - 18 мың тенге (60 мың твнге х 30% : 100%).

Жекелей қаржылық есеп жасаған кезде АҚ «Жанар» үлестік қатысу әдісін қолданады және қатысу үлесін тек осы акционерлік қоғам»дардың таза табысына топтастырады. Үлестік қатысудан кірген 38 мың тенге (20 мың теңге + 18 мың теңге) табыс инвео тор тарапынан инвестициялардың баланстық құнын арпыру қалы-бьтнда көрсетіледі. АҚ «Жанарға» қатысты дивиденд тиісінше 5 мың теңге және 3 мың теңге болады, бұл сома инвестор тара-пынан инвестициялардың баланстык құнын азайту калыбында көрсетіледі.

АҚ «Жанардың» инвестицияларының баланстық құны 2007 жылдың 1 қаңтарына 430,0 мың теңге, оның ішінде АҚ «Әскер» бой-ынша 115 мың теңге (100 мың теңге + 20 мың теңге - 5 мың теңге ); АҚ « Дәулет« бойынша - 315 мың теңге (300 мың тенге + 18 мың теңге - 3 мың теңге).

Жанар акционерлік қогамының 2007 жыддың 1 қантарына есепті мерзіміне жеке бухгалтерлік баланс жасаудың жұмыс кестесі



Баланс баптары

АҚ «Жанар»

АҚ «Әскер»

АҚ «Даулет»

Элиминнация

Консолид. Бухгалтерлік баланс

Д-т

К-т

Негізгі қорлар

100

900

800







100

Инвестициялар

430













430

Оның ішінде АҚ «Әскер»

115
















Оның ішінде АҚ «Даулет»

315
















Дебиторлық қарыз

120

500

450







120

Ақшалай қарыз

70

200

150







70

Активтер жиынтығы

720

1600

1400







720

Жарғылық қор

500

1500

1300







500

Бөлінбеген табыс

150

60

50







150

Міндеттемелер

70

40

50







70

Капитал міндеттемелер жиынтығы

720

1600

1400







720

Инвестор мен тәуелді шаруашылық серіктігінің қаржы-лық есеп-қисабы қатаң түрде бір мезгілге жасалады. Егер инвестор мен тәуелді шаруашылық серіхтігінің қар-жылық есеп-қисабының жасалу мерзімі орқалай болса, тәуелді шаруашылық серіктігі өз есебін инвестор жасаған күнге дәлдеп жасайды. Алда-жалда бұған мүмкіндік бол-май қалса басқа күнге қаратылған жекелей қаржылық есептің пайдаланылуы мүмкін.

Ең бастысы - есеп беру құжаттарындағы даталар бір мерзімнен келесі мерзімге ізбе-із ілесіп отыруы тиіс .Есеп беру мерзімдерінде әртүрлі даталар көрсетілген жағ-дайда осы күндер аралығында орын алған елеулі опера-цияларға немесе басқа да оқиғаларға байланысты өзгерістерге байланысты тиісті түзетулер енгізілуі тиіс.

Инвестор мен тәуелді шаруашылық серіктігінің қаржы-лық есеп-қисабы қаржылық-шаруашылық іс-әрекеттердегі біртектес операциялар мен оқиғаларды біріктіре қарай-тындай біркелкі есеп-қисап саясатын қолдану арқылы жүргізіледі.

Егер тәуелді шаруашылық серікгігі инвестор қабылдаған есеп саясатынан басқа бағыт үстанған болса, онда тәуелді шаруашылық серіктігінің қаржылық есеп-қисабына тиісті түзетулер енгізіледі.

Ал егер ондай түзетулерді енгізуге мүмкіндік болмаған жағдайларда мұндай факт жайында арнайы түсіндірме қағаз жазылады.
4.Үлестік қатысу тәсілі

Тәуелді шаруашылық серіктігінің жарғылық қорына қатысы бар болған жағдайда инвестор өзінің есеп-қисабында тек алынған дивидендтерді есеріп қана коймай, тәуедді шаруашылық серіктігінің таза табысының немесе шығы-нының тиісті үлесін де көрсетіп отырады.

Үлестік қатысу тәсілі төмендегідей белгілермен сипатта-лады:


  1. Инвестор инвестицияларды сатып аләан сәттегі багамен есептейді;

  2. Тәуелді шаруашылық серіктігінің таза табыс үлесін инвесторенгізілген қаржының (инвестициялардың) баяанстық құнын өсіру мақсатында, ал зиян-шыгындарын оны кеміту мақсатында жазып -көрсетеді

  3. Тиесыі дивидендпгердің сомасын инвестор енгізыген қаржының баланстық қунын азайту мақсатында көрсетеді.

Мысал : «А» акционерлік қоғамы 2006 жылдың 1 қаңтарына жиыны 65,5 мың теңгеге «Б» акционерлік қоғамының айналымда жүрген 1800 акцияларының 450 - ін, яғни 25 % - ін сатып алды. Жылдың аяғында «Б» акционерлік қоғамының таза табысы 40 мың теңге болып, 15 мың теңгеге дивиденд жарияланды.«А« акционерлік қоғамы инвестицияларды сатып алу сәтінде бухгалтерлік есепке «сатылу бағасы 65,5 мың теңге» деп көрсетеді. Инвестордың «Б« акционерлік қоғамының таза табысындағы үлестік қатысуы 10 мың теңге (40 мың теңге х 25% : 100%). Инвестициялардың баланстық құны осы сомаға арттыру калы-бында көрсетіледі және бұл сома үлестік қатысудан түскен табыс ретінде танылады. Дивидендтердің 3,75 мың көлеміндегі сомасы (15 мың теңге х 25% : 100%) инвестициялардың баланстық құнын азайту қалыбында көрсетіледі. Осылайша, инвестициялардың баланстық құны 2007 жылдың 1 қаңтарьша 73,75 мың теңге (67,5 мың теңге + 10 мың теңге - 3,5 мың тенгс) болды.

Егер төуелді шаруашылық серіктігі жұмыс қорытындысы бойынша есеп беру кезінде шығынға үшырады деп көрсетілсе, онда инвестор тәуелді шаруашылық серіктігінің шеккен зиянындағы өз үлесін тануға тиіс болады және инвестициялардың баланстық құнын осы шығын үлесінің сомасына азайтады.

Мысал : 1. Осының алдындағы N4 мысалдың негізінде «Б» акционерлік қоғамы екінші жылғы жұмыс қорытындысы бой-ынша 2007 жылдың 1 қаңтарына 20 мың тенге зиян шекті және жыл қорытындысы бойынша дивиденд жарияланбады дейік.

«А» акционсрлік қоғамы шығын үлесін 5 мың тенге (20 мың теңге х 25% : 100%) көлемінде инвестициялардың баланстық құнын азайту қалыбында көрсетеді. Осылайша, инвестициялар-дың құны 2007 жылдың 1 қаңтарына 68,75 мың теңге (73,75 мың теңге - 5 мың теңге ) болды.



Егер инвестордың тәуелді шаруашылық серікгігіндегі шығындарға үлестік қатысы инвестициялардың баланстық құнына тең, немесе одан артық болса, онда шығыннын үлесі инвестициялардың баланстық құнын нольдік бағаға дейін азайту қалыбында көрсетіледі, ал инвестициялардың құнынан артылған сома баланстың сыртына шығарылады. Мұндайда инвестор өзінің тәуелді шаруашылық серіктігіндегі үлестік қатысьщ тек таза табыс есепке алынбаған таза шығынмен бірдей болғанда ғана көрсете алады.

Мысал : Инвестор тәуелді шаруашылық серіктігінің акцияларының 22% -іне (7 мың теңге) ие. Бірінші жылы тәуелді шаруашылық серіктігі 15 мың теңге зиян шекті. Екінші жылдың қорытындысы бойынша зиян мөлшері 20 мың тенгеге жетті. Үшінші жыл-дың қорытындысы бойынша таза табыс 20 мың теңге болды. Инвестор бірінші жылы өзінің тәуелді шаруашылық серіктігіндегі үлестік қатысын 3,3 мың теңге (15 мың теңге х 22% : 100%) деп көрсетеді де, инвестицияның құнын осынша сомаға азайтады. Инвестицияның баланстағы құны 3,7 мың теңге (7 мың теңге -3,3 мың теңге) болады.

Екінші жылдың қорытындысы бойынша зиян мөлшері 6,6 мың теңге ( 30 мың теңге х 22% : 100%) болады. Инвестор инвестици-ялардың баланстық құнын нольдік бағаға дейін азайіу қалыбын-да оларды 3,7 мың теңгеге кемітіп көрсетеді.

Үшінші жылдың қорытындысы бойынша инвестордың тәуелді шаруашылық серіктіііндегі үлестік қатысы 4,4 мың тенге (20 мың теңге х 22% : 100%) болады. Мұндай жағдайда инвестор бухгалтерлік есепте тек 1,5 мың теңгені (4,4 мың теңге - 2,9 мың теңге) көрсетеді.

Егер инвестор өзара келісім-шартқа сәйкес тәуелді шаруашылық серіктігі тарапына кепілдік мшдеггемелер алған болса, онда инве-стордың тәуелді шаруашылық серіктігіндегі үлестік қатысы міддеттеме есебінде қабылданьш, үлестік қатысудан шеккен зиян деп танылады.

Кепіддік міндеттемелердің түрлері төмендегідей болуы мүмкін:



  • инвестор тәуелді шаруашылық серіктігінің кредиторлық қары-зын төлесе;

  • тәуелді шаруашыяық серіктігі банкротқа ушыраеан жағдайда оның шыеындарын өтесе:

  • тәуелді шаруашылық серіктігінің банктерден алеан қарызын төлесе;

  • тагысын- тагылар.

Егер тәуелді шаруашылық серіктігі активтерді қайта бағалайтын болса инвестордың үлесінің өзгеруі осыған байланысты инвестициялардың баланстық құнын өсіріп, немесе кемітіп отырады. Инвестициялардың баланстық құнының өсуі меншіклік капитал парағында төленбеген қосымша капитал ретінде көрсетіледі.

Инвестициялардың баланстық құнының кемуі осының алдында жүргізілген қайтадан бағалаудың шеңберінде төленбеген қосымша капиталды азайту бағытында көрсетіледі. Егерде шығынның үлесі осының алдында жүргізілген қайтадан бағалаудың көлемінен асып түссе, онда солардың айырмасы үлестік қатысудан шеккен зиян деп танылады.

Мысал: 2005 жылдың 1 қаңтарына қаржы енгізуші (инвестор) 90 мың теңгеге тәуелді шаруашылық серіктігінің айналымдағы ақ-цияларының 30%-іне ие болды дейік. 2005жыл бойында тәуелді шаруашылық серіктігі 6 мың теңге көлеміндегі негізгі қорларды қайта бағалаудан өткізді. Жылдың қорытындысы бойынша таза табыс 2 мың теңге болып, 0,5 мың теңгеге дивиденд жарияланды. 2005жыл бойында негізгі қорларды қайта бағалаудың нәтажесшде негізгі қорлардын баланстық құны 15 мың теңгеге кемітілді.

2005 жылдың қорытындысы бойышпа инвестор тәуелді шару-ашылық серіктігінің табысындағы өзінің үлестік катысуын 0,6 мың теңге (2 мын тенге х 30% : 100%) мөлшерінде танып, осы соманы кіріске санайды. Негізгі қорларды қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу тиісінше 1,8 мың теңге (6 мың тенге х 30% : 100%) мөлшерінде анықталып, бұл сома меншіктік капи-тал парағында енгізілген қаржының баланстық құнын осіру ба-ғытында төленбеген қосымша капитал ретінде көрсетіледі де, 0,15 мың тенге дивиденд (0,5 мың тенге х 30% : 100%) инвестициялардың баланстық құнын кеміткен болып есептеледі.

2005 жылдың 1 қаңтарына инвестор тарапынан енгізілген қаржынын, құны 92,25 мың теңге ( 90 мың тенге + 0,6 мың теңге + 1,8 мың теңге - 0,15 мың теңге) болады.

2005 жылдың қорытындысы бойынша инвестор негізгі қорларды қайта бағалаудың нәтижесінде өзінің үлестік қатысуын инвести-циялардың баланстық құнын азайту бағытында 4,5 мын теңге (15 мың теңге х 30% : 100%) мөлшерінде таниды. Соның өзінде инвестор осының алдында жүргізілген қайта бағалаудың шеңберінде төленбеген қосымша капиталды 1,8 мың теңгеге азайтады және 2,7 мың тенгені үлестік қатысудан тартқан зиян ретінде таниды.

Инвестициялардың баланстық құны 2006жыддың 1 каңтарына 87,75 мың теңге ( 92,25 мың теңге - 4,5 мың тенге) болады.

Негізгі қорларды қайта бағалаудың нәтижесінде тәуелді шаруашылық серіктігінде бүдан әріқарайғы жерде өсу бай-қалса, онда инвестор азайтудың осының алдындағы мөлшерің қайтадан қалыбына келтіреді. Соның өзінде егер қатысу үлесі оснының алдындағы азайту мөлшерінен артық болса, онда айырым сома меншіктіх капитал пара-ғында төленбеген қосымша капитал ретінде көрсетіледі.

Мысал : 2007 жылдың 1 қаңарына инвестициялардың баланстық құны 87,75 мың теңге. Тәуелді шаруашылық серіктігінде негізгі қорларды қайта бағалаудың нәтижесінде шеккен зиян 2,7 мың теңге. 2007 жылы тәуелді шаруашылық серіктігі 10 мың теңге мөлшеріндегі негізгі қорларды қайта бағалады. Негізгі қорлардың бағасы өзгеруіне байланысты инвестор өзінің үлестік қатысуын 3,0 мың теңге (10 мың теңге х 30% : 100%) деп көрсетіп, инвестициялардың баланстық құнын көтерді. Соның өзінде 2,7 мың теңге үлестік қатысудан кірген пайда ретівде қал-пына келтіріледі де, 3 мың теңге меншіктік капитал парағында төленбеген қосымша капитал ретінде көрсетіледі. Инвестициялар кетірілген жавдайда қайта бағалау сомасы қабылданған есеп-кисап саясатына сәйкес бөлінбеген табыс немесе есепті мерзімде түскен кіріс есебінде таньглады.

5.Баға тәсілі.

Баға тәсілі - инвестицияларға ие болу сәтінде олар сатып алу құнымен бағаланған жағдайдағы есеп әдісі. Инвестициялардан түскен табыс оларға ие болу сәтінен кейінгі мерзімде инвестордың қаржылық - шаруашылық әрекетінің қорытынды есебі бойынша тоуелді шаруашы-лық серіктігінің жинақталған таза кірісінің жалпы сома-сындағы инвестордың өзіне тиісті пайда үлесінің (диви-денд) мөлшері көлемінде танылады.

Баға тәсілі инвестор қаржылық есеп жасаған кезде төмендегідей жағдайларда пайдаланылады :



  1. Тәуелді шаруашылық серіктігі ұзақ мерзімдік қатаң шектеулер жағдайында жұмыс істесе.

  2. Инвестициялар таяудаы болашақта іске асырылу мақсатында енгізілген болса.

Тәуелді шаруашылық серІктігінің ұзақ мерзімдік қатаң шектеулер жағдайында жұмыс істеуінің мысалдары төмендегідей болуы мүмкін:

  • тәуелді шаруашыяық серіктігінің дивидеидтік саясатына ара-ласу арқыяы өкімет орындарының бақылау орнатуы; тәуелді шаруашылық серіктігі өзінің іс-әрекетін таза табыс-ты шекарадан өткізугв шектеулер жасауымумкін шет елдердің бірінде жузеге асыруы;

  • тәуелді шаруашыяық серіктігінің іс-әрекетіне шектеулер жа-салуына әкеліп согатындай саяси оқигалардың туындауы.

Баға тосілін қолдану кезінде инвестор кірісті тоуелді шаруашылық серіктігінің осы инвестицияларды иемденген сәттен кейінгі таза кірісінен алынған дивидендтердің көлемінде ғана таниды.

Инвестицияларды иемденген сәтке дейінгі алынған дивидендтер қайтарылған капитал есебінде қаралады да, ин-вестор тарапынан инвестициялардың баланстық құнын азайту қалыбында көрсетіледі.

Мысал : 2005 жылдың 1 ақпанына қаржы енгізуші (инвестор) 65 мың теңгеге тәуелді шаруашылық серіктігінің айналымдағы акцияларының 25%-іне ие болды дейік. 2005 жылдың қорытын-дысы бойынша таза табыс 35 мың тенге болып, акция иегерлеріне 19X5 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейінгі мерзім үшін 12 мың теңгеге дивиденд жарияланды.

2005жылдың қорытындысы бойынша инвестор 2005жылдың 1 ақпанынан 31 желтоқсанына дейінгі мерзім үшін 2,75 мың теңгеге жарияланған дивидендті бухгалтерлік есеттке кіріс ретінде, ал ин-вестициялардың баланстық құнын, олар 19X5 жылдың 1 ақпа-ныңда алынғандығы себепті 0,25 мын тенгеге (12 мың теңге х 25% : 100% - 3 мың теңге - 12 ай, ал 1 ақланнан 31 желтоқсанға дейінгі мерзім үшін - 2,75 мың теңге) кемітіп көрсетеді.

2006 жылдың 1 қантарына инвестициялардың баланстық құны 64,75 мың тенге (65 мың теңге - 0,25 мын теңге) болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет