Алматы экономика және статистика академиясы



бет5/11
Дата21.04.2017
өлшемі2,21 Mb.
#14358
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

15.2 Қорытынды бағаны есептеу
Пән бойынша қорытынды баға пайыздық мазмұнда келесі формула бойынша есептеледі:
И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4

2

мұндағы:

Р1 –1- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;



Р2 – 2- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;

Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест-емтихан).


15.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық баламасы

Оқу пәнін меңгерудің %-қ мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

үздік

A-

3,67

90-94




B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



15.4 Академиялық тәртіп саясаты




Тәртіпті бағалау критерийлері

Баллдар саны*

1.

Сабақтан кешігу

-1

2.

Сабақ кезінде ұялы телефонмен сөйлесу

-2

3.

Практика (семинар) сабақтарына белсене қатысу

+3

4.

Басқа да критерийлер



*Ескерту: студенттің рейтингін төмендететін баллдар минуспен, жоғарылататын баллдар плюспен қойылады.



Глосарий
Түсініктілік - ақпараттар сапасы. Ақпараттар кәсіпкерлік қызметпен айналысушылар үшін жеткілікті және қолайлы қалыптасуы керек. Егер кәсіпкерлік әрекеттермен айналысушылардың белгілі дәрежеде кәсіби білімі болмаса да, қаржылық қорытынды есепке тән жасалған ақпараттар пайдаланушылар үшін қолайлы және түсінікті болуы шарт.

Орнықтылық - Ақпараттардың орнықтылық принципінің негізін нақтылы әрекеттерді қамтитын ақпараттар құрайды. Орнықты ақпараттар қаржылық шешім қабылдаушылардың алдына қойған мақсатына жетуіне тікелей әсер етеді. Орнықты ақпараттардың мысалына дивиденттер және еңбек ақы төлеуді, құнды қағаздар курсының өзгеруін, сондай-ақ ұйымдардың деркезінде алған міндеттемелерін жабу жөніндегі мәліметтер жатады. Орнықты ақпараттарды пайдалану мен талдау нәтижесінде өткен кездердегі орын алған нәтижелерді бекіту немесе түзету, сондай-ақ болжау процестерін шешуге болады.

Сенімділік принципі – деп мәні жағынан маңызды және қатесіз жасалған ақпараттардың қасиетін сипаттауды айтамыз. Арнайы қабылданған есеп жүргізу жөніндегі ережелер мен стандарттар талабын сақтай отырып, қорытындылынатын қаржылық қортынды есеп дайындау барысында осы ұйымның қызмет ақарушы бухгалтерлері ресми қойылған талаптарға сай ұйымның қаржылық жағдайы жөніндегі барлық ақпараттарды, сондай-ақ бухгалтерлік қорытынды есеп жөніндегі ақпараттарды да аса бір шындық және сенімді жолдармен сапалы дайындауы керек.

Салыстырмалық - Есеп ақпараттарын пайдаланушылырдың қабылдайтын шешімі көпварианттылыққа және бәсекелестікке байланысты. Бұған мысал ретінде бәсекеге түсүші жақтар арасында көлемі жағынан шектеулі экономикалық ресурстарды инвестициялау жөнінде қабылданатын әр түрлі шешімді айтуға болады. Салыстыру принципі ұқсас екі компания арасындағы нәтижені немесе осы жыл ішіндегі нәтижені өткен жылдардағы нәтижелермен өзара салыстыру арқылы жүргізіледі.

Ұйымдар активі=меншікті капитал+міндеттемелер теңдеуі әрқашанда бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп жүйесінде міндетті түрде сақталады.

Табыстар=жумсалған ресурстар сомасы+ еңбек ақы шығындары+міндеттемелер жөніндегі пайыздар+салық төлеу шығындары+бөленбеген табыс тендігі сақталады.

Бөленбеген табыс= дивиденттер+мақсаттық қорлар құру резерві+бөленбей қалған табыс (таза пайда) сабақтастығы сақталуы керек



Операциялық қызметтен түскен ақша түсімі+инвестициялық қызметтен түскен ақша+қаржылық қызметтен түскен ақша=мендеттемелерді төлеу+бюджет сыртындағы қорларға төлеу+меншік иелері алдындағы міндеттемелерді төлеу+өтеушілік дәрежесінің өсімін төлеу.

Инвестиции_–_Инвестициялар'>Инвестиции – Инвестициялар процент немесе дивиденд түрінде табыс алу, капиталдың құнын көбейту арқылы немесе басқа да тәсілмен капиталды көбейту мақсатымен субъект иеленетін актив.

Инвестор (ағыл. Investor) Салымшы

Инфляция (лат. inflation- желбуаз)

Консолидация (лат. consolidation, беркіту) шоғырланым

Корреспонденция счетов- Шоттар корреспонденциясы операсияларды екі қайтара жазу, бухгалтерлік шоттардағы жүргізу тәсілі, ол операциялардың бір шамада екі шотта жазылуын көрініс табады.

Кредиторская задалженность – Кредиторлық берешек – субъект уақытша тартқан ақшалай қаражат, ол шарт бойынша белгіленген мерзімде қайтаруға тиіс.

Камулятивный метод – Кумулятивтік әдіс бухгалтерлік есепте негізгі құрал-жабдықтың өтеммін (амартизация) есептеудің үш әдісінің бірі.

Лизинг (ағыл. Leasing-жалгерлік) қандайда болсын мүлік, әдетте негізгі құрал жабдық жөніндегі контракт.

Инвестиции – Инвестициялар: Ұйымның опреациялық қызметіне жұмсалмайтын, келесі жылдар ішінде ақша қаражатына айналмайтын ұзақ мерзімді активтер.

Инвестиционная деятельность – Ұзақ мерзімді активтерді алу және сатудан тұратын және нарықтық құнды қағаздарды алу мен сатудан тұратын шаруашылық қызметтер.

Истощение – Байлықтың төмендеуі: кесіп алу, сырып алу, қазып алу нәтижесінде табиғат ресурстарының біртіндеп азаюы жөніндегі шығындарды есепке алып тарату.

Капитальные затраты – Күрделі шығындар игеру: Активтер счетында көрсетілген ұзақ мерзімді активтер құру немесе сатып алу шығындары.

Консигнация: Тауар иесінің (консигнант) басқа компанияның (консигнаттар) қоймасына орналастырылған тауарлар.

Коммерческий кредит – Коммерциялық несие: Көтерме немесе бөлшек сауда жүргізу үшін сатып алушыларға берілген несие.

Контроль – Бақылау: Ұтымдылық мақсатты орындау барысында компанияның қаржылық және операциялық саясатын басқарудың құқығы.

Кредитная линия – Несие үлесі: Талап етілген соманы коммерциялық банкпен алдын-ала жасалған келісімге сай алып отыру.

Ликвидность - Өтеушілік: Міндеттемелерді өз уақытында төлеуге жететін қолда бар қаражаттар.

Лимит – Шек қою: шектеу, белгілі бір нәрсені алып пайдалануға норма қойып қажетті саны мен көлемін қою.

Лицензия – формулаға, әдіске, әшекелушілікке т.б. әрекеттер жүргізуге иелік ету құқығы.

Алматы экономика және статистика академиясы
«Есеп және аудит» кафедрасы

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
«Қаржылық мекемелердегі бухгалтерлік есеп» пәні бойынша

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы

Алматы, 2010ж.


Тақырып 1. Инвестициялық қорлардың есебі.
1. Инвестиция ұғымы. Инвестиция классификациясы.

2. Инвестицияны иемдену. Инвестицияны бағалау әдісі.

3. Инвестицияның қайта есептелуі мен үлестірілуі. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияны қайта есептеу әдістері.
1. Инвестиция ұғымы. Инвестиция классификациясы.

Бухгалтерлік есепке алудың 18-стандарты инвестициялық қорлардың қызметі мен инвестициялық хабарларды ашу және есепке алудың ерекшеліктерін айқындайды. Инвестициялық қор — акционерлік қоғам түріндегі типті құқықтық тұлға, ол - өзінің акцияларын шығаруға және орналастыруға қаржы қорларын жұмылдыру мен және кейінгі мақсаты мен инвестиция жасау. Ашық инвестиция қоры - бұл сатып алынатын өзінің акцияларын шығаратын қор болып табылады. Инвестициялық қызмет — бұл табыс табу мақсатында бағалы қағаздарды инвестициялау, тарату және сатып алу болып табылады. Инвестициялық бағалы қағаздар - қордың өздері шығаратын бағалы қағаздардан басқа; инвестицияланған қаржыларды инвестициялық қорларға тартатын бағалы кағаздар болып табылады. Бағалы қағаздар қазынасы — бұл инвестицияланған бағалы қағаздардың қор иелік ететін жиынтығы. Бағалы қағаздардың қазынасын басқару - сатып алынған, сатылатын бағалы қағаздармен басқа да инвестициялық келісімдер жүргізуде соңғы шешімді қабылдайтын басқарушының қызметі. Инвестициялық қордын басқарушысы - бағалы қағаздар қазынасының қорымен кәсіби қызмет жүргізетінқүқықтық тұлға. Кастодиан - тапсырушылардың бағалы қағаздары және ақшалай қорлары сеніп тапсырылған оның есебі мен сақталуына жауапты кәсіби қызметті жүргізетін занды тұлға. Депозитарий - клиринг қызметін атқаратын, лицензия болған жағдайда бағалы қағаздармен іс жүргізетін (есептеу және бағалы қағаздардың ағымындағы мүліктік құқықты тізімдеу), олардың клиенттерінің мүддесін қорғайтын бағалы қағаздарды сақтау мен және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын нарыққа қатысушы кәсіби адамдардан құралған арнайы ұйым. Бөлу — инвестиция қаржыларын таратудан алынған қаржы инвестициясының таза түсімдерінен төленетін және таза түсімдерінен төленетін дивидендтер.

Қайта инвестициялау - барлық қаржы қорынан қосымша акциялар түрінде акционерлер қорын бөлу. Қайта инвестициялаудың бағасы - бұл бөлімдердің төленген күні акциялар есептеуге қатысты активтердің таза бағасы. Қайта инвестициялаудың бағасы ақша қорын шығарумен айқындалады. Таза активтердің бағасы — міндегтерінен өзге активтер қорының бағасын көтеру. Инвестициялық қорлардың есептемесі бухгалтерлік есептің - «Табыс» стандарты бойынша есептелінеді. Инвестициялық қорлардың шығыстар есебі ХҚЕС 2 «Қорлар» бойынша классификацияланады.

Бағалы қағаздарға эмиссия жүргізу шығыстары былайша өтеді:



  • тіркеуге берілетін арызды әзірлеу, эмиссия шыгыстарын тіркеу, акцияларды тарату істеріне қуқықтық қызмет көрсету;

  • бағалы қагаздарга эмиссия аяуга қажетті қаржы аудит есебін жургізуге кететін шыгындар;

  • проспектілерді, арыздарды тіркеуді, акция қорын басуға, жарнамаға кететін шығыстар;

  • қосымша түсетін капиталдың есебінен қысқарады.

2. Инвестицияны иемдену. Инвестицияны бағалау әдісі.

Қаржылық инвестицияларды иемдену кезінде сатып алу құнымен есептелінеді, сонымен қоса брокерлік сыйақы мен банкттық қызмет үшін сыйақылар сияқты иемденумен байланысты шығындарды да ескеру қажет. Иемденуге дейінгі есептелген пайыз, дивидент құрамына кіретін құн бойынша қаржы инвестициясын иемдену есепте сатып алушының сатушыға төлеген пайызын алып тастағаннан кейінгі сатып алу құнымен көрсетіледі.

Құнды қағаздар инвестициясындағы сатып алу құны мен өтеу құнының айырмашылығы оларды иемдену кезеңінде инвестормен амортизацияланады.

Бухгалтерлік баланста қысқа мерзімді қаржы инвестициялары былай көрсетілелі: ағымдық құн; сатып алу және ағымдық құнның ең аз бағасымен. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция сатып алу және ағымдық құнның ең аз бағасымен ескерілетін болса, баланстық құн не жиынтық портфель негізінде, не инвестиция түрімен, не жеке инвестиция негізінде анықталуы мүмкін.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларының ағымдық құны өзгеруінің салдарынан алынған кіріс немесе зиян олардың пайда болған есеп беру кезеңінде көрсетіледі.

Ұзақ мерзімді қаржылық инветициялар бухгалтерлік баланста төмендегідей болып көрсетіледі:


  • сатып алу құны бойынша;

  • қайта бағалау есебінең құнымен;

  • портель негізінде анықталатын ағымдық және сатып алатын құнының ең аз бағасымен;

Бағалау инвестициялық қордың қаржылау инвестициясына баға беру - бухгалтерлік есептің 8-стандартына «Қаржы инвестициясының есебі» бойынша нарықтық бағалары тағайындалмаған жағдайда бағалы қағаздардың ағымдағы бағасы бойынша есептелінеді.

Инвестициялық қордың акцияларын сату бағалары және олардың сатып алу бағалары өзінің акционерлерінен сатып алған жағдайда таза активтердің операция жасалған күнгі бағасы бойынша анықталады.

Осы стандарттағы инвестициялық қорлардың қаржылай есебін жүргізу көлемі «Таза активтердің өзгерістерін есептеу жөнінде» деп аталатын стандарт бойынша жүргізіледі. Бұл есептеменің формасы осы стандартқа қосымша келтірілген.

Инвестициялық қордың акциялармен және акционерлік капиталмен жүргізілетін операциялар акционерлерге төлемдерді бөлуде туған таза активтердің өзгерісі есебінде көрсетіледі.

Қаржыларды есептеуде мыналарды ашу қажет:


  • басшының, кастодианның, тәуелсіз тіркеушінің сыйақысы көлемі;

  • есептегі уақыттың басымен соңындагы таза активтердің бағасы;

  • инвестициялардың бағасын өзгертудегі таза активтердің бағасының көтерілуі;

  • көрсетілген инвестицияға салынған бағалы қағаздардың тізімі; акция есебіндегі инвестициядан түсетін кіріс;

  • бағалы қағаздар қазынасымен жүргізілген істердің көлеміне қатынасы;

  • таза активтердің орташа бағасының инвестицияға қатысынан таза кірістің айырмасы;

  • таза активтің орташа бағасының шығыстармен айырмасы.

3. Инвестицияның қайта есептелуі мен үлестірілуі. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияны қайта есептеу әдістері.

Ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларын қайта есептеу үшін қайта есептеудің жиілігін анықтау және бір мезгілде ұзақ мерзімді қаржы инвестициясының бір түрін қайта есептеу керек. Ұзақ мерзімді қаржы нвестициясын есептеу сомасы меншік капиталының көбеюіне жатады. Құнның арзандауы инвестицияның төмендеуі сол инвестицияны есептеу сомасымен жүргізіледі. Бір инвестицияның құнының арзандауы қайта есептеу кезінде соманың жетіспеуі зиян әкеледі.

Бұрын құны арзандатылған инвестицияны қайта есептеу сомасы осы инвестициядан зиянды жабқанынан соң меншік капиталы өседі.

Егер ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның құны қатты төмендесе, онда бұл инвестицияның баланстық құны қайта қарастырылуы керек. Құнның бұлай төмендеуі әр инвестицияға жеке анықталады және ескеріледі.

Қаржылық инвестицияның шығысы кезіндегі сатудан түскен кіріс пен баланстық құнымен шыққан шығыстар арасындағы айырмашылық кіріскіріс немесе шығыс түрінде қарастырылады. Егер инвестиця бұрын есептелген болса немесе ағымдағы құнмен есептелсе, онда есептің сомасы кіріс немесе есеп саясатымен қабылданған бөлінбеген кіріске жатқызылады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция қысқа мерзімдікке былай ауысады:


  1. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция сатып алу және ағымдық құнның ең азымен есептелсе, онда сатып алынған және баланстық құнның ең аз бағасымен;

  2. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелсе, онда баланстық құнмен;

Осы инвестициямен есептелген сома кіріс болып саналады.

Қысқа мерзімдік қаржылық инвестиция ұзақ мерзімдікке былай ауысады:



  1. Сатып алу және ағымдық құнның ең аз бағасымен;

  2. Егер ол бұрын осы құнмен көрсетілсе, онда ағымдық құнмен.

Қаржы инвестициясының қозғалысы мен бар болуы туралы ақпараттарды көрсетуге 40 “Қаржы инвестициялары” бөлімі арналған және оның құрамына келесі шоттар кіреді:

401 “Акция”, 402 “Облигация”, 403 “Басқа да қаржы инвестициялар”.

Дебеті бойынша 401 – 403 шоттарда ақша қаражаттарының есебі бойынша (45,44,43 және т.б. 4 “Қаржы инвестициялары және ақшалар” бөлімінің бөлімшелері) немесе 671 “Төленетін” шоттының кредетіарқылы кореспонденцияда иемденген құнды қағаздардың сатып алынған құнымен көрсетіледі. Егер сатып алынған құнды қағаздардың сатып алу құны оның номиналды құнынан жоғары болса, онда оларға тиесілі кірісті есептеу кезіндегі сатып алынған бағасы мен номиналды баға арасындағы айырмашылық есептеледі. Тиесілі кіріс сомасына 332 “Есептелген сый ақылар” шотының дебеті, 724 “Акциялар бойынша дивиденттер және сый ақы тұріндегі табыс” шотының кредиті, ал айырмашылық сомасын кредиттайтын шот 40 “Қаржылық инвестициялар” бөлімшесінде және 845 “Негізгі емес қызмет бойынша басқа да шығыстар” шотымен дебетталады. Яғни, негізгі емес қызметтің шығыстары бойынша айырмашылық жүргізіледі.

Құнды қағаздарды сату кезінде мекеме кіріс алады немесе зиян шегеді. Сонымен қоса, сатудан түскен кіріс пен баланстық құнның шығыстары арасындағы айырмашылық кіріс немесе шығыс түрінде көрсетіледі. Есепте келесі жазбалар жүргізіледі:



  • инвестицияның баланстық құнын жою;

843 “Инвестициялардың, қаржы инвестициялардың шығуы бойынша шығыстар” шотының дебеті.

401 “Акция”, 402 “Облигация”, 403 “Басқа да қаржы инвестициялар” шоттарының кредиті.



  • қаржылық инвестицияларды өткізуден түскен кірісті мойындау:

301 “Алынатын шоттар” немесе 303 “Басқалар” шоттарының дебеті.

723 “Құнды қағаздардың шығаруынан түсетін табыс” шотының кредиті.

Ұзақ мерзімді инвестициялар бойынша “Меншік капиталы” бөлімінің шоттарында жүргізілген бағалаудың сомалары есептелуі мүмкін екенін ескеру керек. Мекеменің балансынан инвестицияның шығуы немесе шығарылуы оларды есептеу кезінде “Қосымша төленбеген капитал” шотында ескрілетін сома кіріс немесе қабылданған есеп саясатына байланысты (ұзақ мерзімді инвестицияның шығуы кезінде есептелген соманы шығару тәртібі мекеменің есеп саясатында көрсетілуі тиіс) бөлінбеген кіріс түрінде көрінеді. Сонымен қоса шығарулар кезінде есепте келесі жазбалар жүргізіледі:


  • инвестицяның баланстық құнын шығару;

843 “Құнды қағаздар шығуы бойынша шығыстар” шотының дебеті.

141 “Еншілес ұйымдарға салынатын инвестициялар”, 142 “Тәуелді ұйымдарға салынтын инвестициялар”, 143 “Бірлесіп – бақыланатын заңды тұлғаларға салынатын инвестциялар”, 144 “Басқалар”, 401 “Акция”, 402 “Облигация”, 403 “Басқа да қаржы инвестициялар” шоттарының кредиті.



  • инвестициялардың шығуы бойынша кірістердің мойындалуы:

301 “Алынатын шоттар” немесе 303 “Басқалар” шоттарының дебеті.

723 “Құнды қағаздардың шығаруынан түсетін табыс” шотының кредиті.



  • шығарылған ұзақ мерзімдік инвестицияларды есептеудің сомасының алынуы:

542 “Инвестицияларды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал” шотының дебеті.

723 “Құнды қағаздардың шығаруынан түсетін табыс” немесе 561 “Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)” шотының кредиті. (Қабылданған есеп саясатымен байланысты).


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Инвестиция ұғымы.

2. Инвестиция классификациясы.

3. Инвестицияны иемдену.

4. Инвестициялық қызмет дегеніміз не?

5. Бағалы қағаздар қазынасы дегеніміз не?

6. Кастодиан дегеніміз не?

7. Қайта инвестициялау дегеніміз не?

8. Қаржыларды есептеуде нелерді ашу қажет?

9. Инвестицияны бағалау әдісі қандай?

10. Инвестицияның қайта есептелуі мен үлестірілуі қандай?

11. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияны қайта есептеу әдістері.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Митюгина Г.Д «Оплата труда: удержания, вычеты, начисления;/ Библиотека бухгалтера и предпринимателя, №7(132) июль 2001 г;

  3. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп, А., Экономика. 2001ж-400б. ;

  4. Баканов М.И., Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа», М., «Финансы и статистика», 1998 г.

  5. Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.

  6. Палий В.Ф., Соколов Я.В., “Бухгалтерлік есеп теориясы”, М Финансы и статистика 1998ж.



Тақырып 2. Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және сабақтас серіктестіктерге бөлінген инвестицияларды есепке алу.
1. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудің мақсаты мен саласы.

2. Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрудың тәсілдемесі.



3. Негізгі серіктестіктін жеке қаржылық есеп беруінде сабақтас серіктестікке бөлінген инвестицияларды есепке алу.

1. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудің мақсаты мен саласы.



13 стандарттың мақсаты негізгі шаруашылық серіктестігінің (әрі қарай «негізгі серіктестік» деп аталады) бақылауында болатын серіктестіктер тобының шоғырландырылған қаржылық есептілігін құрудың және түсінудің, сондай-ақ негізгі серіктестіктің жеке қаржылық есептілігінде сабақтас шаруашылық серіктестігіне бөлінген инвестицияларды есепке алудың тәртібін анықтау болып табылады.

Бақылау — серіктестіктің қызметінен пайда алу мақсатында серіктестіктің қаржылық және басқа саясатын анықтау құқығы.

Сабақтас шаруашылық серіктестігі дегеніміз — басқа (негізгі) серіктестіктің бақылауында болатын серіктестік.

Негізгі шаруашылық серіктестігі дегеніміз — бір және одан көп сабақтас серіктестігі бар серіктестік.

Топ —негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның бүкіл сабақтас серіктестіктері.

Шоғырландырған қаржылық есеп беру — бір серіктестіктің есебі ретінде көрсетілген, топтың жеке қаржылық есеп беруі.

Жеке қаржылық есеп беру — топтың шоғырлануға қатысты әрбір мүшесінің есеп беруі.

Азшылық үлес — сабақтас серіктестіктің қатысу үлесіне тиесілі шаруашылық қызметінің, негізгі серіктестіктің оған тікелей немесе басқа сабақтас серіктестіктер арқылы иелік етпейтін, таза кірістері (шығындар) мен таза активтерінің бір бөлігі.

Толықтай дерлік иелік - негізгі серіктестік дауыстың 90 және одан да көп процентіне ие болса.

Шогырландырылған қаржылық есеп берудің түсінігі

Негізгі шаруашылық серіктестігі, негізгі шаруашылық серіктестіктерінен басқасы, шоғырландырылған қаржылық есеп беруге тиіс. Басқа серіктестіюің сабақтасы болып табылатын және толық немесе толықтай дерлік иелігінде түрған негізгі шаруашылық серікгестігі, егер негізгІ серіктестік талап етпесе және азшылық үлесінің иелері бұған келісетін болса, шоғырландырылған қаржылық есеп бермейді.

Шоғырландырылған қаржылық есеп бермейтін негізгі шаруашылық бірлестігі өзінің жеке қаржылық есебінде мыналарды ашады:

1) шогырландырылған қаржылық есеп бермеген себептерін;

2) сабақтас серіктестікке бөлінген инвестицияларды есепке алу үшін бухгалтерлік есептеуде пайдаланылған тәсілді;

3) шоеырландырьигған қаржылық есеп беруіиі негізгі серіктестіктің атауын және тіркелген кеңсесін.

Шогырландыру саласы

Негізгі серіктестІк шоғырландырылған қаржылық есеп беруге:



  • сабақтас серіктестік таяууақытта сату мақсатымен алын-ған және оған бақылау уақытша болған;

  • сабақтас серіктестік ұзақ мерзімді қатаң шектвулер ахуа-лында өрекет етіп, мұның өзі негізгі серіктестікке қаражат беру қабыетін төмендетіп отырған — жағдайдан басқа;

  • өзінің барлық, жергілікті және шетелдік сабақтас серіктестіктерін қосуеа тиіс.

2. Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрудың тәсілдемесі

Негізгі серіктестік және оның сабақтас серіктестігінің қар жылық есебі активтер, міндетгемелер, меншпсгі капитал, кірістер мен шығындар туралы дерекгерді жинақтау арқылы баптар мен тармақтар бойынша біріктіріледі. Шоғырландырылған қаржылық есептер біртүтас ұйымретіндегі топ туралы қаржылық ақпарат беруі үшін, мыналар қажет:

1) негізгі серіктестіктің әрбір сабақтасқа бөлген инвестицияла-рының балама құнын және әрбір сабақтастың меншікті капи-талындағы негізгі серіктестіктің үлесі, бойынша - шыққан сәтінен бастап енгізіледі. Сабақтас серіктестіктерінің шыгуынан алынған сома мен шыққан мерзімдегі оның жаза активтері арасындағы айырмашыяықты қаржы-шаруашыяық қызметінің шогырландырылған есепте сабақтас серіктестікті негізгі және сабақтас серіктестіктер арасындағы өзара есептеулердің есепшоттар бойынша сальдосы, кірістер, шы-гындар және дивиденттер жөніндегі топ ішіндегі операңия-ларды және осы операциялардың нәтижесінде туындайтын, орны толмайтын зияндардан басқа іске асырылмаған кірістер мен шыгындар алынып тасталсын;



  1. сабақтас серіктестіктердің таза активтеріндегі азшылықтың үлесі анықталып, шогырландырылған бухгаптерлік баланста пегізгі серіктестіктің міндеттемелері мен меншікті капиталы жеке көрсетілсін;

  2. негізгі серіктестікке қосылатын таза кірістің сомасын айқындаған кезде пгоптың кірісін кемітетін, таза кірістегі сабақтас серіктестіктің азшылық үлесі белгіленсін.

Шоғырландырған есеп беруге қосылатын, негізгі серіктестік пен оның сабақтас серіктестіктерінің қаржылық есептері одетте бір мерзімде құрылады. Бұлай тежеуге болмайтын жағдайда, әртүрлі есептік мерзімде құрылған қаржылық есептерді, айырмашылығы үш айдан аспайтын жағдайда, пайдалануға болады. Әртүрлі есептік мерзімдерде құрылған қаржылық есептер шоғырландырылған кезде, осы уақыттардың арасында болған елеулі операциялардың немесе басқа да оқиғалардың нәтижелері болып табылатын өзгеріске түзетулер жасалады.

Шоғырландырылған есеп берулерге қосылатын, негізгі серіктестік пен оның сабақтас ұйымдарының қаржылық есептері одетте қаржы-шаруашылық қызметінің үқсас операциялары мен оқиғалары үшін біртүтас есептік саясатты пайдаланып әзірленеді. Топтың мүшесі шоғырландырылған қаржылық есепте қабылданған саясаттан өзгеше саясатты пайдаланса, онда, шоғырлаңцыру кезінде оның есебіне тиісті түзетулер енгізіледі. Егер мұндай түзетулерді енгізу мүмкін болмаса, онда бұл фақт шоғырландырылған қаржылық есептегі, онда баптың өзгеше есептік саясатын қолданылған бөлігімен бірге ашылуға тиіс.

Сабақтас серіктестіктің шаруашылық қызметінің не шоғырландырылған қаржылық есеп беруге қабылданған сабақтас серіктестіктер бойынша - қабылданған сотінен ба-стап, шығып кеткендердің шығуынан болған кірістер не-месе шығындар ретінде мойындалады.

Серіктестік сабақтас серіктестіктің анықтамасына сәйкес келмеген және «Тәуелді акционерлік қоғамдарға бөлінген ивестицияларды есептеу» жөніндегі 14-ші бухгалтерлік есеп стандартында көрсетілгені сияқты, бұл серіктестіктің инвестициялары «Қаржылық инвестицияларды есептеу» жөніндегі 8-ші бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес есептелуге тиіс.


3. Негізгі серіктестіктін жеке қаржылық есеп беруінде сабақтас серіктестікке бөлінген инвестицияларды есепке алу

Негізгі серіктестіктің жеке қаржылық есеп беруінде шоғырландырылған қаржылық есепке енгізілген сабақтас серіктестіктегі инвестициялар, не іскерлік қатысу (қараңыз: БЕС 14 «Тәуелді акционерлік қоғамдарға бөлінген ивестицияларды есептеу») тәсілі, не ұзақ мерзімді инвестицияларды есептеу тәсілдемесін (қараңыз: БЕС 8 «Қаржылық инвестицияларды есептеу») пайдалану арқылы есептеледі.

Негізгі серіктестіктің жеке қаржылық есеп беруінде сабақтас серіктестіктің инвестициялары «Қаржылық инвестицияларды есептеу» жөніндегі 8-ші бухгалтерлік есеп стандартында қаралатын инвестиция ретінде есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет