Алматы экономика және статистика академиясы


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет9/11
Дата21.04.2017
өлшемі2,21 Mb.
#14358
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Бірлескен қызмет дегеніміз не?

  2. Бірлескен қызметтің қандай нысандары бар?

  3. Келісім жазбаша түрде құрылады және оған не жатады?

  4. Бірлесіп бақыланатын өндіріс дегенііз не?

  5. Бірлесіп бақыланатын активтер түрлері қандай?

  6. Бірлесіп бақыланатын активтерге қатысушылардың әрқайсысы өздерінің жеке қаражаттық есептерінде және шоғырландырылған қаржылық есеп берулері қалай жүргііледі?

  7. Пропорционалдық шоғырландыру дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әбдіманапов Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері»-оқу құралы. Алматы, 2001ж.

2. Әбдіманапов Ә. «Қаржылық есеп» оқу құралы. Алматы, 2007ж. 544бет.

3. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. «Финансовый анализ», М., «Дис», 1997г.



Тақырып 8 . Зейнетақымен қамтамасыз етуге кеткен шығын есебі.
1. Зейнетақымен қамтамасыз етуге кеткен шығын есебінің мақсаты.

2. Жұмысшылармен және қызметкерлермен, және стипендиаттармен есеп айырысулар есебі.

3. Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау бойынша есеп айырысулар есебі.
1. Зейнетақымен қамтамасыз етуге кеткен шығын есебінің мақсаты

Жұмыс беруші бұл - зейнетақы жарнасын алушының пайдасына жүзеге асыратын, занды тұлға.

Зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламалары (бағдарламасы) - бұл келісім, кұжаттағы тәртілтерге немесе жұмыс берушінің өз тәртібіне сәйкес зейнетақы тағайындалғанға дейін айқыңдалуы немесе белгіленуі мүмкін болған жағдайда жұмыс берушінің жұмысшыларына мұндай зейнетақылар мен төлемдер төлеуге сәйкес жұмыс беруші жұмысшыларды зейнетақымен жұмыстан босағанға дейін немесе жұмыстан босағаннан кейін (не болмаса жылдық табыс формасында немесе бір мезгілдік төлем сомасы формасында) қамтамасыз етіледі.

Жұмыс беруші жүргізген зейнетақы қорының есебінен қалыптасуы бойынша бағдарламасы - бұл зейнетақы есебінен мемлекеттік емес зейнетақы қорына шығарған негізде инвестициядан табыс түсуімен бірге анықталатын, зейнетақы есебінен төленетін, зейнетақымен камтамасыз ету бойынша сомасы келісілген бағдарлама.

Мемлекеттік зейнетақы қорына жұмыс берушінің жарнасы шығыс деп табылады.

Жұмыс берушінің қосымша зейнетақысы, жұмысшы осы жұмыс берушіде жұмыс жасаған уақытында, мемлекетгік емес зейнетақы қорында қалыптасқан тәртіп бойынша есеп беру кезеңінде шыгыс деп табылады.

"Жұмысшылармен жәнө қызметшілермөн және стипендиаттармен есеп айырысулар" есебінде жалақы төлемдері бойынша жұмысшылармен және қызметшілермен, шәкіртақылар бойынша студенттермен,аспиранттармен және оқушылармен және басқа есептермен есеп айырысулар ескеріледі.

Жалақы төлемдерін есептеу айына бір рет жүргізіледі және айдың соңғы күні есебінде көрініс табады.

Жалақы төлемдерін есептеу үшін: штаттық кесте мен жалақы төлемдерінің сәйкес бекітілген қызметкерлерді жұмысқа кабылдау, жұмыстан босату, орын алмастыру туралы бюджеттік ұйым бойынша бұйрық,, жұмыс уақытын пайдалану табелі және басқалар негізгі құжат болып табылады.

Табелдер бюджеттік ұйым бойынша бұйрыкпен тағайындалган адам белгіленген үлгі бойынша жүргізіледі. Айдың соңында табель бойынша атқарылған күндердің, сондай-ақ жұмыс жасалған сағаттардын жалпы саны айқындалады. Тиісті қол қойылып толтырылған табель мен баска құсаттар белгіленген мерзімде жалақы төлемдерін есептеу үшін бухгалтерлік қызметке тапсырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.08.1997 жылғы N1214 "Шәкіртақыларды, жалақы төлемдерін және мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдарда басқа төлемдерді төлеудің нысанын өзгерту жөніндегі шаралар туралы" каулысына сәйкес бюджеттік ұйымдардьщ қызметкерлеріне жалақы төлемдерін төлеу карт-шот арқылы немесе олардың сомаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 31.10.1997 жылы N379 бұйрығымен бекітілген салымдар бойынша шоттарға немесе карт-шоттарға есептеу жолымен бюджеттік ұйымдардың қьгзметкерлеріне Қазақстанның Ұлттық Банкінің филиалдарының және құрылымдық бөлімшелерінің жалақы төлемдерін және басқа ақша төлемдерін төлеудің уақытша тәртібіне сәйкес талап ету салымдары бойынша карт-шоттары арқылы жүргізіледі. облыстардың, Алматы қаласының Қазынашылық баскармалар бас-тықтарыньщ жазбаша рұқсаттары бойынша жалақы төлемдерін төлеу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 31.10.1997 жылғы N379 бұйрығымен бекітілген Қазақстанның Ұлттық акционерлік банкі арқылы (салымдар мен шәкіртақылар бойынша бет шоттарға есептелетін жалақы төлемдерінен басқа) бюджеттік ұйымдарға қолма-қол ақшаларды берудің уақытша тәртібіне сәйкес Қазынашылықтың атаулы чектері арқылы жүргізілуі мүмкін.

Қызметкерлерге айдың бірінші жартысы үшін Қазақстан Республикасының зандарымен белгіленген тәртіпте ұстауға жататын салық сомаларын шегеріп, айлық жалақы төлемдерінің 50 % көлемінде аванс беріледі.

Ай үшін жалақы төлемдерін есептеу және айдың екінші жартысы үшін төлем жасау, әдеттегідей, 49 үлгідегі есептік-төлем ведомоствасы бойынша жүргізіледі. Есептік-төлем ведомоствасына табелдердің нөмірлері, қызметкерлердін тектері аты-жөні, есептелген жалақы төлемдердің сомалары және жәрдемақылар, берілген аванс, ұстаған салықтар және басқа сомалар жазылады.



Есептік-төлем және төлем ведомостарына бүл ведомостарды әзірлеген және тексерген адам қол қояды. Жалақы төлемдерін төлеу үшін рұқсатқа ұйымның жетекшісі және бас бухгалтер қол қояды.

Есептік-төлем және төлем ведомостарын төлем мерзімі біткен бойда жалақы төлемдері алынбай калған адамдардың тегінің тұсына кассир штамп соғуға немесе "Депонирленген" деп қолмен белгі соғуға және депонирленген сомалардың реестрін жасауға міндетті. Ведомостың соңында кассир нақтылы төленген сома туралы және жалақы төлемдерінің алынбаған сомасы туралы жазба жазуға, бұл сомаларды есептік-төлем және төлем ведомостары бойынша жалпы жиынымен салыстыруы және жазбаны өзінін қолымен қуаттауы керек. Егер ақшаны кассир емес басқа адам берген болса, онда ведомосқа "Ведомость бойынша ақшаны берді-қызметі, қолы, қолынъгң шифрленгені деген косымша жазба жазылады. Есептік-төлем жөне төлем ведомостарына кассир жасаған белгіні мұқият тексергеннен және берілген және депонирленген сомаларды кайта есептегеннен кейін жалақы төлемдерінің берілген сомасына белгіленген тәртіпте толтырылатын және кіріс және шығыс құжаттар тіркелетін жүрналға тіркеліп шығыс кассалық ордер толтырылады. Төлем және есеп — төлем ведомостарына касса бойынша ақшаны есептен шығару жүргізілген шығыс кассалық ордерінің күні мен номері қойылады.

Қызметкердің өткен кезең үшін жалақы төлемі туралы мәліметті алу үшін түрлер бойынша жалақы төлемінщ сомасы көрініс табатын кызметкер туралы жалпы мәліметтен баска.н.417 карточка анықтамалык жүргізіледі.

Есептелген жалақы төлемінің сомаларына 180 қосалқы шот кредитіне және 08, 20, 51, 17 шоттардың тиісті дебетіне жазба жазылады.

Төленген жалақы төлемдерінің және жәрдемақылардың, белгіленген тәртіпте ұсталған сомалар 180 қосалқы шот дебетіне және 120, 160 қосалқы шоттардың кредитіне және 17 және 18 шоттардың тиісті қосалқы шоттарына жазба жазылады.

Есептік-төлем ведомостары негізінде 5 мемориалдық ордер әзірленеді.

Аурухана парақтары (еңбекке жарамсыздық парағы) жеке папкаға тігіледі және жыл басынан бастап хронологиялық тәртіпте нөмірленеді. Есепке қосып есептеу үшін оның әр парағына есептік-төлем ведомостарының нөмірі қойылады.

"Стипендиаттармен есеп айырысулар"қосалқы шотьшда жоғары оқу орындарының студенттерімен және аспиранттары-мен стипендиялар, ғылыми-зерттеу ұйымдармен және мектеп-тердің^ колледждердің, кәсіптік-техникалық мектептердің оқу-шьіларымен, курстардың тыңдаушыларымен және т.б. бойынша есептер ескеріледі.



Стипендияларды есептеу мен төлеу есетттік-төлем ведомостарында оку орындары жетекшілерінің бұйрығы негізінде айына бір рет жүргізіледі. Студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын оқу орындарының оқушыларына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 29.09.97 жылгы N319 бұйрығымен бекітілген шәкіртақылар төлеудің уақытша тәртібіне сәйкес немесе облыстардың, Алматы қалалық Казынашылыкхары басқармалары бастықтарының жазбаша рұқсаты бойынша стипендияларды төлеу Казақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 31.10.1997 жылғы N379 бұйрығымен бекітікен Казақстанның Ұлттық Акционерлік банкі арқылы (салымдар мен шәкіртақылар бойынша бет шоттарға есептелетін жалақы төлемдерінен басқа) бюджеттік ұйымдарға қолма-кол ақшаларды берудің уакытша тәртібіне сәйкес Қазынашылықтың атаулы чектері арқылы жүргізіледі.

Есептелген стипендиялардың сомаларына 181 қосалқы шот кредитіне, ал осы шот дебетіне берілген стилендиялардан ұсталған сома жазылады.

"Несиеге сатылған тауарлар үшін жұмысшылармен және
қызметшілермен есеп айырысулар" 182 қосалқы шотында сау-
дамен айналысатын ұйымдардың несиеге сатқан тауарлары үшін
жұмысшылар мен кызметшілердің тапсырыстық міндеттемелері
бойынша жалақы төлемдерінен ұсталган сомалар ескеріледі.

Несиеге сатқан тауарлары үшін жұмысшылар мен кызметшілердің жалақы төлемдерінен ұсталған сомаларға 182 қосалқы шот кредитіне және 180 қосалқы шот дебетіне жазба жазылады. Саудамен айналысатын ұйымдардың бюджеттік және бюджеттен тыс мекемелердің шоттарына аударған сомалары 182 қосалқы шот дебетіне және 09, 10, 11 шотгардың тиісті қосалқы шоттарына жазылады.

Несиеге сатқан тауарлары үшін жұмысшылар мен қызметшілердің жалақы төлемдерінен ұсталған сомалар бойынша есеп айырысулардың талдау есебі н.292-а карточкаларда (н.292 кітапта) жүргізіледі. Әр қызметкер бойынша ұсталған сомалардың есебі тапсырыстык-міндеттемелерде, ал бір ұйымның өзінен несиеге тауарларды сатып алған жұмысшылар мен қызметшілердің саны айтарлықтай басым болған жағдайда, несиеге тауарларды сатып алған жұмысшылар мен қызметшілердің жалақы төлемдерінен ұсталған реестріне (н.407) жазылады. Айдың соңында н.292-а карточкалардағы (н.292 кітаптағы) жазба реестрлермен немесе тапсырыстық-мшдеттемелермен салыстырылады.

183 "Банктердегі салымдар бойынша жұмысшылармен


және қызметшілермен есеп айырысулар" қосалкы шотында банктік шотқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жалақы төлемдерін аударуға ниет білдірген әрбір қызметкердің жсазбаша өтініші негізінде жұмысшылар мен қызметшілердің жалакы төлемдерінен ұсталған сома ескеріледі.

Банктік шотқа аудару үшін жұмысшылар мен қызметшілердің жалакы төлемдерінен ұсталтан сомаға 183 қосалқы шоты кредиттеледі және 180 қосалқы шоты дебеттеледі. 183 қосалқы шот дебетіне жұмысшылар мен қызметшілердің салымдары бойынша банктердегі шоттарға аударылған сомалар жазылады, бұл ретте 09, Ю, 11 шоттардың тиісті шоттары кредиттеледі.

Бұл қосалқы шоттар бойынша талдау есебі н.292-а карточкаларда (н.292 кітапта) жеке-жеке әр банк бойынша жүргізіледі. Салымшылардың саны айтарлықтай болған жағдайда әр адам және банктің н.285 айналыс ведомосы бойынша жұргізіледі.

184 "Сақтандыру шарттары бойынша жарналарды қо-


лма-қол ақшасыз аудару бойынша жұмысшылармен және қы-
зметшілермен есеп айырысулар" қосалқы шотында сақтандыру
органдарымен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен сақ-
тандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдеріне жұмысшылар
мен қызметшілердің тапсырыстары бойынша жалақы төлемдері-
нен ұсталған сомалар ескеріледі.

184 қосалқы шот кредитіне жалақы төлемдерінен ұсталған сомалар жазылады, бұл ретте180 қосалқы шотында дебеттеледі.

Бюджет шотынан сақтандыру органының шотына аударылган сомалар 184 қосалқы шот дебетіые және 09, 10 шоттардың тиісті қосалқы шоттарының кредитше жазылады.

184 қосалқы шот бойынша талдау есебі н.292-а карточкаларда (н.292 кітапта) сақтандырудың әр органы бойынша жүргізіледі.

185 "Кәсіподақтардың мүшелік жарналарының сомала-
рын қолма-қол ақшасыз аудару бойынша кәсіподақ мүшелері-
мен есеп айырысулар" қосалқы шотында кәсіподақ ұйымдары-
мен есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз жүйесі кезінде кәсіпо-
дақтардың мүшелік жарналарын жалақы төлемдерінен ұстау ес-
керіледі.

Кәсіподақтардың мүшелік жарналарын ұстау кәсіподақ мүшелерінің олардан кәсіподақтардың мүшелік жарналарын қолма-қол ақшасыз қабылдау туралы жазбаша өтініш білдірген жағдайда жүргізіледі.



Кәсіподақтардың мүшелік жарналарын жалақы төлемдерінен ұсталған сомалар 185 қосалқы шотының кредитіне және 180 қосалқы шотының дебетіне жазылады. бюджеттік және бюджеттен тыс шоттардың аударылған сомаларға 185 қосалқы шотының

дебетіне және 09, 10, 11 шоттардың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазба жазылады.

185 қосалқы шот бойынша талдау шот н.292-а карточкаларда
(н.292 кітапта) әр кәсіподақ ұйымдары бойынша жүргізіледі.

186 "Банктін қарыз ақшалары бойынша жұмысшылар-


мен және қызметшілермен есеп айырысулар" қосалқы шотында
Қазақстан Республикасының зандарымен белгіленген тәртіпте
банктен алынған қарыз ақшаны өтеу үшін жұмысшылар мен қы-
зметшілердің жалақы төлемдерінен ұсталған сомалар ескеріледі.

186 қосалқы шоты кредитіне қарыз ақшаны өтеу үшін жұмыс-


шылар мен қызметшілердін жалақы төлемдерінен ұсталған сома-
малар жазылады, бұл ретте 180 қосалқы шоты дебеттеледі. Бюд-
жеттік және бюджеттен тыс шоттардын аударылған сомаларға
185 қосалжы шотының дебетіне және 09, 10, 11 шоттардың тиісті
қосалқы шоттарының кредитіне жазба жазылады.
2. Жұмысшылармен және қызметкерлермен, және стипендиаттармен есеп айырысулар есебі.

185 қосалқы шот бойынша н.292-а карточкаларда (н.292 кітапта) жалақы төлемдерінен ұсталган сомалар бойынша жүргізіледі, қарыз берген банктің олардың әр қайсысьнан ұстау үшін оларға жеке шот ашыладьг.

187 "Атқарушы құжаттар мен басқа ұстанымдар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында жалақы төлемдерінен, стипендиялардан, атқарушЫ парақтары мен баска құжаттар бойынша ұсталған сомалар ескеріледі.

Атқарушы парақтары мен басқа құжаттар бойынша жалақы төлемдерінен ұсталған сомалар 187 қосалқы шотының кредитіне және 180, 181, қосалкы шоттардың дебетіне жазылады. 187 косалқы шот дебетіне бюджеттік және бюджеттен тыс шоттардан аударылған сомалар жазылады, бұл ретте 09, 10, 11 қосалкы шоттарын кредителеді.

Аткарушы парақтары мен баска. құжаттар бойынша аналитикалық есеп әр алушы бойынша тегі немесе ұйымның атауы, аткарушы парақтар мен басқа құжаттардың нөшрі, күні және әрекет ету мерзімі, 292-а үлгісіндегі карточкаларда (292 үлгісшдегі кітапта) ұсталған сомасы (процентпен) көрсетіліп жургізіледі.

189 "Атқарылған жұмыстар үшін басқа есеп айырысулар" қосалқы шотынада жұмыс үшін және біржолғы тапсырыстарға шарттар бойьшша жарияланымдарға төленетін сыйақы сомалары бойынша есеп айырысулар ескеріледі.

189 қосалқы шот кредитіне есептелген сыйакы сомалары жазылады,бұл ретте 20, 21 шоттардың тиісті қосалқы шоттарына дебеттеледі. 189 қосалқы шот дебетіне белгіленген тәртіпте ұсталған салықтар мен сыйақының төленген сомалары жазылады.

Әр алушы бойынша төленген сыйақы сомалары туралы мәліметтерді алу кажет болған жағдайда 417 үлгісіндегі карточқа-анықтама жүргізілуі мүмкін.
3. Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау бойынша есеп айырысулар есебі.

190. Бұл шотта зейнетақыларды төлеу және жинақтаушы зейнетақы қорлары мен халықты еңбекпен қамту қоры бойынша мемлекеттік орталыққа міндетті зейнетақы қорлары есептеледі.

191- "Зейнетақьшен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау бойынша есеп айырысулар" 19 шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:

198 "Міддетті зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар;

199 "Халықты еңбекпен қамту қорымен есеп айырысулар.
Зейнетақыларды төлеу бойынша мемлекеттік орталыққа міндетті зейнетақы жарналарын есептеген бюджеттік ұйымдар "Міндетті зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар" 198/1 қосалқы шот кредиті бойынша және "Міндетті зейнетақы жарналары бойыыша есеп айырысулар" 198/2 қосалқы шоты-ның кредиті бойынша жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын "Бюджет бойынша шығыстар" 20 шоттының тиісті қосалқы шотының дебетіне немесе "Басқа шығыстар" 21 шотына жазылады. Қаражаттарды аудару кезінде 198/1, 198/2 дебеттеледі және ақша қаражаттарының есебі бойынша шотта кредиттеледі.

Жеке тұлғаның (қызметкердің) жарнаны аударғандығы туралы толық акпаратты алу үшін бюджеттік ұйым жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының есеп карточкаларын толырады.

Нәтижесінде ұдайы өсіп отыратын жарналардың жалпы сомасы жаңадан енгізілетін "Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті жарналар" 12 баланстан тыс шотында енгізіледі. Міндетті зейнетақы қорларьшың талдау есебі жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының есебі бойьшша ведомостта жүргізіледі.

"Халықты еңбекпен қамту қорымен есеп айырысулар" 199 қосалқы шотында халыкты еңбекпен қамту ұйымдарының аударымдары бойынша есеп айырысулар ескеріледі. Еңбекпен


қамту қорына жарналарды есептеу 199 косалқы шотының кредиті бойынша және 20, 21 шоттардың тиісті қосалқы шоттардың дебетінде көрініс табады. Еңбекпен қамту қорына қаражаттарды аудару кезінде 199 қосалқы шотына дебеттеледі және бюджеттік шоттардың тиісті косалқы шоттарына кредиттеледі. 199 қосалқы шот бойынша талдау есебі н.292-а карточкаларда (н.292 кітапта) жүргізіледі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жұмыс беруші бұл дегеніміз кім?

3. Жұмыс беруші жүргізген зейнетақы қорының есебінен қалыптасуы бойынша бағдарламасы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әбдіманапов Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері»-оқу құралы. Алматы, 2001ж.

2. Әбдіманапов Ә. «Қаржылық есеп» оқу құралы. Алматы, 2007ж. 544бет.

3. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. «Финансовый анализ», М., «Дис», 1997г.

4. Баканов М.И., Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа», М., «Финансы и статистика», 1998 г.

5. Прыкина Л.В. Экономический анализ предприятия. М., Юнити, 2001г.


Тақырып 9. Мемлекеттік емес ерікті зейнет қорының есебі


1. Мемлекеттік емес ерікті зейнет қорының есебі мақсаты мен саласы.

2. Құрылтайшылар қоры қаржысы қозғалысының бухгалтерлік есебі.

3. Алушы қоры зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебі.

1. Мемлекеттік емес ерікті зейнет қорының есебі мақсаты мен саласы.

Зейнеткерлік қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама дегеніміз — жұмыс берушінің жұмыс кезінде немесе жұмыс біткеннен кейін қызметкерлерді зейнетақылармен қамтамасыз ететін (жыл сайынғы табыс түрінде немесе бір мезетте төленетін сома түрінде) келісім болып табылады. Бұл орайда жұмыс берушінің өз қызметкерлеріне беретін зейнетақылары мен төлемдері зейнетақы белгіленгенге дейін құжат ережелеріне немесе жұмыс берушінің практикасына сәйкес аңықталуы немесе белгіленуі мүмкін.

Сондай-ақ бұл - жеке тұлғаның зейнеткерлік қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаға жарна қосуды жүзеге асыратын келісімі болып табылады.



Жарналардың көлемі белгіленген зейнеткерлік схема дегеніміз - инвестициялардан кірістері мен қоса қорға қосылатын аударылымдарға сәйкес зейнетақы төлемдері анықталатын зейнеткерлік қамтамасыз ету схемасы.

Қор құрылтайшылар қорының қаржысына (бұдан әрі - құрылтайшылар қоры) және зейнеткерлік жиынтық қорға бөлек есеп жүргізіледі.



Қор тұтастай алғанда бухгалтерлік есептеудің 2-стандартына («Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептердегі негізгі айқындамалар»), 3-стандартқа («Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы»), 4-стандартқа («Ақша қаржыларының қозғалысы туралы есеп») сәйкес өз қызметі жөнінде қаржылық есептеме жасайды, ал қордың алушылар бөлігінде таза активтер туралы және таза активтердің өзгерістері туралы есеп береді.

Құрылтайшылар қорының операцияларында пайдаланылатын активтер бухгалтерлік есептің қолданымдағы стандартына сәйкес есептеледі.

Құрылтайшылар қорының инвестициялары ағымдағы құн бойынша есептеледі. Жеңіл сатылатын бағалы қағаздар жағдайында ағымдағы құн нарықтық құнға сәйкес келеді. Ағымдағы құнды анықтау мүмкін болмаған жағдайда ағымдағы қүнның пайдаланылмау себептерін ашу керек.

Зейнеткерлік қамтамасыз ету схемасы бойынша құрылатын есептер мынадай ақпараттарды қамтуға тиіс:

1). қордың есептік саясаты туралы;

2) зейнеткерлік қамтамасыз ету схемасы және есеп беру кезеңі бойында оган кез-келген өзгерістердің әсері туралы.

Қордың зейнеткерлік қамтамасыз ету схемасы туралы есеп қаржылық ақпараттың бір бөлігі ретінде оның сипаттамасын көрсетеді немесе ол жеке есеп мыналардан құрылады:


  • түрінде осы бағдарламаға қатысты жұмыс берушілердің атауы және жарнашылар топтарының атауы;

  • зейнетақы алатын жарнашылардың және тиісті тәртіп бойынша сараланған басқа да жарнашылардың саны;

  • кепілдік берілген зейнетақыяардын сипаттамасы; бағдарламаны тоқтату жағдайларының сипаттамасы;

  • есепті кезеңнің барысында жогарыда аталған тармақтарда болған өзгерістер.

Құрылтайшылар қорының есеп-шоттары бойынша айқындама мыналарды қамтуға тиіс:

  • қор құрылтайшыларының есепті мерзімге арналган жиынтық есебін;

  • онда мынандай ақпараттар көрсетілуі керек: ақша қаражаттары мен нарықтық бағалы қағаздар, негізгі қорлар, инвестициялар, басқа да активтер, қосалқы қор активтері, ағымдагы міндеттемелер, басқа да міндеттемелер, қосалқы қордың міндеттемесі, меншікті капитал, оның ішінде жұмсалмаган кіріс турапы;

  • қор құрылтайшыларының меншікті капиталынық алушылар қоры мен құрылтайшылар қорының алушылар қорының біріккен активтерінің сомасына, қосалқы қордың алушылар қорының активіне қарағандағы проценті;

  • алушылар қорының қурылтайшылар қорына төлеген комиссия-лық жарналарының сомасы мен комиссыялық жарналардың қор-дың таза кірісіне қарагандагы проценті,

Зейнетақыларды төлеуге арналған қолда бар таза активтер туралы есеп мыналарды айқындауға тиіс:

  • инвестицияларга арналган қолда бар ақша қаражатының со-масы;

  • аауга арналеан шоттарды, оның ішінде:

  • жеке тулгшіардан алынатын жарналар, жумыс берушілердің жарналары, алуга арналган сома бйынша есептелген процент;

  • Қазақстан Республикасының багалы қагаздары;

  • Қазақстан Республикасының Үлттық банкісіиің бекітуі бойынша банктер шыгареан багалы қагаздар; депозиттегі багалы қагаздар;

  • жылжымайтын муліктердегі инвестициялар;

  • басқа да инвестіщиялар;

  • қордың міндеттемелері, оның ішінде:

  • алушылардың төлемдік пыаптары, әкімшілік шыгындары, қор-дың кірістері бойынша төленетін салықтар;

  • қордың төлеуге арналган қолда бар таза активтері.

Зейнетақыларды төлеуге арналған таза активтердегі өзгерістер туралы есеп үш тараудан түрады. Бірінші тарауда мыналар айқындалуға тиіс:

Қазақстан Рвспубликасының багалы қагаздары процентінің кірістері, банктер шыгарган, Қазақстан Республикасының Үлттық банкі бекіткен багалы қагаздар процентінің кірістері, банктің депозиттік сертификаттарының кірістері, жылжымайтын муліктегі инвестицияаардың кірістері, активтерді са-тудың кірістері мен шыгындары, активтер қунының өсуі мен кемуі, басқа да кірістер.Екінші тарауда мыналарды айқындау қажет:әкімшілік шыгындарын, басқа да шыгындарды.Үшінші тарауда мыналарды айқындау қажет:жарнашылардың улесі, төленген зейнетақылар, бір қордан ба-сқа қорга аударылган, сондай-ак, басқа қорлардан бірінші қорга аударылган қаржылар, жыл басындагы таза активтер, жыл аягындагы таза активтер.


2. Құрылтайшылар қоры қаржысы қозғалысының бухгалтерлік есебі.

Қүрылтайшылар қоры қаржысының қозғалысында пайдаланылатын активтер,капитал мен міндеттемелер бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес танылады және есептеледі.

Қордың кірісі болып өз қаржысын инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс сомалары,бағалы қағаздарды өткізуден түскен және заңға қайшы келмейтін баска да кірістер, зейнетақы жарналары сомасынан, алушылар қоры зейнетақы активтерін орналастырудан алынған инвестициялық кіріс сомасынан деддалдық сыйақы табылады.

Алушылар қоры делдалдық сыйақысының сомасына Қор-дың салымшылары мен алушыларына қызмет көрсеткені үшін сыйақы кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет