Алматы экономика және статистика академиясы


Тақырып4. Бюджеттік ұйымдардағы қорлар есебі



бет7/8
Дата04.05.2017
өлшемі1,87 Mb.
#15419
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырып4. Бюджеттік ұйымдардағы қорлар есебі

Дәріс мақсаты: Бюджеттік ұйымдардағы қорлар есебін қарастыру

Дәріс сұрақтары:

4.1.Бюджеттен қаржыланудың ішкі ведомствелік есебі.

4.2.Бюджеттік ұйыдардың жабдықтаушылармен мердігерлер есебі және орындалған жұмыстар мен қызметтер есебі.

Дәріс мазмұны:



4.1.Бюджеттен қаржыланудың ішкі ведомствелік есебі

Бюджеттік мекемелердегі қаржыландырудың ішкі ведомстілік есебі 14 «Ішкі қаржыландыру ведомстілік есебі» шодыныда жүргізіледі. Бұл шотта мемлекеттік бюджеттен және басқада жоғары тұрған мекемелерден қаржылану операциялары есепке алынады.

14 шот келесі субшоттарға бөлінеді:

  • 140 «мемлекеттік ұйымдардығы қаржыландыру бойынша шығындар мен ішкі ведомстілік есептер»;

  • 142 « басқадай бюджеттерден қаржылану есебі»;

  • 143 «бюджеттік салымдар негізіндегі қаржыландыру».

Қаржыландыру тәртібі республикалық және жергілікті бюджеттермен бекітіледі.

Бюджеттен қабылданған қаражаттар 098 «лимиитер арқылы нақтылай қабылданған ақша қаражаттары», 108 «лимиттелінген операциялар негізіндегі мемлекеттік мекемелерден нақтылай түсімдер мен шығындар», субшоды дебителіп, 140 «мемлекеттік ұйымдардығы қаржыландыру бойынша шығындар мен ішкі ведомстілік есептер» субшоды кредиттеледі

Осы жоғарыдағы аталған шаруашылық операциялардан кейін 140 субшот дебиттеліп, 200 субшот кредиттеледі.
4.2.Бюджеттік ұйыдардың жабдықтаушылармен мердігерлер есебі және орындалған жұмыстар мен қызметтер есебі.
Қазақстан Республикасының Заңдылығының 19 қаңтар 2001 жыл «Коммепциялық емес ұйымдар жайлы Заңына» сәйкес мемлекеттік ұйымдар арасындағы тұрғындық-құқықтық келісім шарттарға сәйкес іс – шаралары орындалуы тиіс. Бюджеттік мекемелердегі тұрғындық – құқықтық келісім шарттар Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің және Қазнашылық Депортаментінің Нұсқауы негізіндн жұмыс жасайды.

Бюджеттік мекемелердегі жабдықтаушылармен мердігерлер есебі және орындалған жұмысттар мен қызметтер 15 «жабдықтаушылармен мердігерлер есебі және орындалған жұмысттар мен қызметтер» шодында есепке алынады. Бұл шоттың арайы субшоттары бар:



  • 150 «жабдықтаушылар мен мердігерлер есебі»;

  • 151 «сыртқы займдар бойынша міндеттелген есептер»;

  • 152 «бюджеттік тематика негізіндегі орындалған жұмыстарға бөлшектеу негізіндегі авнстық есептесулер»;

  • 153 «орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін тлапшыларға төлемдер есебі»;

  • 154 «бекітілген қаржыландыру бойынша кредиторлармен есептесу»;

  • 155 «гранттар бойынша міндетті есептесулер»;

  • 157 «мердігелерге орындалған жұмыстары үшін аванстарп»;

  • 158 «бюджетке түскен натуралды товарлармен шығындар есебі негізіндегі операцияларды есепке алу есебу»;

  • 159 «әлеумнеттік салымдар бойынша есептесулер».

150 «жабдықтаушылар мен мердігерлер есебі» субшодында жабдықтаушылардан қабылданған материалдар, құрлыс материалдары үшін есебі жүргізіледі. Жабдықтаушылар мен есептесу кезеңінде 150 субшот дебиттеліп, 093,103 немесе 111 субшоттар кредителеді.

Мердігерлермен есептесу кезінде 150 субшот дебиттеліп, 040,041,093,103,111, кредителіп, құрлысты монтаждау жұмыстары атқарылған кезде 203 субшот немесе 212 субшоттары дебиттеліп, 150 субшот кредителеді.

150 субшоттың аналитикалық есебі ф.292-а /ф.292 кітабында есепке алынады/. 152 «бюджеттік тематика негізіндегі орындалған жұмыстарға бөлшектеу негізіндегі авнстық есептесулер» субшодында- мемлекеттің талабы бойынша зерттханалық тапсырыс жұмыстары және ғылыми-зерттеу жұмыстары есепке алынады. Осы атқарылған қызметтер мен жұмыстар үшін жасалған төлемдер 152 субшодында дебиттеліп, 090 субшоды кредителеді. Атқарылған жұмыстар мен қызметтер өнімі 01,07 шоттарда дебиттеліп, 152 субшот бойынша кредителеді. Бюджеттік мекемелердегі барлық аналитикалық есептері ф. 292-а да жүргізіледі.

153 «орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін тлапшыларға төлемдер есебі»субшотында атқарылған қызметтер мен жұмыстарының дайын өнімдері есепке алынады. 153 субшот дебиттеліп, көрсетілген қызметтер ме жұмыстар: оқу- өндірістік мекемелер комбинаттар өнімі, мәдени- тұрмыстық қызметтері 189,280,400 субшоттары кредиттеледі. 153 «орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін тлапшыларға төлемдер есебі»субшоты аналитикалық есебі ф.283 жүргізіледі.

154 «бекітілген қаржыландыру бойынша кредиторлармен есептесу» субшодында жабдықтаушылар мен атқарылған қызметтер үшін төлемдер есебі есепке алынады.
4.3. Есеп беруге тиісті тұлғалар есебі.
Бюджеттік мекемелердегі есеп беруге тиісті тұлғалар есебі 16 «есеп беруге тисті тұлғалар есебі» шотында есептеледі. Сонымен қатар келесі қызметтік есептесулер тиісті субшоттар негізінде "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" шотында сатып алушылар мен тапсырысшыларға тиеп жіберілген өнім, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін табыс етілген және банк төлеуге қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша есеп айырысулар туралы ақпарат көрсетіледі.

"Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" бөлімшесінің шоттары "Табыстар" бөлімі тиісті шоттарының кредитімен корреспонденцияда сатып алушыға есеп айырысу құжаты табыс етілген сомаға дебеттеледі. Бұл ретте қосылған құнға салынған салық сомасы "Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қарызы" шотының дебеті және "Қосылған құнға салынатын салық" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

"Алынған аванстар", "Басқа кредиторлық қарыз және есептелген сомалар" шотымен - есептемеге жататын сомаға кредиттеледі.

Сонымен қатар бюджеттік мекемелердегі дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі 17 «Түрлі дебиторлық және кредитиорлық есептесулер» шотында есепке алынады. Бұл шоттың келесі субшоттары бар:



  • 170 «жетіспеушіліктер бойынша есептесу»;

  • 171 «міндетті әлуметтік қамтамасыздандыру»;

  • 172 «арнайы төлемдер бойынша есептесу»;

  • 173 «бюджетке төлемдер»;

  • 174 «депозиттік төлемдер бойынша есептесулер»;

  • 175 «орта және кіщші бизнесті даммыту бойынша кредиттер»;

  • 176 «сақтандыру, спонсорлық төлемденр бойынша есептесулер»;

  • 177 «депонеттер бойынша есептесу»;

  • 178 «бекітілген қаржыландыру бойынша дебиторлық және кредиторлық төлемдер»;

  • 179 «аванстар бойынша төлемдер».

170 «жетіспеушіліктер бойынша есептесу» субшотында ақша қаражаттарының жетіспеушіліктері есепке алынады және жауапты тұлғалардан ұсталымдарп есептеледі.

170 субшот бойынша жетіспеушіліктер мен жоғалтулар кредитінде көрсетіледі. Аналитикалық есебі ф. 292 а әр жеке тұлға бойынша ашылады және сол тұлғалардан ұсталымдар ұсталынады.

171 «міндетті әлуметтік қамтамасыздандыру» субшотында бюджеттік мекемедегі республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырулар мен көмек төлемақылар, әлеуметтік қамтамасыздандырулар есебі жүргізіледі. Міндетті әлеуметтік төлемақылар Қ.Р. үкіметімен бекітілген 1-ші қаңтар 1999 жыл және 17 сәуір 1999 жыл № 41 «Уақытша нұсқама бекітілімі» бойынша есепке алынады. 171 «міндетті әлуметтік қамтамасыздандыру» дебеті бойынша, 180 «Жұмысшылар мен қызметкерлермен есеп айырысу» шоты кредиттеледі.

1 қаңтар 1999 ж. және 17 сәуір 1999 ж. бойынша мемелекеттік бюджеттен ауыл аймақтық бюджеттерге төлемдік аударымдар есепке алына бастады. Бюджеттік мекемелердегі жұмысшыларға есептелген төлемақы 171 субшоттың дебетінде, 180 «Жұмысшылар мен қызметкерлермен есеп айырысу» субшоты, 120 «Касса», 090,100,120 субшоттары кредиттеледі.

Қ.Р. Үкіметі бойынша 18 сәуір 1999 жылдан бастап 171 «міндетті әлуметтік қамтамасыздандыру» субшотында уақытша жұмысқа жарамсыз және бала көтеруіне байланысты 11 шілде 1999 жыл № 731 «Нұсқауды бекіту» бойнша есепке алынды. Аналитикалық есебі ф.283 үлгіде есепке алынады. Көмек төлемақылар жинақталған әлеуметтік салықтар көлеміне қарай бекітіледі. Жасалған төлемақылар 159 «Әлеуметтік салымдар салығы есебінен» субшоты дебеттеліп, 171 субшот кредиттеледі.

172 «арнайы төлемдер бойынша есептесу» субшотында балаларды музыкалық мектептерде, мектеп – интернаттарында, ондағы жұмысшылардың тамақтануы және киімдерін есепке алады. Мектепке дейінгі балаларға жасалатын төлем әр ай сайын талап квитанциясы мен банк арқылы жіберіледі. Осы төлемдердің уақытылы жасалу үшін сол бюджеттік мекеменің басшысына міндеттеледі. Ата- аналардан келіп түскен қаражат 172 субшоттың кредиті бойынша 09 және 10 шоттардың тиісті субшоттары дебеттеледі. Артық төленген төлемдер ата – аналараына қайтарылған кезде 172 шот дебеттеледі, 09,10,11 шоттарының тиесілі субшоттары кредиттеледі, балалардың қамтамасыз етілу есебінің аналитикалық есебі ф 327 үлгісінде жүргізіледі.

173 «бюджетке төлемдер» субшотында келесі бюджетпен есеп айырысулар жүргізіледі:


  • Заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы;

  • Бюджетке қайтарылатын материалдық құндылықтар және ақша қаражаттарының қайтарылатын соммасы тиісті тұлғалардан;

  • Өткен жылғы қаржыландыру есебінен дебиторлық төлемді қайтару;

  • Басқа да төлемдер.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. "Бюджет бойынша ашылған лимиттер" шоты қандай қосалқы шоттарға бөлінеді?

  2. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебі қалай жүргізіледі?

  3. Қандай қосымша шоттарға бөлінеді?

  4. "Бюджеттен тыс және валюталық шоттар" шоты қандай қосалқы шоттарға бөлінеді?

  5. Осы қосалкы шотта қандай түсімдер есепке алынады?

  6. Касса есебі.

  7. Кассирді жұмысқа тағайындау процесі қалай жасасады?

  8. Басқа да ақшалай қаражаттар есебі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Митюгина Г.Д «Оплата труда: удержания, вычеты, начисления;/ Библиотека бухгалтера и предпринимателя, №7(132) июль 2001 г;

  3. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп, А., Экономика. 2001ж-400б. ;

  4. Баканов М.И., Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа», М., «Финансы и статистика», 1998 г.

  5. Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.

  6. Палий В.Ф., Соколов Я.В., “Бухгалтерлік есеп теориясы”, М Финансы и статистика 1998ж.


Тақырып 5. Орындалған жұмыстар мен қызметтер және арнайы бағыттардағы қорлар есебі, орындалған қызметтер есебі

Дәріс мақсаты: Орындалған жұмыстар мен қызметтер және арнайы бағыттардағы қорлар есебі, орындалған қызметтер есебінің мақсаттарын қарастыру.

Дәріс сұрақтары:

5.1.Кірістерден құрылған қорлар есебі

5.2. өнімдерді сату және көрсетілген қызметтерден түсімдер есебі

5.3.Арзан бағалы құндылықтар есебі.



Дәріс мазмұны:

5.1.Кірістерден құрылған қорлар есебі

Бюджеттік мекемелердегі кірістердің есебі 40 «кірістер» шодында есепке алынады. Бұл шоттың 400 «төлем ақылы қызметтен түскен кірістер» субшоды бар. Төлем ақылы қызметтер қатар тізіміне Қазақстан Республикасының Қаржы Минисистрлігі бекіткен қызметтер жатады. Бюджеттік кірістер есебі кассалық орперациялар есебіне жүктеле есептеледі.

Бюджеттік мекемелердегі кассалық кірістер ф.10 негізінде есепке алынады. Қабылданған ақша қаражаттары кем дегенде 3 банктік күн ішінде кіріс құжаттарында рәсімделу қажет. Атқарылған қызметтер мен жұмыстар кірістері болған жағдайда 400 субшоды кредиттеліа, 17 шоттар немесе 111,120 субшоттар дебиттеледі.

Сонымен қатар оқу- комбинаттарының қызметтерінен түсімдер болған жағдайда 400 субшот кредителіп, 280,153 суббшоттар дебиттеледі.

Шаруа қожалығындағы қызметтерден түскене түсімдерден 080,081 субшоттар кредиттеліп 400 субшоттар мен 03,031 субшоттар дебиттеледі.

Бюджеттік мекемелердегі кірістердің жинақ есептемесі ф.409 (мемориалды ордер№ 14) көрініс табады.

Аналитикалық есебі жекелеген топтар негізінде қызметтер кітабы ф.297-б, орталықтандырылған бухгалтерияда ф.283 те есептеледі.
5.2. Өнімдерді сату және көрсетілген қызметтерден түсімдер есебі
Өнімдерді сату және көрсетілген қызметтерден түсімдер есебі 28 шотында өндірістік комбинаттарда, оқу дайындау шаруашылықтарындағы өндірілген дайын өнімдерді сату бойынша есебі жүргізіледі. Осы аталған шаруашылық түрлерінің кірістері 400-ші субшотта жүргізіледі.

28 шот келесі субшоттарға бөлінеді:

280 «Оқу өндірістік комбинаттарының өнімдерін сату»;

281 «Қосымша ауыл шаруашылығының өнімдері(Оқу өндірістік)»;

280 субшоты бойынша өндірілген өнімдердің соммасы кредиттеліп, 111 және 120 субшоттар дебеттеледі. 280 шотта өндірілген өнімдердің көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құны дебеттеледі,030 субшот кредиттеледі. Төлемге берілген сомма 280 субшот бойынша дебеттеліп, 080 субшот кредиттеледі. 280 субшоттың қалдық құны кредитінде көрсетілсе яғни ол кіріс, ал дебеттелсе керісінше шығыс. Жылдық нәтижелік соммалары 410 субшотта көрсетіледі.

281 субшот кредиттелген кезде 111, 120 субшоттар дебеттеледі. 281 субшоттың дебетінде жоспарланған соммалар, ал кредитінде 031 субшот көрініс табады. Жыл аяғындағы жоспарланған өндірілген өнімнің өзіндік құны жинақталып, 281 субшоттың дебетінде көрсетіледі. Кредиттік қалдық кіріс, дебеттік қалдық шығыс. Аналитикалық есебі ф. 283 үлгіде көрсетіледі.


5.3.Арзан бағалы құндылықтар есебі.
Бюджеттік мекемелердегі арзан бағалы құндылықтар келесі топтарға бөлінеді: «а», «б», «в», «г», «д», «е», «ж», «з» Нұсқаманың 33 пункті бойынша.

07 «Арзан бағалы тез тозатын құндылықтар» шоды келесі субшотарға бөлінеді:

070 «қоймадағы арзан бағалы тез тозатын құндылықтар»;

071 «қолданыстағы арзан бағалы тез тозатын құндылықтар»;

072 «қоймадағы киім, төсек-орын заттары, аяқ-киім»;

073 «қолданыстағы киім, төсек-орын заттары, аяқ-киім».

Бухгалтерияда арзан бағалы тез тозатын заттар кірістелген кезеңде 070 шоттар дебиттеліп 09,10,11,06,07 шоттар кредиттеледі, сонымен қатар 08,20,21, субшоттарды дебиттеліп, 260 субшоттар кредителді.

Бухзгалтериядағы арзан бағалы тез тозатын құндылықтардың есебі ф 412 немесе ф М -17 де жүргізіледі.

070 субшоттардың аналитикалық есебі ф. 296 а (ф 296 кітабында есепе алынады). Арзан бағалы тез тозатын құндылықтар есептен шыққан кезде 071 субшот кредителіп 260 субшот дебиттеледі.

Бұл құндылықтардың саны мен бағасы ф.296а жазылым парағында /вкладной лист/ ф.402 де жазылады. Егерде арзан бағалы тез тозат құндылық 1 қаңиарға дейін тіркелмеген болса ол ф.401 де тіркеледі

072 «қоймадағы киім, төсек-орын заттары, аяқ-киім»- қойма кітабы М-17 тіркеледі.

Арнайы киімдер мен қорғаныс органдарының киім-кешектерінің аналитикалық есебі ф.МБ-6 жеке карточкаларында есепке алынады. Осы аталған заттардың таратылуы ф. МБ-7 жүргізіледі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. "Орындаған жұмыстары және көрсеткен кызметтері үшін жеткізушілермен, мердігерлермен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар" шоты. Бұл шот қандай қосалқы шоттарға бөлінеді?

2. Талдау есебі қалай жүргізіледі?

3. Есеп айырысулардың талдау есептері қалай жазылады?

4. "Есеп беретін адамдармен есеп айырысулар" жүргізілу әдістері?

5. "Арнаулы төлем турлері бойынша есептер" қосалқы шотына не жатқызылады?

6. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде (балалар яслиінде, бала-бақшаларда және ясли-бақшаларда) балаларды ұстағаны үшін ата-аналармен есеп айырысулар

7. Тамақ өнімдерін ата-аналардан кабылдау үш дана етіп жазылатын, оларды атап өтіңіз?

8. Депозиттік сомалардьщ талдау есеб қалай жүргізіледі?

9. "Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар"шотында нелер ескеріледі?

Ұсынылатын әдебиеттер:



  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.

  3. «Бухгалтерлік есеп стандарттары» Аламаты, 2000.

  4. Кеулімжаев Қ.К. "Қаржылық есеп" Алматы, 2001.

  5. Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2000


Тақырып6. Орталықтандырылған қамтамасыздандыру операциялар есебі

Дәріс мақсаты: Орталықтандырылған қамтамасыздандыру операциялар есебін бағыттарын топтастыру

Дәріс сұрақтары:

6.1. Орталықтандырылған қамтамасыздандыру түсінігі.

6.2. Орталықтандырылған қамтамасыздандыру операциялар есебінің реті, бюджеттік мекемелер арасындағы тапсырыс – тауар қабылдаушылар есебі.

Дәріс мазмұны:



6.1. Орталықтандырылған қамтамасыздандыру түсінігі.

Бюджеттік мекемедегі орталықтандырылған қамтамасыздандыру есебі басты мердігерлердің есебімен негізделеді. Орталықтандырылған қамтамасыздандыруға тапсырыс беруші жазбаша тапсырыс береді.

Тауарды алушы ұйым тауардың келіп түсуі мен оның құжатталуын толық бақылауға алады.

Егер де тапсырыс беруші ұйым берілген тапсырысты толығымен алмаған жағдайда орталықтан қамтамасыздандыру мекемесіне өз риза еместігін білдіріп, шара қолдануын талап етеді.


6.2. Орталықтандырылған қамтамасыздандыру операциялар есебінің реті, бюджеттік мекемелер арасындағы тапсырыс – тауар қабылдаушылар есебі.
061 – ші шот есеп «Қ.Р. республикалық бюджеттерімен өзара есеп айырысу». Бұл субшот Қ.Р. республикалық бюджеттермен өзара есеп айырысу жөніндегі операциялардың тиісті қаржы органдарындағы есебіне арналған. 061 шот есептің дебетіне мыналар жазылады:

Республикалық бюджеттен өзара есеп айырысу бойынша алынуға тиісті сомма: «Қ.Р. республикалық бюджетінен берілген және алынған қаражат аты» № 071 субшот кредиттеледі;

Өзара есеп айырысу бойынша берешекті өтеу үшін республикалық бюджетте аударылған сомма «Жергілікті бюджеттің ағымдағы субшотынан/Негізгі/» атты 011 субшот кредиттеледі;

Жоғары тұрған бюджеттен алынуға тиіс және өзара есеп айырысу бойынша берешекті өтеу үшін есепке алынған дотация мен субвенция соммасы: «Бюджет кірістері» атты 040 субшот кредиттеледі.

Мыналар 061 субшоттың кредитіне жатқызылады:

Өзара есеп айырысу бойынша берешекті өтеу үшін бюджетке берілуге тиіс сомма; 071 субшот дебеттеледі;

Өзара есеп айырысу бойынша берешекті өтеу үшін республикалық бюджеттен түскен сомма; 011 субшот дебеттеледі;

Қаржы министрлігі өзара есеп айырысу бойынша аударған, бірақ есепті айда осы жергілікті бюджеттің ағымдағы шот есебіне /Негізгі/ келіп түскен сомма; «Жолда келе жатқан сомма» атты 019 субшот дебеттеледі;

Жоғары тұрған бюджетке берілуге тиіс және өзара есеп айырысу бойынша берешекті өтну үшін есепке алынған сомма; «Бюджет шығыстары» атты 020 субшот дебеттеледі;

Республикалық бюджеттен алынған, қысқа мерзімді несиенің өзара есеп айырысу бойынша жергілікті бюджетке тиесілі сомма субшотымен есептелінген 051 субшот дебеттеледі;

Мекемелер, кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдары республикалыө бағыныштылықтан жергілікті бағыныштылыққа берілгенге дейін оларға республикалық бюджет бойынша ашылған кредиттердің Қаржы министрлігінің нұсқауына сәйкес Ұлттық мемлекеттік банк есеп қисабына 95 символына жатқызылған соммасы 014 субшот дебеттеледі, бюджетте тұрған мекемелер берілгенде немесе 020 субшот дебеттеледі.

062 субшот «Жергілікті бюджеттермен есеп айырысу» бұл шоттың дебетіне мыналар жатқызылады: Басқа жергілікті бюджеттердің өзара есеп айырысу бойынша алынуға тиіс сомма; «Жергілікті бюджеттерден берілген және алынған қаражаттар» атты 072 субшот кредиттеледі.

Жергілікті бюджеттерге нақты берілген қаражаттың және есеп айырысудың басталған мерзімі бойынша жергілікті бюджеттерден нақты алынған қаражаттың соммасы 1 жыл ішінде әрбір талдамалаы шот есеп бойынша, селолық, аудандық, поселкілік және қалалық /Ауданындық бағыныстағы қалалардың/ бюджеттерден нақты берілген немесе нақты алынған қаражаттан басқа, мынадай тәртіппен айқындалады:

072 субшот бойынша /ф. № 4 – ф кітабының 6 - бағанасы/ тоқсанға жатқызылатын дебет айналымының соммасынан 062 субшот бойынша /. № 4 – ф кітабының 21 - бағанасы/ ағымдағы тоқсанға жатқызылған кредит қалдығының соммасы шегеріледі; алынған айырма басқа бюджетке берілген қаражаттың соммасы болып табылады.

072 субшот бойынша /. № 4 – ф кітабының 7- бағанасы/ ағымдағы тоқсанға жатқызылатын кредит айналымының соммасына 062 субшот бойынша /. № 4 – ф кітабының 20-бағанасы/ ағымдағы тоқсанға жатқызылатын дебет қалдығының соммасы шегеріледі; алынған айырма басқа бюджеттен нақты алынған қаражаттың соммасы болып табылады.

Есепті жылдың аяғында 062 субшоты дебеті немесе кредиті бойынша ағымдағы тоқсанға /. № 4 – ф кітабының 20 және 21бағаналары/ жатқызылатын қалдық жоқ болған жағдайда 072 субшот бойынша ағымдағы тоқсанға /ф.№4 – ф кітабының 6-7 бағаналары/ жатқызылатын айналым соммасы дебеті бойынша – нақты берілген қаражат соммасы болып табылады, кредит бойынша – басқа бюджеттен нақты алынған қаражат соммасы болып табылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бюджет бойынша шығындар есебі қалай жүргізіледі?

2. Қосалқы қндай шоттарға бөлінеді?

3. "Арнаулы қаражаттар бойынша шығыстар" қосалқы шотында не бойынша шығыстар есепке алынады?

4. Басқа да шығындар есебі жүргізілуі?

Ұсынылатын әдебиеттер:



  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.

  3. «Бухгалтерлік есеп стандарттары» Аламаты, 2000.

  4. Кеулімжаев Қ.К. "Қаржылық есеп" Алматы, 2001.

  5. Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2000

  6. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 2002.



АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ













ТӘЖІРИБЕ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп және есептеме» пәні бойынша

5В050800 «Есеп және аудит»мамандығы

Алматы, 2012ж.

Тапсырма №1.
Активтік маңызы мен пассивтік маңызына қарай классификациялық топтарға бөлуде жіберілген қателерді табыңыз.

Активтер

Меншікті капитал + Міндеттемелер

Бек компаниясынан алынған қарыз

Тауарлар

Кассадағы ақша

Берешектер

Жабдықтар

Банктің алашағы

Нсиелендірушілер




Ғимараттар




Тасымалдау құралдары






Ә: [7] с21-24, 251, 196-198; [9] с. 19,167
№2 Тапсырма
«Асан жК» ұйымының жүк машинасы - 200,0 мың, ғимаратты - 500,0 мың, тауарлары 100,0 мың, тауарлар үшін осы ұйымның қарызы 40,0 мың теңге, «Бек» компаниясынан 300,0 мың теңге карыз алды. Мұның кассасындағы ақшасы 10,0 мың және банктегі шотында 70,-0 мың теңгесі болды. Осы мәліметтер негізінде «Асан жК»-ның меншікті капиталын есептеп шығарыңыз.
Ә: [2] с21-24, 251, 196-198; [4] с. 19,167
№3 Тапсырма

Төмендегі мәліметтердің непзшде «Асан жК» ұйымының 31 желтоқсан 2004 жылға бухгалтерлік баланс жасаңыз.

Меншікті капитал 35625

Берешектер 7425

Жүк машиналары 8550

Алашақтар 3675

Ғимараттар 8250

Тауарлар 13200

Банктегі ақша 1875
Ә: [10] с30-36, 251, 196-198; [20] с. 18,167
№4 Тапсырма

Есеп

Төмендегі операциялар непзшде баланстың активі, меншікті капитал және міндеттемелер баптарындағы өзгерістерді +, -, белгілерімен белгілеңіз.



  1. Алашақтар қарызы төленді 700,0

  2. Жабдықтар сатылып алынды 2000,0

  3. Несиеге тауарлар алынды 275,0

  4. Инвестор ақша салды 5000,0

  5. Бек компаниясы қарыз берді 2000,0

  6. Берешектер өз қарызын қайтарды 500,0

  7. Қоюшыларға алынған тауарлар қайтарылды 600,0

  8. Ғимарат сатылып алынды 50000,0


Ә: [2] с21-24, 251, 196-198; [4] с. 19,167

№5 Тапсырма

Аталған тақырып бойынша реферат


Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша 5В0
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет