Алматы экономика және статистика академиясы


Студенттің білімін бағалау жүйесі



бет5/8
Дата04.05.2017
өлшемі1,87 Mb.
#15419
1   2   3   4   5   6   7   8

15. Студенттің білімін бағалау жүйесі

Ағымдағы үлгерімді бағалау ағымдағы бақылау және рубеждік (аралық) бақылау бағаларынан тұрады.

Үлгерімді ағымдық бақылау – оқу сабағын жүргізуші оқытушының пәннің әр оқу тақырыптары бойынша студенттің жетістіктерін жүйелі түрде тексеруі.

Рубеждік бақылау оқу пәнінің ірі бөлімдерін (модульдерін) аяқтаған соң жүргізілетін бақылау.

Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім бағасы мен қорытынды бақылаудың бағасынан тұрады. Ағымдағы үлгерімді бағалау (жіберу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның 60% құрайды. Емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40% құрайды.

Студенттің білімін бағалау балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы жүзеге асады.


15.1 Студенттің рейтингін қою шкаласы



Бақылау түрі

1-рейтингті бағалау критерийі (Р1), %

Апта

1-рейтинга қорытындысы, (Р1)

2-рейтингті бағалау критерийі (Р1), %

Апта

2-рейтинга қорытындысы, (Р1)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15



Сабаққа қатысу (лекция)

8

1

1

1

1

1

1

1

1




7

1

1

1

1

1

1

1






Лекцияны конспектілеу

10






















10




10



















10






СОӨЖ тапсырмаларын орындау

15




3

2

2

2

2

2

2




15




4

2

2

2

2

3






СӨЖ тапсырмаларын орындау (курстық жұмыс)

20







5

5




5

5







20




5




5




5

5






Рубеждік бақылау тапсырмаларын орындау

12






















12




13



















13






Тәжірибелік сабақ тапсырманы орындау

35

5

5

5

5

5

5

2

3




35

5

5

5

5

5

5

5




Барлығы

100




























100




























Қорытынды бағадағы үлесі




























30%

























30%

*Ескерту - жұлдызшалардың орнына баллдарды көрсету керек
15.2 Қорытынды бағаны есептеу
Пән бойынша қорытынды баға пайыздық мазмұнда келесі формула бойынша есептеледі:
И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4

2

мұндағы:

Р1 –1- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;



Р2 – 2- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;

Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест-емтихан).



15.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық баламасы

Оқу пәнін меңгерудің %-қ мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

үздік

A-

3,67

90-94




B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


15.4 Академиялық тәртіп саясаты




Тәртіпті бағалау критерийлері

Баллдар саны*

1.

Сабақтан кешігу




2.

Сабақ кезінде ұялы телефонмен сөйлесу




3.

Практика (семинар) сабақтарына белсене қатысу




4.

Басқа да критерийлер




*Ескерту: студенттің рейтингін төмендететін баллдар минуспен, жоғарылататын баллдар плюспен қойылады.



АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ














ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

«Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп және есептеме» пәні бойынша

5В050800 «Есеп және аудит»мамандығы

Алматы, 2012ж.



Тақырып 1. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің негіздері.

Дәріс мақсаты: Бюджеттік мекемелердің шаруашылық операциялары ұйымдастырудың бағыттарын қарастыру.

Дәріс сұрақтары:

1.1.Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп түсінігі.

1.2.Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі.

1.3.Шаруашылық операцияларды құжаттау.
Дәріс мазмұны:

1.1.Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп түсінігі.


Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп түсінігі - баршамызға белгілі, табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады. Бюджеттік мекемелердің шаруашылық операциялары бизнес тілі болып табылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт.

Бухгалтерлік есеп деп – кәсіпорындарды ақпараттар және мәлімттермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз.

Нарықтық қатнастардың экономикалық өмірге етуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды.

Бухгалтерлік есеп ерекше бір тілде жүргізіледі. Мысалы, «ұсталымдар», «шығындар», «шығыстар» сөздері бухгалтерлік есепте нақты бір жағдайды қалыптастыру, қолдану және оларды бағалау кезінде қолданылады.

Кәсіпкерліктің кейбір аспектілері тиімді экономикалық шешімдерді қолдану үшін сандық мәліметі жағынан анықталады және тіркеледі.

Кез-келген шаруашылық субектілері шаруашылық процесі кезінде шаруашылық активтері мен міндеттемелері және меншікті капиталда өзгерістерді қалыптастыратын көптеген шаруашылық операциялары мен қызметтерді орындайды.

Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруды қалыптастыру мақсатында ресурстар қолданылады, яғни материалдық және еңбек ресурстары, ғимараттар мен құра-жабдықтар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсетулер. Ресурстар тек өздігінше қалыптаспайды, оларды әрдайым қаржыландыру қажет. Ресурстар ақша қаражаттарына алмасады. Нарықтық экономика жағдайларына байланысты ақша қаражаттары немесе ақша қаражаттарына алмасқан экономикалық ресурстардың белгілі бір қалыптасу көздері болуы қажет. Сонымен, бухгалтерлік есеп – бұл ресурстардың қолдану тиімділігін және шаруашылықтағы басқару процесін сипаттайтын ғылым болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық ұйымдары әр түрлі көздерден келіп түсетін капитал жиынтығынан қалыптасады, яғни оларға кәсіпорынның капиталына өз қорларын салатын инвесторлар қаржысынан, кәсіпорынның шаруашылық қызмет нәтижесінде қалыптасатын таысынан қалыптасуы мүмкін. Әр түрлі көздерден қалыптасқан кәсіпорын қорлары әр түрлі мақсаттарға жұмсалады: шаруашылық субъектілерінде негізгі қорларды қалыптастыруға, тауарлы босалқыларды қалыптастыруға, еңбек ақы төлеуге, дебиторлық қарыздарды қаржыландыруға және тағы басқаларға.

Қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша дивиденд саясаты, негізгі және айналым қорларымен, ақша активтерімен жұмыс істеудің арнайы әдістері, салық есебінің ережелері мен әдістері анықталады.

Осылайша бухгалтерлік есеп активтер мен пассивтердің, құрылымын, ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық қорлардың, негізгі қорлардың қозғалысын және басқа да бухгалтерлік есептің барлық объектілерін зерттейді.

Жалпы бухгалтерлік есептің жүргізілуі шаруашылық субъектілеріндегі активтер, міндеттемелер және меншікті капиталдың ақшалай түрде мәліметтерді ағымдағы қадағалау, жинау, тіркеу және оларды қалыптастыру және шаруашылық өмірдегі барлық операциялардың құжаттық операцияларын жүргізумен сипатталады, яғни бұл бухгалтерлік есеп пәнінің анықтамасы болып табылады.

Есеп – бұл тек қана шаруашылық өмірдегі операцияларды тіркеу және қадағалау ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның мүмкіндіктерін сипаттайтын даму жолдарын анықтау болып табылады. Бухгалтерлік есеп экономикалық іс-әрекеттердің сандық мәліметтерді өлшеуімен айналысады.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - ұйымдардың даму тенденциясын анықтау үшін мәліметтерді қолдану және оларды талдау, әр түрлі альтернативтерді таңдау, басқару шешімдерін қабылдау, сонымен қатар, болжау кезінде инвесторлар мен кредиторларға тиімді ақпараттар беру, потенциалды ақша ағымдарын салыстыру және оларды бағалау, ұйымдардың табыстылығын анықтау болып табылады.

Осы мақсаттарға сәйкес бухгалтерлік есеп келесі негізгі міндеттерді шешуге негізделеді:

- басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ұйымдардың қызмет нәтижелері және шаруашылық процессі туралы толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сонымен қатар, ол ақпараттардың инвесторлармен, кредиторлармен, қаржылық, салықтық және банк органдарымен қолданылуын қамтамасыз ету;

- экономикалық ресурстардың рационалды қолданылуы және мүліктердің нақты бары мен олардың қозғалысына бақылау жасауды қамтамасыз ету;

- кәсіпорынның басты мақсаты - табыстың өсіміне жету үшін бәсекелестік шартында қызмет ететін ұйымдардың бизнес – циклдарының дамуының орындалуын қадағалау;

- ұйымдардың активтерін тиімді қолдану есебінен өнім көлемінің есепте және есеп берулерде өсу жағдайы;

- ақпаратты қолданушылар үшін дер кезінде мәліметтерді беру;

- ҚР-ның «Салық және басқа тда бюджетке төленетін міндетті төлемдер» Кодексі және «Бухгалтерлік есеп туралы Заңды», сонымен қатар, басқа да заңдар мен нормативті актілерді сақтау жағдайын бақылау.



1.2.Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі.
Облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің атқаруының бухгалтерлік есебін Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 1992 жылғы 1 шілдедегі Нұсқау бойынша жергілікті әкімшіліктің қаржы басқармаларымен бөлімдері жүргізеді.

Қаржы органдарының аппаратын ұстауға жұмслатын шығындар сметасының атқарылу жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебі бюджетте тұратын мекемелермен ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқамаға сәйкес /екі жақты жүйе бойынша / жргізіледі.

ҚР Ұлттық мемлекеттік банкісінің мекемелері жергілікті бюджеттердің /облыстық, қалалық, поселкілік, селолық және ауылдық бюджеттердің/ кассалық атқарылымын ҚР – ның Ұлттық мемелекетік банкісінің Мемелекеттік бюджеттің кассалық атқарылуы жөніндегі нұсқамасының нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Ұлттық мемелекеттік банкісінің мекемелері әр айдың 1- не облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің ағымдағы шот есептері бойынша және осы бюджеттердің қаражаттары есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдарды ағымдаға шотесептегі қаражат қалдықтарының тексерме ведомосін белгіленген тәртіппен жасайды және белгіленген тәртіппен хатталған осы ведомостің екінші данасын тиісті қаржы органдарына береді.

Бюджеттің және шығындар сметаларының атқарылуы туралы есеппен есеп қисаптың жолға қойылуын бақылауды қаржы органдарының бугалтериялары жергілікті жерледі тексерулер мен зерттеулер жүргізу арқылы және өздері алатын мерзімдік және жылдық есеп қисапты қарау арқылы жүзеге асырады.

Қаржы органдарының бухгалтриялары ірі бюджет мекемелерінде, орталықтандырылған бухгалтерияларда және төмендегі қаржы органдарында бухгалтерлік есеппен есеп қисаптың орталықтандырылу жүйелі түрде бақылайды.

Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін пайдаланушылардың мақсаты бәсекелестікті тұрғыда болатындығынан ақпараттарды пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар да болуы мүмкін.

Сондықтан ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапайым жолдармен аса бір сапалы және жоғарғы деңгейде орындалуы керек. Ақпараттардың мағынасы мен көрсеткіштері логикалық санаға сиятындай болуы жөн.

Сонымен бухгалтерлік есеп аса көп ақпараттардан тұрады. Көптеген ақпараттарды жинақтап жүйеге түсіру кәсіби мамандардың ғана қолынан келеді. Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін көптеген талаптар мен арнайы ережелер қажет. Бұларға: шындық, өз уақытында, қажетті дәлділік т.б. талаптар қойылады. Ақпараттар жүйесіне қойылатын талаптардың ең маңыздысы өз уақытындағы дер кезіндегі орындалатын талап.

Бухгалтерлер мен басқа да басқарушы тұлғалар үшін тек жалпы мерзім ғана емес, дәлме-дәл осы күні орындалған бухгалтерлік операциялары қажет. Мұның үшін қажетті көлемдегі және дәл осы күні орындалған операциялар ғана шындық талабымен ұштасады. Айта кететін бір жайт – бұл экономикалық немесе қаржылық талдауға байланысты. Ағымдағы талдау мәліметтері және статистикалық мәліметтер жинақталған күндерден соң, мүмкін көптеген уақыт өткеннен соң да пайдалануы мүмкін. Сондықтан қандайда болмасын мәліметтерді пайдаланып, экономикалық өмірге қосқан күнді өз уақытында орындалған күн деп анықтауға болады.

Келесі талап – қажетті дәлдік. Бұл талаптың негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін басқадай сырттағылардың пайдалануы мен кәсіпорынның өзішінде жан-жақты талдау қызметін жүргізуге арналған. “Бухгалтерия” мен “дәлдік” ұғымы бірімен бірі тығыз байланыста болады. Бухгалтерияда дайындалған есеп материалдары абсолюттік дәлдікті көрсетуі керек. Алайда, кейінгі жылдары кәсіпорын бухгалтерінің қарауына берілген есеп саясатына көрсетілген кейбір әдістемелік есептеулер әр түрлі жолдармен орындалып келеді. Мысалы, негізгі құралдарға амортизациялық тозу жарна есептеу тәсілдерінің көптігі, таза пайданы еептеудің бірнеше жолдары сияқты көптеген көрсеткіштерді аса бір дәлдікпен есептеу қиындық туғызып ауытқулар болуы мүмкін.

Бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушыларды төмендегідей сипаттауға болады:


  1. Кәсіпорны әкімшілігі бухгалтерлік есеп негізіндегі ақпараттар жүйесін пайдалана отырып, экономикалық жағынан тиімді шешімдер қабылдап, мүның үшін тиісті еңбек ақымен қатар, сый ақы алуды мақсат тұтады. Бұлар кәсіпорынның қаржы-шарауашылық қызметін талдап, ішкі және сыртқы резерв көздерін шаруашылық өміріне енгізушілер болып табылады.

  2. Кәсіпорында еңбек етуші жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек объектілеріндегі жұмыстарды атқарып, еңбектің сапасы мен санына және атқарылатын қызметтердің жауаптылығына, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтердің категорияларына қарай еңбек ақы алып, әлеуметтік жағдайларды пайдаланушылар болып табылады.

  3. Қоюшылар мен сатып алушылар, басқалай клиенттер материалды құндылықтар мен ресурстар қойып, осы кәсіпорынның өнімдерін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі экономикалық қатнастарды арнайы жасалған келісім шарт және екі жақты қойылған келісім бағаға қарай орындау үшін ақпараттар жүйесін пайдаланады.

  4. Несие мен қарыз беруші жақтар кәсіпорынның капитал көздерін қалыптастыру ме айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында несиелендіріп, мұның үшін пайыздық төлемдер алып, кәсіпорынның қалыпты жұмыстар атқарып, экономикалық жағдайының жақсаруына қызмет атқарады.

  5. Отандық экономиканың тұрақтануы мен элеуметтік салаларды қаржыландыру мақсатында салық және жарналар жинайтын органдарды ақпараттармен қамтамасыз етумен қатар, салық заңдылығын орыдау үшін қажетті ақпараттар жүйесін қолдану болып табылады.

1.3.Шаруашылық операцияларды құжаттау.


Қаржы органдарының бухгалтериясында ескерілетін бюджеттің атқарылуы жөніндегі барлық операциялар осы Нұсқамада белгіленген құжаттармен хатталуға тиіс.

Нақты ақшаны аудару, қайта аудару және беру жөніндегі бухгалтерлік құжаттарға, есеп айырысу және несие сипатындағы құжаттарға қаржы органдарының басшысы немесе оның орынбасары және Бас бухгалтер, ал Бас бухгалтер жоқ болған кезде /демалыста жүргенде ауырғанда, іс сапарда жүргенде және т.б/ - Бас бухгалтердің орынбасары немесе штатта Бас бухгалтердің орынбасары қызметі жоқ болса, аға бухгалтер қол қояды.

Олардың қолы қойылмаған бухгалтерлік құжаттар жарамсыз деп есептеледі. Қажетті реквезиттері толтырылмаған құжаттарға қол қоюға тыйым салынады.

Қаржы органындағы бюджеттің атқарылуы жөніндегі операциялардың бухгалтерлік жазбалары үшін мынадай тиісті хатталған құжаттар негіз болып табылады:



  • бюджеттің әр тоқсанға бөліп көрсетілген жылдық тізімі немесе оның көшірмесі;

  • сметалық тағайындамалардың-қаржыландуру мөлшерлерінің өзгергені туралы хабарлама - анықтама /ф№24/;

  • жергілікті бюджеттің ағымдағы шотесебіне /негізгі/ түскен кірістер туралы анықтама /ф № 3/;

  • жергілікті бюджеттің ағымдағы шотесебінен /негізгі/ қаражатты аудару жөніндегі өкім /ф № 5/;

  • өзара есеп айырысу туралы хабарлама /ф № 11/:

  • шығыс кестесі - қаржыландыру жоспары /ф № 12/;

  • кірістерді қайтару туралы қорытынды /ф № 21/;

  • жергілікті бюджеттен қаражатты иеленушілерге қаражат аудару жөніндегі төлемдік тапсырмалар /№№ 872, 872 а, 873 үлгідегі формалар/;

  • бюджет бойынша шығыстар сметаларының атқарылуы туралы мерзімдік және жылдық есеп қисап;

  • Ұлттық мемлекеттік банкі мекемелерінің күрделі жұмсалымдары мен басқада шараларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру жөніндегі айлық есептері /ф№ 759/;

  • Мемориалдық ордер /ф№ 274/

Негізгі құжаттардың формалары №1 қосымшада келтірілген. Бастапқы құжаттарды толтыру тәртібі тиісті тармақтардағы тексте баяндалған.

Қаржы органдарында қолданылатын бухгалтекрлік құжаттардағы жазбалар жазу машинкаларымен автаматизацияланған құралдардың көмегімен жазылады.

Екі немесе одан да көп даналармен жазылатын бухгалтерлік құжаттар жазу машаналары болмағанда химиялық қарандашпен немесе шарикті қалам саптың пастасымен көшірме қағаз арқылы толтырылады.
Бухгалтерлік тізімдемелер
Жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебі мынадай есеп тізімдемелерінде жүргізіледі:


  • «Бас журнал» кітабы форма № 1-ф;

  • қаражатты иеленушілер мен кассалық шығындардың ағымдағы шот есептерінің кітаптары /ф № 3 ф/;

  • басқа бюджеттермен есеп айырысу кітабы /ф № 4 - ф/;

  • кірістер кітабы /ф №5-ф/;

  • кітаптардың формалары № 1 қосымшада келтірілген.

  • Келесі жылға арналған бухгалтерлік кітаптар мен басқа да құжаттар әр бір қаржы орграндарында 31 желтоқсанан кешіктірілмей әзірленеуге тиіс.

Әр бір кітапта жазба басталмастан бұрын онда барлық паратар номерленеді. Соңғы парақтың сыртқы бетіне Бас бухгалтер қол қойып, мынадай жазу жазады: «Бұл кітапта барлығы------------- парақ нөмерленген».

әр бір кітапта мыналар жазылады: қаржы органның атауы, кітаптың атауы және есепті жыл. «Бас журнал» кітаптан ф № 1-ф, басқа барлық кітаптарда оларда ашылған шот есептердің тақырыптары , ал кірістер кітабында- кірістер тиісті бюджетке түсетін бюджеттік жіктелім бөлімшелерінің атауы болуға тиіс.

Дебит пен кредит бойынша айналымдардың қорытындалары талдамалы шот есептері бойыынша айналым ведомстарында көосетілген қалдықтар «Бас журнал» кітабының ф 1 –ф жинақтамалы шот есептерінің айналым қорытындыларымен жән қалықтарыме салыстырылады.

«Бас журнал» кітабында ф№1-ф және айналым ведомостарында шығарылған сома баланысты жасау үшін негіз болады.

Ағымды жылдың бюджеттің атқарылуының бухгалтерлік есебі жазбаларында табылған қателер мынадай тәртіппен жөнеледі:

а) бухгалтерлі баланс берілген сәтке дейінгі табылған, осы мемориалдық ордерді өзгертіді қажет етпейтін белгілі бір есепті кезеңдегі қате бұрыс сомамен тесті сызылған жазуды оқуға болатындацй жеңішке сызықпен сызу және сызылған жаудың үстіне қажет болған жағдайда жаңа дұрыс сомамен тексті азу арқылы түзетіледі. әрбір түзетуді Бас бухгалтер қол қойып қуаттайды,

ә) бухгалтерлік баланс берілген сәтке дейін табылған, мемориалдық ордердегі қатеден туындаған қате жазу оның сипатына қарай қосымша мемориалдық ордермен немесе /қызыл сиямен түзету/ тәсілімен түзетіледі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне нелер кіреді?

2. Бас бухгалтердің қызметіне кімдер тағайындалады?

3. Бастапкы құжаттар дегеніміз не? Түрлерін атап өтіңіз?

4. Есеп регистрлеріне нелер жатады?

5. Түгендеу дегеніміз не?

6. Түгендеу әдісі қалай жүргізіледі?

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет.

  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.

  3. «Бухгалтерлік есеп стандарттары» Аламаты, 2000.

  4. Кеулімжаев Қ.К. "Қаржылық есеп" Алматы, 2001.

  5. Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2000

  6. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 2002.

  7. Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.


Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша 5В0
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет