Алматы экономика және статистика академиясы


Өз-өзін бақылау сұрақтары



бет5/16
Дата19.07.2017
өлшемі2,95 Mb.
#21274
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Бухгалтерлік есепке анықтама беріңіз.

2. Бухгалтерлік есептің принциптеріне түсініктеме беріңіз.

3. Бухгалтерлік есептің пәніне және объектісіне түсініктеме беру керек.

4. Бухгалтерлік есептің элементіне түсініктеме беру керек.

Негізгі әдебиеттер

1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008

2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 2010

3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру, Алматы 2008



Қосымша әдебиеттер

1. Бетке И. Балансоведение пер. с анг. М: Бухгалтерский учет 2009



Тақырып 2. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары

Мақсаты: Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізін айқындап, оның негізін қалаушы принциптерді ұғындыру

Дәріс сұрақтары:

1. Бухгалтерлік есептің концептуалды негізі.

2. Ақпараттық есеп қағидаларының негізін құрушы: есептеу, үздіксіз әрекет.

3. Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамасы: түсініктілік, сенімділік, сақтық, сәйкестілік.


Дәріс мазмұны:

1. Бухгалтерлік есептің концептуалды негізі


Директивтік экономиканың нарықтық экономикаға ауысуының салдары болып табылатын Қазақстандағы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі өзгерістер оның жаңа сипаттамаларының пайда болуына әкелді. Сондықтан да әр елде және экономиканың әр салаларындағы есептерде біршама айырмашылықтар бар. Яғни бұл қаржылық есеп берудің қандай да бір жалғыз, әмбебап формасы жоқ дегенді білдіреді. Сонымен қатар ұйымның қаржылық есеп беруін құрастыратын келісілген ережелер жиыны да жоқ. Сондықтан да әр түрлі ұйымдардың бухгалтерлік баланстарының кейбір бөлімдері арасында өзгешеліктер болуы мүмкін. Баланс құратын бухгалтерлерге кейде бағалауды құндық әдіс бойынша жүргізуге тура келеді. Олар таңдаған әдістің маңызы зор, алайда қолданудағы нәтижелер одан да маңыздырақ. Бұл айырмашылықтарға қарамастан жалпыға ортақ болып саналатын негіз қалаушы бірнеше қағидалар бар. Әр түрлі бухгалтерлік баланстың элементтері арасында айырмашылықтар болғанымен, олар негіз қалаушы қағидамен жасалынған. Бухгалтерлік ақпарат өздігімен қолданылмайды, пайдалы ақпарат алуға болатын мәліметтер ғана қолданыста болады. Сондықтан нарықтық қатынастың қатысушыларының қызметтері туралы ақпараттар экономикалық тауар болып табылады. Есептік ақпараттың тиімділігін өлшеу, бағалау қиын, дегенмен бухгалтерлік есеп жүйесіне шоғырланған тиімді ақпараттар тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін және талдау үшін есеп беруді қамтамасыз етеді. Егер екі ұсыныстың бағасы бірдей болса, онда келешекте көп пайда әкелетін ұсынысқа назар аударылатынын біз білеміз. Бухгалтер өз қызметін сыртқы және ішкі деп қарастыруы мүмкін. Бухгалтердің ішкі қызметі ұйым үшін активтерді тиімді басқару маңызды. Сыртқы қызметіне ұйымның әртүрлі активтеріне салынған инветициялардың пайдалылығын анықтау жатады. Сондықтан да бухгалтер бухгалтерлік есеп берудің екі түрін жүргізеді: бірі ішкі қолданыс үшін, екіншісі сыртқы қолданыс үшін.

Қазақстндық қаржылық есеп беру формасында сонымен қатар кепілді және кепілсіз несиелер бойынша, несиенің пайыздық ставкасы туралы, несиені қайтару мерзімі туралы ақпарат жарияланбайды.

Қаржылық есеп беруді құру келесі өзара байланысты баланстық жалпыламалардан тұрады:

1. Ұйым активтері = меншікті капитал + міндеттемелер. Берілген теңдеу бухгалтерлік және қаржылық есеп беруде міндетті түрде қолданады.

2. Кірістер = тұтынылған ресурстар сомасы + еңбекақы шағындары + міндеттемелер бойынша пайыздар + салық шағындары + үлестірілмеген табыс.

3. Үлестірілмеген табыс = дивидендтер +мақсатты және резервтік қорлар құру + үлестірілмеген табыс қалдығы (таза табыс).

4. Операциялық қызметтентүскен ақша = инвистициялық қызметтен түскен ақша + қаржылық қызметтен түскен ақша =міндеттемелерге төлем + меншік иелерінің міндетемелеріне төлем + ұйымның ликвидтілігінің өсуі.

Қаржылық есеп беру балансты теңдеудің (статьялық, динамикалық) қағидасымен жүйелілігін максималды дәл көрсету үшін құрылады. Жоғарыда аталған жүйелілік негізінде ұйым жұмысындағы мүдделі тұлғалардың әр тобының мүдделік және қаржылық жағдайын сипаттауға болады.

Меншікті капитал – меншік иесінің, құрылтайшылардың, басқа да қатысушылардың пайда әкелуші базасы болып табылады. Міндеттемелер – мемлекет немесе серіктестер арқылы ұсынылған (өкілетті органдар арқылы) ұйымның үшінші тұлғаларының пайда әкелуші қайнар көзі. Ішкі міндеттемелер сонымен бірге міндеттемелерді орындау, қарыздарды жабудың болашақ сапасы ретінде қарастырылады. Ұйымның активтері бухгалтерлік баланста көрсететін өзінің мүлкімен ғана емес, ұйымның экономикалық айналымына тартылған және ұйымның өзі бақылау жасайтын құралдардың сомасымен көрсетіледі.


  1. Ақпараттық есеп қағидаларының негізін құрушы: есептеу, үздіксіз әрекет

Бұл қағидалар бухгалтерлік есеп жүргізу әдістерін түсіндіреді. Жалпы бухгалтерлік есептің ондаған қағидалары бар, есеп қағидалары ыңғайлы болуы үшін оларды базалық /әдістемелік/ және қаржылық есеп беру қағидалары деп бөледі.

Бухгалтерлік есеп қағидалары ең алғаш АҚШ-та 1936 жылы қалыптасқан. Оның авторы Вильям Эндрю Патон /1889-1991/ болып табылады. Осыдан бастап АҚШ- та және басқа да елдерде /ағылшын тілдес/ бухгалтерлік есеп қағидаларын дамыту қарқынды жүруде.

Сонымен, қаржылық есеп берудің жалпы қағидасы және оны қолданушыларға ұсыну мына төмендегі мәселелер туралы ақпараттарды өлшеу болып табылады:



  • қаржылық жағдай туралы, ұйымның қаржы ресурстары туралы, ұйымның айналымына таратылған меншікті және займдық капиталдардың формалары мен көлемдері туралы,

  • есеп беру кезеңі ішіндегі ұйым қызметтінің қаржылық нәтижесі туралы, ұйымның қаржылық ресурстарының негізгі жабдықтаушылары алған экономикалық пайданың мөлшері мен формасы туралы;

  • ұйымның қаржылық жағдайы өзгерістер туралы, ұйымның қаржыландандыру қайнар көзінің өзгеруі және оларды пайдалану бағытының өзгерістері, есеп беру кезеңі ішіндегі негізгі курстар мен басқа да активтердің қозғалысы туралы;

Қаржылық есеп берудегі ақпаратты ашудың мұндай ҚЕХС талаптарына сәйкес келеді. Сонымен, қаржылық есеп беру қағидаларын, бухгалтерлік есептегі өзгерістерге байланысты олардың дамуын қарастырамыз және ҚЕХС жазылған қағидалар мен Қазақстандағы ұлттық стандартты салыстырамыз.

ҚЕХС талаптарына сәйкес қаржылық есеп берудегі құру қағидалары екі топқа бөліп: қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары және негіз қалаушы жорамалдар. Негіз қалаушы жорамалдар үздіксіздік қағидасынан және (начисление) қағидасынан тұрады.


3. Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамасы: түсініктілік, сенімділік, сақтық, сәйкестілік
ҚЕХС талаптарына сәкес қаржылық есеп берудің сапалық белгілері түсінтілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалық ұғымдарын анықтайды.

Қазақстандық «Қаржылық есеп берудің ұсыну мен дайындаудың негізгі концепциясында» осы төрт қағида бөліп көрсетілген. Ескерте кету керек, бұлардың айырмашылықтары жоқ. Бұл халықаралық практикада қабылданған есеп беру және есеп жүйесіне өту үшін Қазақстанда көп нәрсе жасалынғанын білдіреді.



Түсініктілік – бұл ақпарат сапасы. Кәсіпкерлік қызметпен айналысытын тұлғаларға ақпарат жеткілікті және қол жеткізуге оңай болуы тиіс. Тіпті пайдаланушының арнайы кәсіби дайындығы жоқ болса да, бұл ақпарат оған түсінікті болуы керек.

“Қаржылық есеп беруді ұсыну мен дайындаудың негізгі концепциясының” 7 тарау, 25 пунктінде айтылған: Қаржылық есеп беруде көрсетілген ақпарат пайданушыларға түсінікті болуы керек. Қаржылық есеп беруді пайданушылар экономикалық және шаруашылық жағынан айтарлықтай білімді және бұлардың бухгалтерлік есеп ақпараттарын зерттей алатындай мүмкіндігі болғаны жөн. Пайданушылардың экономикалық шешім қабылдауының маңыздылығына қарай қаржылық есеп беруде көрсетілетін күрделі мәселелер белгілі бір пайдаланушылардың түсінуіне қиындықтуғызатын себептермен қаржылық есеп берудің ақпараттары құрамынан алынып тасталмауы керек.



Сенімділік - мәнді қателері жоқ деп болжанатын ақпараттың қасиеті. Жарық көретін қаржылық есеп берулерде басшылар ұйымның қаржылық жағдайы туралы шынайы ақпараттарды ұсыну кезінде ұйымға қойылған ресми талаптарды ескерулері керек. Қателіктерді мен бұрмалаушылық жоқ кезінде ақпараттар сенімді болып табылады. Мысалы, (сотта қаралып жатқан) шығындардың орнын толтыру туралы талаптың негізгі мен көлемі таласқа түссе, компания үшін баланыстағы барлық талап саласын мойындау тиімсіз болып табылады, дегенімен барлық талапқа байланысты барлық сапалар мен міндеттемелерді ашу орыны болар еді.

Сақтық. Қаржылық есеп беруді құрушылар күмәнді қарыздар алу, машиналар мен қондырғылардың қызмет етулерінің ықтималды мерзімі, кепілдік беру талаптарының мүмкіндік болатын көлемі сияқты белгісіздіктермен күресуге мәжбүр. Сақтық – ұйымдардың табыстары мен активтері жоғары дәрежеде, сондай-ақ алынған міндеттемелердің төменгі дәрежеде бағаланып кетпеуіне сақтықпен қарау.

Сәйкестілік. Табыс келтіру мақсатында жұмсалған шығындар сомасы осы кезеңдегі жұмсалған шығындар сомасынан құрамына жазылады. Яғни, компанияның осы кезеңде өз қызметін іске асыру үшін жұмсаған шығындарының жиынтық сомасы осы кезеңде түскен табыстар сомасымен сәйкестендіріледі.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Осы кездегі есеп жүйесі құрылымдарының өзара байланысын сипаттаңыз.

  2. Ұйымдардағы сатылы экономикалық үрдістің қалыптасуы қандай және қанша кезеңдерден түрады? Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама беріңіз.

  3. Бухгалтерлік есеп қандай экономикалық қатынастар мея есеп объектілерін сипаттайтын пән?

  4. Бухгалтерлік есеп жүргізудің ең әуелгі принциптерін атап, бүларға қысқаша түсінік беріңіз.

  5. Бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні және осы жүйені жүргізу мен аяқтау қандай үрдістерден қалыптасады?

  6. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай қабылданған есеп жүйесіндегі талаптарды атап, бұлардың маңызын сипаттаңыз.

  7. Бухгалтерлік есептің негізгі ұстамдарына сипаттама беріңіз.

Негізгі әдебиеттер

1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008

2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 2010

3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру, Алматы 2008



Қосымша әдебиеттер

1. Бетке И. Балансоведение пер. с анг. М: Бухгалтерский учет 2009


Тақырып 3. Екі жақтылық қағидасы және баланстік теңдік
Дәріс мақсаты: Студенттерге бухгалтерлік баланстың құрылымымен таныстырып және де шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауын ұғындыру

Дәріс сұрақтары:

1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік, құрылымы мен мазмұны.

2. Бухгалтерлік баланстың түрлері.

3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы


Дәріс мазмұны:

1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік, құрылымы мен мазмұны.


1. Бухгалтерлік баланс деп - ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс активтерді (осы ұйымның қаражаттарын) және бұларды қаржыландыру көздерін экономикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады, Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның немесе каражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және не үшін жұмсалғанын көрсетеді. Меншікті капитал осы ұйымды құрып қалыптастырушы жеке тұлғаның, ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады.

Баланс деп — ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады. Бұл анықтамада:

1) баланс;

2) үлгі;

3) пайдаланушылардың мүддесі;

4) сыртқы сипаты;

5) белгілі бір мерзім;

6) қаржы жағдайы;

7) ұйымдар (кәсіпорындар) деген сияқты элементтер қатысады.

«Баланс» - латын сөзі. Бұл сөз «екі табақты таразы» деген ұғымды білдіреді.


Қазіргі кезде ұйымдарда қолданылатын баланстың құрылымы келесідегідей болады:


Активтер



Бет коды

Есептік кезеңнің соңында

Есептік кезеңнің басында

I. Қысқа мерзімді активтер










Ақша қаражаты және олардың эквиваленттері

010







Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

011







Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

012







Қорлар

013







Ағымдағы салықтық активтер

014







Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

015







Өзге де қысқа мерзімді активтер

016







Қысқа мерзімді активтердің жиыны

100







II. Ұзақ мерзімді активтер










Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

020







Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

021







Үлес қосу әдісімен есептелінетін инвестициялар

022







Инвестициялық жылжымайтын мүлік

023







Негізгі құралдар

024







Биологиялық активтер

025







Барланатын және бағаланатын активтері

026







Материалдық емес активтер

027







Кейінге қалдырылған салықтық активтер

028







Өзге де ұзақ мерзімді активтер

029







Ұзақ мерзімді активтердің жиыны

200







Теңгерім (100 бет+ 200 бет)










Пассивтер

Бет коды

Есептік кезеңнің соңында

Есептік кезеңнің басында

III. Қысқа мерзімді міндеттемелер

030







Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

031







Салықтар бойынша міндеттемелер

032







Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер

033







Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

034







Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

035







Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер

036







Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны

300







IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер










Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

040







Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

041







Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

042







Кейінге қалтырылған салықтық міндеттемелер

043







Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер

044







Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны

400







V. Капитал










Шығарылған капитал

050







Эмиссиялық кіріс

051







Сатып алынған меншік үлестік аспаптар

052







Резервтер

053







Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)

054







Аздық үлесі

055







Капитал жиыны

500







Теңгерім (300 бет+ 400 бет+ 500 бет)










2. Бухгалтерлік баланс түрлері.


Ұйымның құрылуын, қаржылық жағдайын, үздіксіз қызмет атқаруын, жойылып кетуін немесе аналық үлкен компания құрамына ену жағдайын ескере отырып, бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді:

1) кіріспе баланс;

2) аралық баланс;

3) жойылуға байланысты баланс.



Кіріспе баланс ұйымдар мен фирмалар т.б. заңды тұлғалардың жарғысы тіркелгеннен соң, меншік иелерінің салған қаражатын және басқа да қаржы салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарын кіріске алып, жарғылық қор мен активтерді қалыптастырудан басталады.

Аралық баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты, айға, күнге, тоқсанға қарай жасалынады. Мысалға, капиталдың шеңберлі айналысы фазаларына, активті қаражаттар қозғалысына талдау жасау жұмысын және арнайы тапсырмаға байланысты үйым қызметіне толық тексеру жұмысын жүргізу үшін жасалынатын балансты аралық баланс деп атайды.

Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша 5В0
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет