Алматы экономика және статистика академиясы


Жойылуға байланысты баланс



бет6/16
Дата19.07.2017
өлшемі2,95 Mb.
#21274
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Жойылуға байланысты баланс. Ұйым банкротқа ұшырап, өз қызметін тоқтатқан жағдайда арнайы комиссияның қатысуымен ұйымды жою мақсатында баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең осы ұйымның жабылуына байланысты жасалса, екінші кезеңде ұйымның жойылғандығының қорытындысын бағалау үшін жасалынады.

Заңды тұлға болып танылған ұйымдардың барлығы да бухгалтерлік баланс жасауға міндетті. Егер заңды тұлғалар құрамына енген еншілес ұйымдар құрылған жағдайда, негізгі ұйым басшыларының рұқсаты бойынша еншілес кәсіпорындар да баланс жасауына болады.

3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы
Кәсіпорында жүзеге асқан әрбір шаруашылық операциясы не мүліктің мөлшерін, не оның қалыптасу көздерінің шамасын немесе бір мезгілде мүліктің де, оның қалыптасу көздерінің де мөлшерін өзгертеді. Бұл орайда өзгеріс өсу жағына, сондай-ақ кему жағына қарай болуы мүмкін, баланс валютасы да өзгереді.

Кәсіпорында жасалатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың активі мен пассивінің мөлшеріне әсер ету белгісіне қарай төрт түрге бөлінеді.



Бірінші түрдегі операциялар мүліктердің құрамын өзгертеді, яғни баланс активінің баптарының ішінде орын ауыстырулар болады. Бұл жағдайда баланс валютасы өзгермейді. Мысалы, есеп айырысу шотынан кәсіпорын кассасына 20 мың теңге алынды. Аталған операция баланстың «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары» және «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» деген баптарына әсерін тигізеді. Бұл операцияның орындылуы «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары» бабы бойынша қаражаттар +20 мың теңгеге артқанын, ал «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» бабында -20 мың теңгеге кемігенін білдіреді, яғни баланс активінің баптарының ішінде орын ауыстырулар болды және жалпы алғанда, баланс валютасы өзгермеген.

Екінші түрдегі операциялар кәсіпорын мүлкінің қалыптасу көздерін өзгертеді, яғни пассив ішіндегі баптардың орын ауыстырулары болады. Бұл жағдайда баланс валютасы өзгермейді. Мысалы, бұрын келіп түскен материалдар үшін жеткізушілерге берілетін берешек 36 мың теңге сомасындағы банк ссудасы есебінен өтелді. Аталған операция баланс пассивінің мынадай баптарына әсерін тигізеді: «Жеткізушілермен мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» және «Қысқа мерзімді банктік қарыз». Бұл шаруашылық операциясының орындалуы «Жеткізушілермен мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бабы бойынша 36 мың теңге сомаға кемігендігін, ал «Қысқа мерзімді банктік қарыз» бабы бойынша -36 мың теңгеге артқанын білдіреді, яғни баланс пассивінің ішнде сомалардың орын ауыстыруы болған және жалпы алғанда баланс валютасы өзгермеген.

Үшінші түрдегі операциялар мүлік пен оның қалыптасу көздерінің мөлшерін бір мезгілде өзгертеді, бұл орайда өзгеріс өсу жағына қарай болады. Мұның өзінде баланс валютасы активі мен пассиві бойынша бірдей шамаға өседі. Мысалы, 50 мың теңге сомаға негізгі құралдар өтеусіз алынды. Аталған шаруашылық операциясы баланстың: «Негізгі құралдар» және «Басқа табыс» деген екі бабына әсерін тигізеді.

Бұл шаруашылық операциясын орындау «Негізгі құралдар» бабын -50 мың теңгеге арттырады және сонымен бір мезгілде «Басқа табыс» бабы да +50 мың теңге сомаға артты. Баланс валютасы активі бойынша да, пассиві бойынша да +50 мың теңгеге артқан.



Төртінші түрдегі операциялар мүліктің мөлшері мен оның қалыптасу көздерін бір мезгілде өзгертеді, бұл орада өзгеріс кему жағына қарай болады. Мұның өзінде баланс валютасы активі мен пассиві бойынша бірдей сомаға кемиді. Мысалы, есеп айырысу шотынан еншілес кәсіпорындарға кредиторлық берешекті өтеу үшін 23 мың теңге сома төленді. Аталған шаруашлық операциясы баланстың: «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» және «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» деген екі бабына әсерін тигізеді.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Активтер, меншікті капитал, инвестицияланған капитал, міндеттемелер терминдеріне түсінік беріп, бұлар қандай мағынада қолданылатындығын түсіндіріңіз.

2. Баланстық теңдіктің теңдеуін жазып, мұның мәні мен мәнісін түсіндіріңіз.

3. Бухгалтерлік баланстың активі мен пассивіне анықтама беріңіз.



4.Ұйымдардағы активті қаражаттар не үшін керек? Актив үғымына анықтама беріңіз?

5. Қор көздері қандай типтерден құралады?



6. Меншік иесінің және инвесторлардың салған қаражаттары қалай аталады?

7. Баланстың актив жағы қандай тараулар мен элементтерден құралады?

8.Бухгалтерлік баланстың активті қаражаттары қандай тарауларға бөлінген?

9. Баланстың пассив жағы қандай тараулар мен элементтерден құралады?

10. Баланстың пассивтік көздері қандай тарауларға бөлінген?


Негізгі әдебиеттер
1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008

2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 2010

3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру, Алматы 2008
Тақырып 4. Екі жақты жазу және бухгалтерлік есеп шоттары

Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік шоттардың құрылымы мен мазмұнын ашып және шаруашылық операцияларды екі жақты жазумен көрсетуді студенттерге ұғындыру

Дәріс сұрақтары:

1. Бухгалтерлік есеп шоттары туралы түсінік

2. Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен жіктелуі

3. Екі жақты жазу жүйесі

4. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау
Дәріс мазмұны:

1. Бухгалтерлік есеп шоттары туралы түсінік


Осы Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) (бұдан әрі - Нұсқаулық) ұйымдарға қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу кезінде жәрдемдесуге арналған.

Нұсқаулық бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын (бұдан әрі – шоттардың жұмыс жоспары) әзірлеу жөніндегі жалпы талаптарды айқындайды.

Шоттардың жұмыс жоспарын әзірлеу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасының талаптарына, осы Нұсқаулыққа және бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бухгалтерлік есепті жүргізу растығы қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.

Шоттардың жұмыс жоспары бухгалтерлік есептегі операцияларды тіркеу және топтау жүйесін білдіреді және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қажет синтетикалық және талдамалық шоттардың (қосалқы шотты қоса алғанда) толық тізбесін қамтиды.

Ұйым шоттарының жұмыс жоспары ұйым қызметінің ерекшелігіне сәйкес осы Нұсқаулыққа сай әзірленеді. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен құрылтай құжаттарына сәйкес ұйым қызметінің қажеттіліктеріне негіздей отырып синтетикалық және талдамалық шоттарды ашады.

Шоттардың жұмыс жоспарын ұйымның басшысы бекітеді.

Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Нұсқаулықта елгіленген өтімділікті азайту ретінде ашылады. Шоттардың жұмыс жоспарына Нұсқаулыққа қосымшада анықталған бухгалтерлік есеп шоттары жұмыс жоспарының синтетикалық шоттар топтарының тізбесіне сәйкес ұйымның қызметін көрсету үшін қажет синтетикалық шоттар енгізіледі.

Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт белгіден тұрады. Нөмірдің бірінші саны бөлімге тиістілігін, өтімділікті азайту тәртібімен орналасқан екіншісі – кіші бөлімге тиістілігін, үшіншісі – синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан – синтетикалық шоттардың орналасу өтімділігі тәртібімен ұйым дербес анықтайды.


2.Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен жіктелуі
Шоттардың жұмыс жоспарының бөлімдері

Шоттардың жұмыс жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды:

1-бөлім – «Қысқа мерзімді активтер»,

2-бөлім – «Ұзақ мерзімді активтер»,

3-бөлім – «Қысқа мерзімді міндеттемелер»,

4-бөлім – «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»,

5-бөлім – «Капитал мен резервтер»,

6-бөлім – «Кірістер»,

7-бөлім – «Шығыстар»,

8-бөлім – «Өндірістік есепке алу шоттары».

Активтік шоттағы жазулардың схемасы мынадай түрге ие болады.

Активтік шот

Дебет

Кредит

Операция басындағы қалдық (сальдо)

Шаруашылық қорларын кемітетін шаруашылық операциялары

Шаруашылық қорларын арттыратын шаруашылық операциялары

Шаруашылық операцияларының сомасы кредит бойынша айналымдағы құрайды

Шаруашылық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымдағы құрайды




Операция соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо + дебет б/ша айналым – кредит б/ша айналым)



Пассивтік шоттағы жазулардың схемасы мынада түрге ие болады.



Пассивтік шот

Дебет

Кредит




Операция басындағы қалдық (сальдо)

Шаруашылық қорларының көздерін кемітетін шаруашылық операциялары

Шаруашылық қорларының көздерін арттыратын шаруашылық операциялары

Шаруашлық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымды құрайды

Шаруашылық операциясының сомасы кредит бойынша айналымды құрайды




Операция соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо+кредит бойынша айналым – дебет бойынша айналым)

3. Екі жақты жазу жүйесі


Шаруашылық операциялар бухгалтерлік есептің шоттарына жазу құжаттардың негізінде жүргізіледі. Шаруашылық операциялар пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен рәсімделуі хронологиялық деп аталады. Шаруашылық операциялар 2 жақты көрсетудің мәні – ол 1 шоттың дебеті бойынша және 2 шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға тиіс. Демек екі жақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде 3 құраушы қатысады:

1) шаруашылық операциялар мазмұны

2) дебеттелетін шот

3) кредиттелетін шот

Мысалы: 1) кәсіпорынға материалдар қабылданды:

1) Материалдар Дт 1310 2) Жабдықтаушылар Кт 3310.

Екі жақты жазу әдісінде мүліктер 2 тұрғыдан қарастырылады:

1) құрамы мен орналасуы бойынша баланс активі;

2) осы мүліктердің қалыптасу көздері бойынша.

Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әр қашан тең болады. Екі жақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстың топтау әдісінен туындайды. Екі жақты жазудың қағидасы кез-келген шаруашылық операцияларын көрсету үшін кем дегенде 2 шоттың керек екендігін білдіреді, яғни 1 не 2 неше кредиттелетін шоттар болуға тиіс. Егер дебит бойынша жазу активтерді өсіретін болса, онда кредит бойынша жазу пассиві не капиталды өсіреді. Ескерту: активтегі өсу активтік шот дебетіне, ал кему активтік шот кредитінде көрсетіледі. Пассивтермен капиталдардағы өсу пассивтік шот кредитіне, ал кему пассивтік шот дебетіне жазылады. Шаруашылық операциялар екі жақты жазудың негізінде бухгалтерлік шоттар арасында байланыс туындайды. Осы байланысты шоттар корреспонденциясы деп аталады.

Бухгалтерлік жазба шаруашылық операциялар сомаларын дебиттік және кредиттік көрсетілуі шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық операцияларда көрсетіледі. Бухгалтерлік жазба қарапайым және күрделі деп бөлінеді: 1 шоттың дебеті 2 шоттың кредитімен корреспонденцияланатын болса, мұндай жазу қарапайым деп атайды. Мысалы: Дт 3350 Кт 1010 Кассадан еңбек ақы берілді. 1 шоттың дебеті 2 не одан да көп шоттардың кредиті мен корреспонденцияланатын болса, 1 шоттың кредиті 2 не одан да көп шоттың дебеті мен корресподенцияланатын жазу күрделі жазу деп атайды. Жабдықтаушылардан 7000 тг. материалдар 5000 тг. қосалқы бөлшектер келіп түсті. Бұл егер нәтижесінде материалдар 7000 тг. көбейді, қосалқы бөлшектер 5000 тг. көбейеді., ал жабдықтаушы алдындағы қарыз 12000 көбейеді.

Дт 1310 7000 т.

Дт 1350 5000 т.

Дт 3310 12000 т.

Дт 1310 Кт 3310 = 7000

Дт 1350 Кт 3310 = 5000

Күрделі жазбаны бірнеше қарапайым жазбамен жазуға болады.
4. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау

Бухгалтерлік есеп шоттары жинақтамалы және талдамалы түрде көрсетуге арналған шоттар жинақтамалы шот деп атайды. Жинақтамалы шоттардың ерекшелігі ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорындардағы барлық материалдық құндылықтардың сомасын көрсетеді. Сонымен қатар жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет. Жинақтамалы шоттарды экономикалық жағынан топтастыруды дамыту үшін талдамалы шоттар ашылады. Қорлардың және оның жекелеген көздерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар талдамалы шот деп аталады.Талдамалы шоттарда есеп тек ақшалай өлшеуіштер мен сонымен қатар натуралды өлшеуіштер мен де жүргізіледі. Бұл шоттағы жазулар толық болады. Жинақтамалы және талдамалы шоттар арасында тығыз байланыс бар .


Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Счеттарды классификациялық топтарға бөлудің мақсаты неде?

2. Счеттардың классификациясына анықтама беріңіз

З. Счеттарды экономикалық маңызына қарай классификациялаудың мақсатын түсіндіріңіз

4. Өркениетті шетелдерде счеттар классификациясы қалай құрылған, бұлардың ерекшеліктері қандай?

5. Счеттарды экономикалық жағынан классификациялау бухгалтерлік есеп объектілерінің қандай салаларына арналған?

6. Счеттардың экономикалық мазмұнына қарай классификациялануының сүлбесін сызып, мүндағы категорияларға қысқаша түсінік беріңіз.

7. Активтер қүрамы мен қозғалысы есебін жүргізуге арналған счеттарды атап, бұларға қысқаша сипаттама беріңіз.

8. Пассивтер құрамы мен қозғалысы есебін жүргізуге арналған счеттарды атап, бүларға қысқаша сипаттама беріңіз.

9. Бухгалтерлік есеп счеттарының қүрылымы мен атқаратын міндетіне қарай классификациялануының ерекшеліктері неде?

10. Дербес және реттеуші счеттар арқылы қандай есеп көрсеткіштерін алуға болады?

11. Дербес қолданылатын счеттар атқаратын міндетіне қарай қандай счеттарға бөлінген?

12. Ресурстық счеттарға қандай счеттар жатады және мұндай счеттар бухгалтерлік есеп объектілерінің қандай түрлерін қамтиды?
Негізгі әдебиеттер

1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008

2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 20010

3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру, Алматы 2008



Қосымша әдебиеттер

1. Бетке И. Балансоведение пер. с анг. М: Бухгалтерский учет 2009


Тақырып 5. Есептік кезеңмен және қаржылық есепті дайындау
Дәріс мақсаты: Есептік кезеңмен қаржылық есеп беруді дайындау әдістемесін меңгеру, трансформациялық кестелерді құруды үйрету

Дәріс сұрақтары:

  1. Есептік цикл. Бухгалтерлік есеп шоттарының ашылуы.

  2. Шаруашылық операцияларының тіркелуі мен олардың бухгалтерік есеп шоттарында көрсетілуі.

  3. Бухгалтерлік есеп шоттарының жабылуы. Қорытынды баланс.

  4. Есеп регистрлері.

5. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
Дәріс мазмұны:

1.Есептік цикл. Бухгалтерлік есеп шоттарының ашылуы.


Ағымдағы шаруашылық операцияларының мазмұндарын арнайы тәсілдерге қарай тіркеп, бағалап, жинақтап бір жүйеге келтіріп жазу үшін бухгалтерлік есеп шоттарын қолданады.

Бухгалтерлік есеп шоттары деп кәсіпорынның активті қаражаттары мен меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде орын алған шаруашылық операцияларының мамұнын күнделікті бақылап, тіркеп, бағалап, ақшалай өлшемге айналдырып, экономикалық маңызына қарай топтастырып, арнайы белгілегген шоттарға екі жақтылық принциппен жазуды айтамыз.

Шоттарға шаруашылық қызметінің фактілері жазылады. Шаруашылық қызметінің әрбір фактісі екі рет – бір шоттың дебетіне, басқа шоттың кредитіне жазылады. әрбір орын алған факті екі рет – пайда болуына қарай (хронологиялық), маңызына қарай (жүйеленіп) кітаптарға түсіріледі.

Әрбір шаруашылық фактісі екі рет – аналитикалық жіктеу және синтетикалық жинақтау шоттарына жазылады.

Әрбір шаруашылық фактісі екі рет – активті қаражаттар және қаражат кздеріне қарай көрсетіледі. Осыған орай бухгалтерлік есеп жүйесінде қолданылатын шоттар дебеттік және кредиттік болып бөлінеді.

Шаруашылық операцияларын жүргізу тұрғысында дебеттеу және кредиттеу арқылы бір шоттағы қарама-қарсы крсеткіштерді өзара байланыстырып көрсетуге болады.

Бухгалтерлік есеп шоттары баланстың активтік жәек пассивтік көрсеткіштері мен негіздеріне қарай (бастапқы кезеңде) ашылады. Мысалы, баланстың сол жағындағы активті қаражаттардың сомасын активтік шоттың дебетіне, ал баланстың оң жағындағы меншікті капитал мен міндеттемелер сомасын пассивтік шоттың кредитіне жазады.

Активті шоттардағы қалған дебеттік қалдық активті қаражаттардың көбеюін, ал пассивтік шоттардағы қалған қалдық меншікті капитал мен міндеттемелердің көбеюін көрсетеді. Шоттардағы дебеттік жинақ пен кредиттік жинақ сомалары бірдей болған жағдайда қалдық (сальдо) болмайды.

Ендігі жерде активтік және пассивтік шоттардың тәжірибеде қолданатын үлгі схемасын көрсетейік.

Дт Активті шот үлгісі Кт

1) Бастапқы қалдық (дебеттік) Бастапқы қалдық болмайды

2) Айналым сомасыкөбеюді көрсетеді Айналым сомасы азаюды көрсетеді

3) Соңғы қалдық дебеттік Қалдық болмайды

Дт Пассивті шот үлгісі Кт

1) Бастапқы қалдық болмайды Бастапқы қалдық кредиттік

2) Айналым сомасы азаюды көрсетеді Айналым сомасы көбеюді көрсетеді

3) Қалдық болмайды Соңғы қалдық кредиттік

2. Шаруашылық операцияларының тіркелуі мен олардың бухгалтерік есеп шоттарында көрсетілуі.


Шаруашылық операцияларының есебі. Кез-келген шаруашылық өмірдің фактілерін қалыптастыратын ұйым бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады. Қаржы-шаруашылық қызметінің жазбаларының негізі алғашқы құжаттар болып табылады. Алғашқы құжаттардан мәліметтер есеп регистрлеріне аударылады, яғни мұнда олар жүйеленеді немесе бухгалтерлік шоттарға жазылады. Әрбір бухгалтерлік іс-әрекет нақты құжаттармен жүзеге асырылады /шот- фактура, накладной, ордер, акт, наряд тағы басқалары/. Бұлардың барлығы алғашқы құжаттардың түрлері болып табылады.

Құжат – бұл шаруашылық операцияларын жазбаша куәландыратын және бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңды күш беретін куәлік болып табылады.

Бухгалтерлік есеп тәжірбиесінде құжаттарды 3 топқа бөліп қарастырады:


  • алғашқы құжаттар /бір операцияға ғана/;

  • есеп регистрлері /операциялардың экономикалық мазмұнына қарай және типтеріне қарай жинақталған/;

  • есеп беру құжаттары /баланс және басқа да формалар/;

Ақпаратарды тереңірек қарастыру үшін алғашқы жазбалардың кітаптары қолданылады – ведомостар мен журнал-ордерлер.

Әрбір шаруашылық іс-әрекеттері үшін қолданылатын кесте журнал деп аталады. Журналға жазбалар хронологиялық ретпен енгізіледі. Мұндай жазбалар бухгалтерлік кітапқа /Бас кітапқа/ жазылады.

Ағымдағы есептің шаруашылық операциялары олардың жинақталу жағдайларына байланысты шоттарда жазылады. Егер экономикалық мазмұнына қарай біртекті іс-әрекеттер көп болса, алғашқы құжаттардың негізінде жинақ немесе топтастырылған ведомостер жасалады. Бұл шоттардағы жазбалар санын азайтуға мүмкіндік береді.

3.Бухгалтерлік есеп шоттарының жабылуы. Қорытынды баланс.


Кәсіпорындардың түпкі мақсаты – пайда табу болып табылады. Пайданың жалпы сомасын шығару үшін «Табыстар» мен «Шығыстар» айырымын есептеу қажет. Шоттарды жабу жұмыстары да осы пайданың көлемін белгілі бір мерзімге қарай есептеу үшін орындалады.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында қолданылып келе жатқан тәртіп бойынша шоттарды жабу үшін ең әуелі қосымша пайда «Жинақ шоты» ашылады. Бұл шотқа «Табыстар» мен «Шығыстар» шоттары бойынша жинақталған қалдықты көшіріп жазу керек.

Мысалы, «Табыстар» шотындағы соңғы қалдық 20000 теңге болып, «Шығындар» шотындағы соңғы қалдық 13000 теңге болса, онда бұл мәліметтерді шотқа түсіреміз.
Дт Пайда Жинақ Кт

13000 20000

Мұның негізінде «Пайда-Жинақ» шотындағы пайда 7000 теңгені құрағандығын көруге болады. Бұл сома есепті жылға жататын сома. Сондықтан: «Пайда – Жинақ» шотының дебеті арқылы түскен пайданы «Бөлінбеген таза пайда» шотының кредитіне жазамыз. Мұның нәтижесінде уақытша қолданған «Пайда – Жинақ» шоты жабылады. Кәсіпорынның пайда жөніндегі қорытынды есебі төмендегідей тәртіппен жасалады.

А кәсіпорнының пайда жөніндегі есебі:

Табыстар 20 000

Шығындар 13 000

Пайда 7 000

Осылайша пайда жөніндегі есептің (қорытынды) негізіне сүйене отырып, бухгалтерлік есептің жинақтаушы шоттары «Табыстар», «Шығыстар» және «Пайда – Жинақ» шотары жабылады. Бұл шоттар уақытша ендірілген. Бұл шоттарды әрбір есепті жылдың басында ашып, жыл аяғына дейін жүргізуге болады. Активті қаражаттарға арналған шоттардағы бастапқы қалдық дебеттік, ал міндеттемелер мен капитал есебі және қозғалысын жүргізуге арналған шоттардағы бастапқы қалдық кредиттік болатынын есте сақтау қажет. Активті қаражаттар мен міндеттемелер және капитал есебіне арналған шоттардағы соңғы қалдық келесі көшіріліп отырады.

Сонымен пайданы есептеуге арналған шоттар уақытша енгізілген, ал баланстық шоттар тұрақты шоттарға жатады.

Көптеген кәсіпорындар өз пайдаларын дұрыс есептеу және жан-жақты таңдауға ыңғайлы болу үшін табыстар мен шығындар шоттарын жекелеген шығын баптарына жіктеп көрсетеді. Мысалы, еңбек ақы, негізгі құралдарды пайдалану, сақтандыру сияқты шығындарды.

Кейбір жағдайларда табыстарды есептеу отыру үшін 2-3 номенклатуралық бап қажет болса, шығындар есебіне 10-ға жуық баптар енгізуге тура келеді
4.Есеп регистрлері.
Кәсіпорынның қызмет орны туралы қажетті ақпарат алу үшін, олар өздерінің іс-әрекеттерін бухгалтерлік құжаттарға көрініске алады.

Есептік регистрлер: арнайы сызықтары бар есептік мәліметтерді топтастыру және тіркеу үшін, арналған қағаз – парақтары. Бухгалтерлік құжаттардан жазбаларды есептік регистрлерде түсіру, тіркеу деп аталады.

Бухгалтерлік есепте есептік регистрлер келесі топтарға жіктеледі:


  1. Пайдалану мақсаты бойынша;

    1. Хронологиялық – бұл регистрлерге шаруашылық іс-әрекеттер орындалу мерзімі бойынша тіркеледі (құжаттардың бухгалтерияға түсу кезектілігінен). Оларға: кассалық кітап, жүктің түсуі туралы журналдар, т.б. жатады.

    2. Жүйелік – бұл регистрлерде экономикалық мазмұны бойынша топтастырылған шаруашылық іс-әрекеттер тіркеледі. Мысалы: бас кітап, журнал-ордерлер,

    3. Аралас-регистрлерге жазбалар, хронологиялық және жүйелік тәртіпте түсіріледі. Осы есептік регистрлер кеңінен тарағана ең ыңғайлы форма. Оларға: көптеген журнал-ордерлер және тізімдемелер жатады.

  2. Мазмұнының көлемі бойынша;

    1. Синтетикалық – бұл регистрлер шаруашылық мүліктерімен олардың қайнар көздерін жалпылама түрде, көрініске алу үшін салынған. Мысалы: бас кітап, айналым тізімдемесі.

    2. Аналитикалық.

  3. Сыртқы пішіні (түрі) бойынша;

    1. Карточкалар – бірдей форматтағы аналитикалық есеп регистрлері карточкалар бөлек есептік тіркеу бланкілері.

    2. Бас парақтар – жеке қағаз парақтарда жасалған есептік ақпараттарды түсіруге арналған формасы мен жолақтары бар және де белгілі бір мақсатқа байланысты, пайдалантын регистрлер.

    3. Кітаптар – бұл арнайы жасақтары бар беттеліп тігілген парақтардан тұратын регистрлер. Кітаптарда қажетті ақпараттарға арналған баспа сөзбен жасалған реквизиттер бар. Ең кең тараған кітаптарға: бас кітап жән кассалық кітап жатады.

    4. Машинаграммалар – бухгалтерияны компьютерлендіру көмегімен жасалған аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлері. Олардың сыртқы пішіні ақпарат түріне байланысты болады.

Кітаптарға жазба түсірмесе бұрын, олардың беттерін нөмірлеп, арнайы мөрмен мөрлеп, бас бухгалтер өз қолын қояды. Регистрлер ашылған кезде оларға өткен айдағы регистрден қалдықтарды түсіреді және қажеттілігі болса, айналымдарды түсіреді. Регистрлерлерге жазбаларды түсірген кезде құжаттың нөмерін, мерзімін, іс-әрекет мазмұнын, сомасын көрсетеді. Бұл текті мінездемесі бар іс-әрекеттер алдымен жинақталу тізімдемелерде жинақталады. Ай соңында бұл ақпараттар синтетикалық немесе аналитикалық регистрлерге түсіріледі. Айдың соңында осы регистрлердің дебеттік және кредиттік айналымдар сомалары есептелінеді. Қажеттілігі болса, ай соңында қалдық шығарылады. Осы регистрлердегі қалдықтар, айналымдар, айналым тізімдемесін жасауға және ағымды бақылау жүргізуге пайдаланады. «Қаржылық есеп беру» жасауға дейін барлық еептік регистрлер мұқият тексерілуі керек, анықталған қателіктер дер кезінде теңелуі қажет.
5.Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру көптеген негізгі факторларға байланысты: бизнес типі, кәсіпорын көлемі, оның ұйымдастыру-басқару құрылымы және тағы басқалар.

Қазақстан Республикасында заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес болып қалыптасуы мүмкін. Коммерциялық негіздегі кәсіпорындардың негізгі мақсаты – пайда табу болып табылса, коммерциялық емес негіздегі кәсіпорындардың негізгі мақсаты - әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады. Ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне байланыссыз бұл кәсіпорындардың барлығы бухгалтерлік есептерін жүргізеді.

Ұйымдардың ұйымдастыру және өндірістік құрылымы және олардың ішкі шаруашылық қатынастары бухгалтерлік есепті құрастыру кезіндегі базис болып табылады. Бухгалтерлік есептің функцияларын орындау үшін ұйымдарда бухгалтерия аппараты құрылады, яғни онда әр түрлі қызмет атқаратын бухгалтерлер қызмет атқарады. Бухгалтерлік есеп жүргізу әрбір ұйым үшін міндетті болып табылады. Бухгалтерлік есепті жүргізу, шоттар жоспарымен жұмыс жасау, қаржылық есеп беру, салық төлеу және тағы басқалардың реті заңмен бекітілген ретпен жүзеге асырылады.

Осылайша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру деп есеп жұмысын ұйымдастыруға байланысты іс-шаралардың жиынтығын айтамыз.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі принциптері тиімді шешім қабылдау үшін қолданушыларға бухгалтерлік ақпараттармен қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есеп ролінің жоғарылауы болып табылады. Бухгалтерлік есеп өңделген есеп саясатына сәйкес және ұйымдардың технологиялық ерекшеліктері мен оның көлеміне қарай ұйымдастырылады. Шаруашылық процесіндегі өнім өндіру, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау ерекшелігі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктеріне әсер етеді.

Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына тікелей жауапты кәсіпорын басшысы болып табылады. Бухгалтерлік есепке және аудитке әдістемелік жетекшілік ету ҚР-ның Қаржы министрлігімен жүзеге асырылады, яғни оған байланысты әр түрлі қажетті арнайы құжаттарды өңдейді және бекітеді. Барлық шаруашылық субъектілерінде біртекті Типтік шоттар жоспары қолданылады. ҚР-ғы бухгалтерлік есептің және қаржылық есеп берудің ұйымдастыру жүйесі ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңға сай және бухгалтерлік есеп стандартына сай жүргізеді.

Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру кезінде келесі принциптер қамтамасыз етілуі қажет:

- бір есеп беру жылынан екінші жылға көшу кезінде және есеп беру кезінде бекітілген әдістеменің тиімділігі;

- барлық шаруашылық операциялары, меншікті капитал, міндеттемелер, мүліктер есеп беру кезінде есепте толық көрсетілуі қажет/ай, тоқсан, жыл/.

- ағымдағы шығындарды пайда болу орнына қарай және жауапкершілік орталығына қарай бөлу, сондай-ақ өндіріс шығындары мен ұзақ мерзімді салымдарды бөлу.

- шығындар мен кірістерді, бөлінбеген пайданы /зиянды/ кезеңдер бойынша бөлу.

Қазіргі заманғы шаруашылық субъектілерінің бас бухгалтерлері қаржылық және басқару есебіне тікелей қатынасы бар қаржылық жетекші болып табылады. Ол ұйымдағы есепті және аудитті ұйымдастырушы және жетекшілік ететін тұлға. Әрбір бухгалтер есепті жүргізудің негізгі ережелері мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуі қажет, ол жоғарғы аппаратқа әрбір бөлімше бойынша қаржылық есеп беруді беруі қажет.

Нарық жағдайларына көшуге байланысты бухгалтерлерге қойылатын талаптар да жоғарылауда, яғни олар қазіргі заман талаптарына сай есеп техникасын меңгеру қажет, әр түрлі компьютерлік бағдарламаларды меңгеруі қажет, қаржыландыру және несиелендіру мәселелерін толық білуі керек, бизнес-жоспарды құру, өндіріс технологиясын ұйымдастыру негіздерін толық білуі керек.


Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша 5В0
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет