Алматы экономика және статистика академиясы


Өз-өзін бақылау сұрақтары



бет9/16
Дата19.07.2017
өлшемі2,95 Mb.
#21274
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1.Материалдық емес активтер, негізгі құралдар және биологиялық активтердің анықтамасы және сипаттамасы.

2.Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы және тозуы: анықтамасы және мәні.

3.Негізгі құралдардың табиғи және сапалық тозуы.



Негізгі әдебиеттер

1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008

2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии», Алматы, 2010

3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2008


Тақырып 9 .Шығыстар есебі

Дәріс мақсаты:Шығыстар туралы түсінік беру және ұйымдастыру.

Дәріс сұрақтары:

1. «Шығыстар» және «шығындар» түсінігінің мәні.

2. Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы.

3. Ұйым шығыстарының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі.



Дәріс мазмұны:

1.«Шығыстар» және «шығындар» түсінігінің мәні.


Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсы бір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтыннын бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарынын мысалы болып табылады. Шығындар есебі жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпаратты жинайды: жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар немесе қосымша шығындар (немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өзгермелік және тұрақты шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.


Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет.Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.

Ұзақ уақыт бойы шығындарды "қазандық" деп аталатын тәсілмен анықтап келді, ол кәсіпорынга өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары шығарылатын өнім түрлері бойынша шығындарды бақылау үшін қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін.



1887 ж. ағылшын экономистері шығын туралы хабардар болуды арттыратын және оларды бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін, шығын есебінің икемдірек жүйесін жасауды ұсынды. Оның негізіне шығынды шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі деп бөлу жатты. Ғалымдар мынаны анықтады, шартты - тұрақты шығынды өзгерту өндірілген өнім көлеміне тікелей байланысты емес, ол шартты-өзгермелі шығын өндірістің көлемін пропорционалды өсуіне немесе кемуіне тікелей ұлғаяды немесе азаяды. Осыған байланысты кәсіпорынның өзіндік құнды толық және дәл аныктау міндетті емес, өзін-өзі ақтамайтын шығынды болдыртпау күннен-күнге көкейкесті болып келуде.

Шыққан шығындар есебі әкімшілік шығыстарды ғана есептеп қана қоймай, ақталмаған шығыстардың пайда болмауы үшін алдын алып, ресурстарды пайдалануды бақылап, дами бастады. Кейіннен бұл жауапкершілік орталықтарының тұжырымдамасы қалыптасуына әкелді, соған сәйкес шығындар кәсіпорын шегінде ғана қарастырылып қоймай, жауапты адамдарды тағайындап, жауапкершілік орталықтары бойынша әр тараптандырылды. Осылайша, шығындар есебі өндірістің түпкілікті өніміне назар аударып қана қоймай, тікелей өндірістік процеске де бағытталды.

Басқару есебі жүйесін толық түсіну үшін мынадай ұғымдардың экономикалық мәнін білу және шектеу маңызды.

Шығындар - шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген -қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.

Көбіне экономикалык әдебиетте «шығыстар» мен «шығындар» түсінігі ұқсастырылып, тендестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары бар. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді. Қазақстан Республикасындағы 2002 жылдың 29 қазанындағы №542 «Қаржылық есепті ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге» сәйкес шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндетгемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады. Басқаша айтсақ шығыстарды ұйымның кіріс алуына байланысты көтерген шығындарының бөлігі деп түсіндіруге болады.

Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді:


  • Ағымдағы есепті кезең;

  • Кейінге калдырылған.

Ағымдағы есепті кезең шығыстары ағымдағы есепті кезеңнін шаруашылық іс-әрекетінің фактілеріне байланысты және осы кезеңнің кірістері мен шығыстары туралы есепте танылады.

Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:

-осы есепті кезенде алынған кірістермен байланыстырылған шығыстар (негізгі және негізгі емес қызмет шғыстары);

- Ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы (ағымдағы) шығыстары. Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы ссепте және ағымдағы есепті кезенде танылады, мойындалады. Олар көбіне кірістің бары немесе жоғынан (мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.

Кейінге қалдырылған шығыстар болашақта ықтимал кірістер алу мақсатымен есепті кезенде жүзеге асатын ұйымның ресурстарын қолдану жөніндегі шаруашылық операцияларымен байланысты. Олар ұйым балансында капиталдандыруға жатады.

Ұйымның болашақтағы ресурстарында пайда болу мүмкіндігі белгілеріне қарай кейінге қалдырылған шығыстар былайша бөлінеді:

• инвестициялар (күрделі қаржы);

болашақ кезең шығыстары.
2.Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы.
Қорытынды есептін бұл түрі калыпты жағдайда шаруашылык қызметін атқарушы ұйымдардың таза пайдасы немесе шеккен зиянына қосылатын қосымша кұндык бағалар өзгерісінің есебін жүргізуге арналған. Сыртқы пайдаланушылар үшін табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есеп қысқа үлгіде жасалынады.

Табыстар және шығындар (Пайда мен зиян) жөніндегі корытынды есеп сату (есептеу) принципіне сай жасалынады. Ұйымның ақша қаражатының қозғалысы және осы ұйымнын өтеушілік қабілетінің мәліметтері корытынды есептін бұл түрінде көрсетілмейді.

Табыстар мен шығындар ақша қаражатының көбеюі немесе азаюына тікелей байланысты болмайды. Акша қаражаттары сомасының көбеюі немесе азаюы активтік бухгалтерлік есеп счеттарының өзгеруіне тікелей байланысты болады. Табыстар немесе шығындар сомасының өзгерісі «Капитал» немесе «Бөлінбеген таза пайда» есебіне арналған бухгалтерлік есеп счеттарын өзгеріске түсіреді.

Дайын өнімдерді, тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтерді сатудан түскен табыстарды есепке алу жөніндегі мәліметтер бухгалтерлік есеп тәжірбиесіне сату (есептеу) принципі бойынша танылып тіркеледі.

Келісім - шарттағы қойылған жағдайларға тән ұйым өзіне табыс түсіретін өнімдер өндіріп, жүмыс көлемін орындап, тұтынушыларға орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтерді өткізген жағдайда түсетін табыс сомасы ақшаңын түсуі немесе түспеуіне карамастан есепке алынады.

Табыс категориясы каржылық корытындынын ен манызды факторларына жатады. Таза пайданың көбеюі және осыған байланысты ұйымнын, капитал көлемінің көбейіп отыруы түскен табысқа байланысты болады. Қаржылык қорытынды есеп жасаудың халыкаралык, әдіснамалык ұсынысына сәйкес табыс категориясы қаржылык нәтиженін калдықталган корытынды сомасымен танылады. Яғни түскен табыс деп жалпы табыс пен осы кезенде жұмсалған шығындардың айырмасын айтамыз.

Табыстарды тану бірнеше классификациялык топтар аркылы танылады. Қазакстан Республикасы Каржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департамет ұсынган анықтамасы бойынша ұйымның табысы негізі кызметтер атқарудың және негізгі қызметке жатпайтын қызметтер атқарудың нәтижесінде пайда болуы мүмкін делінген.

Негізгі қызметтен түсетін табыстар — есептелінген қосымша кұн салығын, акциздерді және осыған ұксас салықтар сомасын, міндетті төлемдерді, сондай-ақ кайтарылған дайын өнімдер, тауарлар. сату және баға жеңілдігін кеміту сомаларын шегергеннен кейінгі дайын өнімдерді. (тауарлар. жүмыстар. кызметтер) сатып алушыларға сатканнан түскен табыстар сомасынан кұралады.

Негізгі қызметке жатпайтын кызметтен түсетін табыстар айналым сыртындағы активтерді баскаларға сатудан биржа айналысына түскен кұнды қағаздарды қайта бағалаудан т.б. құралады.

Негізгі қызмет өрісіндегі калдыкталған қаржылық нәтиже (табыс, шеккен зиян) салық салынғанға дейін есеп жасау (расчет) жолымен, негізгі қызметтен түскен табыс және негізгі кызметке жатпайтын табыс (зиян) анықталады.

Салық салынғаннан кейін негізгі қызметтен түскен таза табыс ссеп жасау жолымен, негізгі қызметтен түскен табыс (шеккен зиян) пен табыс салығы сомасының айырымын шығару аркылы анықталады.

Төтенше жағдайлардан түскен табыс (шеккен зиян) табыс сыйлығы сомасын шегергеннен кейінгі төтенше жағдайлар нәтижесін қорытындылау немесе калдықтау аркылы анықтадады.

Төтенше табыстарға әлдеқандай жағдайлардын салдарынан (табигат апаты, өрт, жол апаты, су таскыны т.с.с.) түсуі мүмкін. Сонымен қатар мұндай табыстарга сақтандыру сомасын алу мақсатында орнына келтіруге жатпайтын, ары карай пайдалануға жарамайтын активтерді есептен шығарып жоюдың нәтижесінде алынған материалдар кұны жатады.

Таза пайда (шеккен зиян) есепті жыл ішінде калдыкталған нәтижесінің (таза пайда, шеккен зиян) негізінде кұкылы ұйымнын (тұлғаның) алған таза пайдасы болып табылады.

Қаржылык корытынды есеп даярлау мен тапсыру процесіне бухгалтерлік баланс сиякты «Табыстар және шығындар жөніндегі есептілік» есептін маңызы мен ететін әсері өте зор.

Ендігі жерде қорытынды есептің осы түріндегі негізгі баптарына қыскаша түсінік береміз.

«Өнімдерді сатудан түскен табыс» бабында бухгалтерлік есеп счеттары жоспарының «Табыстар» тарауында керсетілетен дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, кызметтер) т.с.с. сатудан түскен. (түсім) көрсетіледі.

Табыс көлемі осы ұйым және сатып алушылары (тапсырыс берушілер) немесе осы ұйымнын активтерін пайдаланушылар арасында жасалған келісім-шартта көрсетілген баға аркылы анықталады. Егер баға келісім-шартта көрсетілмесе және бағаны көрсетудің мүмкіндігі болмаса, онда осы жылға бағаны қолдану өткен кезеңдерде ұқсас өнімдер мен тауарлар т.б. сатуда қолданылған бағамен салыстыру арқылы қолданылынуы мүмкін.

Табыс көлемі. сонымен катар жасалынған келісім шартқа сай ұйымның койған бағаны кеміту, бағаны косу сомаларын есептеу арқылы, сондай-ак, шетелдік валюта (шартты ақша бірлігі) сомасына эквивалентті теңгемен есеп айырысудағы сомалык айырымның, (көбеюі не азаюын) қосымша немесе үстеме косып есептеу арқылы да анықталады.

«Сатылған өнімдердің өзіндік кұны» бабында сатылған өнімдерге жататын өнімдер өндіруге, жүмыстар орындауға, кызметтер көрсетуге байланысты нақтылы жұмсалған шығындар көрсетіледі. Өзіндік кұнды қалыптастырудың тәртібі бухгалтерлік есеп жүргізудің тиісті ережелерін қолдану аркылы анықталады. Егер ұйым дайындалған өнімдер есебін алдын ала кабылдаған нормативтік өзіндік кұндағы бағамен жүргізсе, онда нақтылы және нормативтік өзіндік кұн айырымы табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есепте жеке жолға жазылады.

«Жалпы табыс» бабы түскен нетто-түсім және өзіндік кұн сомасының айырымын есептеп шығару көрсеткіші болып табылады.

«Жалпы және әкімшілік шығындары» бабында тікелей өндірістік процеске байланысты емес басқарушылык кызметтерге байланысты шаруашылық шығындарының есебі жүргізіледі.

Мұндай шығындарға әкімшілік немесе баскарушылық қызметтер атқарушыларға еңбек ақы төлеу, бүларға сыйақы, жәрдем ақы беру және баска да осындай шығындар, әкімшіліктік мақсаттағы ғимаратты қалыпты жағдайда ұстау үшін төленген тұрмыстық қызмет көрсету шығындары, күмәнді талаптар бойынша есептелінген резервтік сома, есепке алынған айып пүл, тұрақсыздыктар, әлеуметтік салык шығындары, міндеттемелерді орындау үшін жасалынған резервтердің шығындары, норматив деңгейінің сыртында есептен кем шыккан ТМҚ жөніндегі шығындар, негізгі кұралдарды т.б. ағымдагы жөндеуден өткізуге жасалынған резервтік шығындар жатады. Ағымдағы бухгалтерлік есепте мұндай шығындар есебі «Жалпы және әкімшілік шығындары» тармағындағы счеттарда жүргізіледі.

Кесте 2.8

Пайда мен зиян жөніндегі есептің үлгісі

Көрсеткіштердің атауы



Бет коды

Есептік кезең үшін

Өткен кезең

үшін


Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

010







Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

020







Жалпы пайда (бет 010- бет 020)

030







Қаржыландырудан түскен кірістер

040







Өзге де кірістер

050







Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар

060







Әкімшілік шығыстар

070







Қаржыландыруға арналған шығыстар

080







Өзге де шығыстар

090







Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының/залалының үлесі

100







Жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал) (бет 030+бет 040+бет 050- бет 060 – бет 070 – бет 080 - бет 090+/- бет 100)

110







Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)

120







Салық салғанға дейінгі пайда (залал) (бет 110+/-бет 120)

130







Корпоративтік табыс салығы бойынша залалдар

140







Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 130- бет 140)

150







аздық үлесі

160







Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 150- бет 160)

170







Акцияға арналған пайда

180






«Сыйақылар төлеу шығындары» бабында алынған займдар, эмитеттелген құнды кағаздар, вексельдер, сенімді басқаруға және каржыланатын жалға алынған айналыс сыртындағы активтер бойынша сыйақы төлеу шығындары қарастырылған.

«Салык салынғанға дейінгі табыс» бабында жоғарыда келтірілген табыстар мен шығындар айырымын шығарудағы есепті көрсеткіш дайындалады.

«Табыс салығы» бабында салық Кодексі және салык есебінін мәліметіне сәйкес есептелінген табыс салығының сомасы көрсетіледі. Осы бапта көрсетілетің табыс салығы шығындары шығындардың арнайы баптары және бүлардың құрамына қарай шектеулі түрде жазылады.

«Таза пайда» бабында салық салғанға дейінгі және таза пайдаға салынған салық көлемі айырымын шығарудағы есепті көрсеткіш анықталады.

«Бөлінбеген пайда жабылмаған зиян» ұйымдағы бөлінбеген пайда немесе жабылмаған зиян сомасының колда бары мен қозғалысы жөніндегі ақпараттарды қорытындылаудың нәтижесінде есептеу әдісін қолдану арқылы анықталады.

“Үлестірмеген табыс (жабылмаған залал)” статьясы ұйымның үлестірмеген табыс немесе жабылған залалдарының қозғалысы және қолда бар болуы туралы ақпараттарды.

3.Ұйым шығыстарының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі.

Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни каржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.

Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 1-7-бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.

Басқару бухгалтериясы шоттардың жоспарының 8-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (кұпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандайда болмасын бір "ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, "жаңалықтарды" өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы акпаратының сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де "жабық" болуы мүмкін.

Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін 1340. Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (шоттары дебеттеліп, 8 бөлімінің шоттары кредиттеледі), содан соң келесі жылдың басында қайтадан каржылық бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 8110,8210,8310,8410 шоттары дебеттеліп, 1340 шоттары кредиттеледі).

Сонымен, 1340 шоттар "бір күндік шоттар" болып табылады және оның қалдықтары осы шоттар бойынша кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне енгізу үшін арналған.

Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 8110 - "Негізгі өндіріс", 8310- "Көмекші өндіріс", 8410- "Үстеме шығындар" бөлімшелерінің шоттары кіреді.

Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:

"Цехтар бойынша шығындар" ведомосы, онда 8110,8310,8410 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8110,8310,8410 шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмм қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.


Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Белгіленген есепті уақыттағы шығындардың анықтамасы.

  2. Ұсталымдар мен шығындардың және есепті кезең шығыстарының өзара байланысы.

  3. Қаржылық есептілікті бағалау қағидалары (Бастапқы, ағымдағы, нарықтық, дисконтталған, сатылған және т.б.).

  4. Транзиттік шот туралы түсінік.

  5. Қаржылық және шаруашылық процесстері.


Негізгі әдебиеттер

1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008

2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии», Алматы, 2010

3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2008


Тақырып 10. Міндеттемелер есебі

Дәріс мақсаты: Міндеттемелердің анықтамасын ашып көрсету және де жіктелуін қарастыру, сонымен қатар, ұйымда ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелер есебін жүргізу тәртібін түсіндіру

Дәріс срақтары:

1. Міндеттемелердің мазмұны және анықтамасы

2. Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі.

3. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі.



Дәріс мазмұны:

1. Міндеттемелердің мазмұны және анықтамасы


Міндеттеме – қарыз немесе міндеттеме, бір нәрсені белгілі бір жолмен қызмет етуі немесе орындау. Міндеттеме – өткен кезең жағдайларында пайда болған субъектінің қарызы және оларды реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстардың субъектіден керуне әкеледі. Міндетті түрде қазіргі және болашақтағы міндеттемелерді ажырата білу керек.

Міндеттеме 3 белгісі бойынша анықталады:

1. Міндеттемені туғызған құбылыстың орын алған жері;

2. Міндеттемелерді реттеу тек активтерді ауыстыру немесе қызметті басқа субъектіге жеткзу жолымен жүргізілуі мүмкін;

3. Міндеттеме пікір таластырылмайтын болуы керек.

Осы анықтамаға сәйкес міндеттеме қабылданса, онда ол міндетті түрде бухгалтерлік кітапқа енгізілуі керек. Міндеттеменің сомасы бірге жүретін тәуекелге барлық болашақ төлемдерінің ағымдық құнымен есептелеуі керек (ақшалай емес активтер немесе қызметтердің ақшалай эквиваленті). Міндеттемеге негізгі пайыз бен сома кіреді.

Міндеттемелерді реттеу әртүрлі әдістермен жүргізіліу мүмкін:


  • ақша қаражаттарын төлеу;

  • басқа активтерді беру;

  • қызмет көрсету;

  • бір міндеттемені екішісімен ауыстыру;

  • міндеттемелерді капиталға ауыстыру.

Реттеудің басқа да бастарту немесе кредиторлармен өз құқығын шығару сияқты түрлі әдістері бар болуы мүмкін. Міндеттеменің пайда болуы болашақта ресурстың кетуін білдіреді, берілген міндеттеменің орындалу мерзімі субъектінің қаржы жағдайын дұрыс бағалау үшін маңызды. Активтермен ұқсатығына байланысты міндеттемелер ағымдық (қысқа мерзімді кердиторлық қарыз) және ұзақ мерзімді.

Ағымдық міндеттемелер субъектінің қызметіне әсер ете алады, ал ұзақ мерзімді әсер ете алмайды. Өйткені ағымдағы міндеттеме ағымдағы ресурсқа өз наразылығын көресете алады. Бұл наразылықтар ұзақ мерзімдіктен ерекшеленеді, өтеу уақыты бірнеше жылдарды құрауы мүмкін.


2. Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі.

Нақты қарыз бойынша пайыздық қойылым – деп сондай уақыт мерзіміне алынған қаржыны заемға алу кезіндегі нақты пайыздық қойылыммен әйкес келеді. Нақты пайызды қойылым болашақта ақшалай қарыздарды төлеуде дисконттағы қолданылады. Заемщиктен алынған ақша қаражаттарының немесе ақша эквивалентінің сомасына нақты пайыздық қойылым қолданылады.

Қарыздың толық сомасы – бұл қарызды өтеу күнінде төленуі керек сома, осы күнде жүргізілуі тиіс әр қандай пайыздық төлемдерді алып бастағанда.

«Пайыздық емес» деген сөз мұндай типтегі векселге ең жақсы анықтама емес, өйткені бұндай векселдер шын мәнінде төлеуге жұмылдырады. Мұндай векселдердің номиналды құнының құрамына қарыз сомасы мен төлену мерзіміне бырыңғай соманы құрайтын осы қарызға байланысты пайыздар. Қарыз алушы векселдің номиналды құнына емес, ал вексельдің номиналды сомасы мен пайызының айырмашылығына тең соманы алады. Алыну ақша қаражаты түрінде вексельде көрсетілген сома – бұл нақты пайыздық қойылымды қолданумен номиналды соманың дисконтталған құны. Ақша қаражатының дисконттық құны мен вексельдің номиналды құны арасындағы айырмашылықтың қалған сомасы пайыз болып табылады. Нақты пайыздық қойылым тәуекелділіктің нақты ұқсатушы деңгейімен құжаттарда қолданылатын нарықтық пайыздық қойылымға қарап анықталады. Нақты пайыздық қойылым вексельде көрсетілмейді, бірақ қысқа мерзімдік пайыздық емес векселдерге белгілі бір нақты шартпен пайыздық қойылым анықталуы керек.

Банктердің несиелерін есепке алу ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Үлттық Банкі бекіткен «ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады.

Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық Банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі.

Несие өтеу қабілеті болып кәсіпорынның борышты міндеттерін толығымен және уақытында есептесе алу қабілеті деп түсінеміз. Кәсіпорындарға кредит басымды түрде өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызмет көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға бай-ланысты шаралар мен мақсатгарға беріледі. Артықшылықтар шартты міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттерінде және шоттарында сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

3. Кейінге қалдырылган табыс салығының есебі. Кейінге қалдырылған салықтьщ есебі үшін 4300 "Кейінге қалдырылған табыс салығы" шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы өзгешеліктер нәтижесінде пайда болған уақытша айырмашылықтар сомаларынан белгіленетін салық төлемдері туралы хабарлама мазмүндалады.

4300 шоты бойынша есепті ұйымдастырған кезде 12 "Пайдаға салынатын салық" ҚЕХС-ын басшылыққа алған жөн.
3. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі.
Салық төлемдері бойынша үнемдеуді таза табыс (зиян) есебіне жатқызуды мына төмендегі жағдайларды қоспаганда, зиянды, есепке алу кезеңінде, жүзеге асырады.

1. Егер сақтық прициггі негізінде заңды түлғаның болашақта салық салынатын табысы осы зиянды өтеуге жеткілікті болатынына кәміл сенімі болса, салық төлемі бойынша үнем осы зиян орын алған кезең ішіндегі таза табыс (зиян) есебіне жатқызылады. Бұл орайда сенім кепілдігі қызметін зиянның себебі болған төтенше жағдайлар атқарады, ал өндірістің үзақ кезеңдер бойы тұрақты тиімділігі осы заңды тұлға болашақта да тиімді жұмыс атқаратқаратындығына негіз болды.

2. Салық төлемі бойынша үнем 4300 "Кейінге қалдырылған табыс салығы" шоты бойынша кредитгік сальдодан артып кетпейтін сома мөлшерінде зиянға жол берілген кезең ішіндегі таза табыс (зиян) есебіне жатқызылады.

Басқа бір әдістің мәні мынада болып табылады: қайта бағалаумен байланысты болашақ салық тиімділігінің сомасын қаржы есептері жөніндегі түсіндірме жазбада ашып көрсеткен жөн. Бұдан кейінгі есепті кезеңдерде болашақ салық тиімділлгінің сома-сы айырмашылықтың салық тиімділігін көрсету мақсатында қайта қаралады.

Қаржылық есеп-беруде мына төмендегі ақпараттар ашып көрсеіілуге тиіс: әдетгегі қызметген түсетін табысқа жататын салық төлемі (свлық төлемі бойынша үнем); елеулі қателіктер түзетулеріне, сондай-ақ есеп саясатындағы өзгерістерге жататын салық төлемі (салық төлемі бойынша үнем); төтенше жағдайларға жататын салық төлемі (салық төлемі бойынша үнем); қайта багаланған активтерге жататын салық тиімділіктері; салық төлемі мен бухгалтерлік кіріс арасындап.І қатынасқа ықпал ететін тұрақты айырмашылықтар және осы сияқты басқа да факторлар, егер бүл есепті кезеңде қолданы-лып жүрген салық ставкаларымен түсіндірілмейтін болса.

4300 шот бойынша талдамалық есеп табыс салығы бойынша уақытша және тұрақты айырмашылықтардың түрлері бойынша тізімдемеде немесе машинограммада жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет