Алматы экономика және статистика академиясы


Өз-өзін бақылау сұрақтары



бет7/16
Дата19.07.2017
өлшемі2,95 Mb.
#21274
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Бухгалтерлік құжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелінуі.

2.Түгендеу

3.Бухгалтерлік есепке енгізілуі формалары

4.Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері.

Негізгі әдебиеттер

1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008

2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 2010

3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру, Алматы 2008



Тақырып 6. Кірістер және ақша қаражатының есебі

Дәріс мақсаты: Ұйымдағы ақша қаражаттарының есебін жүргізуді үйрету және де ақшалардың қозғалысын бақылаудың ішкі жүйесін ұғындыру, дебиторлық борышты тану мен бағалау мәселелерін қарастырып, студенденттерге дебиторлық борыштың есебін ұйымдастыру тәртібімен таныстыру

Дәріс сұрақтары:

1. Ақша қаражаттары есебін ұйымдастыру

2. Касса операцияларының есебі

3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыш есебі

4. Күмәнді дебиторлық борыштар

5. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі


Дәріс мазмұны:

1. Ақша қаражаттары есебін ұйымдастыру


Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құқықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады. Олар ұйымның өткен уақыттардағы қызметінің нәтижесі болып есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттарда табыс табуы үшін пайдаланады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы уақыттарда алынатын кіріс (пайда) - кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына тікелей немесе жанама түрде келіп қосылып оның көлемін (үлесін) арттырып отырады. Жалпы бұл үлестің көбейуі (артуы) кәсіпорынның негізгі немесе негізгі емес қызметтері нәтижелерінде пайда болуы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдардың активтерді пайдалану арқылы табатын кірістері (пайдалары):

  • өнім өндіру нәтижесіңде;

  • қызмет көрсету нәтижесінде;

  • басқа активтерге айырбастаудың нәтижесінде;

  • міндеттемелерді өтеу үшін пайдалану нәтижесінде;

  • ұйымның меншік иелері арасында бөліске түсуі нәтижесінде және тағы да басқа операциялардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Кәсіпорындар активтерді өздері өндіріп шығару (жасап шығару), сатып алу немесе басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер өздерінің пайдалану мерзіміне қарай мынадай екі топқа бөлінеді:

  • ағымдағы активтер (бір жыл уақыт аралығында пайдаланатын).

  • ұзақ мерзімді активтер (бір жылдан артық уақыт пайдаланатын);

2. Касса операцияларының есебі


Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті шығындарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған, және ақшаларды сақтайтын сейфі бар белмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш (сургуч) арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар тағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөртаңба (штамп) басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысының "рұқсат етемін" деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасыннан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттартағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөртаңба (штамп) басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысының "рұқсат етемін" деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етуі керек. Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда жазылған деректерді, яғни ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының нөмірін және ол құжатгы кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы тиіс. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды көсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды өзгертуге олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады.

3.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыш есебі


Барлық ұйымдар өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемесінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық, корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар – банк шоттары, банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы және жинақтаушы шоттар – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңда тұлғалардың оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылған.

Шетелдік валюта қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін ұйымдарға арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттары ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын ұйым үшін ашылады.

Ұйым шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша шығарылады. Ұйымның рұқсатынсыз қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа ұйымдарда ғана жіберілуі мүмкін.

Ұйымның шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, ұйымның басшысы белгіленген кезекпен жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем-тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа әдістерін пайдаланады.

Ақшасыз есеп айрысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма, чек, вексель, тапсырма-талап төлемдері, кеден мен салық органдарының инкассалық органдары болып табылады.

Төлеушілер мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттерді есепке жатқыза алады.

Төлем тапсырмалармен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалды құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға есеп айырысқан кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын шот-фактуралар және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да , оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екінші иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, мөр басылып қайтарылады.

Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері көрсетіледі:


  • Төлем тапсырмасының нөмірі;

  • Төлем тапсырмасының жазылған күні;

  • Жеке теңестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК);

  • Жіберуші мен бенефициардың банк шоттарының нөмірі;


4. Күмәнді дебиторлық борыштар


Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша қарыздар (дебиторлық қарыздар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады.

Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық қарыздардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық қарыздардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық қарызы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық қарыздар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома брйынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық қарыздар «Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» болып есептеледі. Дебиторлық қарыздардың пайда болған уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымның күмәнді қарыздарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибе баға жеңілдіктері терминімен бірге сауда жеңілдігі термині қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.

Кейбір жағдайларда сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу есебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Бұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша қарыз сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісті табыстарының көлемін азайтатындығы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалатынған жеңілдік сомасына:

Д-т: 6030 «Бағадан және сатудан женілдіктер» – шоты

К-т:1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары»– шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Егер сатылған туар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:

Д-т: 6020 «Сатылған өнімдердің қайтарылуы»– шоты

К-т: 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары»– – шоты

Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық қарыздар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды (есептік тіркелімдерді) қолданады:

№7 - Журнал-ордер - «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың қарызы» деп аталатын шотының кредиті бойынша;

№ 8 – Журнал ордер – «Алынуға тиісті қосылған құн салығы», «Есептелген пайыздар», «Басқадай дебиртолық қарыздар» және «Берілген аванстар» деп аталатын шоттардың кредиті бойынша;

№ 9 – Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – «Берілген аванстар» шотының дебеті бойынша;

№10 – Журнал-ордер – «Күдікті қарыздар бойынша резерв», «Алдағы кезең шығындары» шоттарының несие бойынша;

№11 – Журнал-ордер – «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің қарызы» шотының және «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебитолық қарызы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

Сатып алушылар мен берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық қарыздардың есебіне талдамалық (аналитикалық) есептің карточкалары, ажырату парақшалары, бухгалтерлік анықтамалары және тағы басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек.

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанымен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақытылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып қарызгер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ қарызды талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады.

Күмәнді қарыздарға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебитолық қарыздар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналынады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын қарыздарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі – тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі – резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмай, яғнм күмәнді қарыздарды тауарлар жеткізіліп түсірілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Кәсіпорындар мен ұйымдар күмәнді қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күмәнді қарыздар бойынша резервтің есебі «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» шотында жүргізіледі. Күмәнді қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық қарызға түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене отырып жасалынады. Азаматтық Кодекстің 1 бөліміндегі 178 бабына сәйкес қарыздың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 (үш) жыл болып белгіленді. Үш жыл уақыт аралығында өтелмеген қарыз күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады.

Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздар «үмітсіз қарыз» - деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс.

Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарды алып қарасақ та олардың барлығы да қай шоттардың төленбейтіндігін алдын ала болжап білуі мүмкін емес. Дегенмен де қаржылық есеп беруі кезінде жыл бойы жұмсалған шығындарды жабатын сомаларды анықтай қажет. Бұл уақыттағы бағалаудың салдарынан елеулі айырмашылықтардың да пайда болуы ықтимал. Жалпы халықаралық тәжірибеде күмәнді қарыздарды бағалау үшін мынадай екі әдісі қолданылады:


  • несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелінген пайыз әдісі (қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп беруде);

  • дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептей әдісі (бухгалтерлік баланста).

5. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық қарыздар төмендегідей шоттарда есептеледі:

«Алынуға тиісті қосылған құн салығы».

«Есептелген пайыздар».

«Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың қарызы».

«Өзге де дебиторлық қарыздар».

Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын есеп айырысу операциялары есептеледі.

«Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдары, материалдары тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпараттарды жинақтайға арналған. Салықтың бұл түрі барлық тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты сатып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салық сомасы да жоғары болады. Бюджетке төленілетін қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшін сатып алушылардан алынған салық пен материалдық ресурстар үшін жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

- Алынған тауарлар мен материалдық ұүндылықтар және орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн сомасына:

Д-т: 1420 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты

К-т: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты немесе

Д-т: 1420«Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты

К-т:3010 «Басқадай несиелік қарыздар мен аударымдар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

«Есептелген пайыздар (проценттер)» шотында ұйымның шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз түрінде алатын сомасы, сондай-ақ салынған инвестициядан алатын дивиденттерінің сомасы есептелінеді. Осыған байланысты «Есептелген пайыздар» шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жазулар мына түрде жазылады:

- Жалдағы негізгі құралдар, алынған вексельдер, берілген заемдар бойынша пайыздар есептегенде:

Д-т: 1270 «Есептелген пайыздар» - деп аталатын шот,

К-т: «Акциялардың дивиденттері және пайыз түріндегі кірістер» деп аталатын шот түріндегі бухгалтерлік жазу жазылса,

- Есептелген пайыздар бойынша қарыздардың жабылуына:

Д-т: 1010,1030 «Ақша қаражаттары» шоттарының тиістілері,

К-т 1270 «Есептелген сыйақылар » деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

«Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың қарызы» деп аталатын шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздары жайлы ақпараттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғаларға аванс ретінде қызметтегі іссапарлары үшін және басқадай шығындар үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталатын сомалар есептелінеді.

- Жалпы әкімшілік-шаруашылық қажеттілігі және қызметтегі іс-сапарлар үшін есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомаларға:

Д-т: 1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары» шоты, К-т 1010 «Қассадағы ақша қаражаттары» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

- Есепті кезеңде жоғалған, бүлінген немесе іздеуге салынған жетіспеушіліктерге кінәлі тұлға табылып және оның төлеуге тиісті сомасына:

Д-т: 1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары»,

К-т: 3520 «Алдағы кезеңдердің кірістері» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.


  • Есеп беруге тиісті тұлғалар өздерінің қарыздарын өтеген уақытта: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, инвестициялар, материалдар мен тауарлар деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттелініп, «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың қарызы» шоты кредиттелінеді.

  • Есеп беруге тиісті тұлғалардың аванс ретінде алған сомаларының пайдаланғаннан қалған қалдығы, жетіспеушілікбойынша кінәлі адамдардың төлеген сомалары, жұмысшының алған қарыз сомаларының қайтарылуы субъектіге кіріске алынғанда:

Д-т: 1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары» шоты

К-т: 1010 «Қассадағы ақша қаражаттары» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

-есеп беруге тиісті тұлғалардың кәсіпорынның есебінен шығарған шығындарының сомасына:

Д-т: 7110 «Тауарларды сату бойынша шығындар»; 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары»; 8410 «Үстеме шығындар» деп аталатын шоттардың тиістілері.

К-т: «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары» түріндегі екі нақты жазу жазылады.

- Жабдықтаушылар оларден алынған ақау материалдарды қайтаруға айланысты дебиторлық қарыздың пайда болуына.

Д-т: 1280 «Басқадай дебиторлық қарыз» шоты, К-т: 1310 «Материалдар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

-Банктегі шоттан қателісіп есептен шығарылған сомаға:

Д-т: 1280 «Басқадай дебиторлық қарыз» шоты, К-т: 1000 «Ақша қаражаттары» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

-Құны акцептелген (төленген) тауарлы материалдық қорлармен айналымнан тыс активтер қоймаға келіп түскенде олардың жетіспеушілігі мен бағалардың сәйкессіздігі нәтижесінен болған, сондай-ақ арифметикалық қателіктерге:

Д-т: 1280 «Басқадай дебиторлық қарыз» шоты, К-т: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

-Ағымдағы жал бойынша алынуға тиісті жал төлемдері мен айып пұлдарға, сондай-ақ өсімақыларға:

Д-т: 1280 «Басқадай дебиторлық қарыз» шоты, К-т 6280:«Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай табыстар» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Берілген аванстардың есебі келесі шоттарда есептелінеді:

1610 «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беруі үшін берілген аванстар» шоты,

«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілген аванстар» шоты.

Ал берілген аванстар дегеніміз ұйымның жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілерге олардан алынатын тауарлық-материалдық қорлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер үшін және олардың көрсететін қандайда бір қызметі үшін алдын ала төленіп қойылған сомалары болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет