11. Бұхгалтерлік құжат дегеніміз не?
12. Құжаттарды қандай белгілері бойынша жіктеуге болады?
13. Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары дегеніміз не?
14. Қаржылық есеп берудің мақсаты қандай?
15. Қаржылық есеп беру мыналардың қайсысынан тұрады?
16. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп дегеніміз?
17. Мыналардың қайсысы материалдық емес активтерге жатады?
18. Бухгалтерлік баланс пен қаржы-шаруашылық қызметтің нәтіжелері туралы есеп беру
бірін-бірі қалайша толықтырады?
19. Бухгалтерлік есеп әдісіндегі «екі жақты жазу» элементінің қызметі қандай?
20. Бухгалтерлік есептің жинақтаушы шоттары бойынша айналым ведомосі неге
арналған?
21. Пассивтік шоттарды соңғы сальдо қалайша аңықталады?
22. Кәсіпорының мүліктері пайда болу көздеріне қарай қалайша жіктеледі?
23. Шаруашылық операциясы қандай типке жатады: «Материалдар үшін
еткізушілерге берешекті өтеуге есеп айырысу шотынан ақша аударылды»?
24. Шаруашылық операциясы қандай типке жатады : «Зейнетақы қорына және басқа да сақтандыру органдарына есеп шотынан аударым жасалды»?
25. «Негізгі құралдардың тозуы», «Материалдық емес активтердің тозуы» деген
баптары жоқ баланс қалай аталады?
26. Активтік шоттар неге арналған?
27. Пассивтік шоттар неге арналған ?
28. Бухгалтерік баланс дегеніміз:
29. Калькуляция дегеніміз:
30. Бағалау дегеніміз:
31. Екі жақты жазу дегеніміз:
32. Әрбір шотта болуға тиістісі:
33. Шаруашылық операцияларының туындауы және құжаттармен ресімделуі
қалай аталады?
34. Субшот дегеніміз не?
35. Түгендеу дегеніміз не?
36. Бухгалтерлік есептегі шоттардың Бас Жоспары дегеніміз не?
37. Клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отыратын контрагентінің пайдасына
38. Өндіріс процесінде бірақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің
материалдық негізін құрайды, өзіндік құнына кіреді.
39. Тауарлы материалдық құндылықтар бөлінеді:
40. Материалдық құндылықтардың ай басындағы қорлардың қалдығы мен осы
ай басындағы түскен қорлардың құнын орташа қосындысы қолданылатын әдіс
41. Босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі
42. Босалқыларды соңғы сатып алынған бағасы бойынша бағалау әдісі.
43. Объектінің құны, оның қызмет көрсету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына
бір келкі апарылады.
44. Есептеу процесінде уақыт ешқандай роль атқармайды
45. Ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық заттық құндылықтар
46. Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар негізінде толтырылады
47. Тозуына қарай негізгі құралдардың құнын, олардың көмегімен өндірілген
өнімге аударатын объективті процесс
48. Негізгі құралдардың қай түріне амортизация есептелмейді
49. Объектінің құны, оның қызмет көрсету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына
бірден апарылады.
50. Амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде
есептеу әдісі
51. Пайдаланудың алғашқы жылдарында тиімдірек жұмыс істейді немесе негізгі
құралдардың жоғары өнімділік қабілетін көрсетеді
52. Сандарды қосу бойынша тозудың есептеу тәсілі есептеу коэффициентінің
бөлімі болып табылады, объектінің қызмет ету мерзімдегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.
53. «Ұйымның жұмысшыларына кассадан еңбек ақы төленді» дұрыс жазуды көрсетіңі
54. «Банктің қысқа мерзімді несиесі шотқа алынды» дұрыс жазуды көрсетіңіз, қандай бухгалтерлік жазумен сипатталады
55. Негізгі өндірістің қажеті үшін отын, жанар май жұмсалды, қандай бухгалтерлік жазумен сипатталады
56. Жабдықтауылардан материалдар алынды, бірақ төлем өткізілмеді, қандай бухгалтерлік жазумен сипатталады
57. Түгендеу кезінде касадан артық ақша шықты, қандай бухгалтерлік жазумен сипатталады
58. Нақты ақшаға дайын өнімдер үшін сатып алушылардың бережағы кассаға түсті, қандай бухгалтерлік жазумен сипатталады
59. Нақты ақшаға материалдар сатып алынды, қандай бухгалтерлік жазумен сипатталады
60. Жабдықтаушыларға берешек қарыз ағымдағы есеп шоттан төленді
61. Бухгалтерлік жазудың мазмұнын айтыңыз: Дт 1040 Кт 3510
62. Аккредитивке алынған ақшаларға қандай бухгалтерлік жзу беріледі
63. Банк қызметтері үшін төлемдер
64. Бухгалтерлік жазудың мазмұнын атаңыз: Дт 3020 Кт 1040? нені білдіреді
65. Дайын өнімдерді сатудан түсім кассаға тапсырылды
66. Еңбекақы төлеу үшін есеп айырысу шотытан кассаға ақша алынды
67. Құрылтайшылардан кассаға жарғылық қорға жарна үшін ақша алынды
68. Сатылған өнім үшін есеп шотқа берешектер түсті
69. Шетел вальтасымен кассаға нақты ақшалар қабылданды
70. Шетел валютасымен жабдықтаушыларға берешек қарыздар төленді
71. Ағымдағы шоттан Зейнетақы қорына жарналар аударылды
72.Ағымдағы шоттан ҚҚС төленді
73. Ағымдағы шоттан корпаративтік табыс салығы төленді
74. Жабдқтаушыларға тауарлар үшін ұзақ мерзімді аванстар төленді
75. Нақты ақшаға дайын өнімдер сатылды
76. Мына бухгалтерлік жазудың мазмұнын атаңыз: Дт 7210 Кт 1280? нені білдіреді
77. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілген аванстар
78. Жұмысшыларға жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген қарыздар
79. Сатып алушылардың берешек қарыздары өтелді
80. Дт 1010 Кт 1630 бухгалтерлік жазу нені білдіреді
81. Бухгалтерлік жазудың мазмұнын атаңыз: Дт 1250 К 1010? нені білдіреді
82. Есеп беруге тиісті адамның аванстық сомалары есептен шығарылды
83. Банктен қарыз алынды
84. Бухгалтерлік жазудың мазмұнын ашыңыз Дт 1040 Кт 4410
85. Банктің қысқа мерзімді қарызы ағымдағы есеп шотқа түсті
86. Кассадан депоненттік еңбек ақы төленді
87. Еңбекақыдан жеке табыс салығы ұсталды
88. Еңбек ақыдан есеп беуге тиісті тұлғаның берешегі ұсталды
89. Лауазымды тұлғаларға еңбек ақы есептелді
90. Негізгі өнідіріс жұмысшыларына еңбек ақы есептелді
91. Компъютерлік бағдарлама кіріске алынды
92. Ағымдағы шотқа үкімет субсидиясы түсті
93. Төмендегі шаруашылық операцияларды қандай жазулармен көрсетуге болады:
«Жеке тұлғалардан алынған материалдық емес активтер»
94. Есептелген еңбекақыдан жеке табыс салығы
95. Дайын өнімдер мен тауарлардәы және босалқыларды кіріске алғанда қандай бухгалтерлік жазу беріледі
96. Төмендегі шаруашылық операцияларын қандай бухгалтерлік жазумен көрсетуге болады:
97. Төмендегі шаруашылық операциясын қандай жазумен көрсетуге болады:
«Қаржылық жалдаудан түскен табыстар»
98. Төмендегі шаруашылық операцияларын қандай бухгалтерлік жазумен көрсетуге болады
«Негізгі құралдарды жоюдан алынған материалдар»
99. Жұмысқа уақытша жарамсыз кезінде есептелген еңбек ақыға бухгалтерлік жазу беріңіз
100. Қысқа мерзімді басқадай берешектер қарызының өтелуі қандай бухгалтерлік жазумен жазылады
101. Алынған ұзақ мерзімді заим есеп айырсу шотына түсті, бухгалтерлі жазу беріңіз
102. «Депоненттелген еңбекақын кассадан беру» кезінде қандай бухгалтерлік жазу беріледі
103. Төмендегі шаруашлық операцияларын қандай бухгалтерлік жазумен көрсетесіз
104. Қандай жағдайларға байланысты негізгі құралдар есептен шығады
105. Табыстарды тану қандай ұстамдардан туындайды
106. Артықшылықты акциялар бойынша девиденттер ненің есебінен төлнеді
107. Ұйымның мүлік салығына мына салықтың қандай түрлері жатпайды
108. «Ұйымның жұмысшыларына кассадан еңбек ақы төленді» дұрыс жазуды көрсетіңіз
109. Негізгі өндірістің қажеті үшін отын, жанар май жұмсалды, қандай бухгалтерлік жазумен сипатталады
15. Студенттің білімін бағалау жүйесі
Ағымдағы үлгерімді бағалау ағымдағы бақылау және рубеждік (аралық) бақылау бағаларынан тұрады.
Үлгерімді ағымдық бақылау – оқу сабағын жүргізуші оқытушының пәннің әр оқу тақырыптары бойынша студенттің жетістіктерін жүйелі түрде тексеруі.
Рубеждік бақылау оқу пәнінің ірі бөлімдерін (модульдерін) аяқтаған соң жүргізілетін бақылау.
Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім бағасы мен қорытынды бақылаудың бағасынан тұрады. Ағымдағы үлгерімді бағалау (жіберу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның 60% құрайды. Емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40% құрайды.
Студенттің білімін бағалау балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы жүзеге асады.
15.1 Студенттің рейтингін қою шкаласы
№
|
Бақылау түрі
|
Ба-ға-лау
критерия-сы
|
Аптасына
|
1-ші рейтингтің қорытындысы
|
Ба-ға-лау
критерия-сы
|
Аптасына
|
2-ші рейтингтің қорытынды
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
30%
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
30%
|
1
|
Сабаққа қатысуы
|
7
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
8
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
2
|
Лекцияны конспектілеу
|
7
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
8
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
3
|
СОӨЖ – тапсырмаларын орындау
|
21
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
24
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
4
|
СӨЖ - тапсырмаларын орындау (курстық жұмыс)
|
21
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
24
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
5
|
Рубеждік бақылау тапсырмаларын орындау
|
44
|
|
|
|
|
|
|
|
36
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Курстық жұмыс
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиынтығы
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиынтық баға үлесі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
15.2 Қорытынды бағаны есептеу
Пән бойынша қорытынды баға пайыздық мазмұнда келесі формула бойынша есептеледі:
И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4
2
мұндағы:
Р1 –1- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;
Р2 – 2- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;
Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест-емтихан).
15.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару
-
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Баллдардың сандық баламасы
|
Оқу пәнін меңгерудің %-қ мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
A
|
4,0
|
95-100
|
үздік
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
15.4 Академиялық тәртіп саясаты
-
№
|
Тәртібін бағалау кретерилері
|
Балл саны
|
1
|
Сабаққа кешігу
|
- 1
|
2
|
Сабақ уақытында ұялы телефонды пайдалану
|
- 1
|
3
|
Сабақтың жүргізілуіне кедергі келтіру
|
- 2
|
4
|
Тәжірибелік сабаққа белсене қатысу
|
+ 2
|
Алматы экономика және статистика академиясы
«Есеп және аудит» кафедрасы
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
«БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПРИНЦИПТЕРІ» пәні бойынша
«5В050800 «Есеп және аудит»» мамандығы
Алматы, 2012г.
Тақырып 1. Ақпараттық жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп.
Мақсаты: Бухгалтерлік есепті экономикалық ақпараттың көзі ретінде және басқару шешімдерін қабылдауда ролі мен маңызың ашып, ҚР-да оның заң жүзінде реттелуін таныстыру
Дәріс сұрақтары:
1.Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есепітің пайда болуы және қалыптасуының тарихи аспектісі.
2.Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау.
3.Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.
Дәріс мазмұны
1.Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есепітің пайда болуы және қалыптасуының тарихи аспектісі.
1. Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есеп - баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады. Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялары бизнес тілі болып табылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт.
Бухгалтерлік есеп деп – кәсіпорындарды ақпараттар және мәлімттермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатнастардың экономикалық өмірге енуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды.
Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялар экономикалық процестің негізгі фазаларымен сәйкес тіркелуі қажет. Ол фазаларға келесілер жатады:
Активтер мен олардық көздерінің қалыптасуы;
Инвестициялар;
Қаржы активтерінің қалыптасуы /экономикалық ресурстардың/ және міндеттемелерді қабылдау;
Өндіріс процесімен байланысты активтерде өзгерістердің болуы;
Табыстардың қалыптасуы;
Табыстардың бөлінуі және қайта бөлінуі;
«Бөлінбеген пайданың» қалыптасуы және оның өндіріс процесін кеңейтуге қолданылуы;
Осы мақсаттарға сәйкес бухгалтерлік есеп келесі негізгі міндеттерді шешуге негізделеді:
- басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ұйымдардың қызмет нәтижелері және шаруашылық процессі туралы толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сонымен қатар, ол ақпараттардың инвесторлармен, кредиторлармен, қаржылық, салықтық және банк органдарымен қолданылуын қамтамасыз ету;
- экономикалық ресурстардың рационалды қолданылуы және мүліктердің нақты бары мен олардың қозғалысына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның басты мақсаты - табыстың өсіміне жету үшін бәсекелестік шартында қызмет ететін ұйымдардың бизнес – циклдарының дамуының орындалуын қадағалау;
- ұйымдардың активтерін тиімді қолдану есебінен өнім көлемінің есепте және есеп берулерде өсу жағдайы;
- ақпаратты қолданушылар үшін дер кезінде мәліметтерді беру;
- ҚР-ның «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер» Кодексі және «Бухгалтерлік есеп туралы Заңды», сонымен қатар, басқа да заңдар мен нормативті актілерді сақтау жағдайын бақылау.
2. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау
Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырылып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты - сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын ақпараттармен қамтамасыз ету. Ақпараттармен қамтамасыз ету басқару жүйесінің элементіне жатады. Басқару дегеніміз – шешім қабылдау, ал тиімді басқару үшін ақпараттар жүйесін жинақтау арқылы көптеген берекесіздіктерді, түсінбеушілік пен орын алған қарама-қайшылықтарды дұрыс шешуге болады. Яғни ақпараттар өз бетінше қалыптаспайды, мұның үшін мәліметтер қажет, ал мәліметтер ақпараттар жүйесін құрайды. Ақпараттар деп шаруашылық өміріндегі фактілердің орын алғандығын хабарлау дейміз.
Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін пайдаланушылардың мақсаты бәсекелестікті тұрғыда болатындығынан ақпараттарды пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар да болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапайым жолдармен аса бір сапалы және жоғарғы деңгейде орындалуы крек. Ақпараттардың мағынасы мен көрсеткіштері логикалық санаға сиятындай болуы жөн.
Сонымен бухгалтерлік есеп аса көп ақпараттардан тұрады. Көптеген ақпараттарды жинақтап жүйеге түсіру кәсіби мамандардың ғана қолынан келеді. Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін көптеген талаптар мен арнайы ережелер қажет. Бұларға: шындық, өз уақытында, қажетті дәлділік т.б. талаптар қойылады. Ақпараттар жүйесіне қойылатын талаптардың ең маңыздысы өз уақытындағы дер кезіндегі орындалатын талап.
3. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.
Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлк есепті қолданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары еебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.
Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашылық құралдары және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады. Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің объектілерін айырып алу керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты.
Кәсіпорындағы есептің маңызды объектілеріне: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, еңбек ақы бойынша есеп айрысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру және сату процестеріндегі шығындар, ақша қаражаттары мен есеп айрысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Олар құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік балама асау, екі жақты жазу әдісін қолдап жинақтамалы және талдамалы шоттар жүйесін, мүліктер мен міндеттемелерді бағалау, калькуляциялау мен кәсіпорынның есеп беруі арқылы жұзеге асырылады.
Құжаттау – шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.
Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып саналады. Әрбір шаруашылық операциясына ол жасалған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың атауы, операцияның мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, операцияның жасалуына жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі.
Түгендеу – мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің растығы пен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі.
Бағалау – бұл натуралды көрсеткіштерді ақшалай көреткіштерге аударудың әдісі. Мұның өзі шаруашылық қорлар мен олардың қорлану көздері туралы жалпылама деректерді алу үшін бухгалтерлік есепте ақшалай көрсеткіштерді міндетті түрде пайдаланумен байланысты болып отыр. Кәсіпорынның мүлкі мен оның көздерін бағалаудың шынайлығы мен дұрыстығы бухгалтерлік есептің барлық жұйесін құру кезінде маңызды болмақ. Бағалаудың принциптері нормативтік актілермен реттелінеді.
Калькуляция – шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың әзірленген өнімдір мен атқарылған жұмыстардың өзіндік құнын анықтау әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттелінеді.
Шоттар және екіжақты жазу.
Бухгалтерлік есептің шоттары біртектес шаруашылық операцияларын топтастыруға және ағымдағы есебін жүргізуге арналған. Қорлардың әрбір түрі мен олардың көздеріне жеке шот ашылады.
Екі жақты жазу – шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні - әрбір шаруашылық операциясы екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |