Алматы экономика және статистика академиясы



бет8/16
Дата19.07.2017
өлшемі2,95 Mb.
#21274
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Негізгі әдебиеттер

1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008

2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии» Алматы, 2010

3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру, Алматы 2008



Қосымша әдебиеттер

1. Бетке И. Балансоведение пер. с анг. М: Бухгалтерский учет 2009


Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Ақша баламалары дегеніміз не?

2. Овердравт дегеніміз не?

3. Касса операцияларының есебін ұйымдастыру тәртіптері

4. Банк шоттарындағы ақша есебін жүргізу тәртіптері
Тақырып 7. Қорлар және сатылған өнімнің өзіндік құны

Дәріс мақсаты: Ұйымдағы тауарлы-материалды қорлардың есебін жүргізуді ашып көрсету және де қорларды есептеудің үзіліссіз және кезеңдік жүйелерін қолдану дағдыларын ұғындыру

Дәріс сұрақтары:

1. Қорлар және олардың жіктелуі

2. Материалдардың қозғалысының есебі

3. Қорларды бағалау әдістері

4. Материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі
Дәріс мазмұны:

1. Қорлар және олардың жіктелуі


Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады. Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне (процесіне) ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Шикізаттар мен материалдар шотында өндірілетін өнімнің құрамына кіріп, оның негізін жасайтын немесе өнімді дайындағанда оның керекті құрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың, өнім өндіруге қатысатын немесе шаруашылық қызметіне сондай-ақ техникалық мақсатқа пайдаланатын, өнім өндіру үдерісіне әсер ететін материалдардың ұйымдардағы есебі, олардың кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептеледі.

Сатылып алынган жартылай фабрикаттар шотында өндіріліп шығарылатын өнімді жинақтау үшін сатылып алынған өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай фабрикаттардың, жинақтауыш бұйымдардың, бөлшектердің кәсіпорындағы есебі жүргізіледі.

Отындар деп аталатын шотта тасымалдау құралына пайдаланатын, сондай-ақ өндірістің технологиялық қажетіне, энергия өндіруге және үйді жылытуға пайдаланатын (мұнай өнімдері мен фтор, газ, көмір тағы да басқа) отындардың қалдығы және кірісі мен шығысы есептеледі.

Ыдыс және ыдыстық материалдар шотында ұйымдағы ыдыс және ыдыстық материалдардың барлық түрлерінің (шаруашылық құралы ретінде пайдаланатындардан басқасы), сондай-ақ ыдыстарды өндіріп (жасап) шығаруға, оларды жөңдеуге арналған материалдар мен бөлшектердің кіріске алынуы мен шығыс етілу есебі жүргізіледі. Жабдықтаушы, өткізуші немесе саудамен айналысатын кәсіпорындар тауарлар салынған ыдыстарды "сатылып алынған тауарлар" шотында есептейді.

Қосалқы бөлшектер деп аталатын шотта ұйымның пайдалануындағы машиналар мен жабдықтарды, тасымалдау құраддарын және тағы сол сияқтыларды жөңдеуге, мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектердің кірісі мен шығысы және қалдығы есептеледі.

Басқадай материалдар деп аталатын шотта өндіріс қалдықтары, түзетілмейтін өндіріс ақаулары, ұйымның өзінде материал, отын немесе қосалқы бөлшек ретінде пайдалануға жарамайтын есептен шығарылған негізгі құралдарды бұзғаннан алынған материалдардың, металл сынықтарының есебі жүргізіледі. Сонымен қатар бүл шотта ауыл шаруашылық кәсіпорындары өз өндірісіне қажетті тұқымдарды, отырғызылатын көшеттерді, мал азығын дайындаудағы тыңайтқыштарды, ауыл шаруашылық дақылдарын дайындауда зиянын тигізетін жәндіктермен күресу үшін пайдаланатын улы химикаттар мен дәрі-дәрмектерді және тағы да басқа материалдарды есептейді.

Өңдеуге берілген материалдар шотында қайта өндеу үшін басқа ұйымдарға берілген, келешекте өңдеуден алынған бұйымның өзіндік құнының құрамына кіретін материалдар есептеледі.

Құрылыс материалдары атты шотта тікелей құрылыс салуға және монтаж жұмыстарына, сондай-ақ құрылыс бөлшектерін дайындауға пайдаланатын материалдар және құрылыс қажетіне керекті басқадай материалдар есептеледі.
2. Материалдардың қозғалысының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелерімен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, темір-жол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі "келген жүкті есептеу" журналына тіркеледі. Одан кейін бүл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі түрі) және нөмірін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындапған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхаты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бүл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатгы алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалды тұрақты алып тұратын экспедиторға беріледі. М-2А түрлі "сенімхат" алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 "берілген сенімхатгарды есептеу" журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе басқа да қызметкері М-2А түрлі "сенімхатты" алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 "кіріс ету" ордерін бір дана етіп толтырады.

Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 (терт) дана етіліп "тауар-көлік жүкқұжаты" (накладной) толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады: екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі (мөртаңбасы) және лауазымды адамдардың қолмен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.
3. Қорларды бағалау әдістері
Материадцық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

1 Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі

  1. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі

  1. ФИФО әдісі

Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі

Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тас-тардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелінген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік қүнын есептеуге арналған.

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі

Орташа өзіндік қүнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының (түрінің) орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.



ФИФО есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік қүны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

ФИФО әдісі бойынша:

Бірінші кіріс етілгендер, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны 80 дана сомасы 9600 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған материалдардың тек қана 20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+ +9600+2600) теңгенің материалдары.



Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша керсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық (аналитикалық) есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдық қорлардың талдамалық (аналитикалық) есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты қүны материалдық қорлардың сатылып алынған құны мен дайындау-тасымалдау шығындарының қосындысынан тұрады. Бұлардың құрамына теміржол тарифы, көлік, ұшақ басқа да тасымалдау құралдарының тарифтері, жарналар, материалды тиеуге, түсіруге кеткен шығындар, материалдық қорларды дайындаушылардың іссапары шығындары, қамсыздандыруға төленген төлем және басқа да шығындар жатады. Егер материалдық қорлардың талдамалық (аналитикалық) есебі жоспарлы есептеу бағасы бойынша есептелетін болса, онда олардың нақты өзіндік құны жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады.

Бұл бағаны кәсіпорынның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-тасымалдау шығындарын ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.
4. Материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі
Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталып, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметтерімен салыстырады. Құжаттардың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайдаланылады, ал екінші даналары материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық нөмірлер бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсаттарда және қоймалар мен бухгалтериядағы есеп деректерін салыстырып тексеру үшін пайдаланылады.

Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында белгіленген есеп топтары бойынша /материалдар, ағаш материалдары және т.с.с./ материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде топтастырылады, ол тауарлық-материалдық құндылықтарының кірісі мен шығысы бойынша «Материалдар» 1310-шы және «Тауарлар» 1330-ші ішкі бөлімдердің жинақтаушы, шоттары материалдар топтары бойынша жүргізіледі.

Бухгалтерияда материалдың жинақтама есебінің жинақтаушы тізімдемесінің негізінде /сальдо әдісі қолданылғанда/ немесе материалдық жағынан жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулерінде /егер сальдо әдісі қолданылмаса/ «Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы» деген тізімдеме жасалады. Бұл тізімдемеде материалдық құндылықтардың қоймалар немесе материалдық жауапты адамдар арасындағы қозғалысы көрсетіліп, нақты өзіндік құны мен есептік бағалары бойынша бір айдағы материалдық құндылықтардың қалдықтары мен кірісі туралы деректерге орай КДШ-ың орташа процентін /нақтылы өзіндік құнының есептік бағадан ауытқүын +,--/ есептеп шығарады. Табылған процент бойынша жұмсалған материалдық құндылықтардың құны нақты құн деңгейіне дейін жеткізіледі. Тізімдеме екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде кәсіпорынға нақты өзіндік құны мен есептік құны бойынша материалдардың түсуі туралы деректер жинақталады, КДШ немесе ауытқулардың /+,--/ сомасы мен проценті айқындалады, есептен шығарылуға тиіс материал қалдықтарына КДШ /ауытқу/ сомасы болады.

Тізімдеменің екінші бөлімінде «Материалдық жинақтама есепке алудың жинақтаушы тізімдемесі» немесе материалдық жағынан жауапты адамдар жасаған материалдық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулер деректерінің негізінде, құндылықтардың есептік бағасы мен нақтылы өзіндік құны бойынша қалдықтары мен қозғалысы туралы деректердің жиынтығы жасалады. Бұл бөлімнің деректері «Материалдар» 1310-шы немесе «Тауарлар» 1330-ші ішкі бөлімдердің шоттары жөніндегі Бас кітаппен салыстырылады.


Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Қорлар анықтамасы, жіктелуі;

2.Қорлардың қозғалысының есебі;

3. Қорларды құжаттау;

4. Қорларды бағалау;

5. Қорларды есепке алу жүйелері


Пайдаланылған әдебиеттер

1.Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2008ж.

2.Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2009;
3.В.Л. Назарова «Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есебі» Алматы, Экономиа 2010;Оқулық

4.В.К. Радостовец «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2008


Тақырып 8. Ұзақ мерзімді активтердің есебі

Дәріс мақсаты: Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер жайлы түсінік беру, олардың түрлерін айқындау және де ұйымда есебін дүргізі тәртібін ұғындыру

Дәріс сұрақтары:

1. Негізгі құралдар және олардың жіктелуі мен бағалануы

2. Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі

3. Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясының есебі

4. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі

5. Материалдық емес активтер есебі


Дәріс мазмұны:

1. Негізгі құралдар және олардың жіктелуі мен бағалануы


Ұйымда негізгі құралдардың есебі №2 ҰҚЕС және 16-ҚЕХС-на сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.



Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші — қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз — субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінін балансында есептейді, жалға алушы 001-ші "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аякталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады.

Оларды


2411-ші "Жер",

2412-ші "Үйлермен ғимараттар",

2413 "Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар",

2414-ші "Көлік құралдары",



2415-ші "Басқа да негізгі кұралдар" шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уакытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимаратгардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және аткаратын кызметтеріне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді:

- жер; үйлер; ғимаратгар; өткізгіш тетіктер;

- машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматгы машиналар және кұрал-жабдық);



- күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы;

- басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар;

- шаруашылык мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимаратгарсыз) шыққан күрделі шығын; баска да негізгі кұралдар.


2.Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екіншіге беру екі дана етіп дайындалатын, №НҚ-1 үлгідегі акт арқылы жүзеге асырылады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгелдеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі қойылады. негізгі құралдардың субъектінің өз ішінде цехтан цехқа/ орын ауыстыруы №НҚ-1 үлгідегі акт арқылы жүзеге асады. Оның негізінде негізгі құрал-жабдықтардың көшуі туралы объектілердің тұрған жеріндегі мүліктік түгелдеу тізімдеріне және мүліктік түгелдеу карточкаларына белгі соғылады. Негізгі құралдар орын ауыстырғанда 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесі шотының дебеті және кредиті бойынша бухгалтерлік жазу орындалады.

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жүмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын қүрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына, бұдан барып салық салудағы дәлсіздікке әкеліп соғады.

Амортизация (латынның өтеу деген сөзінен) - тозуына қарай негізгі қүралдардың қүнын олардың көмегімен өндірілетін өнімге аударатын объективті процесс; арнайы ақша қаражатгарын-негізгі қүралдарды (негізгі капиталды) қарапайым және кеңейтіп өндіру үшін өндіріс немесе айналыс шығындарына енетін амортизациялық аударымдарды пайдалану. Амортизация үшін еңбек қүралдарының өндіріс процесіне және қүн жасауға қатысу ерекшеліктері объективті негіз болады. Негізгі қүралдардың қызмет мерзімінің үзақтығы нәтижесінде олардың қүны өнімге бір циклда толықтай емес, олардың табиғи және сапалық тозуына қарай бөлек-бөлек өтетін болады. Өнімнің қүнының бөлігі ретінде амортизация бірнеше кезеңнен өтеді: бітпеген өндіріс, дайын және сатып-өткізілген өнім элементі болып қызмет етеді. Оның бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдеріндегі қозғалысы айналым қаражаттарының аванстандырылуын (алдын ала ақша жұмсалуын) тәлап етеді.
3. Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясының есебі
Амортизациялық аударымдар қатардан шыққан негізгі қүралдарды қайта қалпына келтіру үшін жүмсалады. Сондықтан да қызмет етуінің бүкіл кезеңіндегі амортизациялық аударулар мөлшері жоюдан түскен таза түсімді (жою қүнын) алып тастағанда, олардың бастапқы (қалпына келтіру) қүнына тең болуы керек.

Амортизациялық аударулар амортизация нормалары бойынша жүзеге асырылады. Амортизация нормасы—амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі қүралдардың орташа жылдық қүнына процентпен көрсетілген қатынасы. Нормалар еңбек қүралдарының өтелуінің нормативтік мерзімін көрсететін экономикалық тиімді қызмет мерзіміне қарай белгіленеді. Олардың деңгейі техникалық-қүрылымдық және материалдық-заттық ерекшеліктеріне қарай бағаланатын негізгі қүралдардың қанша мерзімге арналғанына және табиғи тозуына; негізгі қүралдардың, әсіресе пайдаланудағы машиналар мен жабдықтардың нақты жасына; қолданылып жүрген еңбек қүралдәрының моралдық жагынан тозуына тікелей қатысты.

Мынандай негізгі құралдар бойынша амортизация есептелмейді: өнім беретін малдарға, буйволдарға, өгізге, бұғыларға; кітапхана қорларына; қаланы көріктендіру ғимараттарына; ведомостволық әкімшіліктерге; ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарына; белгіленген тәртіпппен тоқтатылған қорларға; бюджеттк ұйымдардың қорларына.

Кәсіпорындар негізгі құралдардың белгіленген амортизациялау нормасына және балансты құнына сүйеніп субъект балансында тұрған жекелеген топтар немесе мүліктік объектілер бойынша ай сайын амортизациялық аударымдар жасап отырады.

Есептелген амортизация сомасы ай сайын өндірлген өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өіндік құнына апарылады; маусымдық өндірістерге амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы кәсіпорынның жыл ішінде жұмыс істеу кезеңнің өндірістік шығындарына қосылады.

Бір жыл ішінде осы ай үшін амортизациялық аударымдардың мөлшерін айқындау өткен есептелген амортизациялық аударымдар сомасынан сүйеніп, ілгерідегі айдағы негізгі құралдар құрамындағы өзгерістерге, сондай-ақ толығымен амортизацияланған негізгі құралдардың нормативті қызмет ету мерзімі өтуіне байланысты белгіленген нормаларға сай реттеліп жасалады.

Жаңадан пайдалануға берілген негзгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі ұүралдар бойынша шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші қүні тоқтатылады.

2410 шотында есептелген негізгі құралдар ай сайын амортизацияланады. Амортизация есептеу кезінде 2410 шоты дебеттеледі жөне және 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» шоты кредиттеледі.

Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдіс яғни обьектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі апарылады Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы оның қызмет ету мерзімінен ұзақтығына байланысты деп пайымдауға негізделген және ол бухгалтерлік есептің отандық тәжірибесінде қолданылып жүрген әдіс.

Амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу өндірістік тәсіл.

Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы тек пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт бөліктері ешқандай роль атқармайды деген пайымдауға негізделген.

Амортизацияны есептеудің жеделтілген әдістері. Бұл әдістер өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері пайдаланудың алғашқы жылдарында тиімдірек жұмыс істейді немесе жоғарғы өнімділік қабілетін көрсетеді деген пайымдауға негізделген. Амортизацияны есептеудің жеделтілген әдіс:

.а) Азайып отыратын қалдық әдісі.

Азайып отыратын қалдық әдісі. Бұл әдіс те кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амотизациялау нормасын қолдану арқыл азайып отыратын қалдық әдісі деп те атайды.

Қалдық құнды азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеен кезде жойылу құны есепке алынбайды деп саналады.


4. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал-сайманнан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы мен қүны бірдей бір өндірістік бөлімшеде орналасқан басқа да заттарды ескермегенде, әр мүліктік объектіге ашылатын Мүліктік карточкаларда жүргізіледі. Мүліктік карточканың негізгі құрал-жабдықтардың барлық түрлеріне арналған біртұтас типтік үлгісі /ү.№ НҚ--6/ төменде келтірілген. Бұл карточканы бухгалтерияға келіп түскен негізгі құрал-жабдықтардың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырады. Карточкада обьектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің сипаттамасы техникалық құжаттама мәліметтерін қайталамайтын етіп, қысқа және объектінің жеке ерекшеліктері дәл көрсетілуі керек. Мүліктік карточка бухгалтерияда әр объекііге немесе жекелеген обьекіілердің тобына жүргізіледі. Топтық есеп жағдайында карточка негізгі құрал-жабдықтардың жекелеген обьектілерінің позициялық жазбалары жолымен толтырылады. Негізгі құрал-жабдықтарды басқа субьектіге тапсыру (беру) кезінде, сондай-ақ негізгі құрал-жабдықтар обьектілерінің субьект ішінде орын ауыстыруы кезінде негізгі құрал-жабдықтардың шығуы туралы белгі соғуға «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру» актісі (ү. № HK,-1), ескіруі және тозуы салдарынан негізгі құрал-жабдықтар обьектілерін есептен шығаруда «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» (ү. № НҚ-3) негіз болады. Құрылысты салып бітіру, жабдықтап бітіру қайта құру және жаңалау бойынша аяқталған жұмыс, обьектіні жөндеу туралы жазбалар карточкада «Жөнделген, қайта құрылган және жаңаланған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері» (ү. № НҚ-2) негізінде жүргізіледі.

Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару негізгі құрал-жабдықтарды /автокөлік құралдарынан басқа/ толық және ішінара есептеп шығару кезінде пайдаланылатын "Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы Акт" /ү. № НҚ—3/ арқылы жүзеге асады. Актіні субъектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетгі адам екі дана етіп дайындайды. Актінің 1-ші данасы бухгалтерияға, беріледі де, екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты кісіде болады және есептен шығарғаннан кейінгі қалған қосалқы бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын қоймаға өткізуге негіз болып табылады.

Есептен шығаруға жұмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды бұзганнан, құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен тускен материалдық қүндылықтардың бағасы актінің «Обьектіні есептен шығару нәтижелерінің есебі» деген бөлімінде қарастырылады.

Баланстан автокөлік қүралдарының барлық түрін есептеп шығару "Автокөлік құралдарын есептен шығару актісінде" /ү. № НҚ--4/ көрсетіледі. Актіні комиссия екі дана етіп дайындап, субъектінің басшысы немесе өкілетті уәкіл бекітеді. Бір данасы бухгалтерияға берілсе, екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты кісіге беріледі де, ол автокөлік техникасын есептен шығарудан кейін қалған материалдық құндылықтар мен металл сынықтарын қоймаға тапсыруға негіз болып табылады.

5. Материалдық емес активтер есебі
Материалдық емес (сезілмейтін) активтер— нақты табиғи нысаны жоқ, бірақ «сезілмейтін қүндылыққа» ие, болғандықтан субъектіге үзақ уақыт немесе үнемі қосымша табыс әкелетін активтер. Соны-мен қатар материалдық емес активтер иеліктен шығару қабілетіне ие болуы тиіс. Материалдық емес активтерге тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері), тауарлардың тіркелген жасалу орындары, «Фирма бағасы» (гудвилл)1, «Ноу-Хау, патенттер және өнеркәсіптік үлгілер, лицензиялар, интелектуалдық (ақыл-ой) меншіктік ұйымдастыру шығындары, жер учаскелелері мен табын ресурстарды пайдалану құқықтары, өндірістік мәліметті пайдалану қүқықтары, ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б/

Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық емес активтер төмендегідей тәртіпте бағаланады:

Тараптардың келісуі бойынша - құрылғалы жатқан кәсіпорынның жарғылық капиталына құрылтайшылардың салған салымдары екі жақтың келісімі бойынша. Мұндай салымдар тәуелсіз аудитор арқылы расталуға тиісті:

объектілерді сатып алуға және оларды дайын қалпына келтіруге кеткен нақты шығындарды есептей отыра, басқа кәсіпорындардан, мекемелерден, азаматтардан ақысын төлеп алынған материалдық емес активтер;

басқа кәсіпорындардан, мекемелер мен азаматгардан тегін (сыйға) алынған материалдық емес активтердің бағасын анықтау сараптау арқылы немесе келісімді баға бойынша;

І.Фирманың іскерлік байланыстарының шартты құны, жинақталған материалдық емес активтердің «бағасы», сезілмейтін капиталдың ақшалай бағалануы- сауда белгісінің мәртебесі, іскерлік байланыстар-дың тәжірибесі, клиенттердің, сондай-ақ басқару, ұйымдастыру және техникалық ресурстардың түрақтылығы, қаржы әлеміндегі бедел,өткізу қызметін бақылау тетігін; сезілмейтін негізгі капитал, ак-тивтер, кәсіпорынның жалпы бағасы мен нақты негізгі капиталдың бағасы арасындағы айырмашылықты білдіреді. Сезілмейтін теріс актив (бедвилл) кәсіпорынның сатылу мен баланстық қүны арасындағы айырмашылықты білдіреді.

2.”Ноу-хау” ағылшын тілінен «қалай екенін білемін» деп аударылады. Халықаралық қатынастарда термин қүжаттау, өндіріс тәжірибесі, дағдылары және тауар белгісі арқылы көрінетін техникалық білімдерді анықтау үпгін қолданылады.

Материалдық емес активтердің бастапқы қүны бойыиша амортизацияны есептеп, оны өндіріс шығынына жатқызу немесе басқа көздердің шоттарына аудару арқылы жабылады.

Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғаларға сатылғанда, моралдық тозуға ұшырағанда заңды және жеке түлғаларға тегін берілгенде, табыстық сапасын жоғалтқандығына байланысты есептен шығарылганда, басқа субъектілердің жарғылық қорларына үлес ретінде салынғанда баланстан шыгарылады.

Төрт топқа бөлінетін материалдық емес активтердің әртүрлі түрін қарастырып көрелік.

Материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысын есеп-ке алу 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарына жазылады. Осы шоттардың дебеті бойынша-- материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындагы қалдықтары, олардың түсу операциялары көрсетіледі, кредит бойынша-- материалдық емес активтердің шығарылымы көрсетіледі. 2700 бөлімшеге төмендегі шоттар кіреді:

2710 – “Гудвилл”, онда гудвиллдың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі. Гудвилл – жеке сәйкестендіруге және бөлек тануға болмайтын активтерден туындайтын алдағы экономикалық пайдалар;

2720 – “Гудвиллдың құнсыздануы”, онда құнсызданудан болуы мүмкін залалдар тұрғысынан жүйелі жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша гудвиллдың құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі;

2730 – “Өзге материалдық емес активтер”, онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданлу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы:

1. тауарлық белгілер;

2. титулдық және баспа құқықтары;

3. компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету;

4. лицензиялар және франшизалар;

5. өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа да құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар;

6. рецептілер , формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер;

7. әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер;

2740 – “Өзге материалдық активтердің амортизациясы және құнсыздануы”, онда материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын амортизация мен залалдар сомалары шоғырланады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, бірақ жыл сайын құнсздануға тест жүргізіледі.

Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау-беру актісінде (ү. №МЕА-1) көрсетіледі. Актіде материалдық емес актавтер үлгілердің дәл аты оның кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы қүны, амортизация нормасы және басқа қажетгі мәліметгер көрсетіледі. 2700 «Материалдық емес активтер» бвлімшесінің шоттарына талдамалық есепке алу «Материалдық емес активтерді» есепке алудың мүліктік қарточкаларында» (ү. №МЕА-2) көрсетіледі.

Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерін есепке алуда қолданылады. Материалдық емес активтердің әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады.

Өндірістік - шаруашылық қызметі процесінде материалдық емес активтер моралдық тозуға ұшырайды. Басты мақсат материалдық емес активтердің моралдық тозуына байланысты шығындарды жабу көздерін табу ғана емес, өндіріс немесе айналым шығындарына амортизацияны қосу арқылы олардың құнын өтеу көздерін жасау болып табылады.

Материалдық емес активтердің амортизациясы есепке алуға 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің шоты арналған.

Бұл шоттар пассивті, реттеуші контрактивті. 2740 - бөлімше шотының кредиті бойынша ай басындағы амортизацияның қалдығын, ағымдағы айға есептелінген амортизацияны және есеп берілетін айдың соныңдағы амортизацияның қалдығын көрсетеді, ал дебеті бойынша —материалдық емес активтердің амортизациясын (тозуын) есептен шығару (төмендету) көрсетіледі. Материалдық емес активтердің амортизациясы олардың бастапқы құнынан және тиімді пайдаланудың болжамды мерзіміне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелініп түрады.

Әрбір кәсіпорын материалдық емес активтердің барлық түрлерінің пайдалану мерзімін, негізделген (дәлелденген) есептер бойынша анықтауы тиіс. Оларда тиімді пайдалану мерзімін қол-дану негізді болуға тиіс:

а) пайдалану мерзімін анықтау мүмкіндігі бар материалдық емес активтер бойынша (патенттер, лицензиялар және басқалар) оларды пайдалану мерзімі арнайы нұсқаумен анықталып патентте, лицензияда көрсетіледі: 1,5.10,15 жыл.

ә) пайдалану мерзімін көрсету мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша (ЭЕМ бағдарламалық жабдықтау, «Фирма бағасы» және басқалар), мүндай мерзім 10 жылдан аспайтын уақыт деп керсетіледі.

б) қызмет ету мерзімі жарғысында көрсетілген кәсіпорындар сатып алған материалдық емес активтер бойынша тиімді пайдалану мерзімі ретінде "а" және "ә" пунктерінде көрсетілген мерзімдер алынады, бірақ олар кәсіпорын қызметінщ мөлшерлі мерзімінен аспауға тиісті.

Материалдық емес активтер пайдалану мерзімінде кәсіпорынға белгілі бір мөлшерде табыс әкелуі тиіс. Кәсіпорын материалдық емес активтерден кіріс түсіріп отырғанда олар өз функциясын атқарады, ал керісінше болса балансты «бүлдірушіге» айналып, нақты емес, бұлдыр активтерді құрайды. Бұл аксиоманы өндірістік немесе айналымньщ шығындарына енгізілетін олардың амортизация сомаларын есептегенде ескерген жөн. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу оның баланстық құны толық өтелгенде тоқтатылады.

Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін дұрыс және дәлелді есептеуге олардың амортизациясын өндіріс пен айналым шығындарына жатқызудың негізділгі, яғни кәсіпорын қызметінің нақты қаржылық нәтижелері тәуелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет