Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік



Дата21.04.2023
өлшемі27,04 Kb.
#175144
Байланысты:
халк стандарт 6 срсп


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
“ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ” ФАКУЛЬТЕТІ
“МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ” КАФЕДРАСЫ

ОСӨЖ
Тақырыбы: Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік (ҚЕХС (IFRS) 27,28)


Орындаған: Бекбауова Нұрай
(Ук-301)
Тексерген: Сексенова Айгул
Ақтөбе
2022

1. Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жүмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және ннвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқада ережелерді сақтау болып табылады.
Қаржылық есеп берудің қағидалары төмендегілер:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап,олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығыны мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Үздіксіздік. Кез-келген кәсіпорын ұзақ уақыт ағымында үздіксіз қызмет етеді. Бұл егер кәсіпорын жабылып жатса, оның активтерін ағымдағы нарықтық құнымен қайта бағалау мүмкін болады дегеннен туындаған. Жұмыс ісгеп тұрған кәсіпорын концепцияларына сәйкес, мұның қажеттігі шамалы. Бұл қағида егер кәсіпорын тұтасымен сатылса, алғашқыда, ликвидациялық та баланстар жасалмайды дегенді мегзейді. Меншік иесі ауысқанмен кәсіпорын басқа болып кетпейді, ол өзінің есеп жүйесін толығымен сақтайды.
Түсініктілік. Шаруашылық сүбъектісінің қаржылық есеп берушілігінде көрсетілетін ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуы керек.
Мағыналылық. Қаржылық ақпарат шаруашылық қызметті бағалау кезінде дұрыс шешімдер қабылдау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мағыналы болуы қажет.
Мәнділік. Бұл қағида ақпарат мәнді және мәнсіз болатынын көрсетеді. Мәнді ақпараттың болмауы экономикалық шешімдер қабылдауға әсер етеді.
Нақтылық. Егер ақпаратта қателер жоқ болса ғана, ол нақты бола алады да, тұтынушылар сенімін туғызады.
Байыптылық. Шаруашылық қызмет ағымындағы шешімдер байыппен қабылданғаны дұрыс. Активтер мен табыстар артық бағаланып, ал міндеттемелер мен шығындар кем бағаланбауы қажет.
Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат қажетті де мазмұнды болуы үшін, бір есепті кезеңді екінші есептік кезеңмен салыстырып, сәйкестілік, бір ізділік негізінде қарау керек.
Тұтастылық. Қаржылық есептегі ақпарат тұтас, толық болуы керек.
Бірізділік. Есептің таңдалған әдістері мен қабылданған әдістемесі оны өзгертуге нақты себептер туындамайынша өзгермеуі керек.
Дұрыс, шын түсінік қалыптастыру. Қаржылық есеп берушіліктер тұтынушыларға субъектінің қаржылық жағдайы, қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындылары және ақша қаржыларының қозғалысы туралы шындықты, айқын түсінікті қалыптастыруы қажет.
Уақыттылық.. Ақпарат өз уақытында қалыптасып, ұсынылуы қажет.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтерден алшақ болуы керек.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн.Белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай – ақ міндеттемелер мен шығынның қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Есептік кезең біткен соң ұйым қаржылық есеп беруді жасайды. Ұйымның құрамында Қазақстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолидацияланған есеп беруді жасайды, яғни бірнеше занды тұлғаның есеп беруін біріктіреді.
Заңды тұлға (коммандалық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (негізгі) занды түлғаның өзінің жарғылық қорына салған салымдарының басым көпшілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым бөлігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады.
Заңды тұлға (коммандылық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (қатысушы, артыкшылығы бар) занды тұлғаның бар болғаны 20% дауыс беретін акциясына ие болса немесе сондай деңгейде қатысушылық үлесі бар болса, тәуелді серіктестік ретінде танылады.
Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беруі. Занды тұлға басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін; егер де сол сатып алынған акциясы 50%-тен астам болса, онда инвестицияланған объектіге бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда ол кәсіпорын негізгі занды тұлға болып танылады, ал бақыланатын (инвестицияланған) кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп атайды. Негізгі кәсіпорында және барлық еншілес көсіпорындар бірігіп, біріккен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша консолидацияланған есеп беруін жасайды.
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар олардың топтасқан бөлігін емес, тұтас бөлігін білуге мүдделі болып келеді. Бұндай қажеттілік консолидацияланған есеп беруге қойылатын талапты күшейтеді.
2.Консолидацияланған есеп берудің құрамына: консолидацияланған бухгалтерлік балансы, консолидацияланған каржылық-шаруашылык кызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолидацияланған ақшалардың қозғалысы туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.
ҚЕХС сәйкес "Консолидацияланған есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестицияның есебі" негізгі занды тұлға жергілікті және шетелдегі еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған қаржылык есеп беруі енгізіледі, тек мыналарды қоспағанда: егер де еншілес серіктестік жақын арада сатуға арналса және оларды бақылау уақытша сипатта болса немесе олар қатаң түрде ұзақ мерзімді шектеулі жағдайда әрекет етіп тұрса, онда бұл аталған жағдайларда жүрген серіктестіктердің мәліметі консолидацияланған қаржылық есеп беруге қосылмайды.
Негізгі кәсіпорын өз кезегінде, еншілес кәсіпорында болуы мүмкін, онда ондай кәсіпорындар консолидацияланған қаржылық есеп бермеуі мүмкін, егер де оны негізгі кәсіпорын талап етпесе.
Негізгі занды тұлға және оның еншілес занды тұлғасы қаржылық есеп беруді келесі жолмен консолидациялайды (яғни, біріктіреді):
— есеп беруді өзара сәйкестендіреді (есеп беру қосымша өнделеді, жіктемесі өзгертіледі, түзетулер енгізіледі);
— активтер, міндеттемелер, меншік капиталы, табысы, шығысы туралы
мәліметтердің әрқайсысы жолы мен бабы бойынша қосылады;
— кейбір баптар бойынша қайталауға жол берілмейді және кейбір баптар жойылуы мүмкін.
Бірнеше заңды тұлғалардың есеп беруінен бір ғана қаржылық есеп беруді жасау үшін ішкі есеп, бағалы қағаздар, меншік капиталдар және т.б. мәліметтердің негізінде тиісті түзетулер жасалынады.
Түзету жазбалары консолидацияланған қаржылық есеп берудің дайындау барысы оның жұмысшы кестесінде жасалынады және ол негізгі кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде де, еншілес занды тұлғада да көрсетілмейді.
Топтық есеп беру жасау кезінде еншілес заңды тұлғаның бухгалтерлік балансында бөлек көрсетіледі, яғни еншілес занды тұлғанын нақты таза активімен алмастырылады. Баланста әрбір еншілес серіктестіктің және негізгі заңды тұлғанын үлесі бойынша меншік капиталы қалыптастырылады. Бұл жерде меншік капиталында негізгі заңды тұлғаның үлесінен оған енген (кірген) еншілес серіктестіктердің үлесі кем немесе аз болуы мүмкін.
Негізгі заңды тұлғаның таза активінен оған енген (немесе кірген) еншілес серіктестіктердің таза активтері асып түссе, онда оның ағымдағы сатып алынған активтерінің құнынан мәмілесі бойынша өтетін міндеттемесін шегеріп, келіп қосылған заңды тұлғалардың гудвиллі ретінде анықтайды және консолидацияланған бухгалтерлік баланста актив ретінде жеке бап болып көрініс табады.
Егер де негізгі заңды тұлғаның құрамына кіретін еншілес занды тұлғаның құны олардың таза активінен кем болса, онда алынған активтердің ағымдағы кұны мен сол күні алынған міндеттемелердің арасында теріс айырма, яғни гудвилл (бэдвилл) пайда болады, бірақ ол да консолидацияланған бухгалтерлік баланстың жеке бабы болып көрініс табады.
Консолидацияланған есеп беруді қалыптастыру үшін операцияларды жою (түзету) кестесі жасалынады , ал ол келесі кезеңдерден тұрады:
— бірінші кезекте еншілес занды тұлғаны алысымен, алдымен, негізгі занды тұлғаның өзіне қатысты таза активінің үлесі анықталады (кәсіпорынның активінен оның міндеттемесі алынып тасталынады);
— содан соң түзетулер жасалынады:
Негізгі заңды тұлға 100% акцияны иеленген жағдайда, еншілес кәсіпорын өзінің акционерлерінің мүддесін ескеруі қажет, өйткені олардың меншігінде 50% акция қалуы мүмкін. Акционерлердін бүл мүддесі азшылық мүддесі болып саналады және оларға тиесілі таза активтің және таза табыстың (зиянның) сомасы консолидацияланған қаржылық есеп беруде көрініс табуы тиіс.
Таза табыстағы (зияндағы) азшылықтың үлесі есепті кезеңдегі еншілес тұлғаның алған таза табысынан анықталады және онын денгейі есеп беруде көрсетілгенімен, ол негізгі заңды тұлғаның меншігі болып саналмайды, сондықтан ол консолидацияланған қаржылық-шаруашылык қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде жеке бап болып көрсетіледі. Таза активтегі азшылықтың үлесі консолидацияланған қаржылық есеп берудің жасаған күніндегі меншік капиталындағы еншілес занды тұлғаның сомасынан анықталады. Азшылықтың таза активі бойынша үлесі консолидацияланған
• негізгі занды тұлғаның инвестициясының деңгейін еншілестің үлесіне азайтады
және еншілес занды тұлғаның жарлық капиталының деңгейін
өсіреді; азшылықгың үлесі өседі;
• негізгі занды тұлғаға жатпайтын табыс үлесіне таратылмайтын табыс деңгейін
азайтады және азшылықтың үлесін өсіру керек.
Егер де тәуелді занды тұлға өзінің тәуелді занды тұлға ретіндегі анықтамасына сәйкес келуін тоқтатса, онда ол кезден бастап, оның инвестициясы қабылданған есеп саясатына сәйкес, ұзақ мерзімді инвестицияның есебі бойынша есепке алынады.
Кәсіпорында еншілес занды тұлғаның инвестициясы болмаса, онда ол жеке қаржылық есеп беруді жасайды.
Инвестордың да, тәуелді заңды тұлғаның да қаржылық есеп беру күні сәйкес келеді. Егер де негізгі компания мен тәуелді заңды тұлғалардың қаржылық есеп беру күні сәйкес келмесе, онда тәуелді тұлға негізгі кәсіпорынның жасаған күні бойынша жасайды. Дегенмен де, олардың күні сәйкес келмесе, онда мәнді операциялардың, құбылыстардың нәтижесі бойынша түзетулер жасалынады.
Негізгі және тәуелді заңды тұлғалар қаржылық есеп беруде біртұтас есептік саясатын пайдаланса, аналитикалық операцияларың және қаржылық-шаруашылық қызметінің оқиғаларын қолданады.
Егер де олардың пайдаланған есептік саясатында өзгешеліктер болса, онда тәуелді занды тұлғалардың қаржылық есеп беруіне тиесілі түзетулер енгізіледі. Егер де түзетулер енгізу мүмкін болмаса, онда орын алған факт түсініктеме жазбада көрініс табады.
Бірлескен қызмет бойынша қатыстық үлесті қаржылық есепте көрсетудің ерекшеліктері. Өзінің қатысу үлесін есептеу үшін бірлескен қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъекттер, "Бірлескен кызметі бойынша үлестік қатысуды қаржылык есепте көрсету" деп аталатын ҚЕХС басшылыққа ала отырып, олардың ұйымдық-құқықтық нысанынан тәуелсіз, осы қызмет бойынша қатысушылардың шығысы мен табысы, міндеттемесі, активтері қатысушылардың қаржылық есеп беруінде көрініс табады.
Бірлескен қызмет - жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін екі және одан да көп тараптар бірлесіп әрекет еткен кезіндегі қызмет болып табылады.
ҚЕХС сәйкес, бірлескен қызметі бойынша қатысушылар өзінің қаржылық есеп беруінде және консолидацияланған есеп беруінде танылуы тиіс:
- бірлесіп бақыланатын өндірісте: активтер консолидацияланады және
міндеттемелерін өз жауапкершіліктеріне алады; олардың жасаған шығысы олардың бірлесіп қызмет етумен байланысты, қызметгі немесе тауарды сатқаннан түскен табыстан өз үлестерін алады;
- бірлесіп бақыланатын активтері: активтердің сипатына сәйкес жіктелініп, бірлесіп бақыланатын активтері әрқайсысының үлесі бойынша анықталады; бірлескен кызмет олардың қабылданған міндеттемелері бойынша; баска қатысушылармен бірлескен қызметінде бірігіп жасаған өз міндеттемесінің үлесін;
бірлескен қызмет бойынша өзінің жасаған шығысын қоса өз үлесіндегі өнімін
пайдаланудан немесе сатудан түскен табысы бірлескен қызметте қатысу үлесіне
сәйкес жасаған шығысы бойынша анықталынады.
Бірлесіп бақыланатын занды тұлғаның қатысушылары өзінің жекелеген қаржылық есеп беруінде және консолидацияланған қаржылық есеп беруінде пропорционалды консолидация үшін арналған екі бірдей есеп берудің бір форматын пайдалана отырып, өзінің қатысу үлесін көрсету керек.
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғада қатысу үлесі жақын арада сату мақсатында алынса, қатаң ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында әрекет ететін болса, онда бұндай жағдайларда пропорционалды консолидация әдісі пайдаланылмайды.
Бірлескен қызметке қатысушылардың қаржылық есеп беруінде келесі ақпараттар ашылуы тиіс: бүкіл бірлескен қызметке қатысты міндеттемелер және әрбір қатысушының үлесі; үшінші жаққа (тарапқа) қатысты шартты міндеттемелердің жағдайы және т.б., өйткені бүл аталғандардан зиян шегу ыктималдығы зор.
Бірлескен қызметке қатысушылар қаржылык, есеп берген кезде мына жағдайларды ашып беруі тиіс:
Пропорционалды консолидация — есептік әдіс, онда әрбір жолдары өзінің ұқсас баптарымен қосылады, мысалы, табыс табысқа, шығыс шығысқа, актив активке және т.б.
Негізгі серіктестік: үлестік қатысу әдісін және ұзак мерзімді инвестицияны есептеу әдісін пайдаланады.
- үлестік қатысушымен байланысты міндеттеменің жалпы сомасы және осы қызметке қатысы жоқ міндеттемелер;
- бірлескен қызметтің мақсаты бойынша оның басым бөлігіне сипаттама беру және олардың тізімін келтіру керек;
- үлестік қатысумен байланысты ағымдағы активтердің, ұзақ мерзімді
активтердің, ағымдағы міндеттемелердің, табыстардың және шығыстардың
жиынтық сомасы.

Пайдаланған әдебиеттер:


https://student.zoomru.ru/buhaudit/shoyrlandyrylan-arzhyly-eseptlk/199551.1642729.s1.html

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет