Алматы экономика және статистика академиясы



бет6/32
Дата18.03.2017
өлшемі7,39 Mb.
#11795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Даосизм ағымы

Даосизм бағытының негізін қалаушы - Лао-Цзы (Vқ-Vғ.б.ғ.д.) “Даодецзин² деген кітапта бұл кісінің айтқан ойларын оның оқушылары мен ізбасарлары қV-қққғ.ғ. жинақтаған.

Даосизмнің онтологиялық (болмыс) мәселелері.

Лао-Цзы философиясының негізгі ұғымы – Дао- Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты өзінің бойына әр-түрлі мағна сіңірген ұғым.

Дао- бір жағынан, Дүниенің қайнар көзі, алғашқы негіз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан ол - аспан заңдылықтары, бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар оған бағынышты.

Дүниенің негізінде жатқан Даоны біз мәңгілікті, өзгермейді, бітімсіз, танылмайды,- дейміз. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ - естілмейді, оған ат қояйық десек, қалай атарымызды білмейміз - оның аты жоқ. Ол – ешнәрсе, бейболмыс. Дао- бүкіл өмірге келетіннің терең қақпасы.

Ал біз өмір сүріп жатқан нақтылы Дүниеге, бізді қоршап жатқан сан-алуан заттарға келер болсақ, олардың әр-қайсысының аты бар. Олардың бәрі де қозғалыста, өзгерісте, олар- уақытпен шеңберленген- бұл Дүниеге келіп, аяғында Даоға айналып мәңгілікке кетеді.

Дао тудырған болмысты, заттар әлемін Лао-Цзы “Де² деген сөзбен береді. Дао заттарды тудырса Де - оларды асырайды. Денелік заттардың бітімін құрайды, инь мен янның күштері арқылы зат қалыптасады. Сондықтан бұл Дүниеде Даоны құрметтейді, Дені бағалайды.

Адам жерге бағынады, жер - аспанға, аспан - Даоға, Дао - өз-өзіне.

Дао - мәңгілік және аты жоқ-ты. Солай бола тұра оны ешбір бұл Дүниедегі нәрсе өзіне бағындыра алмайды.

Теңізге әр жерден келіп құйылып жатқан кіші-үлкен өзендер сияқты, Дао өзінің бойына Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстарды сіңіріп, қайтадан өз бойынан оларды тудырып отырады.

Сонымен, Бейболмыс бірінші, нақтылы дүние, болмыс- екінші. Дүниедегі барлық заттар болмыстан шығады, ал болмыс бейболмыстан туады. Қазақстанның философ-ғалымы Хамидов А.А. атап көрсеткендей “Шығыс философиясында бейболмысқа креативтік (creatіo –лат сөзі – тудыру) күш беріледі. Сондықтан Батыстағы белгілі тұжырым “Ex nіhіlo nіgіl fіt² (жоқтан ешнәрсе тумайды² шығыс ой-пікіріне сәйкес келмейді. Шығыстың ой-пікірден шығатын тұжырым “Ex nіhіlo totum fіt²,-лат. (жоқтан барлығы пайда болады).

Даосизмде дүниенің қайшылығы, қарама-қарсылықтың бір-біріне айналып жатқаны айқын көрсетіліп, адам өзінің жүріс-тұрысында, іс-әрекетінде оны қалай ескеру керектігі айтылады. “Сұлудың сұлулығы білінген кезде, түрсіздік те пайда болады. Жақсылықтың жақсылығы білінген уақытта жамандық-та пайда болады... Сондықтан болмыс пен бейболмыс бірін-бірі тудырады, ұзын мен қысқаны бір-бірімен салыстырап қана білеміз, биік пен аласа бір-бірімен майысады, әр-түрлі дыбыстар бір-біріне қосылып гармонияны (harmonіa- грек сөзі,-үйлесімді) тудырады. “Қарама-қарсылыққа айналу- даоның қозғалысы². “Мінді мінсіздікті сақтайды²- бұл бос сөз бе? Ол- адамның жетілуінің жолын көрсететін қағида. Сондықтан қиындықтан өту үшін жеңілден бастау керек. ұлы нәрсе кішіден басталады, көп нәрсе аздан тұрады, бақытқа жету үшін бақытсыздықтан өту керек… кім көп жинаса, соншалықты көп жоғалтады. Кім өлшемді сақтаса- сәтсіздікке ұшырамайды. Кім өз шегін білсе - қауіптен құтылады. Егер жеңілдікті іздесең, қиындықтар өз-өзінен пайда болады².

Даосизмнің жоғарыда көрсетілген нақыл сөздері өзінің терең даналығымен бізді таңғалдырады. Онда Дүниенің терең мәні, адамның өмір сүруіне қажетті қасиеттер көрсетілген. Тек оқы да бойыңа тоқы. Аз күнде ұлылық дәрежеге көтерілем деп, беліңді шойыртып алма, күнбе-күн аз-аздап шаршамай-талмай еңбек ет, сонда ғана белгілі нәтижелерге жетуге болады. Даосизмнің бұл нақыл сөздері жастарға, я болмаса қарапайым адамдарға ғана емес, біздің саяси және экономикалық элитаның кейбір өкілдеріне қандай керек десеңізші!!!



Даосизмдегі гносеологиялық (дүниетанымдық) мәселелер.

Даоны тану жолында сезімдік, іңкәрлік бізді оған ешқашанда жеткізбейді. Адам сезімдік жолымен тек қана шектелген нақты заттарды ғана тани алады. Сондықтан, адам іңкәрліктен арылып, тыныштық жағдайға келгенде ғана Дүниеге тереңдей алады.

“Дүние әртүрлі заттардан тұрғанмен, олардың бәрі де гүлдейді де соңынан тамырына қайтып оралады. Оны біз тыныштық дейміз, ол бізді мән-мағнаға жеткізеді, мән-мағна тұрақтылыққа әкеледі. Тұрақтылықты білген адам жетілудің шыңына жетеді. Жетілген адам – іңкәрліктен айырылады. қңкәрліктен айырылған адам даоға жетеді. Даоға жеткен адам – мәңгілік. Даоны түсінген адам қауіптен құтылады².

Дүниетану жолындағы жасалған үғымдарды сараптап олардың біртекті мән-мағнасын анықтау қажеттігін даосизм асыра көрсетті. “Тәртіпті орнатқан кезде аттар қойылды. Заттардың аттары пайда болғаннан кейін, оларды шектеу қажет. Ол қателіктерден құтылдырады².

Өзіңді танысаң басқаларды да білесің. Бір жан-ұядан басқалардың бәрін де тануға болады. Бір елді танып білсең, бүкіл жер-бетіндегі елдерді білгенің, - дейді даосизм.

Әсіресе, жастарға ой салатын мынандай нақыл сөзбен аяқтайық “Дана адам білімі бола тұра, оны көрсетпейді, надан адам білмесе де, білімді сияқты болып көрінгісі келеді².


Даосизмнің моральдық, әлеуметтік-саяси көзқарастары.

Даосизмнің моральдық ілімі Кон-фу-Цзы іліміне қарама-қарсы. Кон-фу-Цидің адамдарың бір-біріне жақсылық жасау керектігі қағидасын сынға алып, олар оны “мен – саған, сен – мағанға² теңеп, оның ешқандай моральдық мәні жоқ, тек қана пайда табушылыққа итереді,- деген ойды айтады.

Даосизмнің этикалық идеалы – жақсылық жасауға ұмтылмау. Сондықтан ондай адам – ізгі адам. Мұндай идеяға оларды итерген өмірде көп кездесетін жақсылықтың жамандық болып оралуы болса керек. Сондықтан, даостардың ізгі адамы ешнәрсе жасамай жеңіске жетеді. “Күреспей-ақ жеңіске жетеді² – дейді даостар.

Даосизмнің әлеуметтік-саяси көзқарастарына келетін болсақ, қоғам өмірінде адамдардың тәтті тамағы, жылы киімі, тұрақты үйі болса, онда олардың өмірі қуанышты. Сонда ғана көрші мемлекеттер бір-біріне алыстан қарап, бір-бірінің әтештерінің шақыруын, иттерінің үруін тыңдап өздерінің кәртайып өлгендеріне шейін бір-біріне тимейтіндігін айтады.

Даосизм ілімі адамдарға білім беруге, оларды ағартуға қарсы, ал білімді адамдардың өзін іс-әрекет жасауға жібермеу керек,- деген пікір айтады. Өйткені, әрекет жасамау, барлық заттардың өзінің мақсатына лайықты өзгеруіне, өзіне-өзі жеткілікті болуына әкеледі.

Ал енді басқару мәселесіне келетін болсақ, онда олардың пікірінше “ең жақсы ел басын тек оның бар екенін ғана халық біледі. Ал халық сүйетін және көтеретін ел басы – екінші дәрежеде. Содан кейін халықты қорқытып ұстайтын ел басы келеді. Егер халық ел басынан жиіркенсе – онда ол ең жаманы².

Даосизм ел әділеттік арқылы басқарылады, соғыс қулық арқылы жүреді,- дейді. Елді басқару дәрежесіне көтерілу ешнәрсе жасамау арқылы болмақ. (У-.Вей – заттың табиғи қалыптасуына тежеу жасамау)

Егер елбасы ешнәрсеге килікпесе, онда қоғам өмірінде тыныштық, барлығы да өз орнымен келе береді. Егер үкімет тыныш болса, онда халықтың көңілі де жайлы. Бірақ, үкімет неше-түрлі іс-әрекетте болса, онда халық бақытсыздыққа ұшырайды.

Даостар үкімет басындағы адамдарды байлыққа, қымбат заттарға қызықпауға шақырады. Әсіресе тәкәппарлықтың зияндылығын аса көрсетеді. “Ең бақытсыздық - өз іңкәрінің шегін білмеуде, ең қауіптілік – асқан байлыққа жетуге ұмтылуда².

Даостар – соғысқа қарсы. Соғыста болған жеңісті мадақтау – адамдарды өлтіргенмен тең. Сондықтан ізгі басшы көршілермен тату тұруға, егер қайшылықтар пайда болса, оны бейбіт түрде жол беру арқылы шешу керектігін айтады. Сондықтан, қашанда соғысты бірінші болып ашудан бас тартқан жөн деп есептейді.


Кон-фу-цзы ілімі - қытайдың моральдық философиясы.

5. Моизм конфуцийшылдыққа альтернативті әлеуметтік-этикалық, доктрина ретінде.

(551-479 б.ғ.д.) - Қытай халқының ұлы ойшысы, саяси қайраткері, тәрбиешісі, осы уақытқа дейін өзінің ықпалын тигізіп келе жатқан философиялық ағымның негізін қалаушы. Негізігі еңбегі “Лунь-уй² (әңгімелер мен пікірлер).

Кон-фу-цзы философиясында қойылған онтологиялық (болмыс) мәселелерге келер болсақ, ойшы өзінің болмысқа, дүниеге деген жалпы көзқарасында сол кездегі қалыптасқан ой-өрісінің шеңберінде болған. Аспандағы дао заңдылықтарына табынып, тағдырға сенген. Мысалы, Лунь-уй кітабында ол кісі былай дейді: “Аспан жөнінде не айтуға болады? Жылдың төрт маусымының ауысуы, болмыстың дүниеге келуі. Басқа не айтуға болады Егер кімде-кім тағдырды мойындамаса, оны нағыз ерге жатқызуға болмайды, - дейді ұлы ойшыл.

Моральдық мәселелер.

Кон-фу-цзыдың адамзат тарихында ұлы ойшыл ретінде осы күнге дейін сақталуы – оның моральдық-этикалық көзқарастарында. Оның әлеуметтік-саяси көзқарастарының өзі осы моральдың тиістілік шеңберінде қаралады.

Кон-фу-цзы еңбектерінен біз “бес тұрақтылықты² (у-чан) табамыз. Олар адамгершілік, адамды сүю (жень), әділеттілік (и), әдеттілік (ли), даналық, ақыл-оймен тоқулық (чжи), сенімділік (сань). Осы бес тұрақтылық арқылы адам дао жолына шыға алады.

Кон-фу-цзы моральдың “алтын ережесін² алғаш көрсеткен деген пікір әдебиетте бар. Оқушы бұл кісіге: “Бір сөйлеммен сіздің моральдық ілміңізді бізге жеткізе аласыз ба , - деген сұрақ қойыпты. Оған ол “Өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама²,- деген екен.

Кон-фу-цзы өзінің моральдық ілімінде “адамдардың өзаралықтығына² “алтын ортаңғылыққа², әке-шеше мен аға-апаны сыйлауға, адамдарды сүюге шақырады. Ол кісі жақсылықтың жақсылық болып қайта оралуына сенген.

Біздің баса көрсеткіміз келетін “тұрақтылық² – ол ²ли² (әдеттілік). Кон-фу-цзыдың айтуына қарағанда, халық өзінің ғасырлар тарихында қалыптасқан әдет-ғұрыптарын сақтап, сыйлау керек. Әдет-ғұрпынан айырылған халық тарап кетеді,- деген ой айтады.

Расында да, қазақ халқы бодан болған өзінің тарихында, әдет-ғұрпынан толықтай айырылып қала жаздады. Әсіресе, кеңес заманында әдет-ғұрпын сыйлаған адамдарға “ұлтшылдық² таңба тағылып, қудаланған болатын. Сондықтан халықтың “мәңгүрттенуі² де көбінесе, осыған байланысты болды.

Бүгінгі таңдағы жаңару үстінде біз өз мәдениетіміздің көп жағымен “қайтадан танысып² халықтық дәрежемізді көтерудеміз.

Кон-фу-цзыдың айтуына қарағанда, адамдарды екі түрге бөлуге болады. Олар “ізгі адам² (цзюн-цзы) және “ұсақ адам² (сяо-жень).

“ізгі адам² өз алдына үлкен талаптар қояды, ал “ұсақ адам² талапты басқалардың алдына қояды.

Үлкен адамға үлкен істерді тапсыруға болады, ұсақ адамға сенуге болмайды. үлкен адам басқа адамдармен тіл тауып, бірақ өмірде өз жолын іздейді. ұсақ адам басқа адамдармен бірге болғанымен ұрыс керіс тудырады. үлкен адам адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын, ұсақ адам өзінің өмірін ит сияқты орда бітіреді.

Әлеуметтік-саяси көзқарастар.

Кон-фу-цзы өзінің әлеуметтік көзқарастарында әрбір топтың тарихи қалыптасуында өз орны болуы керек және олардың арасындағы қарым-қатынастары - әдет-ғұрыптың негізінде ретке келіп отыруы керектігін көрсетті. “Ел басы (әрқашанда болуы керек) ел басы орнында, қызметші - қызметші орнында, әке - әке орнында, ұл - ұлдың орнында² – дейді ұлы ойшыл.

Сонау көне заманда Кон-фу-цзы заң мен моральдың арасын айқын ашып, өзінің таңдауын моральдық нормаларға, адамдарды заңдардың талабын орындауға мәжбүр еткеннен гөрі адамның сана-сезіміне ықпал жасап керекті талаптың әділеттілігіне көзін жеткізу арқылы қоғамды басқарған ұтымды деген пікір айтты. “Егер адамдарды заңдардың негізінде жазалап, шектеп ұстасақ, онда қылмысты жасамауы мүмкін, бірақ олардың жүрегінде жаман қылықтарға деген жиіркеніш қалыптаспайды. Егер адамдарды моральдық талаптарға сай тәрбиелесек, онда олар өздерінің жаман қылықтары мен пиғылдарынан ұялып, шынайы дұрыс жолға түседі².

Мемлекеттік істерді қалай жүргізуге болады?- деген оқушыларының сұрағына Кон-фу-Цзы былайша жауап береді: “Азық-түлік молынан болуы керек, қару-жарақ та жеткілікті болуы керек және қарапайым адамдардың үкімет басындағыларға сенімі болуы керек².

Егер мемлекет басына күн туса, онда қайсысын құрбан етуге болады, -деген келесі сұраққа, ол былайша жауап береді: “қару-жарақты құрбан етуге болады. Ал, тағы да құрбан етуге керек болса? Онда азық-түліктен бас тарту керек. Сонау көне заманнан осы уақытқа шейін адамдар аштықтан өледі. Бірақ халықтың жүрегінде үкіметке деген сенім азайса, онда ол мемлекет тұрақты болуы мүмкін емес²,- деген ғажап терең пікір айтты. Бұл пікірді біздің қазіргі заманымызға таратып, реформаларға баға берсек, Қытай реформаларының алға басуы халық пен үкімет басындағы адамдардың арасындағы берік сенімдіктің болуы. Халық саяси-экономикалық шешімдерді жұмыла іске асырады, ал басшылар өз халқына таза пиғылмен қызмет етеді.

Таным мәселелері.

Кон-фу-Цзыдың айтуына қарағанда, өздерінің табиғатына қарағанда адамдар бір-біріне өте ұқсас, бірақ өмірден алған дағды мен тәлім-тәрбие адамдарды әр-түрлі қылады. Тек қана ең биік даналық пен ең шегіне жеткен ақымақтық тұрақты.

Кон-фу-цзы білімді әр-түрлі дәрежеге бөледі. Ең биік білім – ол туа біткен білім. Одан төмен білім - игерілген, келесі - қиындықтарды бастан кешіп алынған білім. Бірақ, оңбаған адам басынан өткізген қиындықтардың өзінен сабақ алмайды,- деп өкінеді Кон-фу-Цзы.

Кон-фу-Цзы білімнің адам өміріне деген құндылығын жете көрсетті. “Барлық көргенің мен естігеніңді жүрегіңде сақта. қажымай-талмай оқудан тойынба, басқаларға біліміңді жеткізе біл²,- деген нақыл сөздерді айтады. Кон-фу-зы ойынша, білім саласында ерекше моральдық тазалық керек “Білгеніңді айт. Білмесең - білмеймін де. Тек осындай білімге деген көзқарас даналықты көрсетеді². Ойшының айтуына қарағанда, оқу білудің өзі де өте қиын жұмыс, ол адамның дербес өзіндік оймен тоқуын талап етеді.

Кон-Фу-Цзыдың ілімін әрі қарай дамытқан Мен-Цзы болды.

“Егер тек қана оқып, оқығанды ой елегінен өткізуге ұмтылмасақ, онда ол еш нәтиже бермейді. Ал күнбе-күн ой толғауы білім мен надандықты айырмайды. Аққан су сияқты, оған Батыс пен Шығыс бәрібір²,- деген ойына қарсы шығып, Мен-Цзы “Аққан су Батыс пен Шығысты расында да айырмайды. Бірақ ол жоғарыға аға алмайды, тек қана төменге ағады. Сол сияқты адамдардың бәрі де жақсылыққа ұмтылады²,- деп жауап береді.

Мен-Цзы адамдардың табиғи берілген басқа адамдарға деген аяныш, көңілін жұбату сезімі, ұяттық және ызалану сезімі, силау және табыну сезімі, шындық және жалғандық сезімдері бар деген пікір айтады. Осы сезімдердің негізінде адамды сүю, әділеттілік, әдеттілік, тану-білу қабілеті қалыптасады. Ал жамандық адамның табиғатынан, ия болмаса Аспанның еркінен емес, өмірдегі тапшылықтан, аштық-жаңалаштықтан пайда болады,- деген пікір айтады.

Мен-Цзы айтқан мына нақыл сөзге көңіл аударайық. “Мен өмірді бағалаймын, бірақ одан да қымбат- әділеттілік. Егер мен осы екеуін бірдей ұстай алмайтын жағдайда болсам,- онда мен әділеттілікті таңдар едім².

Мен-Цзы Кон-фу-Цзыдың адамды сүю принципін әрі қарай дамытуға көп көңіл бөледі. Біздің бүгінгі күннің ақуалына сай келетін мына нақыл сөздерді ойымызға тоқиық. “Құрметті Ван! Біз неге тек қана пайда жөнінде сөйлесеміз. Мен тек адамды сүю және борыш жөнінде айтқым келеді. Егер Ван мемлекеттің пайдасы жөнінде айтса, онда құзыр иелері өзінің үйін қалай байыту керектігін ойлайды. Қалғандары өз пайдасын қалай табу керектігін ойлайды. Мұндай жағдайда жоғарыдағылар мен төмендегілердің арысында ұрыс-керіс басталып, мемлекетке қауып төнеді. Егер борыштан гөрі пайда табу басым болса, адамдар бірінікін-бірі тартады².

Сондықтан, үкімет басындағылар қандай болса, халық та сондай. “Басшылар жел сияқты, ал қарапайым халық- шөпке ұқсайды. Қайда жел үрлесе, сол жаққа шөп майысадыұ,-дейді Мен-Цзы. ққ б.ғ.д. заманда ресми мемлекет дініне айналып, Кон-фу-Цзы ілімінің негізгі құндылықтары осы уақытқа шейін Қытай мемлекетінің идеологиясының негізінде жатыр.


Материалистік ағымдар.

Әрине, Қытай философиясында материалистік ағымдар да болды. Мысалы, “ци² ұғымы Демокриттің “атом² ұғымымен тең, олар көзге көрінбейтін, әр-түрлі салмақты ұсақ бөлшектер. Мысалы, Сюнь-цзы (298-238 б.ғ.д.) Қытайдың “аспанға² табынуы әдетіне қарсы шығып былай дейді: “Аспанға соқыр сенімдіктің негізінде табынғанша, заттарды көбейтіп, аспанды неге бағындырмаймыз? Біреу сұрады: Егер рух болмаса, онда Құдайға табынып сұрағаннан кейін неге жаңбыр жауды? – Мұнда ешқандай таңғалатын нәрсе жоқ, өйткені жаңбыр Құдайға табынғанға дейін де, кейін де жауады² т.с.с.

Дегенмен, Қытай философиясында идеалистік ағымдар басым болып, негізгі философиялық толғаулар адам мәселесіне, қоғамның әлеуметтік-саяси жақтарына, басқару жүйесіне, моральдық сұрақтарға арналды.
Ұсынылатын негізгі оқулық әдебиеттер:

1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.

.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж.

3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А.

4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002.

5.Кессиди К.Х. От мифа к логосу. Москва.,1972

6.Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура., М, 1991

7.Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию. М., 1990

8.Мифы народов мира., М.. 1991

9.Ортега- и- Гассет Х. Что такое философия? М., 1991

10.Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. М.,

11.Радхакришнан С. Индийская философия., М.. 1956

12.Бхагават – гита. М., 1988

13.Антология мировой философии в 4-х томах, т.1., М.,1968

14.Древнекитайская философия : собрание текстов в 2-х томах, М..1972

15.Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. М., 1981

16.Антология мировой философии., т.1., М.,1968

17.Асмус В.Ф. Античная философия., М.,1975

18.Диоген Лаэртский. О жизни, учениях и изречениях знаменитых философов. М.,1998

19.Асмус В.Ф. Платон. М., 1975.



Ұсынылатын қосымша оқулық әдебиеттер:

1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.

2.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж.

3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А.

4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002.

5.Кессиди К.Х. От мифа к логосу. Москва.,1972

6.Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура., М, 1991

8.Мифы народов мира., М.. 1991

10.Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. М.,

13.Антология мировой философии в 4-х томах, т.1., М.,1968

14.Древнекитайская философия : собрание текстов в 2-х томах, М..1972
3.Дәріс тақырыбы: Антикалық философиясы

Негізгі мақсаты: Антикалық мектептер мен грек классиктерінің топтамасы болған антикалық философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету. Классикалық кезең философтарының таным мәселесін қарастыруын танып білу. Римдік философияның қарама-қайшылықтарын талдау және христиан идеологиясының яғни пстристика ағымынің пайд болуын қарастыру.

Негізгі түсініктер: Апейрон, ау, Логос, субстанция, софизм, маевтика.
Дәріс сабағының жоспары:

1.Классикалық кезеңге дейінге философиялық мектептер

2. Клссикалық кезең философтары: Сократ, Платон;Аристотель

3. Рим философиясы


1.Классикалық кезеңге дейінге философиялық мектептер

Алғашқы грек философтары Иония (Кіші Азияның батысы) топырағында

дүниеге келеді. Олар тарихқа “фисиологтар² (physіs - табиғат,-грек сөзі, natura- табиғат, латын сөзі), яғни табиғатпен айналысатын ойшылдар ретінде кірді. Дүние жөніндегі мифологиялық көзқарасқа қанағаттанбай, олар бүкіл Дүниені біріктіретін, соның негізінде жатқан алғашқы затты іздеді. Олардың ойынша, ол зат біріншіден сезіммен танылатын, ең кең тараған, әртүрлі қасиеттері бар зат болуы керек. Сонымен олар Дүниенің бастауын мифологиядағы Құдайлардан іздемей, табиғаттың өзінен табуға тырысады.

Егер мифология Құдайлардың аяны ретінде есептелсе, Дүниеге келген ойшылдар өздерінің “даналыққа деген құштарлығын², білімге деген талпыныстарын көрсеткісі келеді. Пифагор айтқандай “Толығынан дана ол Құдай ғана, ал біз тек сол даналыққа құштармыз².

Тарихи бірінші рет осындай ой-өрісіне көшіп, Милет қаласынан шыққан Фалес (625-547 б.ғ.д.) алғашқы Дүниенің негізін құрайтын зат - су деді. Өйткені, су ең әртүрлі өзгеріске ұшырайтын табиғаттың заты, сондықтан, ол табиғаттағы барлық өзгерістердің негізінде жатуы мүмкін. Фалес барлық заттардың қорегі дымқыл болып келеді, барлық тіршіліктің ұрықтары мен дымқыл табиғаты бар,- деген ойларды айтыпты-мыс деген қағидалар тарихта қалған. Құрғақшылық - тіршіліктің өліміне әкеледі. Өмір әрқашанда сумен байланысты, бәрі де судан шығады, су арқылы өмір сүреді де, суда өмірі бітеді. Аңыз Фалесті жүзімнің шырынын қысып шығаратын құрал жасаған адам дейді. Мүмкін, бұл нәрсе де оның ойына судың, дымқылдың тірі өмірдегі маңызын көрсетсе керек.

Ал адамның жан-дүниесіне келер болсақ, Фалес оны барлық Дүниедегі заттарға теңеген. Магнит темірді тартады, олай болса темірдің де жаны бар деген екен. Олай болса, бүкіл Дүние тіршілікке толы. Мұндай көзқарасты біз гилозоизм дейміз (hyle-грек сөзі-материя, zoe-өмір,тірі) . Сонымен Фалес жанды бүкіл дүниедегі заттардың ішкі қозғайтын күші ретінде қараған.

Фалестен қалған кейбір нақыл сөздерді “Жеті дана² жөніндегі тарауымызда айттық. Тағы да басқа ойларын осы арада келтіруге жөн дейміз. Плутархтың айтуына қарағанда, Фалеске берілген сұрақтардан мынандай жауаптар алыныпты.

Бәрінен де жасы үлкен кім?, - Құдай, өйткені ол тумаған. Бәрінен де не үлкен? –Кеңістік, өйткені ол бүкіл Дүниені қамтиды. Не нәрсе ең әсем? –Дүние, өйткені әсемдіктің бәрі оның құрамында. Ең дана не? –Уақыт, ол бәрін тудырды, тағыда да тудырады. Барлыққа ортақ не? - үміт. Қолында ешнәрсе жоқтардың да үміті бар өмірден. т.с.с.

Сонымен Фалеспен бірге грек ой-өрісі бірте-бірте аңыз қиялдан айырылып, ғылым жолына қарай бетбұрыстың есігін ашты.

Милет мектебінің келесі үлкен ойшысы – Анаксимандр. Ол Фалестің жан досы, оқушысы болған деген пікір бар.

Анаксимандр алғашқы негіз мәселесін тереңдете түседі. Судың өзі нақтылы заттың түрі ретінде алғашқы негіз бола алмайды. Алғашқы негіз (arche -бастау, грек сөзі) шексіз және бейнақтылы болуы керек. Оны Анаксимандр апейрон деген үғыммен береді. (apeіron - шексіз, бейнақтылы, грек сөзі).

Апейронның кеңістікте сыртқы шектеуі жоқ, яғни сандық жағынан шексіз, сонымен қатар ішіне қарай да шектелмеген, яғни сапа жағынан да анықталмайды.

Сонымен ішкі және сыртқы жағынан алғанда шексіз апейрон Дүниедегі шектелген әртүрлі заттарды тудырады. Апейрон бүкіл Дүниені қамтып, қоршап, бүкіл заттарды тудырып, ауыстырып отырады.

Бұл шексіз алғашқы негіз жоғарыда айтқандай құдіретті болғаннан кейін ол Құдайға тең, өйткені, ол өлмейді де құрымайды. Егер грек мифологиясындағы Құдайлар дүниеге келеді де мәңгілік өмір сүрсе, Анаксимандрдың Құдайы – апейрон – мәңгілік, шексіз, оның басы да соңы да жоқ.

Анаксимандр дүниедегі заттардың табиғатының қарама-қарсы жақтарын аңғарған ойшы. Олар жылы мен суық, құрғақ пен дымқылдың күресі.

Анаксимен (585-525б.ғ.д.) деген ойшыл да Милет қаласында өмір сүрген. Табиғаттың негізінде жатқан алғашқы негіз шексіз және біреу болғанымен ол бейнақтылы емес, керісінше, нақтылы – ол ауа. (aer- грек сөзі, -ауа). Бірақ, ауаның ерекшелігі – ол көрінбейді, сонымен қатар ол үне бойы қозғалыста, олай болса өзгерісте. Ауа сирей келе отты тудырады, қысыла келе – желге, содан кейін – бұлтқа, содан кейін – жерге, сосын – тасқа т.с.с. айналады.

Грек мифологиясындағы жанды адамның тынысымен теңеуін, Анаксимен өзінің философиясында пайдаланады. Ауа адамның жан-дүниесін де тудырады. Олай болса, Құдайды да тудырған ауа деген пікірге келеді.

Алғашқы грек философиясының негізін қалаушылардың арасында оқшау тұрған Гераклит (Vқ-Vб.ғ.д.). Ол Эфес қаласында дүниеге келген.

Гераклиттің нақыл сөздерінің мәнін түсіну қиын болғаннан кейін оған “күнгірт² деген ат қойылған. Гераклит “Бұл ғарыш, барлық өмір сүргенге бір, еш Құдай, я болмаса адам жаратпаған, болған, болып жатқан, және болатын жарқыраған тірі от, өлшемді түрде сөніп, жанып отырады².

“Алтын тауарларға, тауарлар алтынға алмастырылғандай, бәрі де отқа, от бәріне алмастырылады².

Гераклит Дүниенің мәңгілік өзгерісте, қалыптасу үстінде екенін ашық көрсетеді. Панта рей (pan ta rheі), бәрі де қозғалыста, бәрі де ағым, ешнәрсе қозғалмай тұрақты тұрмайды, бәрі де өзгеріп басқаға айналады,- деген терең пікір айтады. “Өзен суына екі рет кіруге болмайды. Біз өзен суына кіреміз, сонымен қатар кірмейміз, біз сол өзімізбіз, сонымен қатар басқамыз².

Ойшылдың бұл ойлары бізге түсінікті. Бір қарағанда өзен сол өзен болып көрінгенмен оның суы үне бойы ағыста болғаннан кейін жаңарып отырады. Сондықтан, екінші реттей өзенге түскенде, алғашқы сулар ағып кеткен. Сонымен қатар біздің өзіміз де осы уақыт шеңберінде өзгердік.

Гераклиттің шәкірті Кратил біз бір реттей де өзенге түсе алмаймыз, өйткені, біз суға кіріп жатқанда олар сол сәтте ағып кетеді, оның орнына жаңа су толқындары келеді, біз өзімізде сол сәтте өзгеріп жатамыз,- дейді.

Гераклит Дүниенің мәңгілік қалыптасу екенін көрсетіп қоймай, сонымен қатар, оның қайнар көзін іздейді. Гераклиттің түсінігінше, қалыптасу дегеніміздің өзі қарама-қарсылықтан екіншіге өту: суық ыстыққа, ыстық суыққа, дымқыл құрғаққа, құрғақ дымқылға, жас кәріге, тірі өліге, т.с.с. айналады. Өмір садаққа, лираға ұқсайды (лира – гректердің музыкалық аспабы, әртүрлі тартылған шектерден тұрады). Заттардың қарама-қарсы жақтары өшпейтін күресте. “Соғыс – бар заттың анасы және басқарушысы², - дейді Гераклит. Бірақ, ол біржақтылықтан аулақ. Соғыс белгілі бір уақытта бейбітке, не үйлесімділікке айналады. “Олар (надандар) түсінбейді – айырмашылығы бар нәрсе ғана, өз-өзіне келеді. Ауру саулықтың тәттілігіне, аштық тоқтықтың жақсылығын, ауыр еңбек демалысты бағалаудың кепілі. әділеттіліктің не екенін біз ренжу болмаса білер ме едік , - дейді ұлы ойшыл.

Қарам-қарсылықтардың бәрі бір-біріне өтіп гармонияға (harmonіa - грек сөзі, -қарама-қарсылықтың үйлесімге келуі) келеді. Жоғарыға кететін жолмен төменге кететін жол – сол жол, өлі мен тірі – біреу. Сонымен “Бәрі де бір, біреуден – бәрі де шығады². Бұл Дүниенің гармониясын қадағалайтын Логос. Логос – грек сөзі және оның мағнасы әртүрлі – ол ілім, сөз, сөйлем, баяндау, есептеу, қатынастарды анықтау т.с.с. Гераклиттің философиясында Логос заң ұғымына жақын. “Ақылдылыққа үйрену үшін Логосқа жақынырақ болу керек, қаланы өркендету үшін оның заңдарын күшейту қажет², - деген Гераклиттің нақыл сөздерінен Логосты Дүниенің өзгеру заңдылықтары деп түсінуге болады.

Гераклиттің Логосын, ол кісінің айтуынша, қайсыбір адам түсіне бермейді. “Маған Логосты тыңдау даналықты мойындау – бәрі де бір².

Гераклиттің “Aіon - асықтармен ойнап жатқан сәби²- деген ойы жөнінде осы уақытқа шейін философтар әртүрлі түсініктемелер береді. Біздің ойымызша, ол заңды түрде сөніп, тағы да лапылдап от болып жатқан Дүниедегі кездейсоқтықтың үлкен орнын көрсеткісі келгендей. Ал мұндай көзқарас қазіргі философиядағы Дүние жөніндегі, оның өз бойында орасан зор әртүрлі даму мүмкіншіліктерінің бар екені, олардың өмірге кездейсоқтық арқылы кішкентай ғана бөлігінің іске асатынын еске түсіреді.

Сонымен, алғашқы грек философтарының ішіндегі Гераклиттің орнының ерекшелігін, оның аса ғұлама тұлға екенін, қорыта келе, тағы да атап өтуіміз керек.

Келесі үлкен тұлға –Пифагор (Vқ-V б.ғ.д.). Жас кезінен бастап білімге деген құштарлығы оны шығысқа – Мысыр еліне тартты. Еліне қайтып оралғаннан кейін ол өзінің құпия мектебін ашып, өзінің философиясын шәкірттеріне таратты.

Пифагор математика ғылымымен айналыса келе Дүниедегі құбылыстардың заңдылықтарын математикалық сандық өлшемдермен беруге болатынын байқайды. Олай болса, Дүниенің алғашқы негізі суда, ауада, жерде т.с.с. емес, санда болар деген ой келеді.

Міне, осы сәттен бастап, дүниетанымға жаңа көзқарас кіріп батыс мәдениетінің ерекшеліктерінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Музыка саласында дыбыстардың ара-қатынасы математикалық түрде көрсетіле басталды. Жердегі ауа-райының өзгеруі, маусымдардың келу ерекшеліктері, тіршіліктің даму циклдары – бәрі де математикалық заңдылықтарды көрсетті. Өздерінің космологиясында, олар геоцентризмнен (geos -грек сөзі, -жер; centrum-латын сөзі, -орталық) бас тартып, жердің шарға ұқсастығын, күннің тұтылуы айдың жермен күннің екі ортасынан өтуде екенін т.с.с. көрсетті.

Сонымен, сан – заттардың алғашқы негізі. Бүгінгі таңдағы біздерге сан – абстракция, ақыл-ойдың туындысы. Бірақ антикалық ой шеңберінде – сан – ол шындықтың алғашқы негізі, ол заттардың “фюзисі² – яғни табиғаты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет