Алматы экономика жєне статистика академиясы



бет10/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103
Байланысты:
Аудит

Аудиттің функциялары

Нарық экономикасына көшу кезеңіндегі аудиттің рөлі және оның негізгі функциялары (қызметтері)
Нарық экономикасы кезінде аудит тәжірибе жөнінде кәсіпкерлік қызметтердің бір тұрі ретінде басты роль атқарады. Ол төмендегідей функцияларды орындауы тиіс:

  • эксперттік;

  • аналитикалық;

  • кеңес беру;

  • өндірістік.



3 Аудиттің түрлері
А.Д, Шеремет лен В,П. Суйцтың аудит бойынша екінші қайтара шығарылған оқулығында аудит түрлері сараланып беріледі. Осы жіктелімге сай аудит төмендегі түрлерге бөлінеді:

Аудиттің түрлері



Р/с)

Критерийлер

Түрлері

1

Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты

Сыртқы
Ішкі

2

Заң талаптарына қатысты

Міндетті
Бастамашылық (ерікті)

3

Аудит объектілері бойынша

1- банктік аудит
2-сақтандыру компанияларының аудиті
3-биржалар, инвестициялық институттар мен зейнетақы қорларының аудиті
4-жалпы аудит;
5-мемлекеттік аудит

4

Тағайындалуы бойынша

1 қаржылық есеп беру аудиті

  1. салықтың аудиті

  2. сәйкестік аудиті

  3. операциялық аудит

  4. арнайы (экологиялық, операциялық және т.б.)

5

Жүзеге асырылу мерзімі бойынша

Бастапқы
Келісілген

6

Тексеру сипаты бойынша

Дәлелдеуші
Жүйелі бағытталған
Тәуекелдікке негізделген аудит

Қазіргі кезге дейін сыртқы аудит мәселелері арастырылды. Сондықтан бұл тарауда ішкі аудитты ұйымдастыру мәселелерін қысқаша баяңдайық. Себебі бұл сұрақ "Аудиттың басқа түрлері" тарауында толығырақ қарастырылады. Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі аудитке деген қажетгілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.


Ішкі аудитордардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар кеңесіне немесе акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:

  • активтердің жағдайын бақылау: шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланатын ақпараттың дұрыстығын дәлелдеу;

  • жүйеішілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;

  • Ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өндеудін тиімділігін талдау;

  • басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.

Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан-жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады.
Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттың тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық катынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады.
Сыртқы аудитты жүргізу нөтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы және қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді.
Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" заңының "Аудит және оның түрлері" деген 4-бабында "Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады" деп көрсетілген.
Міндетті аудит — тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.
Бастамашылық аудит оны жүргізу шартында көрсетілген аудитгің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімімен жүргізіледі.
Қаржылық есеп беруді тексеруден басқа аудиторлық фирмалар басқа да қызметтерді көрсете алады. "Аудиторлық қызмет туралы" заңында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар қаржылық есеп беру аудитінен басқа өз қызметінің профилі бойынша төмендегі қызметгерді көрсете алады:

  • Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық және статистикалық қорытынды есепті құру;

  • Салықтық жоспарлау, бюджетке міндетті төлемдерді есептеу, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметті талдау;

  • қаржылық, салықтық, банктік және басқа шаруашылық заңының мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету;

  • қосымша кәсіби білім беру ретінде бухгалтерлік есеп, салық есебі, қаржы-шаруашылық қызмет аудиті мен таддауына оқыту оқытушылық, ғылыми қызмет;

  • бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты жүргізуге оқыту;

  • бағалы қағаздар рыногындағы қызмет;

  • адвокат (қорғаушы) қызметімен байланысы жоқ заң қызметтерін көрсету.

Бухгалтерлік есепті жүргізу және қалпына келтіру. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" заңға сәйкес бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда есепті келісім-шарт негізінде арнаулы ұйымдар жүзеге асыра алады. Осындай ұйымдардың бірі аудиторлық фирмалар болып табылады.
Кеңес беру. Қызмет көрсетудің бұл түрі салық салу мәселелері бойынша ауызша немесе жазбаша түсініктерді, бастапқы есепті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындығын қосымша кәсіби білім беру ретінде оқыту болып табылады, аудиторлық фирмалар мамандарының лекциялар, семинарлар курсын, "дөңгелек үстелдер" жүргізуді көздейді. Осы мақсаттар үшін аудиторлық фирмалар өз қызметкерлерінен басқа жоғары оқу орындары оқытушыларын, мемлекеттік органдардың бас мамандарын тартады. Лекторлар белгілі бір кезеңде болған заңдағы өзгерістер мен қосьшшаларға көңіл аударып, тиісті нормативтік актілер, стандарттарға түсініктеме беріп, сұрақ-жауапты ұйымдастырады.
Бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша ұсыныстар, есепті автоматты жүргізуге оқыту. Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға жаппай өту жағдайында қызмет көрсетудің осы түрі аудиторлық фирма үшін аса өзекті болып табылады. Есепті автоматтандыру жүйесін таңдау, енгізу бойынша қызмет көрсету компьютерде персоналды жұмыс істеуге үйрету, бухгалтерлік есепті жолға қою, оның ішінде қолданбалы бағдарламалар пакетін, техникалық құралдарды таңдау сияқгы қызметтермен тығыз байланысты.
Заңмен талап етілетін сыртқы аудитті жүргізетін аудитор үшін кәсіпорында ішкі аудитгің атқаратын ролін зерттеу маңызды, себебі бұл жұмыстың қайталануын азайтады. Бұл ішкі аудит қаржылық жүйені қамтитынына немесе тауар-материалдық құндылықтар, не болмаса қаржылық менеджмент қозғалысын басқару сияқты сфераларды қамтитынына қарамастан мүмкін болады.
Сыртқы және ішкі аудиттің ортақтығы — белгіленген стандарттар шеңберінде қызмет етеді, тексеру нәтижелері бойынша есептерді құрастырады және т.б. сонымен қатар ерекшеліктері де бар:

  • түрлі міндеттерді орындау;

  • сәйкес көрсеткіштер үшін есептерді құру;

  • көрсетілген қызмет көрсетулер көлеміндегі айырмашылық;

  • күнделікті шаруашылық-қаржылық операцияларға мүдделік дәрежесі;

  • есеп беруді құру нысандарындағы айырмашылық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет