Алматы экономика жєне статистика академиясы



бет13/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103
Байланысты:
Аудит

6. Адалдық. Аудитор өзі шындығына сенбейтін нәрсені растауға тиіс емес және ешқандай азғыруларға ермеуі тиіс, көрсе қызарлыққа пайда табуға, өз мүддесін ойлауға тиісті емес.
7. Тәуелсіздік. Аудиторлар қаржылық есептер мен өзге мәліметті ешқандай алдын-ала пайымдаусыз зерттеп, қаржылық мәліметтерді үсынушылар мен оны қодданушыларға әділ болуы тиіс. Аудитор статусын қоғамдық мойындау — оның тәуелсіздігін мойыңдауга негізделген, Әрбір аудитор өзінің пайымдауын өз бетінше қалыптастыруы тиіс және оның әділдігіне еш нәрсе ықпалын тигізуге тиіс емес. Аудитор, ол сырт жақтан әлдекімнің бақылауынан немесе әсерінен бос болғанда ғана тәуелсіз болады. Ол қандай да бір басшы, әкімшілік құрылымға бағынуға тиіс емес және оның ешқандай мүддесі болмауы тиіс.

  • тәуелсіз зерттеулер. Аудиторлар бухгалтерлік регистрлер, жай қолжазбалар, іскер корреспонденциялар мен өзге мәліметтерді еркін пайдалана алуы тиіс. Кәсіпорьш басшысымен бірлесіп қызмет істеу мәліметті бұрмалауға немесе жасыруға әкелуге тиіс емес.

- тәуелсіз есеп беру. Аудиторлардың клиентке немесе тексерілетін объектіге бейтараптылығы олардың тексерулерінің нәтижелеріне өсер етпеуі тиіс. Соңдай-ақ тексерілуші кәсіпорын басшьшарына аудитор қорытындысының жайьш өзгертуге жол беруге болмайды. Ал кәсіпорын басшысымен келісіп, оған түзетулер енгізген аудиторларға тәртіпке келтіру шаралары қолданылуы тиіс. Осылай, тәуелсіздік аудиттің маңызды қағидасы болып табылады. Аудитор тәуелсіздігі мынадай жағдайлардан азаяды, егер аудитор:
1) кәсіпорын - клиенттің акциясын (немесе облигациясын) иемденсе;
2) клиент - кәсіпорыннан қарыз алса немесе онан қарыз алатын болса;
3) кәсіпорын басшысымен туысқаңдық қатынаста болатын болса;
4) клиент - кәсіпорынның штатында жұмыс істейтін болса;
5) клиент - кәсіпорыннан сыйлық алатын болса;
6) бір кәсіпорынды көп жыл қатарынан тексеретін болса.
Аудитордың тәуелсіздігі артады, егер аудитор:
1) клиенттен қаржы жөнінен тәуелсіз болса: ақы төлеу өзге көздерден түсіп және бір клиенттің үлесі аудиторлық қызмет көрсетуден түскен жалпы табыстың ішінде елеусіз болса:
2) берілген клиентпен тек белгілі бір жылдар көлемінде ғана жүмыс жасайтын болса, бұл клиентпен тым жақын таныстықтан қашуына мүмкіндік береді;
3) көзқарастар қақтығысынан қашқақтауына мүмкіндік беретін өзге қызметтерді көрсетуді шектесе;
4) клиенттің кез-келгенін жоғалтып алудан қорықпаса.
Аудитордың тәуелсіз көзқарасын қорғау үшін кейбір процедуралар мен ұйымдар бар: аудитор ротациясы, аудиторлар соты, аудиторларды үкіметтің немесе үкімет үйымдарының тагайындауы, аудитордың мемлекеттік департаменті, аудиторлық комитеттер.
1) Аудиторлар ротациясы, егер бір аудитор жыл сайын сол бір ғана фирманы тексеретін болса, онда ол жекелей немесе толығымен өзінің тәуелсіздігін клиент-компания жұмысшыларымен немесе басшысымен тығыз қарым-қатынас орнатуы нәтижесінде жоғалтады деген ұйғарымға негізделген. Аудиторлық тағайындау ротациясы бірнеше жылда бір рет болуы тиіс.
2) Аудиторлар соты, аудиторлардың тәуелсіздігін жоғалту жағдайларының алдын алу үшін құрылған, әсіресе, егер клиент аудиторға акция иемденушісі болып, жеке негізде кеңес беру қызметін көрсетуді ұсынатын болса.
3) Аудиторды тағайындау негізінен үкімет тарапынан жасалуы керек. Бұндай жағдайында клиенттің әр уақытта өздері көздеген мақсаттары орындала бермеуі мүмкін. Бірақ аудитордың тәуелсіздігі артады.
4) Мемлекеттік департамент кәсіпорындар туралы жаңа заңға әсер етуі ұлттық және аудиторлық саясатты қалыптастыруы, бұл жұмыста жалпы еуропалық ұйымдармен бірігуі және өмірге ұлттық, халықаралық есеп құрылымдарын еңгізуі және ең соңында аудиторларды тағайындауды бақылауы мүмкін.
5) Аудиторлық комитеттер - американдық жаңалықтардың бірі. АҚШ-та ірі компаниялардың 80 %-ке жуығының осындай комитеттері бар. Мұнан да өзге құнды қағаздар және айырбастау комиссиясы құнды қағаздар нарығында акциясы жүретін компанияларға мұңдай комитеттердің болуын мызғымайтындай, талассыз шарт етіп қояды.



3-Тақырып. Аудиттің теориялық негіздері. Аудит стандарттары. Аудит постулаттары
1. Аудит компоненттері
2. Аудит постулаттары
3. Аудит стандарттары






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет