Аудиттің постулаты - аудиторлық теорияның аксиомалық ережесі, ол арқылы аудиторлық стандарттың мазмұнын тұсінуге болады және бағытын дамытуға көмектеседі.
Постулатгарға мыналәр жатады: Қаржы отчеты мен қаржы көрсеткіштері тексерілуі қажет, бұлпостулатты қателік деп айтуға болмайды, өйткені зан бойынша қаржы отчетының дүрыстығын және объективтілігін аудиторлардың анықтап беруі қажет.
Аудиторлар мен әкімшілік арасында мақсаттары жөнінде шарасыз тартыс болуы міндетті емес.
Верификацияның мүмкіндігі (анықтығын тексеру, дұрыстығын анықтау).
Отчет дұрыс жасалмаған. Бұл постулат аудиттің рөлі мен манызын анықтайды,
Ешкімде кателіктен құтылмайды.
Аудитордың пікірі оның қажеттілігімен байланысты.
Отчет көрсеткіштерінің объективтілігі ішкі тексерудің тиімділігіне тікелей пропорционалды болып келеді.
Қаржы отчеты тәуелсіз пікір ретінде тексерілген жағдайда, аудиторлардың қызметі оның өкілдігіне байланысты.
Әрбір сонғы тексеру алдынғы тексерудің құнын төмендетеді.
Аудитордың әрбір қорытындысы белгілі бір мөлшерде оның дұрыс екендігін дәлелдейді.
Бастапқы ақпараттардң құндылығы
Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді жүйелі түрде іске асыру.
Постулаттарды зерттей отырып төмендегідей қорытындыға келуге болады біріншіден, постулаттар міндетті түрде аудиторлардың жұмыстарына қажет; екіншіден, шет мемлекеттер пайдаланып жүрген постулаттардың бәрін бірдей тәжірибе жүзінде пайдалануға болмайды. Постулаттарды білу және оларды күнделікті жұмыста пайдалану аудиттің техникасы мен бағытын жақсартуга әсер етеді.