Аудиторлардың кәсіби этикасы 1. Аудитті құқықтық реттеу
2. Аудиттің кәсіби этикасы
3. Аудиторлық қызметті ұйымдастыру
4. Аудиторлық білім алу
5. Аудиторлық қызмет туралы заң
Қазақстанда аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік-құқтық актілер
Аудиторлық тексерудің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта реттеле алады.
Нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз - бұл, аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде (ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б.) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу. 250 "Қаржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде зандар мен нормативтік актілерді қарастыру" деп аталатын Халықаралық аудит стандартында былай делінген: "Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір зандарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру кабілетінің күмәнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал ету субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рұқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде мүмкін болады". Демек, кәсіпорын қызметінің заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қаржылык қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі бас тарту, жалған құжаттарды салып қою, сөз байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушьшықтар орын алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында аудитті нормативтік реттеу жүйесіне төмендегі заңдық және нормативтік құжаттар кіреді