Аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары). Заңдар мен нормативтік актілер қаржылық қорытынды есепке қатысы бойынша едәуір ажыратылады. Кейбір зандар немесе нормативтік актілер субъектінің қаржылық қорытынды есебінің нысанын немесе мазмұнын, есепке алынуға тиісті сомаларды немесе қаржылық қорытынды есепте ашылып көрсетілуге тиісті ақпараттарды айқындайды. Басқа зандар немесе нормативтік актілер субъект басшылығы тарапынан сақталуға тиісті, яғни, олар субъектіге өзінің қызметін жүзеге асыруға құқық беретін шарттарды белгілейді. Субъект қызметінің заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келмеуі айып пұл төлеу, сот процесстері және тағы сол сияқты қаржылық зардап шегуге алып келуі мүмкін.
Қазіргі кезде басшылыққа алынып жүрген заңнамалардың, атап айқанда Қазақстан Республикасының "Азаматтық кодексінің", "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің, "Аудиторлық қызмет туралы" заңның, "Лицензиялау туралы" заңның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізінде аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершіліктерін бірнеше түрге бөлуге болады.