Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті
24
Міндеттемелер мен капиталдардың аудиті
25
Еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті
26
Операциондық аудит
27
Инвестиция аудиті
28
Меншікті капитал аудиті
29
Міндеттемелер аудиті
30
Қысқа мерзімді активтер аудиті
5 Глоссарий
Аға аудитор – тапсырыс берілген және аудиторлық тексеруге қатысушыларға басты жетекші болатын аудиторлық фирманың қызметкері.
Адалдық аудит қағидасы ретініде кәсіби міндетті сақтаудан, сонымен қатар ой-сананың жалпы қағидаларын қолданудан тұрады.
Арнайы тағайындалған аудиторлық есеп беру – қаржылық есептеме бойынша аудиторлық есеп беруден өзгешеленетін, қаржылық ақпараттың тәуелсіз аудитімен байланысты жасалған есеп беру.
Аудит – қаржылық есептеменің аудитінің мақсаты қаржылық есептеменің оны ұсынудың бекітілген концептуалды негізіне сәйкес барлық маңызды аспектілері бойынша құрылғаны туралы аудиторға өзінің пікірін білдіру мүмкіндігін беру болып табылады.
Аудитор – біліктілік комиссияся аттестацияланған және «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілікті куәлігін алған жеке адам.
Аудит бағдарламасы – аудиттің жалпы жоспарын жүзеге асыру үшін қажетті алдын-ала жоспарланған процедуралрдың сипатын, мерзімін және көлемін белгілейтін кесте.
Аудитордың ақпаратпен байланысы – егер де берілген ақпаратқа аудитордың есеп беруі енгізілсе немесе аудитордың атын кәсіби қатынастарда қолдануға рұқсат берілсе, аудитор қаржылық ақпаратпен байланыста болады.
Аудиторлық дәлелдеме – аудиторлық есеп беруге негізделетін қорытындыны құрастыру үрдісінде аудитордың алатын ақпараты.
Аудиторлық есеп – қаржылық есептеменің сенімділігі туралы аудитордың пікірі көзделетін, аудиторлық фирманың өз клиенттеріне беретін ресми құжаттары.
Аудиторлық есепті қайта өңдеу бойынша қызмет — Егер ұйым белгілі бір уақыт ішінде керекті бухгалтерлік есепті жүргізбей жұмыс істеген жағдайда талап етіледі.
Аудиторлық фирма жетекшісі - Әкімшілік қүрамына және жетекшілік аудиторлық фирмаға кіретін және ұйым атынан аудиторлық есептілікке қол қоюға құқығы бар қызметкерлерді айтамыз.
Аудиторлық сұрыптау — Сұрыптаудың жиынтығы бойынша қорытынды шығару мақсатымен таңдалған баптардың сипаттамасына қатысты аудиторға аудиторлық дәлелдемелерді алып, оларды бағалауға мүмкіндік беру үшін шоттың қалдығы немесе операциялардың класы шегінде 100%-дан кем баптарға қатысты аудиторлық процедураларды қолдануды құрамына кіргізеді.
Аудиторлық тексеру — Қаржылық жағдайға қатысы бар аудиторлық дәлелдемелерді жинаудан, бағалаудан және талдаудан тұратын шара.
Аудиторлық талдау — мекеменің қаржылық жағдайының эксперттік диагностикасы. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен қаржылық тұрақтылығын болжау және бағалау мақсатында аудиторлар мен аудиторлық фирмалар жүргізеді.
Аудитордың ассистенттері — Аудитті жүргізуге тартылған және аудиторлар болып табылмайтын қызметкерлер.
Аудиторлық фирма — Штатында партнерлар мен тәжірибелі аудиторлары бар, аудитордық қызмет көрсетуді ұсынатын фирма.
Аудиторлық тәуекел — Қаржылық есептеме маңызды бұрмалаушылыққа ұшыраған жағдайда аудитордың сәйкессіз аудиторлық есеп беру тәуекелі.
Аудиторлық ұйым - Аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін үлгідегі акционердік қоғам мен мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-қүқықтық нысандарын қоспағанда, кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық ұйым.
Аудиттің жоғары мекемесі — Белгіленуіне, құрылымына немесе ұйымдастырылуына байланыссыз берілген елде аудиттің жоғарғы мемлекетгік функцияларын заң күшінде орындайтын елдің мемлекеттік органы.
Аудиттегі компьютерлендірілген әдістерге — Компьютерлерді аудитті жүргізудің құралы ретінде пайдаланатын аудиторлық процедуралардың қолданбалы бағдарламалары жатады.
Аудиттің масштабы, ауқымы — Бұл термин нақты жағдайларда аудиттің мақсатына жету үшін қажетті болып саналатын аудиторлық процедураларға жатқызылады.
Аудитордың пікірі — Білімі, мамандану дәрежесі мен жұмыс тәжірибесіне негізделген аудитордың көзқарасы. Бұлар оған өзінің іс-әрекеттерінің тәртібін бірыңғай және қатаң анықтауға мүмкін болмайтын жағдайларда субъективті шешімдерді қабылдауға негіз болады.
Ауқымды база - Шығын өзін белгілі бір түрде көрсететін әрі нақты білінетін тенденциясы болатын ұйымның іскер белсенділігінің белгілі бір кезеңі.
Ажыратылмайтын тәуекелдік — тиісті ішкі бақылау жоқ болған кезде шоттардың сальдоларының немесе операциялар топтарының (класстарының) жеке-жеке немесе басқа шоттардың сальдоларындағы не болмаса операциялар топтарындағы (класстарындағы) бұрмалаушылықтармен бірге маңызды болуы мүмкін бұрмалаушылықтарға душар болуы.
Ақпарат — жинау, сақтау, өңдеу объектісі болып табылатын бір нәрселер туралы мәліметтер. Ақпараттардың құнына: ақпараттар жинауға жұмсалған басшылар мен олардың қол астындағы жұмыскерлердің уақыттары, сонымен бірге нарыққа талдау жасаумен, сыртқы кеңес берушілердің және т.б. қызметін пайдаланумен байланысты нақты шығыңдар кіреді.
Алдыңғы аудитор — бұрын субъектінің аудиторы болып табылған және кейінгі аудитормен ауыстырылған аудитор.
Алмаспайтын (тура жүргізілетін) тексеру — өзіне бухгалтерлік есептің барлық жүйесі арқылы бірнеше операцияларды қадағалау кіретін тест.
Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды есеп — қаржылық есеп беру бойынша жасалынған аудиторлық қорытындыдан өзге (басқа) қаржылық ақпараттарға, төмендегілермен қоса, тәуелсіз тексеру жүргізуге байланысты құрылған қорытынды есеп:
а) бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарынан немесе Ұлттық стандарттарынан өзге бухгалтерлік есептің тегіс қамти алатын негіздеріне сәйкес дайындалған қаржылық есеп беру;
ә) арнайы шоттар, қаржылық қорытынды есептегі баптар немесе шоттардың элементтері;
б) келісім-шарттық міндеттемелерге сәйкестік;
в) қорытындыланған қаржылық есеп беру.
Аудит стандарттары — аудитке қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуші және аудит өткізу принциптері мен тәртібін айқындаушы нормативтік құжаттар.
Аудитордың пайымдауы (пікірі) - өзінің әрекет ету тәртібін бір мағынада әрі қатаң анықтауға мүмкіндігі болмаған жағдайларда аудиторға субъективтік шешімдер қабылдауға негіз болатын, оның біліміне, біліктілігіне және тәжірибесіне негізделген көзқарасы.
Аудиторлық тексерудің көлемі — толық қанды аудиторлық тексеру жүргізу жөне аудитордың негізді қорытындысын дайындау үшін талап етілетін мамандардың саны мен құрамын, жұмсалатың уақытты, аудиторлық процедуралардың өткізілу саны мен тереңдігін аудитордың (аудиторлық ұйымның) бағалауы болып табылады. Аудиторлық тексерудің көлемін экономикалық субъектінің қызметі туралы білетіндігін, алдағы уақытта болатын жұмыстардың және субъектімен қосымша жасалынған келісім-шартта қарастырылған аудитке жалғас қызметтер масштабының болжануын ескере отырып, аудитор (аудиторлық ұйым) өз бетінше анықтайды.
Аудиторлық фирма — партнер-лары немесе жекелеген тәжірибе жинақтаушы аудиторларымен бірге аудиторлық қызмет көрсе-туші субъект немесе фирма.
Аудитті лицензиялау - атестациядан өткен аудиторларға, сонымен бірге, заң талаптарына жауап беретін, заңмен белгіленген тәртіп бойынша кәсіпке қызмет субъектісі ретінде тіркелген ұйымдарға аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқық беруші арнайы рұқсатты (лицензияны) беру процедурасы.
Әдеттегіден өзгеше (ерекше) операциялар — бір реттік келісімдер және ерекше шаруашылық операциялары бойынша сомалар мен төлемдердің аса жоғарылап кетуі.
Әділдік — аудиторларға аудиторлық тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға, жұмыстың сапасына қатысты мәселеде маңызды ауытқушылықтарға жол бермеуге мүмкіндік беретін, күні бұрын кесіп-пішілмеген қарым-қатынас. Әділдік аудиторлардан өздерінің аудит мәселелері бойынша кәсіби ой-пікірлерін басқалардың пікірлерімен жанастырмауын (үйлестірмеуін) талап етеді.
Бақылау тәуекелі – шоттардың қалдығы немесе операциялардың класындағы бұрмалаушылықтарды бухгалтерлік есеп жүйелері мен ішкі бақылау уақытында таба және түзете алмай тәуекелі.
Бақылау тесттері – аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін өткізіледі.
Басқарушылық аудит – қызметтің оңтайлы нәтижелігін әр түрлі стандарттарға сәйкес басқарушылық қызметті тәуелсіз тексеру және бағалау.
Бастамалық аудит – аудиттелетін ұйымның бастамасы бойынша жүргізіледі.
Бақылау (тексеру) - менеджменттің, Директорлар кеңесінің және басқа тараптардың тәуекелдіктерді басқару мен қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттің орындалу ықтималдығын көтеруге бағытталған кез-келген іс-әрекеті. Менеджмент ұйымның мақсаты мен міндеттерінің орындалатындығына жеткілікті түрде сенімділікті қамтамасыз етуші іс-әрекеттерді жоспарлауды, ұйымдастыруды және оларды басқаруды жүзеге асырады.
Бақылау ортасы - ішкі бақылау жүйесіне және оның субъект үшін маңыздылығына қатысты директорлар мен субъект басшылығының жалпы позициясын, хабардарлығын және іс-әрекетін қамтиды.
Бақылау процедуралары — субъектінің нақтылы міндеттерін орындау үшін оның басшылығы бақылау ортасына қосымша белгілеген процедуралар мен саясат.
Бақылау тәуекелдігі — шоттардың сальдоларында (қалдықтарында) немесе операциялардың топтарында (класстарында) орын алуы мүмкін бұрмалаушылықтың (ол жеке немесе басқа шоттардың сальдоларындағы не болмаса операциялардың класстарындағы бұрмалаушылықтар жиынтығымен бірге елеулі болуы мүмкін), өз уақытында болдырылмауы немесе анықталмауы және бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесінің ол бұрмалаушылықты түзетулерінің тәуекелдігі.
Бастапқы аудит - осы клиент үшін аудиторлық тексерудің тұңғыш жүргізілуі. Қаржылық қорытынды есепке алғаш тексеру жүргізу кезінде аудиторларда клиент бизнесінің ерекшеліктері, оның ішкі бақылау жүйесі және т.б. туралы мағлұмат болмайды.
Бастапқы сальдо - шоттар бойынша есепті кезеңнің басында болатын қалдықтар. Бастапқы сальдо өткен кезеңдегі ақырғы сальдоға негізделеді және өткен кезеңде қолданылған есеп саясаты мен өткен кезеңдердегі операциялардың әсерін көрсетеді.
Бизнес туралы білім - экономика мен субъект өзінің шаруашылық қызметін жүзеге асыратын экономиканың саласы туралы жалпы білім, сонымен бірге субъектінің қалай жұмыс істейтіндігі туралы нақтырақ білім.
Болашақ қаржылық ақпарат — келешекте болып қалуы мүмкін оқиғаларға және де, субъектінің болуы мүмкін іс-әрекеттеріне қатысты жорамалдарға негізделген қаржылық ақпарат.
Бұрмалаушылық - қате жіберу немесе алаяқтықтың салдарынан қаржылық ақпараттарда пайда болуы мүмкін дәлсіздіктер.
Елеулі кемшіліктер — қаржылық қорытынды есепке елеулі әсер ету мүмкіндігі бар ішкі бақылаудағы кемшіліктер.
Ерікті (бастамашылық) аудиторлық тексеру -- бастамашылық (ерікті) аудит кез-келген уақыттажәне заңды тұлға болып табылатын экономикалық субъектінің басқару органының өз бетінше қабылдаған шешімін немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның аудит өткізуге ынталы тұлғалардың) шешімімен белгіленетін көлемде өткізіле алады.
Есептегі және қорытынды есеп берудегі алаяқтық — ұйым басшылары мен қызметкерлерінің құрамынан бір немесе бірнеше тұлғаның есеп пен қорытынды есеп беру мәліметтерін әдейі, дұрыс емес етіп көрсетуі және тапсыруы.
Жеткіліктілік — аудиторлық дәлелдеулердің сандық өлшемі.
Жиынтық - қорытындыға жету үшін аудитор іріктеу жүргізетін мәліметтердің толық жиынтығы.
Жоспарлау – күтілетін өзгерістерге, аудиттің мерзімдері және көлеміне қарай жалпы стратегия мен егжей-тегжейлі тәсілдерді жасау.
Жұмыс құжаттары - аудитордың жұмысты жоспарлау, орындалған аудиторлық процедуралардың сипаты және көлемі, ондай процедуралардың нәтижелері және алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытындылары бойынша құжаттары. Жұмыс құжаттары мәліметтер нысанында қағаз түріндегі ақпарат тасымалдаушыда, фотопленкада, электрондық форматта немесе құжаттарды жүргізу мен сақтаудың басқа да тәсілдерін пайдалана отырып сақталуы мүмкін.
Жұмысшы стандарттар — аудиттің міндеттерін орындауда (жоспарлау, бақылау, дұрыс мәліметтерді жинау және ішкі бақылау жүйесіне зерттеу жүргізу мен бағалау) аудиторлар басшылыққа алатын ережелер.
Инспекциялау (қадағалау)-жазуларды, құжаттарды немесе материалдық активтерді тексеру болып табылады.
Келісім-хат — аудитордың клиент тапсырысын (өтінішін) қабылдағандығын, аудиттің мақсаты мен масштабын, аудитордың клиент алдындағы жауапкершілік дәрежесін және кез-келген қорытынды есепті дайындап тапсыру нысанын құжаттайды және растайды.
Кеңес беру бойынша қызметтер - қызметтердің сипаты мен көлемі клиентпен келісілетін шеңберде тәуекелдікті басқару, бақылау және корпоративтік басқару процесстерін жетілдіруге бағытталған кеңес беру қызметі. Мұндай кезде ішкі аудит өзіне менеджерлік міндеттерді қабылдамауға тиісті. Мысал ретінде ақыл-кеңес және ұсыныстар беруді, тренингтер өткізуді келтіруге болады.
Компьютерлік ақпараттық жүйелер (КАЖ) - компьютерлік ақпараттық жүйелік орта аудит үшін мәні бар қаржылык ақпараттарды өңдеу мақсатында субъект (бұл компьютердің осы субъектіде немесе үшінші жақта пайдаланылмайтындығына қарамастан) кез-келген типтегі немесе көлемдегі компьютерді пайдаланған кезде болады.
Қаржылық есеп беру аудиті -субъектінің қаржылық қорытынды есебін оның барлық маңызды аспектілері бойынша дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатыңда тексеру. Оны басқа (субъектіден тыс) аудиторлык фирмалар жүзеге асырады және кең шеңберлі ақпарат тұтынушыларға арналып жүргізіледі.
Қорытынды (есеп) — жалпы қаржылық есеп беру бойынша жазбаша нысанда анық айтылған пікірі бар аудиторлық қорытынды есеп. Аудитор қаржылық қорытыңды есеп беру өзінің барлық маңызды аспектілері бойынша дұрыс дайындалып тапсырылған (немесе қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың белгіленген тұжырымдамалық негізіне сәйкес шыншыл және дұрыс акцараттарды береді) деген қорытыңдыға келген кезде ескертпесіз пікір айтылады.
Құжаттар - аудитор дайындаған және аудитор үшін дайындалған немесе аудит жүргізуге байланысты аудитор алған және сақтаған материалдар (жұмыс құжаттары).
Маңыздылық (елеулілік). Ақпарат маңызды болып есептеледі, егер оның қалдырылып кетуі немесе бұрмалануы қаржылық қорытынды есеп негізінде қабылданған ақпарат пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсерін тигізе алатын болса. Маңыздылық белгілі бір жағдайларда ақпараттардың қалдырылып кетуі немесе бұрмалануына қатыс-ты пікір қабылданатын баптар немесе кателердің шамасына байланысты болады. Демек, маңыздылық пайдалы болу үшін ақпаратта болуға тиісті негізгі сапалық сипат болудан бұрын, есептеудің басын немесе нүктесін көрсетеді.
Салық аудиті – салық саясатының орындалуы, салық төлеу есептемесінің толықтығы мен дұрыстығы жөніндегі аудиторлық тесеру.
Сұрыптау тәуекелі – сұрыптаға негізделген аудитордың қорытындысын осындай аудиторлық процедураны сұрыптаудың барлық жиынтығына қолданған кезде жасалатын қорытындыдан айыра алу мүмкіндігіне байланысты сұрыптау тәуекелі пайда болады.
Тәуекелге негізделетін аудит – мекеме жұмысының шарттарына сай жұмысының тапшы орындарынан таңдау арқылы тексеруді жүргізетін аудит.
Ішкі бақылау- активтердің сақталуын, басқару саясатының қатаң қадағалануының, сондай-ақ мүмкіндігінше ақпараттрдың толықтығын және нақтылығын қамтамсыз ету үшін мекемеге басқару буындары белгілейтін бақылау құралдарының мақсатты жүйесі.
Ішкі басқару аудиті – ұйымның басқару құрылымын және менеджерлер қызметін бағалау мен шолудан тұрады.
Ішкі дәлелдемелер – аудиторлық ұйымнан жазбаша және ауызша түрде алынған ақпарат.
Ішкі қаржылық аудит – алаяқтықты жою және қателерді табудың құралына дәлел және шоттарды зерттеумен байланысты тапсырмалардың орындалуын болжайды.
Ішкі операциялық аудит – бақылау процедураларын зерттеу мен олардың орындалуынан немесе анықтаудан тұрады.
6 Қолданылған әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы". Заңы, 2007 ж.,
2. Адамс Р. Основы аудита: Под ред. Я.В. Соколова. - М.: Аудит, ЮНИТИ, 1995. -398 с.
3. Андреев В.Д. Практический аудит. М: Экономика, 1994г.
4. Аренс Э.А., Лоббек Дж.К. Аудит. Перевод с англ. Глав-ный ред. серии профессор Соклов Я.В. - М.: Финансы и статис-тика,1995. -250 с.
5. Белобжецкий И.А. Аудит. В 2-х частях. М.: Бухгал-терский учет, 1994 г.
6. Данилевский Ю.А. Аудит: вопросы и ответы. М.: Бухгалтерский учет, 1993 г.
7. Данилевский Ю.А. Аудит промышленных акционерных обществ.- М: АО "Финстатинформ", 1995. -78 с.
8. Додж Рой. Краткое руководство по стандартам и нормам аудита. - М: "Финансы и статистика", ЮНИТИ, 1992. -240 с.
9. Дюсембаев К.ПІ. Теория аудита. Алматы. Экономика. 1995 г.
10. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. Алматы. Ғылым, 1994 г.
11. Робертсон Дж. Аудит. Перевод с англ. - М: КРМС, Аудиторская фирма "Контакт", 1993, -496 с.
12. Стуков С.А., Голышев В.Д. Введение в аудит. М.: Тарнер. 1992 г.
13. Соколов Я.В. Десять постулатов аудита. Бухгалтерский учет. 1993 г., № 1.
14. Сейткасымов Г.С., Сейткасымова А.Г. Становление и развитие аудиторской деятелъности. Караганда. КарГУ, 1993 г.
15.Терехов А.А. Аудиты высшие и внутренние. - Журнал "Бухгалтерский учет", 1993, № 4.
16. Угольников К.А. История аудита, журнал "Контроллинг», 1991, № 6.