Өзіндік жұмыс сұрақтары 13 Тақырып 1. Ақша қаражаттарының сәйкестігіне аудит жүргізу үшін пайдаланылатын ақпараттардың құрамына қандай құжаттар кіреді?
2. Ақша қаражаттарының ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу не үшін қажет?
3. Не себепті аудитор кассаға міндетті түрде түгендеу жүргізеді?
4. неліктен аудиторлар есебі берілуге тиісті сомалар бойынша ақша қаражаттарының жұмсалуына жаппай тексеру жүргізеді?
Тест сұрақтары Дәлелдеу мәні бойынша ақпарат нақтылық деңгейіне қарай қалай бөлінеді?
а) кесімді, шартты-нақты, бағдарлы;
ә) бастапқы, жинақты, бейресми, қосалқы;
б) рұқсат беруші, орындаушы;
в) ішкі, сыртқы;
г) жоспарлы және есеп берушілік.
Мына құжаттардың қайсысы аудиторлық процедураны тізбектілікпен жүргізуді қамтамасыз етеді?
а) келісімшарт және міндетгеме-хат;
ә) аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламалары;
б) міндеттеме-хат;
в) өкілдік-хат;
г) ауызша келісім.
Шаруашылык жүргізуші субъектінің есебі мен қаржылық есеп жүйесі қандай аудит түрінің объектісіне жатады?
а) міндетті;
ә) бастамалы;
б) ерікті;
в) бастапқы;
г) ішкі.
Аудиттің қай кезеңінде құжат айналысы зерделенеді?
а) жүйелі зерделеуде;
ә) жалпы зерделеуде;
б) алдын ала танысуда;
в) аудитті орындауда;
г) жоспарлауда.
14
14-Тақырып. Меншікті капиталдардың аудиті
1. Меншікті капиталдың сәйкестігіне тексеру жүргізу
2. Жарғылық капитал аудиті
3. Резервтік капитал аудиті
4. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) аудиті